1 Иммунологияның зерттеу бөлімдері және оларға түсінік


) Қанның формалық элементтерінің қалыптан жоғарылау және төмендеуі себептерін түсіндіріңіз



бет19/38
Дата27.08.2022
өлшемі137,49 Kb.
#148276
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   38
Байланысты:
1 Èììóíîëîãèÿíû? çåðòòåó á?ë³ìäåð³ æ?íå îëàð?à ò?ñ³í³ê

26) Қанның формалық элементтерінің қалыптан жоғарылау және төмендеуі себептерін түсіндіріңіз.
Қанның формалық элементтеріне эритроциттер (қанның қызыл түйіршігі), лейкоциттер (қанның ақ түйіршігі) және тромбоциттер (қанды табақшалар) жатады.
Эритроциттер – яросыз жасушалар. Оның негізгі қызметі – оттегі мен көмір қышқылын тасымалдау, яғни тыныс алу. Бұл қызметті арнайы тыныс салу пигменті - гемоглобин атқарады. Сонымен қоса эритроциттер амин қышқылдарын, антиденені, токсиндерді және бірқатар дәрі-дәрмектерді тасымалдайды. Әдетте гемоглобин ер адамдарда 130-160 г/л, ал әйел адамдарда 120-140 г/л.
Ер адамдарда эритроциттер 3,9 – 5,5х x1012/л, әйел адамдара 3,7 – 4,9х x1012 /л қан. Сау адамдарда эритроциттер мөлшері жасқа, эмоциялық және бұлшықеттік жүктемеге, экологиялық факторларға байланысты өзгеруі мүмкін. Әйел жыныс гормондары эритроциттерді тежеуге қабілетті, сондықтан әйелдерде эритроциттер мөлшері аз.
Адамдарда қалыпты жағдайда эритроциттердің 80% дискоциттер құрайды. Электронды микроскоппен зерттеу барысында эритроциттердің басқа формалары – планоциттер, сфероциттер, стоматоциттер, эхиноциттер және т.б түрлері анықталды. Эритроциттердің қартаю процестерінің көрінуі олардың гемолизі болып саналады. Гемолиз деп эритроцит жасушаларының қабығы бұзылып, одан гемоглобиннің шығуын айтады. Гемолиздің әсерінен қанның тұтқырлығы айтарлықтай күшейеді де қан жүрісін қиындатады. Ауруға шалдыққан кезде эритроциттердің аномальді түрлері пайда болуы мүмкін. Ол көбінесе гемоглобиннің құрылысының өзгеруіне байланысты. Молекуладағы тіпті бір амин қышқылының аусуы эритроциттің өзгеруіне себепші болады. Мұндай бұзылу процесін пойкилоцитоз деп атайды.
Адамдарда эритроциттер диаметрі 7,1 - ден 7,9 мкм-гедейін. Бұлар нормоциттер, 8,0 мкм-ден үлкен болса, онда макроциттер, ал егер 6 мкм және одан кіші болса, онда микроциттер деп аталады. Эритроциттердің пішіндерінің өзгеруі анизоцитоз деп аталады. Электрондық микроскоппен қарағанда эритроциттер плазмолеммасының қалыңдығы шамамен 20 нм. Оның жоғарғы бетінде фосфолипидтер, сиалин қышқылы, антигенді олигосахоридтер, ішкі бетінде – гликолитикалық ферменттер, натрий-және калий АТФ-аза, гликопротеиндер, гемоглобиндер орналасады.
Гликолипидтер мен гликопротеидтердің олисахаридтері гликокаликс түзеді. Олар эритроциттердің антигенді құрамын анықтайды. Бұл антигендер мен тиісті антиденелер қосылғанда эритроциттердің жабысуы – агглютинация жүреді.
Эритроцит цитоплазмасында шамамен 60% су және көбінше гемоглобиннен құралған 40% құрғақ қалдық болады. Бір эритроциттегі гемоглобиннің мөлшерін түстік көрсеткіш деп атайды. Электрондық микроскоппен қарағанда эритроцит гиалоплазмасында гемоглобин көптеген диаметрі 4-5 нм. Тығыз түйіршіктер ретінде көрінеді. Гемоглобин – бұл күрделі пигмент, оның құрамында глобиннің 4 полипептидтік тізбегі және гем (құрамындатемірі бар бояулызат) болады. Гемоглобин өкпе қуысында оттегімен қосылып, оксигемоглобинге айналады. Оксигемоглобин қанмен тасымалданып тіндерге келгенде оңай ыдырайды. Нәтижесінде глобин мен О2 пайда болады. Босаған оттегі тіндердің жасушаларының тотығуына қатысады, ал глобин белогы тіндерде зат алмасуынан пайда болған көмірқышқылын қосып алып карбоксигемоглобинге айналады. Ол жеңіл ыдырайтын қосынды, қан мен өкпеге барып, көмірқышқыл газын босатады, глобинге қайтадан оттегі қосылады. Адамдарда гемоглобиндердің екі түрі – HbA (ересектерге тән), HbF (ұрықтарға тән) кездеседі. Бала туғанда HbF - 80%, ал HbА - 20% құрайды. Ересек адамдарда басым көпшілігін HbА (98%) және аз мөлшерін HbF (2%) құрайды. Эритроциттегі энергиялық алмасудың негізгі жолы – гликолиз. Бұл процесс кезінде АТФ және НАД-H2 түзілуі жүреді. Гликолиз энергиясы плазмолемма арқылы катиондардың активті тасымалдануын, эритроциттер мен қан плазмасындағы калий және натрий концентрациясының оптималдық сәйкестігінің сақталуын, сондай ақ эритроциттердің мембранасының бүтіндігін және пішінінің сақталуын қамтамасыз етуге қабілетті. Гемоглобинде темірдің болуы оған сары түс, ал эритроцит көп мөлшерде қанға қызыл түс береді. Қан препаратын бояу барысында ересек эритроциттер оксифильді болады. Ересек эритроциттер мен қатар 1-5% жас эритроциттер де кездеседі. Олар қышқыл және негізгі бояулармен боялуға қабілетті немесе полихроматофильді. Суправитальді бояу кезінде олардың цитоплазмасында түйіршікті - торлы құрылым (erythrocytusreticulatus) көрінеді. Осыған байланысты жас эритроциттерді ретикулоциттер деп аталады. Электрондық микроскопиялауда түйіршікті – торлы құрылым құрамында эндоплазмалық тор, рРНҚ, рибосомалар мен митохондриялары бар қалдық органеллалардан түзілетіні көрінеді.
Эритроциттер шамамен 120 тәулік өмір сүреді. Организмде күнделікті шамамен 200 млн. эритроциттер бұзылады.
Тромбоциттер (қанды пластинка). Олар домалақ немесе сопақша болып келген түссіз денешіктер. Бұл қанды пластинкалар цитоплазмасында ядросы жоқ мегакариоциттер. Олардың саны 1л қанда 200-300х109. Әрбір пластинка оның негізі гиаломерден және грануломер түйіршіктерінен тұрады. Электрондық микроскоппен қарағанда грануломерде мембранамен қоршалған диаметрі шамамен 0,2 мкм тығыз түйіршіктер көрінеді. Сонымен қоса, онда митохондриялар мен гликоген түйіршіктері болады. Гиаломерде түйіршіктер болмайды, электрондық микроскоптың үлкен ұлғайтқышымен қарағанда жұқа филаменттер көрінеді. Романовский – Гимза тәсілімен бояған кезде қанды пластинканың 5 түрін ажыратады:
1) жас, құрамында базофильді гиаломерлері және аздаған азурофильді түйіршіктерімен;
2) жетілген, әлсіз оксофильді гиаломерлерімен және көптеген азурофильді түйіршіктерімен;
3) кәрі, неғұрлым күңгірт, қою-күлгін түйіршіктермен,
4) дегенеративті, сұр-көк гиаломерлері және сұр-күлгін түйіршіктерімен,
5) алып, қалыптылардан 2-3 есе артады, алқызыл-көкшіл гиаломермен және күлгін түйіршіктері Тромбоциттер қан ұю процессіне қатысады. Қанның ұю процесі кезінде қан пластинкалары әртүрлі заттар (фосфолипидтерді, липопротеидтерді және т.б) мен әртүрлі ферменттерді бөледі.
Қан пластинкаларының өмір тіршілігі шамамен 5-8 күн.
