10)Комплемент жүйесіне сипаттама беріңіз және қызметтерін атаңыз. Комплемент жүйесі- қан сарысуының ферменттік жүйесі. Оның негізгі қызметі - антигендерді ыдырату. Комплемент жүйесіне кіретін нәруыздарды комплемешптің компоненттері деп атайды. Бұл тектес нәруыздарға 20 компонент кіреді. Комплементтің компоненттері активтенуге дейін белсенсіз түрде болады. Активтену басталғаннан кейін олар бір-бірімен тізбектесе байланысады, нәтижесінде бірқатар биологиялық қызметтерді атқаратын молекулалар мен кешендерді өндіреді. Неміс бактериолог-гигиенистті Р. Пффейфер мен Р. Кох институтының ізденушісі, эпидемиолог және бактериолог В.И Исаевтың тәжірибелері комплементті зерттеудің негізін қалады. Ол тырысқақ вибрионымен in vitro тәжірибесінде, теңіз доңыздарының тырыскаққа қарсы табиғи сарысуы болмасада да, бактериялардың лизиске ұшырайтынын далелдеген, яғни бактериолиз құбылысын ашқан еді. Сары суды 560С 30 минут қыздырғанда, ультракүлгін саулелерімен сәулелендіргенде және ортанын рН өзгерткен жағдайда оның лизистік белсенділігінің жойылатыны анықталған. Комплемент жүйесі ағзаның негізгі арнайы емес гуморалдық қорғаныс факторларының бірі болып саналады. Комплементтің компоненті әрі мен оның рецепторлары, сонымен қатар активтену кезінде түзілетін фрагменттер мен кешендер көптеген үрдістерге қатысады және олар келесі әсерлерді шақырады: - микроорганизмді тікелей лизиске ұшырату; - фагоцитозды күшейту; - лейкоциттерді белсендіру және оларды қабыну ошағына тарту (хемотаксис); - кейбір вирустарды бейтараптау; - иммунды кешендерді шығару. Сонымен қатар, комплемент жүйесінің белсенді нәрудары аллергиялық және аутоиммунды аурулар, трансплантация мен басқад да жағдайлар кездерінде қуатты қабыну медматоры боладыи . Комплементтің компонеттері анадан балаға плацента арқылы өтпейді. 3 айлық нәрестелерде комплемент жүйесі нәруыздарының деңгейі ересек адамдардың деңгейінде сәйкес келеді. Бүгінгі күнде комплемент жүйесі активтенуінің 3 механизмі белгілі: классикалық жол; альтернативтік жол; лектинді жол. Комплемент жүйесі – бейспецификалық қорғаныс факторының ең маңызды жүйесі болып табылады. Комплемент жүйесінің негізгі қызметіне опсонизациялау жатады, ол комплемент жүйесінің белсенуінен кейін бірден патогендік денелерді немесе иммундық комплекстерді қоршап фагоцитоз процесін күшейтетін опсонизациялаушы компоненттердің бөлінуімен сипатталады Комплемент жүйесінің екінші маңызды қызметі – қабыну реакцияларына қатысу. Комплементтің кейбір белсенген компоненттері ұлпа базофилдерінен (мес жасушалардан) және қанның базофилді гранулоциттерінен биологиялық белсенді заттардың, соның ішінде қабыну реакциясын күшейтетін гистаминнің бөлінуіне алып келетіні дәлелденген.