13) Т-лимфоциттерге, олардың субпопуляцияларына және қызметтеріне сипаттама беріңіз. Иммундық жүйенің маңызды жасушалары-антигенді таныстырушы жасушалар (АТЖ) болып табылады.АТЖ қызметі Т-лимфоциттерге АТЖ бетінде орналасқан антигендерді өңдеуден және таныстырудан тұрады.Адам ағзасында осы жасушаларға, бірінші кезекте, макрофагтар, дендритті жасушалар және В-лимфоциттер, сондай-ақ Лангерганс жасушалары және терінің кератиноциттері, қан тамырларының эндотелий жасушалары жатады.Макрофагтар,дендритті жасушалар және В-лимфоциттерді сонымен қатар, мамандандырылған АТЖ деп те атайды, себебі, белсенді және антигентаныстыруында негізгі қызмет атқарады.Макрофагтар – бұл мононуклеаралық фагоциттер жүйесінің жасушалары, олар сүйек кемігінің бағаналы жасушаларынан (эмбрионның сарыуыз қапшығында және бауырды) түзіледі; сүеккемігінде монобласттар сатысы арқылы қан моноциттеріне дифференцияланады.Қан лейкоциттерінің шамамен 5 % -ын құрайтын моноциттер, қан айналымында шамамен 1 тәуліктей болып, кейін тіндерге түсіп, мөлшері моноциттерге қарағанда, 25 есе жоғары болып келетін, тіндік макрофагтар популяциясын құрайды. Түзілетін тіндік макрофагтар АТЖ қызметін атқарады.Дендритті жасушалар – антигенді таныстырушы жасушалардың екінші тобын құрайды.Олар аралшықты мононуклеаралық жасушалар.Эпитлий тіндерінің дендриттік жасушаларын Лангерганс жасушалары деп атайды (жаңа жіктелуі бойынша – ақ аралшықты эпидермоциттер).Ағзадағы жасушалардың жалпы саны жеткілікті болғанмен, олар қанның, лимфаның және басқа да тіндердің құрамына кіреді, бірақ диффузды таралуына байланысты лимфоидтық мүшелердің өздерінде (лимфа түйіндерінде, көкбауырда, барлық жасушалардың 1%-ын құрайды)концентациясы аз мөлшерде болады. Т-лимфоциттердің субпопуляциялары, олардың қызметтері. Т-хелпер субпопуляциясының негiзгi маркерiне CD4 дифференцациялаушы антигенi жатады. Тимустан шыққан аңқау CD4+ Т-лимфоциттер нөлдік хелперлер – Тх0 жасушалар субпопуляциясын құрайды. Бұл жасушаларды бұрынғы әдебиеттерде антигенреактивтi жасушалар немесе Т-индукторлар деп атаған. Өңделген антигендермен бiрiншiлiк танысатын жасушалар - Тх0 жасушалары. Бұл жасушалардан әртүрлi жағдайларға байланысты жетiлген эффекторлы Тх1 және Тх2 түзiледi. Олар дифференцировканы шақырған антигенге қарсы иммундық жауаптың жүзеге асыруына тiкелей қатысатын жасушалар