1 Иммунологияның зерттеу бөлімдері және оларға түсінік


) Екіншілік иммунтапшылық жағдайдың анықтамасын және даму себептерін түсіндіріңіз



бет13/38
Дата27.08.2022
өлшемі137,49 Kb.
#148276
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   38
Байланысты:
1 Èììóíîëîãèÿíû? çåðòòåó á?ë³ìäåð³ æ?íå îëàð?à ò?ñ³í³ê

16) Екіншілік иммунтапшылық жағдайдың анықтамасын және даму себептерін түсіндіріңіз.
Екіншілік иммундық тапшылық жағдайы – кеш постнаталды периодта немесе үлкендерде дамитын, генетикалық ақау қорытындысы болып табылмайтын иммундық жүйе бұзылысы. Екіншілік иммундық тапшылық жағдайы үш үлгіге бөлінген: жүре пайда болған индуцирленген спонтанды Екіншілік иммунды тапшылық жағдайлар дегеніміз иммунды жүйеге түрлі зақымдардың әсер етуінен қалыптасатын клиникалық иммунологиялық синдромдар. Екіншілік иммунды тапшылық біріншілікпен салыстырғанда туғаннан кейін калыпты іс атқаратын иммундық жүйенің бұзылуынан пайда болады. Ол айналадағы ортаның жағымсыз факторларының, немесе түрлі аурулардың әсерінен иммундық жүйенің зақымдалуына байланысты. Екіншілік иммунды тапшылық Т-және В жүйелері қатарынан, иммунитетің бейспецификалық факторларының жекелеп, немесе бірлесіп бұзылуынан туады. Екіншілік иммунды тапшылық жиі кездеседі. Оларды емдеп, калыпты жағдайына қайта келтіруге болады.Екіншілік иммунды тапшылық төменгі жағдайлардан кейін болуы мүмкін: жұқпалы аурулардан (әсіресе вирустық), инвазиядан (протозойлық және гельминттік); күйгеннен; қатерлі ісіктен; жедел жүдегенен; көлемді хирургиялық операциялардан; радиациалық сәуледен; химиялық заттардан; қартайғаннан; дәрі-дәрмек қолданғанан. Екіншілік иммунтапшылық жағдайының пайда болу себептері: Физиолгиялық (жасқа байланысты) факторлар; Ауруға шалдығу; Ятрогендік факторлар; Экологиялық факторлар; Өмір салтының қауіпті факторлары; Ол айналадағы ортаның жағымсыз факторларының, немесе түрлі аурулардың әсерінен иммундық жүйенің зақымдалуына байланысты. Екіншілік иммунды тапшылық Т-және В жүйелері қатарынан, иммунитетің бейспецификалық факторларының жекелеп, немесе бірлесіп бұзылуынан туады.
= 17) Екіншілік иммунтапшылық жағдайының (даму қарқындылығына, зақымдану деңгейіне, таралуы және дәрежесіне қарай) жіктелуін жазыңыз. I. Даму қарқындылығына қарай: Жедел иммунтапшылық (жедел жұқпалы аурулар, травма, интоксикация) Созылмалы иммунтапшылық (созылмалы іріңді қабыну аурулары, аутоиммундық бұзылыстар, ісіктер, вирустық инфекциялар) II. Зақымдану деңгейіне қарай: Жасушалық (Т) иммунитеттің бұзылуы Гуморалдық (В) иммунитеттің бұзылуы Фагоциттер жүйесінің бұзылуы Комплемент жүйесінің бұзылуы Біріккен ақаулар III. Таралуына қарай: “Жергілікті”иммунтапшылық Жүйелі иммунтапшылық IV. Дәрежесіне қарай: Компенсацияланған (жеңіл) Субкомпенсацияланған (орташа) Декомпенсацияланған (ауыр)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет