Мұғалімнің оқушылармен дұрыс емес қарым -қатынас себептерін атаңыз және талдаңыз



Дата14.10.2023
өлшемі15,88 Kb.
#185395
Байланысты:
срспп


Мұғалімнің оқушылармен дұрыс емес қарым -қатынас себептерін атаңыз және талдаңыз
Оқушылар мен ұстаздар арасындағы өзара қарым-қатынас жасау мәселесі – психология ғылымындағы және тәлім-тәрбие ісіндегі әрі маңызды, әрі күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Егер кіші мектеп жасындағы балалар үшін мұғалім мұғалім барлық бейнесімен ерекше із қалдырып, оларға күшті әсер ететін тұлға болып саналатын болса, ал ересек оқушылар мұғалімнің әрбір қимыл-қозғалысына, іс-әрекеті мен сөйлеген сөзіне, оның ақыл-кеңесіне, басқа адамдармен қарым-қатынасына, шәкірттерге қоятын түрлі талаптарына өздерінше іштей сын көзімен қарайды. Осы мәселені анықтау бағытында арнайы жүргізілген психологиялық және педагогикалық зерттеулер ересек оқушылар арасында үлкендердің айтқан сөздеріне құлақ аспау, айтқанынан қайтпайтын мінез көріністерінде әрқилы кедергілер мен себептер болатындығын анықтады. Мұның салдары арада түрлі қақтығыстардың туындауына әкеп соқтырары анық.
Жалпы оқушы мен мұғалімнің арасындағы түсініспеушілік, түсініспеушілік салдарынан болатын қақтығыстар неден туындайды? Бұл мәселе оқу процесіндегі қарым-қатынаста негізгілердің бірі. Оқушылармен өзара түсіністікті анықтап алмайынша мұғалімнің белгілі бір нәтижеге қол жеткізуі екіталай. Көбінесе мұғалімдер оқушыларды бір жақты қабылдайды. Бір оқушының жақсы жағын көріп қалса, оған үнемі бірінші көргендегі көзқараспен қарым-қатынас жасайды. Ал сыртқы бейнесі, кейбір қылықтары ұнамайтын оқушылардың сөзін салғырт тыңдап, жабық ым-ишара көрсетіп, эмоциялық жағынан оқушыны сезінбейді. Осыдан барып, оқушы мен мұғалім арасындағы ортақ келісім бұзылып, қақтығысты жағдайлар орын алады [1].
Психологиялық және педагогикалық зерттеу жүргізу арқылы оқушы мен мұғалім арасындағы осындай қақтығысты мәселенің түйінін шешу үшін мынадай тәсіл қолданылды. Бұл тәсіл бойынша оқушылар тарапынан мұғалімге қойылатын талап-тілектер төрт топқа бөліп қарастырылып, тиісті қорытындылар жасалды.

1-топқа ұстаз бен шәкірт арасындағы мұғалімнің адамгершілік сапалары жатады. Олар: игі тілек, шәкірттерге мүмкіндігінше ықыласты көмек көрсету, олардың жан-дүниесін түсінуі. Мұндай қасиеттерді оқушы ұстаздарының бойынан көргісі келеді. Ал мұғалімнің оларға немқұрайлы, селқос, ықылассыз қарауын оқушылар ұстаздың ұнамсыз қасиеттері деп санайды.

2-топқа мұғалімнің өз пәнін жетік білетіндігі, балаларға оқу материалын жете түсіндіріп ұғындыра алатындығы, әр-алуан амал-тәсілдер қолданып, сабақты тартымды және қызықты өткізуі сияқты ұстаздық шеберлігіне қойылатын талап-тілектер кіреді.
3-топқа ұстаздың оқушыларының бір-бірімен өзара қарым-қатынасына, олардың өміріндегі күйініш-сүйініштеріне, табыстары мен сәтсіздіктеріне, әр түрлі қоғамдық-көпшіліктік жұмыстарына қатысуларына байланысты көңіл бөліп, мән беруі, ұстаздың сынып жетекшілік жұмысындағы іс-әрекеттері жатады.
4-топқа мұғалімнің жеке басына тән мінез-құлықтарының ерекшеліктері жатқызылады.
Сонымен, шәкірттердің ұстаз бойындағы сапалары мен ерекшеліктері туралы көзқарастары мен өзіндік пайым-түсініктерін былайша жіктей аламыз:
1. Мұғалімнің адамгершілік сапалары мен өзіндік қасиеттері; оқушыларға деген қатынасы;
2. Мұғалімнің өз пәнін жетік меңгеруі мен ұстаздық шеберлігі;
3. Мұғалімнің сынып ұжымын басқарып, оған жетекшілік ете алуы;
4. Мұғалімнің мінез-құлқындағы даралық сапалары, бойындағы қасиет ерекшеліктері 
Қарсыласу – оқушы өз ұтысын көбейту мақсатына бағытталып, мұғалімнің мақсатын есепке алмайды «Саған емес, маған».
Қашу – бұл әдіс мұғалімнің қарым-қатынаста өзінің де, өзгенің де мақсатына жетпеуі «Саған да емес, маған да емес».
Жол беру – кейбір оқушылар ортақтасу барысында мұғалім мақсатына жету үшін өз мақсаттарын құрбандыққа шалады «Маған емес, саған».
Кейбір оқушылар қарым-қатынаста тепе-теңдік таразы басын тең ұстайды «Саған қанша болса, маған да сонша». Мұғалім қандай қатынас жасаса соған жауап береді. Өзара келісілген іс-әрекет ұйымдастыруда ең тиімді әдіс – ынтымақтастық. Бұл «Саған да, маған да» деп аталады. Бұл жағдайда мұғалім баланы зорлап бағындырмай, келіскен түрде өз мақсатына баулап алған жөн. Ынтымақтастық ұстазының сөзінен де, іс-әрекетінен де, ым-ишарасынан да көрініп тұру керек.
Мұғалімнің әрекеті:
1. Оқушының қатынасын, сезімдерінің көрінісін қабылдап, өзінің қатынасын жай түрде түсіндіреді;
2. Оқушының әрекетін, тәртібін қолдайды;
3. Оқушының ойларын дамытады;
4. Оқушының жауабын алу мақсатында өзінің идеяларына негізделген сұрақтарды қояды;
5. Өз идеяларын түсіндіреді, дамытады;
6. Оқушы орындауға тиіс болатын бұйрықтарды, нұсқауларды береді.
Шәкірттің әрекеті: өзінің идеяларын, сұрақтарын, ұсыныстарын ашық білдіреді, өз ойларын еркін дамыта алады.


Орындаған: Шалабаева Ақмарал ДО-22-1

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет