22) Қалыпты лейкоциттік формула көрсеткіштерін жазыңыз.Лейкоциттік формула анықтауға көрсеткіштерді түсіндіріңіз. Лейкоциттік формула – қан жағындысындағы лейкоциттер түрлерінің пайыздық арақатынасы. Қанның лейкоциттік формуласының өзгеруі көптеген ауруларда кездеседі және көбінесе ол арнайы емес болып келеді. Дегенмен, бұл әдістің диагностикалық маңызы зор, себебі ол науқастың жағдайының ауырлығын, жүргізіліп жатқан емнің тиімділігі туралы мәлімет береді. Қандағы лейкоциттердің мөлшері - сүйек кемігінен жасушалардың келу жылдамдығына және олардың тіннен шығу жылдамдығына байланысты. Шеткі қанда лейкоциттер мөлшерінің 10,0∙109/л –ден көп болуы лейкоцитоз деп аталады, ал 4,0∙109/л –ден төмен болуы лейкопения деп аталады. Қандағы лейкоциттердің жеке түрлерінің ының жоғарылауы және төмендеуі лейкоциттердің жалпы құрамына–қалыпты, жоғары немесе төмен болуына байланысты абсолюттік немесе салыстырмалы болуы мүмкін. Қан көлемінің бірлігіндегі лейкоциттердің жеке түрлерінің абсолюттік құрамын мына формула бойынша анықтауға болады А (%) ∙ лейкоциттердің жалпы мөлшері (109/л) Қалыпты жағдайда ересек адамның лейкоциттік формуласының көрсеткіштері:
Таяқша тәрізді нейтрофилдер 1-6%
Сегмент тәрізді нейтрофилдер 45-70%
Эозинофилдер 0-5
Базофилдер 0-1%
Лимфоциттер 18-40
Моноциттер 2-9%
Лейкоциттік формуласы бойынша тек әр түрлі лейкоциттердің салыстырмалы көрсеткіштері ғана анықталынады (пайызды маңыздылығы). 1л қандағы лейкоциттердің белгілі бір түрлерінің саны абсолюттік сан деп аталады. Абсолюттік санды шығару үшін 1л қандағы лейкоциттердің жалпы саны және әр түрлі лейкоциттердің пайыздық көрсеткіші қолданылады.
23) Лейкоциттік формуланы анықтау тәсілін түсіндіріңіз.
Қан көлемінің бірлігіндегі лейкоциттердің жеке түрлерінің абсолюттік құрамын мына формула бойынша анықтауға болады А (%) ∙ лейкоциттердің жалпы мөлшері (109/л) 100 %, мұндағы А – лейкоциттердің белгілі бір түрінің мөлшері, %.
Мысалы, лейкоциттердің жалпы мөлшерінің төмендеуі кезінде (2,0∙109/л) лимфоциттердің пайыздық мөлшерінің көбеюі (лейкоцитарлық формуланы есептеу кезінде 60%) салыстырмалы лимфоцитозды білдіреді, себебі осы жасушалардың абсолюттік саны қалыпты тербеліске сәйкес (1,2∙109/л) болып табылады. Лейкоциттердің әр түрлерінің пайыздық қатынасы лейкоцитарлык формула деп аталынады. Абсолюттік санды шығару үшін 1л қандағы лейкоциттердің жалпы саны және әр түрлі лейкоциттердің пайыздық көрсеткіші қолданылады.
Мысалы: 1л қандағы лейкоциттердің саны 6·109, сегменттік жасұнақтық нейтрофилдер – 55%. 1л қандағы абсолюттік санды келесі тепе-теңдігімен есептейді:
6·109 - 100%
55·6·109
χ = -------------------- = 3,3·109
χ 55% 100
1л қанда қалыпты жағдайда абсолюттік нейтрофилдердің саны 2,01·109 - 5,8·109; эозинофилдердін -0-0,3·109; базофилдердің 0 - 0,06·109; лимфоциттердің -1,2·109 – 3·109; моноциттердің 0,09·109 – 0,6·109.