1 Иммунологияның зерттеу бөлімдері және оларға түсінік


) Иммунитеттің анықтамасын және жіктелуін түсіндіріңіз



бет4/38
Дата27.08.2022
өлшемі137,49 Kb.
#148276
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Байланысты:
1 Èììóíîëîãèÿíû? çåðòòåó á?ë³ìäåð³ æ?íå îëàð?à ò?ñ³í³ê

5) Иммунитеттің анықтамасын және жіктелуін түсіндіріңіз.
Иммунитет (латынша іm-munіtas – босап шығу, арылу, құтылу) — организмнің антигендік қасиеттері бар жұқпалы және жұқпалы емес бөгде заттарды, жұқпалы аурулар қоздырғышын немесе олар бөліп шығаратын кейбір улы заттарды қабылдамаушылық қасиеті және оларға қарсы тұру қабілеті. Табиғи немесе туа пайда болған иммунитет—адамдар және жануарлардың белгілі бір түріне тән. Ол түқым қуалайды. Бұдан мүйізді ірі қара малдың — жылқының маңқасымен, жылқының, иттің обасымен, адамның ит пен шошқа обасымен ауырмауы мысал бола алады. Түрлі иммунитет бір мезгілде бірнеше зиянды әсерге қарсы әсер ете алады.Жасанды иммунитет адам мен жануарларда жұқпалы аурулар-дың әсерінен пайда болады және оны та,биғи -жағдайда қабылдаған ммунитет деп те атайды. Егер де иммунитеттер организмге түрлі биологиялық препараттарды енгізгенде (егу, вакцина, сарысу енгізу) пайда болса, оны жасанды жолмен түзілген иммунитет деп атайды. Бұнда организмдегі түзілген иммунитет зиянды микробтың бір ғана түріне арналады.Табиғи жолмен түзілген иммунитет әдеттегіше ұзақ болады. Ал кейбір ауруларға қарсы түзілген иммунитет организмде бүкіл тіршілік барысында сақталыл қалады. Мәселеқадамдар шешөк, обамен бір рет ауырса, екінші рет ауырмайды. Тіршілік барысында түзілген иммунитетті актив және пассив деп өкіге бөлуге болады. Бүнда организм зиянды әсерге әзі иммунитет қүрайды. Жасанды жолмен құралған актив иммунитет түрақсыздау. Мәселен, паратифке қарсы бұзауларда жасалған иммунитет тек 6 ай бойына ғана сақталады. «Сибирь жарасына» қарсы жасалған иммунитет тек бірақ жылға жетеді. Актив иммунитет организмге вакцина енгізіл-геинен кейін 2—10 күн еткен соң түзіледі. Ал пассив, сарысу имму-витеті организмге дайын қорғаныш заттарды енгізгенде түзіледі. 
6) Антигендердің анықтамасы мен олардың химиялық құрамын сипаттаңыз. Толық антиген және гаптенге сипаттама беріңіз.
Антигендер – иммундық жауап тудыратын, яғни ағзадан бөгде затты шығаруға бағытталған арнайы серпілістерге қатысатын, генетикалық бөгде зат болып табылатын, жоғары молекулалық химиялық қосылыстар. Иммундық жауап антигеннің барлық макромолекуласына емес, оның антигендік детерминант деп аталатын белгілі бір бөлігіне қарсылық көрсетеді. Антигендік детерминанттың қазіргі кездегі атауы – эпитоптар.Эпитоп – иммундық жауап кезінде түзілетін антиденелер мен эффекторлы Т-лимфоциттердің арнайлылығын қамтамасыз ететін жеке химиялық және құрылымдық сипаты бар антиген молекуласының бір бөлігі. В-лимфоциттермен танылатын және оларға қарсы антиденелер түзілетін эпитоптарды – В-жасушалық эпитоптар немесе гаптендер деп аталады. В-жасушалардың әрбір клоны белгілі гаптенге әсер етеді.Антиген құрылымы мен химиялық құрылысын зерттеуге үлкен үлес қосқан Нобель сыйлығының лауреаты (1930ж.) К. Ландштейнер гаптен деген терминді енгізген. Гаптендер - өлшемі үлкен емес химиялық топшалар. Олар табиғи антиген молекулаларының құрамдас бөлігі немесе шығу тегі экзогендік болуы мүмкін, мысалы, дәрілік заттар және олардың метоболиттері, азық-түлік, ауыл шаруашылық, тұрмыстық және өнеркәсіптік өнімдер болып табылады. Гаптен нәруыз-тасмалдаушымен байланысқан кезде ғана иммуногендік қасиетке ие болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет