1 Иммунологияның зерттеу бөлімдері және оларға түсінік


) Иммундық жүйе туралы түсінік, иммундық жүйенің құрылысы



бет2/38
Дата27.08.2022
өлшемі137,49 Kb.
#148276
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Байланысты:
1 Èììóíîëîãèÿíû? çåðòòåó á?ë³ìäåð³ æ?íå îëàð?à ò?ñ³í³ê

2 ) Иммундық жүйе туралы түсінік, иммундық жүйенің құрылысы. Иммундық жүйе - морфофункционалдық жүйенiң бүтiндiгi болып табылатын, ағзаның iшкi ортаcындағы антигендiк тұрақтылықты қадағалайтын, миграция және рециркуляция жолдарымен байланысатын арнайы лимфоидтық мүшелер мен тiндердiң өзара жиынтығы. Иммундық жүйенiң құрылысын үш деңгейге бөлуге болады: мүшелiк, жасушалық, молекулалық.
Иммундық жүйенiң мүшелiк деңгейi
Иммундық жүйе мүшелері:
орталық иммундық жүйе мүшелері: тимус (айырша без), сүйек кемігі; перифериялық иммундық жүйе мүшелері: көкбауыр,лимфа түйіндері,әр түрлі ішкі мүшелердегі лимфоидті ұлпа жиынтықтары. Тимуста – Т-лимфоцитер дамиды, жіктеледі және жетіледі.Сүйек кемігі – бағана жасушалар түзілетін мүше. Бағана жасушалар иммундық жүйе жасушаларының, оның ішінде лимфоциттердің негізгі көзі.Көкбауыр – қанағымына түскен бөгет ақуыздар, бұзылған формалық элементтер, микроорганизмдер үшін күшті фильтр ретінде қызмет атқарады.Лимфа түйіндері – лимфоциттер түзілетін шеткі қантүзу мүшесі. Лимфа түйіндерінде фагоцитоздың көмегімен бөгде заттар залалсызданады, Т- және В-лимфоциттер, антиденелер түзіледі. Лимфа түйіндері қорғаныш және қантүзу қызметтерін атқарады.
Иммундық жүйенің жасушалық деңгейі Иммундық жүйенің жасушалары:лимфоциттер,фагоциттер,базофилдер,бағана жасушалар,тромбоциттер,басқа жасушалары, мысалы ұлпа жасушалары.Барлық жасушаларының тегі – плюропотентті бағана жасушалары
Иммундық жүйенің молекулалық деңгейі
Иммундық жүйенің молекулалық негізін мына макромолекулалық топтар құрайды:
Иммуноглобулиндер
Медиаторлар
Цитокиндер
Негізгі гистосәйкестік комплекcтері
Саралау кластерлері
Адгезия молекулалары
Антиген танушы рецепторлар
Тимус гормондары
Сүйек кемігінің миелопептидтері
3) Иммундық жүйенің орталық және шеткі мүшелерін, қызметтерін, иммундық жауаптағы маңызын түсіндіріңіз.
Сүтқоректілер мен адамдарда екі орталық мүшесі болады:сүйек кемігі жане тимус.Сүйек кемігінде В-лимфоциттердің клондары түзіледі,сондықтан сүйек кемігі гуморалдық иммунитет жүйесінің орталық мүшесі болып саналады.
Сүйек кемігі-иммундық жүйенің қан айналымы мен орталық мүшелердің қызметтерін біріктіретін мүше,ол көп қабілетті бағыналы жасушалардың, яғни барлық қан жасушаларының көзі болып табылады. Көп қабілетті бағаналы жасушалардан пайда болатын жасушалар: эритроидтық,одан эритроциттер түзіледі миелоидтық,одан нейтрофильдер,моноциттер,базофилдер түзіледі; мегакариоцитарлық-тромбоциттер; лимфоидтық -екі жасушалық сызық:Т -лимфоциттің және В- лимфоциттің ізашарлары пайда болады. Тимус (айырша без) деп, тимиан өсімдігінің жапырағына және айыршаға ұқсас болғандықтан аталған. Тимус - лимфоидтық мүше, онда лимфоидтық жүйенің түзілуі мен қызметінің реттелуі және де жасушалық иммунитеттің дамуы жүреді.
Тимус тек қана Т-лимфоциттердің пісіп-жетілуіне мамандандырылған. Бұл мүшенің морфологиялық құрылысының ерекшелігі: әр аймақта лимфоциттердің әр түрлі жағдайдағы микроайналым болады.Нәтижесінде бұл жасушалар әртүрлі жасуша аралық және гуморалдық әсер алады, яғни:~Т-лимфоциттердің пісіп-жетілуі, негізінде Т-лимфоциттер клонының түзілуіне әкелетін антигентанушы рецепторлардың пайда болуы, әрбір Т-лимфоциттер клоны тек бір нақты антигенге ғана арналған; ~Қызметі әртүрлі Т-лимфоциттердің субпопуляциясының түзілуі;~Т-лимфоциттер клондарының сұрыпталуы, олар негізгі гистосәкестік комплексінің өнімдері өзіндік МНС-антигендермен бірге бөтентекті пептидтерді анықтайды.Туылған кезде нәрестелерде тимустың салмағы оның жалпы дене салмағының 1/300 бөлігін құрайды. 1-3 жас аралығында тимус біршама көлем мен белсенділікке жетеді (гормондар түзілуі, тимоциттердің дифференциялануы мен пролиферациясына көмектесу), кейін ол тұрақтанады. 20жастан бастап біртіндеп үдемелі инволюциясы (салмағының азаюы) жылына белсенді тіннің 3%-на дейін жойылуымен жүреді. Атрофияға көбіне тимустың қыртыстық қабаты ұшырайды. Ал милы заты жартылай атрофияға ұшыраса да, біраз бөлігі сақталады. Адамда тимустың жасқа байланысты инволюциясы кезінде иммундық тапшылық жағдай қалыптасады, бұл кезде иммундық жүйеге тимус гормондарының препараттары қолайлы әсер етеді.Жалпы тимустың жастық инволюциясы иммундық жүйенің ескіруіне, ал ол аралық бүкіл ағзаның біршама дәрежеде қартаюын анықтайды деп есептеледі.Сонымен, тимус иммунитеттің жасушалық жүйесінің түзілуі мен қызмет атқаруына жауапты иммундық жүйенің орталық мүшесі болып табылады Шеткі мүшелерге: көкбауыр, лимфа түйіндері, ішектің пейер табақшалары, аппендикс, бадамша без, аденоидтар және басқа да лимфоидтық түзілістер жатады. Бұл мүшелердің тимусқа тәуелді (Т-лимфоцит) және тимусқа тәуелсіз (В-лимфоцит) аумақтарына лимфоциттер орналасады.Иммундық жүйенің шеткі мүшелер жүйесінің ұйымдастыру негізінде жергілікті қағидалар жатыр:әрбір лимфоидтық мүше дененің белгілі бір бөлігін бақылайды, ол жерден оған лимфа келеді (лимфа түйіндері), немесе қан айдау жолдарында кедергі болады (көкбауыр) немесе ағзаның ішкі ортасын шектейтін кедергілермен тікелей байланысады (тері және шырышты қабаттармен байланысқан лимфоидтық тін).Шеткі мүшелерде антигендермен жанасу арқылы лимфоциттердің соңғы пісіп-жетілуі-антигенге тәуелді дифференциялануы жүреді, нәтижесінде сәйкес антигендерге иммундық жауап шақыратын, пісіп-жетілген иммунды хабарлы лимфоциттер түзіледі. Сонымен бірге, шеткі мүшелерде көптеген антигендерге иммундық жауаптың маңызды кезеңі болып табылатын Т-, В-лимфоциттердің және антигенді таныстырушы жасушалардың кооперациясы жүреді. Нәтижесінде В-лимфоциттер антидене түзетін плазмалық жасушаларға дифференцияланады.Осылайша, шеткі мүшелерде иммундық жасушалар өздерінің әсерін жүзеге асырады, осы кезде лимфоциттердің антигендермен байланысы іске асырылады және иммундық жауап дамиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет