24) Лейкоциттік формуланың оң және солға жылжуын түсіндіріңіз. Себептерін атаңыз.
Лейкоцитарлы формуланың солға жылжуы қалыпты жағдайда тек сүйек кемігінде болатын жас, жетілмеген нейтрофилдердің қанда пайда болуы және мөлшерінің көбеюін айтады. Мұндай жағдай жеңіл және ауыр түрдегі инфекциялық аурулар кезінде, қабыну аурулары кезінде (ангина, малярия, аппендицит), сонымен қатар қан жоғалту кезінде, дифтерия, пневмония, скарлатина, сепсис және интоксикация кезінде байқалады. Лейкоцитарлы формуланың оңға жылжуы қанда кәрі, яғни сегментоядролы нейтрофильдердің көбеюін атайды. Мұндай көрініс радиациялық фоны жоғары аумақта тұратын сау адамдарда байқалады. Сонымен қатар В12 жетіспеушілік анемия, фолий қышқылының жетіспеушілігі, өкпенің созылмалы аурулары бар және обструктивті бронхитпен ауыратын адамдарда кездеседі.
25) Патологиялық және физиологиялық лейкоцитоз себептерін түсіндіріңіз.
Лейкоцитоз — шеткі қанда лейкоциттердің 8х109/л-ден астам көбеюі. Лейкоцитоз физиологиялық және патологиялық болуы мүмкін. Патологиялық лейкоцитоздар көптеген аурулар кезінде, сүйек кемігінде лейкоциттердің өндірілуі артуынан және олардың шеткері қанға көп шығуынан дамиды. Физиологиялық лейкоцитоздар тамақ ішкеннен 2—3 сағат өкен соң дамитын — ауқаттық, ауыр қол жүмысын атқарғаннан кейін — миогендік, жаңа туған балаларда, жүкті әйелдерде болады. Жұқпалы ауруларда Қабыну ауруларында Қатерлі өспелер кезінде Қансыраудан кейін болады. Бұл лейкоцитоз инфекциялық лейкоцитоз, қабынулық, қатерлі өспелер кездеріндегі және қансыраудан кейінгі лейкоцитоздар болып бөлінеді. Қандағы қалыпты лейкоциттер 4 -9 x 10⁹/л құрайды. 10 х 10⁹/л асқан жағдайда орташа патологиялық лейкоцитоз. Көбейген лейкоциттердің түрлеріне қарай нейтрофильдік (нейтрофилез), эозинофильдік (эозинофилия), базофильдік (базофилия), лимфоциттік (лимфоцитоз), моноциттік (моноцитоз) лейкоцитоздар болады.
Нейтрофильды лейкоцитоз – іріңді қабынулар тудыратын инфекцияларда (стрептококк, стафилококк, менингококк т.б.), миокард инфарктында, жедел қан кешулерде байқалады.
Эозинофильды лейкоцитоз (эозинофилия) – ішек құрты ауруларында, аллергиялық ауруларда және бүйрекүсті безінің қыртысының қызметі төмендегенде байқалады.
Базофильды лейкоцитоз (базофилия) – қан жүйесі ауруларында – созылмалы миелоз.
Лимфоцитоз – лимфолейкозда және созылмалы инфекциялық ауруларда (туберкулез, сифилис) байқалады.
Моноцитоз – вирусты инфекцияларда желшешек, қызамық, лимфогранулематозда байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |