) Тікелей емес иммундық ферменттік талдау, анықтамасын, жүргізу кезеңдерін жазыңыз.
29) Иммундық ферментті талдау әдісін жасауға көрсеткіштер және иммундық
28) Тікелей емес иммундық ферменттік талдау, анықтамасын, жүргізу кезеңдерін жазыңыз.
29) Иммундық ферментті талдау әдісін жасауға көрсеткіштер және иммундық ферментті талдау әдісінің артықшылықтарын атаңыз.
Иммунды ферменттік талдау (ИФТ). Бұл әдіс, РИТ-тің қағидасына сәйкес негізделген, тек бұл кезде радиоактивті бегілердің орнына ферментті (хрен пероксидазасы, сілтілі фосфатаза, глюкозидаза) қолданады. Осы ферменттің әсерінен, бояуы өзгерген субстраттың негізінде, серпіліске түскен белгіленген антидене немесе антигеннің саны анықталады. ИФТ сынама-жүйесінің антиденелері (поликлонды және әсіресе моноклонды) үшін аналитикалық нысана ретінде А, М, G, Е иммуноглобулиндері, гормондар (нәруыздық және стероидты табиғаты бар), тасымалдаушы және құрылымдық нәруыздар, липопротеиндер, гликопротеиндер және көптеген басқа да жоғары молекулалық биологиялық қосылыстар болып табыладыИммунды ферменттiк талдау (ИФТ). Бұл әдiс, РИТ-тiң қағидасына сәйкес негiзделген, тек бұл кезде радиоактивтi белгiлердiң орнына ферменттi (хрен пероксидазасы, сiлтiлi фосфатаза, глюкозидаза) қолданады. Осы ферменттiң әсерiнен, бояуы өзгерген субстраттың негiзiнде, серпiлiске түскен белгiленген антидене немесе антигеннiң саны анықталады. ИФТ сынама-жүйесiнiң антиденелерi (поликлонды және әсiресе моноклонды) үшiн аналитикалық нысана ретiнде А, М, G, E иммуноглобулиндерi, гормондар (нәруыздық және стероидты табиғаты бар), тасымалдаушы және құрылымдық нәруыздар, липопротеиндер, гликопротеиндер және көптеген басқа да жоғары молекулалық биологиялық қосылыстар болып табылады.Сезiмталдығы және арнайлығы бойынша РИТ және ИФТ ұқсас, себебi, осы көрсеткiштер белгiлердiң сапалығымен емес, антиденелер және антигендермен анықталады. Бiрақ РИТ-ға қарағанда ИФТ кеңiнен қолданады, себебi ИФТ үшiн реагенттер мәндi:
- сақтау және тасымалдау кезiнде тұрақты;
- РИТ-ға қарағанда қауiпсiз, өйткенi РИТ кезiндегi радионуклеидтердi қолданады. Ол үздiксiз сәулелендiредi, және оның радиациялық белсендiлiгi уақыт өте үздiксiз өзгередi, себебi нәруыздарды белгiлеу кезiнде радионулидтi йод жиi қолданылады, оның ыдырау кезеңi қысқа болады және реагенттердi айына бiр рет жаңартып отыру қажет;
- нәтиженi субъективтi (микроскопия) арқылы емес, аспап арқылы бақылау (фотометрия). Басқа иммунологиялық әдiстермен салыстырғанда, ИФТ-ды қолдана отырып, техника жағынан оңай және тура талдауын көрсетедi. ИФТ-да нәтиженiң өндiрiлуi және өнiмдiлiгi жоғары – бiр уақытта 96 талдау жүргiзуге болады.
ИФТ негiзiнде екi биологиялық феномен жатыр – антиденелердiң жоғары арнайылығы (яғни, байланысқан антиген/эпитопты қатаң басқару қабiлетi бар) және химиялық серпiлiстiң ферменттермен көп мәрте күшейту. Әдiстi өңдеу үрдiсiнде ИФТ-дың гетерологиялық (қатты фазалық) және гомогендi варианттары құралған. Әдiстiң гомогендi варианты төменгi молекулалық заттарды анықтауға арналған, ол байланысу сипатына қарай, ферменттердiң белсендiлiк айырмашылығын табуға негiзделген. Гетерогендi вариантта антиген немесе антидененi қатты фазада иммобилизациялайды. Қатты фаза ретiнде жиi қолданылатын – пластик. Ол иммунологиялық серпiлiсте планшеттiң лункаларын, қағаз немесе полимерлi пластинка – стрипттердi қолданады. Жұқпалы аурулар диагностикасында қатты фазалық иммунды ферменттiк серпiлiстiң қолданылуын жөн көрген.
Бүгiнгi күнде барлық қолданылатын иммунологиялық зерттеу әдiстерi дәрiгерлердiң тәжiрибелiк қызметiнде қызмет етедi:
денi сау және науқас адамдарда иммунды статусын нәтижесiн анықтау үшiн;
науқастың иммундық жүйенiң зақымдалу деңгейiн анықтау үшiн;
келесi тексерулерге дейiн науқастың екiншiлiк иммундық тапшылық жағдайының себебiн анықтау үшiн;
иммунитеттi реттейтiн терапияны жүргiзу қажеттiлiгiн дәлелдеу үшiн;
иммунитеттi реттеу үрдiсi кезiнде зақымдалған иммунологиялық параметрлердiң қалпына келтiруiн бақылау үшiн;
жұқпалы аурулардың сатысын анықтау (жедел сатысын, вирустың белсендi репликация сатысын, созылмалы сатысына ауысуын, созылмалы жұқпалардың өршуiн, анық клиникалық симптоматикасы жоқ жасырын жұқпалы патологияны, бұрын жұқпамен ауырған нәтижесiнде қан сарысуындағы IgG деңгейiнiң динамикасымен, егуден кейiнгi иммунитет және т.б.) ПТС берiлген нәтижесi бойынша (биологиялық материалда қоздырғыштың ДНК немесе РНК-ның белгiлi бiр кесiндiсi арқылы бар екенi), ИФТ (биологиялық материалда антидене және антигеннiң болуы) үшiн;
аллергиялық жағдайлардың дамуында этиологиялық факторларды анықтау (НЗК сынамасы арқылы жұқпаны да, сол сияқты аллергендi) дұрыс диагноз қою мақсатында (жұқпалы, жұқпалы емес немесе аллергиялық патологиялық) және терапияда дұрыс емдеу тактикасын қолдану үшiн;
генетикалық бөтентектi тiндердi немесе мүшелердi трансплантацияға дайындау және кейiн тұрақталуын, қызметiн атқаруы бойынша иммунологиялық бақылау жүргiзу, иммундық депрессиялық терапияны тағайындау үшiн. Соған байланысты, қазiргi уақытта әртүрлi аурулар кезiнде иммунитеттiң жасушалық және гуморалды звеносының иммунологиялық көрсеткiштерiн, фагоцитоз, комплемент жүйелерiнiң қызметiн, цитокиндердiң деңгейiн, сонымен бiрге ИФТ, ПТС, ИФС, ТИФ, НЗК, РАСТ және басқа да әдiстердiң нәтижелерiн анықтау жүргiзiлуде. Мiндеттi түрде, иммунологиялық зерттеу әдiстердiң диапазоны кеңейедi және жаңарады.
30) Комплемент жүйесін зертханалық тексеру әдістерін атаңыз және түсінік беріңіз. (Комплементті байланыстыру зертханалық әдісі, Иммунотурбодиметрия)
Комплемент жүйесiнiң компоненттерiн және ингибиторларын анықтауы, негiзiнен осы жүйенiң генетикалық ақаулары кезiнде жүргiзедi. Бiрақ соңғы уақытта бұл сынамаларды иммундық кешен аурулардың ағымын және терапиясының тиiмдiлiгiн бағалауда кеңiнен қолданады. Бұрын комплемент жүйесiнiң жағдайын, көбiнесе, гемолитикалық жүйенi қолдану арқылы бағалады. Бұл кезде қан сарысуының концентарциясын қолданған, ол 50%-100% гемолитикалық жүйеде гемолиз тудырған. Ол тек комплемент жүйесiнiң белсендiлiгi туралы жалпы көрiнiс берген. Қазiргi кезде комплемент жүйесiнiң жеке факторларын моноклонды антидене көмегiмен ИФТ (иммунды ферменттiк талдау) арқылы анықтау тиiмдi болды. NК-жасушаның санын анықтау үшiн CD56+ және CD16+- жасушаларын цитофлюорометриялық анықтау қолданады. Кейбiр жағадайда екi реттiк флюоресценттiк бояулар қолданады: бiр уақытта CD56 және 3, CD56 және 57, CD56 және 16 экспрессиясын және басқа да комбинацияларды анықтайды. Классикалық NK-жасушалардың CD56+CD57+ фенотипi болады. К-жасушалардың субфракциясы үлкен гранулярлы CD16+CD3- - лимфоциттер ретiнде идентификациялайды. CD56+CD16+-жасушалары бiр уақытта К-киллерлiк (антидене тәуелдi жасушалық цитотоксиндік эффекторi) белсендiлiк қабiлетi бар, табиғи киллердiң фракциясы түрiнде қарастырады. Бiр уақытта CD3 және CD16/CD56 алып жүретiн жасушалар, арнайы емес киллерлiк белсендiлiгi бар (NKT-жасушалар) әр түрлi Т-лимфоциттер ретiнде қарастырады. Мембраналық фенотиптi анықтаумен қатар, 51Сг шығысымен тiркелген 4- сағаттық жасушалы-ортақтастыратын цитолиз сынамасында NK- жасушаларының функционалдық белсендiлiгiн анықтаған жөн. Келтiрiлген әдiстер қандағы лейкоциттер құрамының толық сандық сипаттамасын бередi, бiрақ ол көбiнесе жеткiлiксiз. Ағзаның қорғаныс қабiлетi лейкоциттердiң санына ғана емес, сонымен бiрге функционалдық жарамдылығына, микроорганизмге және олардың антигендерiне адекватты түрде жауап қайтаруымен байланысты.
Комплементті байланыстыру зертханалық әдісін түсіндіріңіз. Комплемент байланыстыру реакциясы 1901 жылы Борде және Жангу ғалымдармен ашылған. Антиген және антидене қосылу белгісі тек қана комплемент болғанда белгіленетін реакция Антиген-антидене-комплемент кешені жаратылу реакция көзге көрінбейтін реакция. Реакция бөлшектерінің қарым-қатынасуын анықтау үшін, қосымша индикаторлық жүйемен қолданады. Осы жүйенің көмегімен алғашқы жүйеде өткен қарым-қатынасудың қортындысын көруге болады. Осымен КБ реакциясына бірінші жүйеде комплементтің байланысқанын көрсететін екі жүйе қатысады:
1) бактериолитикалық (диагностикалық)
2) гемолитикалық (индикаторлық).
Реакцияның негізінде комплементті антиген – антидене кешенімен белсендету жатыр. Антиген және антидене бір біріне сәйкес келгенде олар иммундық кешен жаратады. Сол кезде антиденелер бөлшектері арқылы иммундық кешенге комплемент қосылып антиген-антидене кешенімен комплемент байланыстырылады.
Реакция кезеңдері
1 – құрамында антиген-антидене-комплемент қоспаның инкубациясы. Бактериолитикалық жүйені дайындағанда сынауықтарда 0,5 мл зерттелетін инактивирленген сары суды жане антигенді араластырады, бір белгіленген санда (титрде) комплемент қосады. Антиген-антидене (сары су)-комплемент (бактериолитикалық жүйе) қоспасын су моншасына (немесе термостатқа) 37-38 градуске 20-40 минутке орналастырады.
2 – индикаторлық кезең – қоспаға гемолитикалық жүйе салып, сондағы бос комплементті табу. Гемолитикалық жүйенің құрамы – қойдың эритроциттері және антиденелері бар гемолитикалық сары су. Сынауықтардың барлығына екінші гемолитикалық жүйенің компоненттерін салып қайтадан су моншасына 15-20 минутке қояды.
Реакцияның бірінші кезеңінде антиген-антидене кешен жаратылғанда ол комплементті байланыстырады. Осы жағдайда реакцияның екінші кезеңінде антиденелермен сенсибилизденген эритроциттердің гемолизі болмайды (оң реакция). Антиген және антидене бір біріне сәйкес келмесе (зерттелген үлгіде антиген немесе антидене болмаса) комплемент бос қалып екінші кезеңде эритроцит – антиэритроцитарлық дене кешеңіне қосылып, гемолиз жаратады (теріс реакция).
Комплемент байланыстыру реакциясының қолданылуы
Комплемент байланыстыру реакцияның көмегімен сифилис (RV), маңқа, бруцеллез ауруларын зерттейді. Комплемент байланыстыру реакцияның негізінде екі көрініс жатыр-бактериолизис және гемолиз.
Комплемент байланыстыру реакциясын қою үшін қажетті заттар
Зерттелетін сары су.
Сараптауға жататын қоздырғыштан алынатын антиген (биофабрикада дайындалады).
Комплемент. Осы компонентті теңіз шошқа қанының сары суынан зертханада дайындайды немесе дайын түрінде биофабрикадан алады.
Қойдың эритроциттері.
Гемолитикалы сары су (гемолизин). Компонент биофабрикада үй қояндарға қойдың эритроциттерімен әсер ету жұмыстары арқылы алынады.
Зерттелетін қоздырғышқа оң реакция беретін биофабрикаларда дайындалатын сары су.
Дені сау ағзалардан алынған сары су.
Негізгі компоненттердің көлемін арттыруға арналған физиологиялық ерітінді.
Реакция сынауықтарда өткізіледі. Су моншасымен жұмыс істегенде жұмыс температурасы 37-38°
С болу керек. Иммунотурбодиметрия әдісін түсіндіріңіз
Иммунотурбидиметрия
Иммунотурбидиметрия– комплемент жүйесінің С3 және С4 компоненттерін анықтауға арналған әдіс.
l С3 – комплемент жүйесінің белсенді компоненті, жедел қабыну кезеңінің ақуызы. КЖ компоненттерінің 70% құрайды. Мм 180 000 Да. Қалыпты деңгейі 0,9-1,8 г/л
l С4 – Мм 205 000 Да. Қалыпты деңгейі 0,1-0,4 г/л
Иммунотурбидиметрия әдісін қоюға көрсеткіштер:
* Комплементтің генетикалық тапшылығына күдік (аутоиммундық бұзылыстар, қайталанатын бактериялық инфекциялар);
* Аутоиммундық аурулары бар науқастарды динамикалық бақылау (комплемент компоненттері концентрациясының төмендеуі патологиялық процестің белсенділігін айқындайды);
* Ауруларды диагностикалау: жүйелі қызыл жегі, ревматоидтық васкулиттер, жеделше бактериялық эндокардит, ревматизмдік полимиалгия, цитомегаловирустық инфекция