Эритроциттердің мөлшері кеміп немесе кемістігі пайда болуынан гемоглобин концентрациясының төмендеуін анемия немесе халықарасында– қаназдылық депатайды. Мұндай жағдайлардағы организм өмір сүру қалпы – мəңгі оттегі жетіспеушілігі жəне барлық тіндердің көмірқышқыл газымен уыттануы. Осыдан барлық бұлшықеттердің дистрофиясы пайда болады, оның ішінде жүрек етінің, орталық жүйке жүйесінің, бауырдың, асқазан-ішек жолдарының қызметінің бұзылуы, тіптен жасушаның бөліну процессінің де бұзылуы байқалады. Басқаша айтсақ – организмнің созылмалы стресстік жағдайның дамуы. Ал анемия дамуының себептері көп – түрлі дұрыс тамақтанбау формаларынан бастап сүйектің қызыл кемік майларының қызметінің бұзылуына дейін. Пайда болу себептеріне байланысты анемияның түрі де əртүрлі болады. Ең кеңінен таралғандарына темір жетіспеушілік анемиясы (ТЖА) жатады. Ол туа пайда болуы мүмкін. Темір құрсақтағы нəрестенің бүкіл тіндерінің түзілуі үшін қажет, əсіресе қанның түзілуі жүретін жүктіліктің екінші жартысында. Егер анасының өзінде анемия құбылысы бар болса, нəрестесін жеткілікті темір мөлшерімен қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан бала туылмай жатып анемиядан зардап шегеді. ТЖА үлесіне барлық анемия біткеннің 50-90% тиесілі, жəне де ол анемия түрлерінің ішінде ең кеңінен таралғандарының бірі. ТЖА көбінесе организмге тамақпен темірдің кем түсуіне байланысты немесе оның нашар сіңірілуінен (биологиялық қол жетерлігі) пайда болады.
Лейкоциттердің қызметі: 
# Қорғаныс – ең маңызды қызметі. Лейкоциттер лейкиндер бөліп шығарады. Лейкиндер микробтарды жойып жібереді;
# Базофилдер, эозинофилдер, антитоксиндерді, токсиндерді залалсыздандырады. Яғни дезинтоксикациялық қасиеттері бар;
# Антиденелер өндіреді;
# Базофилдер қан ұюына және фибринолизге қатысады;
# Регенеративтік үрдістерді ынталандырып, жараның жазылуын тездетеді;
# Моноциттер фагоцитоз арқылы өлген жасушалардың ыдырауына белсенді қатысады;
# Ферментативтік – олардың құрамына әр түрлі ферменттер бар. Олар жасуша ішілік ас қорыту үшін қажет; 
Лейкоциттер қасиеттері:
Амеба тәріздіқозғалуы;
Диопедез лейкоциттердің капиллярлар қабырғасынан өтетін қасиет.
Фагоцитоз – бөгде заттар мен микробтарды обып сініруі.
Фагоцитозды ашқан И.И.Мечников. Ол 4 фазада өтеді: хемотоксис, аттракция (қоршау), жұту және қорыту.
Тромбоциттер – немесе қан пластинкалары.
Олардың мөлшері 180 – 320 109/л. Оның көбеюі – тромбоцитоз, азаюы – тромбоцитопения. 
Тромбоциттердің қасиеттері. 
Лейкоциттер сияқты фагоцитозға жалған аяқ шығарып қозғалуға қабілеттігі бар. Тромбоциттер бөгде беткейге жабысатын және бір – бірімен желімделетін физиологиялық қасиеті де бар. Олар қан тоқтатуға қатысады. 
Тромбоциттер қызметі:
Фибринолиз (ұйыған қанды еріту) және қан ұю үрдістеріне белсене қатысады;
Олардың құрамында қанды тоқтататын биологиялық белсенді заттар бар;
Қорғаныс – тромбоциттер бактерияларды желімдеу және фагоцитоз арқылы қорғаныс қызметін атқарады;
Қан ағуы тоқтатын ферменттерді өндіреді;
Капилляр қабырғасы өткізгіштігін өзгерте отырып гистогематикалық бөгеттер жағдайына әсер етеді.
Лейкоциттердің төмендеу себебі: Вирусты инфекциялық аурулар (тұмау, вирусты гепатит, сепсис, қызамық, малярия, қызылша, эпидемиялық паротит, ЖИТС жәнет.б); Ревматикалық аурулар (ревматоидты артрит, жүйелі қызыл жегі); Лейкоздардың кейбір түрлері; Гиповитаминоз; Ісіктерге қарсы препараттар (цитостатиктер, стероидтыпрепараттар); Сәулелі ауру; Гематокрит – зертеудегі қаның жалпы көлемінің ондағы бар эритроциттерге пайыздық қатынасын айтады. Пайызбен өлшенеді. Гематокрит жоғарылау себептері: Эритемия; Жүрек немесе тыныс жетіспеушілігі; Сусыздану (көп мөлшердегі құсу, диарея, қүйіктер, диабет) Гематокрит төмендеу себебі: Анемия, Бүйрек жетіспеушілігі; Жүктіліктің екінші жартысы; Лейкоцитарлы формула Лейкоцитарлы формула бұл лейкоциттердің әр түрлерінің жалпы қандағы пайыздық қатынасы. Әртүрлі патологиялық жағдайларда осы пайыздық көрсеткіштер өзгеріске ұшырайды
27) Тікелей иммундық ферменттік талдау әдісі, анықтамасын, жүргізу кезеңдерін жазыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет