Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
Тақырыбы: Қан құрамын зертханалық клиникалық заманауй зерттеу әдістері
Семей, 2017
Қанды зерттеу әдістері:
Қанды зерттеудің бірнеше түрлері бар: жалпы клиникалық, биохимиялық және иммунологиялық.
Қанды жалпы клиникалық зерттеудің мақсаты - қандағы пішінді элементтердің (эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер) сапасын және мөлшерін анықтау, гемоглобин (Нв) мөлшерін, эритроциттердің тұну жылдамдығын (ЭТЖ) анықтау.
Қанды биохимиялық және иммунологиялық әдістер зертханада мынадай заманауй әдіспен жүреді
Қанның лейкоциттік формуласы
Лейкоциттік формула – қан жағындысындағы лейкоциттер түрлерінің пайыздық арақатынасы. Қанның лейкоциттік формуласының өзгеруі көптеген ауруларда кездеседі және көбінесе ол арнайы емес болып келеді. Дегенмен, бұл әдістің диагностикалық маңызы зор, себебі ол науқастың жағдайының ауырлығын, жүргізіліп жатқан емнің тиімділігі туралы мәлімет береді.
Қандағы лейкоциттердің мөлшері - сүйек кемігінен жасушалардың келу жылдамдығына және олардың тіннен шығу жылдамдығына байланысты. Шеткі қанда лейкоциттер мөлшерінің 10,0∙109/л –ден көп болуы лейкоцитоз деп аталады, ал 4,0∙109/л –ден төмен болуы лейкопения деп аталады. Қандағы лейкоциттердің жеке түрлерінің жоғарылауы және төмендеуі лейкоциттердің жалпы құрамына–қалыпты, жоғары немесе төмен болуына байланысты абсолюттік немесе салыстырмалы болуы мүмкін.
Мысалы, лейкоциттердің жалпы мөлшерінің төмендеуі кезінде (2,0∙109/л) лимфоциттердің пайыздық мөлшерінің көбеюі (лейкоцитарлық формуланы есептеу кезінде 60%) салыстырмалы лимфоцитозды білдіреді, себебі осы жасушалардың абсолюттік саны қалыпты тербеліске сәйкес (1,2∙109/л) болып табылады. Лейкоциттердің әр түрлерінің пайыздық қатынасы лейкоцитарлык формула деп аталынады.
Қалыпты жағдайда лейкоциттік формуласының көрсеткіштері:
Таяқша тәрізді нейтрофилдер
|
1-6%
|
Сегмент тәрізді нейтрофилдер
|
45-70%
|
Эозинофилдер
|
0-5
|
Базофилдер
|
0-1%
|
Лимфоциттер
|
18-40
|
Моноциттер
|
2-9%
|
Лейкоциттік формуласы бойынша тек әр түрлі лейкоциттердің салыстырмалы көрсеткіштері ғана анықталынады (пайызды маңыздылығы). 1л қандағы лейкоциттердің белгілі бір түрлерінің саны абсолюттік сан деп аталады.
Абсолюттік санды шығару үшін 1л қандағы лейкоциттердің жалпы саны және әр түрлі лейкоциттердің пайыздық көрсеткіші қолданылады.
1л қанда қалыпты жағдайда абсолюттік нейтрофилдердің саны 2,01·109 - 5,8·109; эозинофилдердін -0-0,3·109; базофилдердің 0 - 0,06·109; лимфоциттердің -1,2·109 – 3·109; моноциттердің 0,09·109 – 0,6·109.
Қалыпты жағдайда сау малдарының шеткі қанының көрсеткіштері:
Қан көрсеткіштері
|
Жынысы
|
Қалыпты жағдайдан ауытқуы
|
1л қандагы эритроциттер
|
е
|
4·1012 – 5,1·1012
|
1 л кандагы эритроциттер
|
ә
|
3,7·1012 – 4,7·1012
|
Гемоглобин, г/л
|
е
|
130-160
|
Гемоглобин
|
ә
|
120-140
|
Түрлі - түсті көрсеткіштер
|
|
0,86-1,1
|
Ретикулоциттер ‰
|
|
2-10
|
ЭТЖ, мм/сағ.
|
е
|
1-10
|
ЭТЖ
|
ә
|
2-15
|
1 л қандағы тромбоциттер
|
|
180·109 – 320·109
|
1л қандағы лейкоциттер
|
|
4·109 – 9·109
|
Таяқша тәрізді жасұнақты нейтрофилдер, %
|
|
1-6
|
1л қандағы таяқшажасұнақтық нейтрофилдер
|
|
0,01·109 – 0,3·109
|
Сегмент тәрізді жасұнақты нейтрофилдер, %
|
|
45-70
|
1 л қандағы сегментті жасұнақтық нейтрофилдер
|
|
2·109 – 5,5·109
|
Эозинофилдер, %
|
|
0-5
|
1л қандағы эозинофилдер
|
|
0 – 0,3·109
|
Базофилдер, %
|
|
0-1
|
1л қандағы базофилдер
|
|
0 – 0,06·109
|
Лимфоциттер, %
|
|
18-4
|
1л қандағы лимфоциттер
|
|
1,2·109 – 3,0·109
|
Моноциттер, %
|
|
2-9
|
1л қандағы моноциттер
|
|
0,09·109 – 0,6·109
|
Нәтиженің дәлме-дәлдігіне және дұрыс болуына қан алу техникасы, қолданатын аспаптар (интелер, скарификаторлар және т.б.), пробиркалардың тазалығы, сонымен бірге сақталу және тасмалдау тәртібі ықпалын тигізеді.
Талдау алдындағы кезеңді стандартқа келтіру - стандарттық коммерциялық керекті заттардың қолдануымен, биосынамалардың алыну және сақталуымен, стандарттық реактивтердің және диагностикум жүйелерімен байланысты, себебі олар зерттеулердің дәлме-дәлдік деңгейін жоғарылатады.
Жалпы клиникалық талдауға қанды резинкалық қолғаппен, асептикалық тәртіптерін сақтап алынады. Капилярлы қан бір рет қолданатын зарарсыздандырған скарификатор-инелері қолданылады.
Гематологиялық зерттеулерге:
4 мл 0,9% натрий хлоридтің изотониялық ертітіндісі – эритроциттердің санын анықтауға;
5 мл трансформатор ертіндісі – гемоглобинді анықтауға;
0,4 мл 3% сірке қышқыл ертіндісін – лейкоциттерді есептеуге;
5% 3-ауыстырылған натрий цитраты Панченков капилярына 50 белгісіне дейін немесе комерциялық пробиркаларды буферге дайындарған 3,8% Nа цитратымен – бұл 12 сағат эритроциттерді сақтайды және ЭТЖ-ні анықтауға қолданылады.
Қанның зерттелуі эритроциттердің сұйылтуынан басталады (себебі басқа ертінділер эритроциттерді гемолизге ұшыратады).
Лейкоциттердің формуласын, эритроциттердің, лейкоциттердің, тромбоциттердің морфологиясын анықтауға қан жағындысы дайындалады: тесілген бармақтан бірінші қан тамшысы құрғақ мақта томпонымен сүртіледі, сонан соң құрғақ майсыздырылынған заттық әйнектің үстіне қан тамшысы тамызылады, тездетіп жұқа жағынды жасалады.
Вена қаны. Гематологиялық зерттеулерге венадан қанды антикоагулятпен өңделгенпластик пробиркасына құйылады. Ең қолайлысы стандарттық ваккумды пробиркалары - вакутейнерлер – олар стандарттық жүйеде керекті қан мөлшерін тартып алады және биоқауіпсіздікті сақтайды, сондықтан қан арнайы микропробиркаларға алынады.
Керекті құралдар мен реактивтер.
3% натрий хлорид ерітіндісі ( 3 г NaCl + 100 мл дистилденген су)
Сали капилляры.
Химиялық пробиркалар.
Пластикалық штатив.
Горяев торыны, жапқыш әйнек, микроскоп
Есептегіш камерада санау. Қанды алдын ала сұйылтады сонда жасушалар бөлек жатады және есептеуге оңай.
Химиялық пробиркаға пипеткамен 4 мл 3% натрий хлорид ерітіндісі құйылады және оған Сали пипеткасымен алынған 0,02 мл зерттелетін қан қосылады. Қан және реактивтің қатынасы 1:4 тең. Пипеткадағы қанды реактивке ақырын ағызып, бірнеше рет пипетканы шайып, пробиркадағы сұйықтықты жақсылап араластыру қажет. Ұшы жіңішке пастер пипеткасымен зерттелетін сұйықтықтың тамшысымен Горяев әйнегіндегі торды толтырып, 1-2 минутқа қалдырылады, нәтижесінде пішінді элементтер қалқымай, тұнбаға түседі. Микроскоппен (окуляры х15, объективі х8 ) есептеледі. Эритроциттер 5 үлкен квадратта (5 х 16 = 80 кіші квадрат) көлденеңі бойынша саналады. Ол үшін тордың сол бұрышында төртке бөлінген үлкен квадратты тауып, ондағы жатқан эритроциттерді санаған соң, көлденеңмен былай төменге түсіп, сондай квадрадтты тауып алған соң, екінші үлкен квадраттағы эритроциттер есептеледі. Одан әрі, көлденеңмен үшінші, төртінші, бесінші үлкен квадраттарда эритроциттерді есептеп болған соң, нәтижесі шығарылады. Есептеу жүрісінде тек квадратта жатқан эритроциттер санға кіреді.1 мл қандағы эритроциттердің санын келесі формуласымен есептейді:а х 4000 х 200
х=------------------------------------ ;
а – есептелген эритроциттердің саны;
4000 - Горяев тордың аумағы;
200 – қан және реактивтің қатынасы;
80 – кіші квадраттардың саны.
Немесе қарапайым әдіспен нәтижені шығаруға эритроциттердің бірінші саннан кейін үтір қойылып, екінші саннан жазылады, оны 10-ға көбейтеді. Мысалы, Горяев торында 530 эритроциттер есептеледі, сонда 5,3 х 10 /л. Әдіс қателіктің +-2,5% жіберуі мүмкін.
Қалыпты жағдайда сау жануарлардың қанында эритроциттердің пішіні диск тәрізді, шеттері қалың, ортасы жұқа. Жағындыда пішіндері өзгерген эритроциттер пайда болса пойкилоцитоз деп аталады. Пойколицитозда эритроциттердің әр түрлісі байқалады: созылған, алмұрт, жұлдыз тәрізді, құм сағат тәрізді, жалған аяқшаларымен және т.б.
Эритроциттердің патологиялық жағдайда кездесетін пішіндері екі топқа бөлінеді:
1) қалпына қайта келетін өзгерген эритроциттер (эхиноциттер, стоматоциттер)
2) қалпына келмейтін (акантоциттер, кодоциттердің нысана тәрізді жасушалары, өзгерістері қайталанбайтын стоматоциттер.
Сали әдісі.Гемоглобин концентрациясын анықтауға - қарапайым және қол жетерлі, тәжірибеде кең қолданады.
Шарты: қанға сутегі қосылғанда гемоглобин қоңыр түсті хлор геминге ( хлорид гематиті) айналады. Түстің қоюлығы гемоглобиннің болуына тікелей байланысты. Пайда болған гематин хлоридті сумен сұйылтып стандарттың түсіне жеткізіледі. Қалыпты сұйықтың және сүйытылған қанның түстері зерттелгенге сай болуы керек.
Керекті реактивтер мен аспаптар.
- гемометр Сали, капилляр, әйнекті таяқша, инелер, мақта орамы.
- 0,1 н НСІ ерітіндісі, спирт, залалсыздандырған су.
Сали колориметрдің құрылысы. Бұл жабдық пластмасты штатив, үш тік қуысымен. Екі шеткі қуыстарда қалыпты сұйықпен дәнекерленген пробиркалар орналасқан. Ортадағы бос қуыс - зерттелетін қанға арналған бөлшектерімен белгіленген пробирканың орны. Барлық пробиркалардың диаметрлері бірдей. Бөлшектері 100 мл қандағы гемоглобиннің грамм мөлшерін көрсетеді, яғни грамм-пайыз ( г/%.). Геометрге арнайы пипетка және әйнекті таяқша салынады.
Анықтау жүрісі. Бөлшектенген пробирканың төменгі белгісіне дейін «2 г/%» 0,1 г/ % хлор-сутек қышқыл ерітіндісі құйылады. Сонан соң Сали пипеткасымен «0,02 мл» белгісіне дейін алынған қан қосылады. Қан мен реактивті бір-бірімен араластырып, бірнеше рет шайқау қажет. Пробиркадағы сұйық жақсы араласқан соң, 5 минут бөлме температурасында ұсталады, себебі осы уақыттың арасында гемоглобин толық хлорид гематитке айналады. 5 минуттан кейін геометрдегі сұйықтың түсін көзбен көру арқылы бағаланады. Қалыпты жағдайда зерттелетін қоспаның түсі қою-қоңыр. Пипеткамен үстіне суды тамшылатып қосып, таяқшамен араластырып, зерттелетін сұйықтын түсін қалыпты түсіне жеткізу керек. Түстер сәйкес болған кезде нәтижесі тіркеледі.
Гематологияда, референт ретінде қалыптандыру халықаралық комитетінің ұсынған әдісі. Цианметгемоглобиндік әдіс дәлме-дәлдігімен, қарапайымдылығымен, арзан және гематологиялық жіктегіштердің қолдану ыңғайлылығымен сипатталады. Оның жоғары дәлме-дәлдігі гемоглобиннің барлық түрлері тасымалдаушы ерітіндінің қатысуымен цианметгемоглобинге ауысып, сонымен бірге ерітіндінің оптикалық қысымы Бугер-Ламберт-Бер заңына бағынады.
Гемиглобинцианид сақтауға өте тұрақты және қолайлы. Оның миллимолекулярлық экстинциясы белгілі (11,0 л/моль х см).
Шарты: қанға реагент қосылғанда гемоглобин цианметгемоглобинге айналады. Цианметгемоглобиннің мөлшері фотометрия арқылы тіркеледі.
Теміркөк калий әсерінен гемоглобин метагемоглобинге дейін қышқылданады, кейіннен калий цианин көмегімен цианметгемоглобинге айналады..
Керекті жабдықтар мен реактивтер:
- Фотоколориметр;
- Драбкин (тасымалдаушы) ерітіндісі (NaHCO -1 г, KCN - 0.05 г, K[Fe(CN)] – 0.2 г;
- 1 литр залалсыздандырған су.
Анықтау жүрісі. Пробиркаға 5 мл тасымалдаушы ерітінді құйылады, оған 20 мкл қан қосылады (қатынасы 1:251). Қоспаны араластырған соң 10 минуттан кейін (осы уақытта гемоглобин гемоглобинцианидке айналады) экстинкция тіркеледі: толқынның ұзындығы 540 нм, қабаттың қалыңдығы 1см, суға қарама қарсы. Жұмыс кезінде 1,5 мл, 3 мл және 4,5 мл пластик кюветтерді қолдануға болады.
Фотометрде 540 нм немесе ФЭК – 520-560 нм толқын ұзындығында (жасыл сәуле фильтрі), жол ұзындығы 10мм кюветте, тасымалдаушы ерітіндіге (бақылау) қарама қарсы анықтау жұмысы жүргізіледі.
Гемиглобинцианид жағдайы белгілі көлемде және 367,7 ( g = 570 нм ) тең. Оны мына формуламен шығаруға болады:
А [540НіСN] х 16114,5 х 10 х Р
Hb (г/л) = -------------------------------------------- = 367.7 x А [540НіСN]; сонда
11,0 х L
А [540НіСN] – 540 нм толқын ұзындығында гемоглобин ерітіндісінің сорылуы;
16114,5 гемоглобин мономердің молекулярлық массасы;
L – оптикалық жолдың ұзындығы, көптеген фотометрлерде 10мм тең;
қанның сұйылуы (1:251, қан 20 мкл және 5,0 мл тасымалдаушы ерітіндінің қатынасы).
Қазіргі кезде цианиометгемоглобин қалыпты түрде шығарылады, ол гемоглобиннің концентрациясын дәлме-дәл анықтауға қолданылады. Нәтижені калибр қисықты сызумен анықталады. Миллиметрлік қағазға ұзынынан абцисс сызығының паспортында көрсетілген гемоглобиннің концентрациясы г/л (ампуладағы гемиглобинцианид мөлшеріне сәйкес) сызылады. Көлденең – ординатта – гемиглобинцианид ерітіндісінің абсорбциялық мөлшері немесе гемоглобинометрдің көрсеткіші жасалады. Калибрлі график координаттың басынан сызылған тік сызық болуы керек. Егерде сызык тік болмаса, онда қателік жіберілгенінің немесе жабдық бұзылғанының көрсеткіші. Әр фотометрдің өзіне тән сызығы жасалады. Калибрлі сызық бойынша формула шығарылады
Патологиялық жағдайлар кезіндегі гемоглобиннің өзгерістері.
Гемоглобинопатиялар (гемоглобиноздар) гемоглобиннің нәруызды бөліктердің тұқым қуалайтын бұзылыстарына байланысты.
Орақ тәрізді жасушалық қан аздық – гемоглобинопатияның түрі. Молекулярлы деңгейде, гемоглобин шынжырларының жинақталуын бақылайтын гендер құрылысының мутациясынан глутамин аминқышқылдары валин аминқышқылдарына ауысады. Бұл патологияда қанның ерекше қасиеті - эритроциттер қоршаған ортасында оттегінің тиісті қысымдылығының төмендігінен орақ тәрізді болады.
Орақ тәрізді эритроциттерді анықтауға арнайы сынама қолданады – ол үшін вена қанын гипоксияға ұщыратады.
анықтау жүрісі. 5 минутқа қолдың саусағын байлап, қан алынады қанға метабиосульфат жүрісі натрий қосылады, сонда орақ тәрізді эритроциттер пайда болады.
Түсті көрсеткіш.
Түсті көрсеткіш (ТК) эритроциттегі гемоглобиннің салыстырмалы мөлшерін көрсетеді, клиникалық МСН сәйкес және МСV түзуге қатысады. Түстік көрсеткіштің мөлшеріне қарай гипо- (ТК < 0,8), қалыпты -(ТК = 0,85-1,05) және гиперхромды (ТК > 1,1) деп бөледі.
ТК формуламен есептелінеді:
Hb сынау RBC сынау
ТК = ---------------------:----------------------, сондағы
Hb қалыпты RBC қалыпты
Hb бақылау - зерттелген қандағы гемоглобиннің мөлшері
Hb қалыпты – гемоглобиннің қалыпты көрсеткіші (1л қанның Hb қалыпты көрсеткіші ескеріледі).
RBC бақылау – зерттелген қандағы эритроциттердің саны
RBC қалыпты - эритроциттердің қалыпты көрсеткіші ( 1л қанның Э қалыпты саны ескеріледі).Барлығын қысқартқаннан кейін
3 х Hb
ТК = -------------------------------------------
RBC cынау (бірінші үш саны)
ТК қалыпты көрсеткіші 0,86 – 1,05 тең.
Сенімді және дәлме-дәл әдістерге эритроциттердің орташа аумағының анықталуы (MCV) – гематокриттің көлемі 1мм қандағы эритроциттердің санына бөлінеді. Нәтижесі ку/микронда (мкм) немесе фемтолитрда (фл) белгіленеді.
Гематокрит () х 10
MCV = ---------------------------------------------------------;
Эритроциттердің саны (млн.кл/мм)
МCV нақты көрсеткіші, себебі эритроциттердің диаметрін анықтағанда эритроциттердің морфологиясында өзгерістер болады:
· жағынды кеуіп қалғанда эритроциттердің диаметрі 10-20% -ға кішірейеді
· қалың жағындыда эритроциттердің диаметрі кіші
· жағындыда ұзыннан жатқан эритроциттердің диаметрі үлкендеу.
Қалыпты көрсеткіші – 80-95 фл (мкм). Адамның өмірінде MCV көрсеткіші бірнеше рет өзгерістерге ұшырайды: нәрестелерде 128фл-ге дейін жетеді, өмірінің бірінші аптасында 100-112фл дейін төмендейді, алты айлығында 78фл түседі, бір жаста 77-78фл тең, 4-5 жаста төменгі көрсеткіші (80фл) тұрақталады. MCV 80фл дейін төмендесе – микроцитоздың, 95фл көтерілсе – макроцитоздың белгісі.
Эритроциттегі гемоглобиннің мөлшері (MCН) формуламен есептеледі
Гемоглобин (г/л)
МСН = -----------------------------------------
Эритроциттердің саны (млн/л)
Нәтижесі пикограммен (пг) белгіленеді, қалыпты көрсеткіші 27-31пг. Бұл көрсеткіш әр эритроциттің ішіндегі гемоглобиннің орташа мөлшерін көрсетеді. Ол ТК ұқсас. Осы индекстер бойынша қан аздығы қалыпты-, гипо-, гиперхромды түрлеріне бөлінеді.
Эритроциттің ішіндегі гемоглобиннің орташа мөлшері (МСНС) – гемоглобиннің мөлшері г/100 бөлінеді гематокрит көрсеткішіне және 100 көбейтіледі.
Гемоглобин (г/дл)
МСНС = ----------------------------- х 100 (г/дл)
Гематокрит (%)
Екі индекстің айырмашылығы: МСН бір эритроциттің ішіндегі гемоглобиннің көлемін көрсетеді және пикограммен белгіленеді. МСНС эритроциттің ішіндегі гемоглобиннің концентрациясының көрсеткіші, ол гемоглобиннің қарқындылығын көрсетеді, қалыпты жағдайда 30-38г/дл тең. МСНС, МСН салыстырғанда, өте сезімтал сынама гемоглобиннің түзілуінің бұзылғанын көрсетеді. Гемоглобиннің шекті концентрациясы (38 г/дл) сирек кездесетін жағдай. Оның жоғарылауы гемоглобиннің кристалдарға айналуымен және эритроциттердің гемолизге ұшырауымен аяқталады.
Эритроциттердің осмостық тұрақтылығын анықтау
Осмостық тұрақтылық – эритроциттер гипотониялық тұздардың ерітінділеріне тұрақтылығы. Осмостық қысымдылығы, қанның осмостық қысымдылығына тең ерітінділерде эритроциттер өзгермейді. Тұзды ерітінділердің осмостық қысымдылығы мен қанның осмостық қысымдылығына тең болса, ондай ерітінділер изотониялық деп аталады. Изотониялық ерітінділерге 0,85-0,9%-дық натрий хлоридінің ерітіндісі жатады. Эритроциттер 0,85% концентрациядан төмен – гипотониялық ерітіндіге салынса олар ісініп, жарылады (гемолиз). Гипертониялық ерітінділерде эритроциттер жиырылады, себебі ішіндегі сулар үлкен осмостық қысымдылықпен ерітіндіге шығады. Эритроциттердің осы қасиетіне осмостық тұрақтылықтың анықталуы негізделген.
Эритроциттердің физикалық және химиялық қасиеттерін бағалау үшін Л.И.Идельсон (1974) модификациясы қолданылады.
Шарты. Эритроциттердің санды гемолиз дәрежесін буферлі натрий хлоридін гипотониялық ерітінділерде анықтау.
Реактивтер. Негізгі ерітінді (осмостық концентрациясы 10% натрий хлорид ерітіндісіне сәйкес), рН ортасы 7,4. Құрамы: екі орнын басқан натрий фосфаты (Nа2НРО4) – 27,31 г (немесе Na2НРО4 х Н2О – 34,23г), бір орнын басқан натрий фосфаты (NаН2РО4 х Н2О) – 4,86, натрий хлориді – 180г, залалсыздандырылған су – 2 литрге дейін. Ерітіндіні жабық ыдыста, мұздатқышта бірнеше айға дейін сақтауға болады.
1% натрий хлорид жұмыс ерітіндісін дайындауға, негізгі ерітінді 10 есе сүйылтылады. 1% натрий хлорид ерітіндісінен келесі концентрациялар дайындалады: 0,85; 0,75; 0,70; 0,65; 0,60; 0,55; 0,50; 0,45; 0,40; 0,35; 0,30; 0,20; 0,10. Бұл ерітінділерді 100 мл дайындап, мұздатқышта 2 аптаға дейін сақтауға болады.
Анықтау жүрісі. Екі залалсыздандырылған пробиркаға 2 тамшыдан гепарин және 1,5мл қан құйылады. Араластырып, бір пробирканы зерттеуге жұмсалады, екіншісі – термостатқа бір тәулікке қойылады. Штативке қойылған және концентрациялары жазылған, 14 центрифугалық пробиркалар қойылады. Әр пробиркаға 5,0 мл 1 - 10% натрий хлорид ертіндісі құйылады және оларға 0,02 мл Сали пипеткасымен гепаринді қан қосылады. Араластырып, 30 минутқа бөлме температурасында қалдырылады. Пробиркадағы қоспалар, центрифугада 2000 айналым/мин 5 минут айналдырылған соң, үстіңгі сұйықты төгіп, фотоколориметрде толқынның ұзындығы 500-560 нм (жасыл сәулефильтр), кюветтің қалыңдығы 10мм, бақалауға қарама-қарсы қойылып анықталады. Бақылау сынамасы – 1% натрий хлорид ерітіндісі.
Есептеу. 100% гемолиз – егерде пробиркадағы 0,1% буфер ерітіндісінде гемолиз болса. Әр пробиркадағы гемолиздің жеке пайызы есептеледі, үстіңгі сұйықтың экстинциясы 100% алынған экстинсиямен салыстырып, формуламен шығарылады:
Ех Х 100
% Гемолизі = ---------------------------------, сонда
Е1 – пробиркадағы 0,1 натрий хлорид ерітіндінің үстіңгі сұйықтың экстинциясы
Ех – зерттелетін сынамының экстинциясы
100 – 0,1 натрий хлорид ертіндісімен пробиркадағы гемолиздің пайызы.
Келесі күні, 24 сағатқа қалдырылған қанның зерттеуін қайталау керек, себебі кейбір кезде эритроциттердің осмостық тұрақтылықтың төмендеуі термостатта тұрған қанда анықталады.
Қалыпты көрсеткіші. Сау малда жаңадан алынған қанда гемолиз 0,50-0,45% натрий хлорид ертіндісінде байқалады, толық гемолиз – 0,40-0,35% NaCI концентрациясында тіркеледі.
Клиникалық маңыздылығы. Зерттеу гемолиздік қан аздығына күдіктенген кезінде өткізіледі. Осмостық тұрақтылықтың төмендеуі, яғни эритроциттердің натрий хлорид ерітіндісінің 0,70-0,75% концентрациясында гемолиз пайда болса, ол тұқым қуалайтын микросфероциттік және кейбір тұқым қуалайтын сфероциттік емес гемолитикалық қан аздықтарында, сонымен бірге кейбір кезде аутоиммундық гемолиздік қан аздықтарында байқалады. Осмостық тұрақтылықтың жоғарлауы талассемияға, гемоглобинпатияға тән
Гематокритті анықтау.
Алдын ала антикоагулянтпен өңделген және кептірілген капилляр 7/8 ұзындығы зерттелетін қанмен толтырылады. Капиллярдың бір ұшы арнайы сағызбен жабылады. Сонан соң центрифуганың роторына салынады. Салынған кезде капиллярдың жабылған ұшы резинкалық табанға тіреліп тұруы керек. Центрифугада 11000 д (8000 айналым/мин.) 5 минут айналады. Гематокрит көлемі қызыл қанның мөлшері бойынша тіркеледі.
Гематокрит мөлшерін анықтауға коммерциялық гепаринді және гепаринсіз гематокрит стандартты 75мм, 70мм және 30мм капилярлары (Deltalab) қолданылады.
Антикоагулянттар: гепарин 5000ЕД/мл дистилденген сумен 1:5 сұйылтады немесе К2-ЭДТА (трилон Б) – 40 г/л.
Ретикулоциттерді анықтау.
Ретикулоциттерді бриллианттық крезил көкпен, азур І немесе азур ІІ боялғаннан соң есептеу әдісі.
Шарты. Ретикулоциттердің дәнекті-жіпшік субстанциясын анықтауға суправитальді бояғыштармен бояу.
Келесі бояғыштарды қолдануға болады:
Абсолюттік спиртте ерітілген қанық бриллианттық крезил көк ерітіндісін
(абсолюттік спиртті дайындау: 96% этанолға бірнеше рет ауыстырып қыздырған мыс купоросында ұстау керек). 100 мл абсолюттік спиртке+1,2г бояу.
2. Азур І ерітіндісі. Азур І – 1г, аммоний оксалаты – 0,4г, натрий хлориді – 0,6-8г, 96 этил спирті – 10 мл, залалсыздандырылған су – 90 мл. Ерітінді тығынмен жабылған ыдысқа құйылып, 2-3 күн 370С термостатта ұсталып, арасында шайқап тұру қажет, сонан соң бөлме температурасына дейін суытып, қағаз фильтрден өткізіледі. Дайын ерітінді күңгүрт ыдыста сақталады. Бояудың тұнбасы пайда болса, қайтадан сүзіп алынады.
3. Азур ІІ ерітіндісі. Азур ІІ – 1г, натрий цитраты – 5г, натрий хлориді – 0,4г, залалсыздандырылған су – 45 мл. Ерітінді термостатта 370С екі тәулікке қалдырылады, арасында шайқалып тұру қажет. Бояу тез еру үшін, әлсіз отқа 15-20 минут, қайнатпай, қыздырып алуға болады. Бөлме температурасына дейін суытып, сүзіледі. Күңгірт ыдыста сақталады.
Әйнекте бояу. Таза, майсыздандырылған жағынды әйнекті спирт отына жылытып, үстіне әйнекті таяқшамен бір тамшы бояу тамызылады және қырнақталған әйнекпен бояуды жағады. Бояу жағылған жағынды әйнектің үсті белгіленеді. Осы әдіспен көп бояудың жағындысы жасалып қойылады, құрғақ, қараңғы жерде сақталады. Зерттеу алдында дайын бояу жағындының үстіне бір тамшы зерттелетін қанды тамызып, жұқа жағынды жасалады. Ол ылғал камераға 3-4 минутқа салынады, сонан соң ауаға кептіріп, микроскоппен иммерсия жүйесінде зерттеледі. Жағындыда эритроциттер сары-жасыл түсті, дәнекті-жіпшік субстанциясы – көк түсті.
қан жағындысын микроскоппен зерттеу
Қан жағындысы иммерсия жүйесінде объективі 90х, және окуляры 70х зерттеледі. Лейкоциттердің түрлерін ажыратуға және лейкоциттік формуланы есептеуге қан жағындының үстінгі сол жақ бұршына 1 тамшы иммерсиялық май тамызылады.
Жағындыда лейкоциттердің орналасуы бірқалыпты емес: шеттерінде негізінде нейтрофилдер, моноциттер, эозинофилдер, ортасында – лимфоциттер орналасады. Сондықтан, әйнектегі жағындыны зерттелуі келесі тәртіппен атқарылады – алдымен төмен қарай 4-5 көз шалымы, сонан соң оңға қарай 4-5 көз шалымы қаралады, сонымен қайталанып, арифмометрмен есептегенде жалпы лейкоциттердің саны100 немесе 200-ге дейін есептелуі керек. Сан мен бірге эритроциттердәң, лейкоциттердің, тромбоциттердің сапасы зерттеледі.
Қалыпты жағындыда лейкоциттер препараттың ортасында емес, шеткі жағында орналасады. Сонымен бірге, бұл жерде ірі жасушалар болады.
Тромбоциттердің санын анықтау
Тромбоциттерді санауға келесі әдістер қолданады:
- есептегіш камерада санау;
- қан жағындысында санау;
- геманализатормен есептеу.
Тромбоциттерді камерада саналуы дәлме-дәл әдістерге жатады, бірақта қолайсыз, себебі нативті кезінде тромбоциттер өте майда, анық көрінбейді. Әдістің кемшілігі – қанды алған соң тромбоциттер тез арада анықталуы керек.
Тромбоциттерді қан жағындысында анықтаудың кемшілігі – камералық және автожіктегіштік әдістермен салыстырғанда дәлме дәл келмейді. Қан жағындысында тромбоциттерді санағанда қателіктердің себептерін ескеру керек:
- жағынды дұрыс жасалмаған;
- тромбоциттер жағындыда бір қалыпты орналаспаған;
- эритроциттердің саны дұрыс есептелмеген;
- бір уақытта эритроциттерді және тромбоциттерді есепке салынған.
Қолайлығы:
- тромбоциттерді кез келген уақытта анықтауға болады.
Гематологиялық жіктегішпен анықтағанда тромбоциттер толық есепке алынады.
Горяев торында есептеу әдісі
Шарты: 1 литр қандағы тромбоциттерді Горяев торында есептеу.
Реактивтер және құралдар:
- 1% аммоний оксалаты (эритроциттерді ерітуге). Қайнатылған сүзілген ерітінді мұздатқышта сақталады.
- микроскоп (кезеңдік контрастік құрылыспен).
Анықтау жүрісі. Зерттелетін қан 200 рет сұйылтады, ол үшін құрғақ пробиркаға 4 мл реактив + 0,02 мл қан қосылады. Араластырған соң, 25-30 минутқа эритроциттердің гемолиз болуына қалдырылады. Горяев камерасын дайындаған соң, жапқыш әйнектің астын зерттелетін қоспамен толтырып, 5 минутқа тромбоциттер түсу үшін ылғал ыдысқа қойылады (Петри табақшаның түбі суланған фильтр қағазы жабылады. Тромбоциттер 25 үлкен шаршыда есептеледі.
Тромбоциттер көз шалымында майда, жарықты жақсы өткізетін жасушалар болып көрінеді.
Тромбоциттердің қандағы саны формуламен шығарылады:
А х 250 х 200
Х = ---------------------- = а х 2000,
сонда Х - 1 мкл қандағы тромбоциттердің саны;
а – 25 үлкен шаршада есептелген тромбоциттердің саны;
200 – қанның сұйылған дәрежесі;
25 – есептелген шаршылар саны;
250 – бір үлкен квадраттың аумағы 1/250. Есептелген тромбоциттердің саны 200 көбейтіледі.
Әдістің қателігі 6,5%.
Қан жағындысында тромбоциттерді есептеу (Фонио әдісі)
Шарты. Боялған қан жағындысында 1000 эритроциттердің арасында тромбоциттер есептеледі. Есеп 1 мкл (немесе 1литр) қанда, эритроциттердің санымен байланысты.
Реактивтер. 14% магний сульфаты немесе 6% этилдиаминтетраацетат (ЭДТА) ерітінділері қолданылады.
Анықтау жүрісі. Пробиркаға Панченков капиллярымен «75» белгісіне дейін реактив құйылады + «0» белгісіне дейін зерттелетін қан қосылады. Пробиркадағы қоспаны араластырған соң, жағынды әйнекке жұқа жағынды жасалып, бекітіледі. Романовский әдісімен 2-3 сағат ( магний сульфат ерітіндісін қолданғанда) немесе 30-45 минут (ЭДТА қолданғанда) боялады. Кепкен жағынды микроскоппен, иммерсия жүйесінде, тромбоциттермен бірге эритроциттер есепке алынады.
Есеп: тромбоциттердің саны 1000 А%o (промиль), немесе 100 А% болады.
Мысалы: А = 60%o эритроциттердің саны 5 х 109/л.
Тепе –теңдігі жасалады: 60 - 1000, Х - 5 х 1012/л.
Карта: картаға арналған есептеуші құрал халықаралық ережелерге ISO 7816 сәйкес дайындалған.
16 тәуелсіз өлшеу ұяшықтары бар.
Принтер. Зерттелетін қан сынамаларын араластыруға арналған құрал.
Жұмыстың шарты:ауа температурасы – 15º С -тан 40º С дейін
қоректенуі – 12В тұрақты тоқ
адаптор – 220В, 50 Гц.
Жұмыстың шарты–бейне көру камерада қолданылуға ұқсас, сызбалы сенсор көмегімен эритроциттердің шөгу деңгейін үздіксіз өлшеуге негізделген жүйе. Сынамадағы шөгу жылдамдығын есептеуі жүйе әрбір 250 милли секунд сайын жүзеге асырады.
Талдау үшін қажет тұтас қан мөлшері - 0,8 мл. Талдауды жүргізу үшін натрий цитратмен өңделген, арнайы бір рет қана қолданылатын пробиркаға жиналған венадан алынған қан қолданылады. Қан сынамалары 16 өлшеуіне ұяшықтардың біріне салынады.
Араластырылған қан сынамасында ЭШЖ өлшеу уақыты 4 минуттан (егер ЭШЖ >120 мм/сағ болса) 14 минутқа дейін (СОЭ <2 мм /сағ).
ЭШЖ есептеу процедурасы толығымен статистикалық, яғни талдағыш бағдарламасымен қамтамасыз етілген. Құралдың жұмысында белгілі бір код нөмері бар микропроцессорларлық карточка қолданылады. Мұндай карточканы енгізу, құралдың өзін - өзі тексеруді, жүргізу үшін және орындауға мүмкін анализ санын анықтау үшін қажет. Әрбір карточкаға 100-5000 тестті орындау үшін бағдарлама еңгізілген.
Ves-Static ЭТЖ жылдам және нақты анықтауды қамтамасыз етеді. Нәтижелер қоршаған орта температурасы бойынша автоматты түрде түзетіледі (ауа температурасының әсері жоққа шығарылады). Құрал 1сағ.мм ЭШЖ талдау нәтижесін береді. Құрал сағатына 100 анализге дейін жасауға мүмкіндік береді. Микропроцессорлық карта көмегімен дербестік, құралды штрих-кодты есептеуге қосу үшін арналған интерфейс және аппараттың компьютерге қосылу мүмкіншілігі; құралды тәжірибе жүзінде жетілдіріп жасайды.
Жұмыс тәртібі:
1.Зерттелетін қан үлгісін алу және араластыру (6-8 рет).
2. "ЭШЖ" анализаторын қосу, өзін-өзі бақылауды ("Auto-test") жүргізу; зерттелетін қан үлгісін бос ұяшықтардың біріне салу және науқастың, кодын теру.
3. Талдауды жүргізу (8минут).
4. Талдауды соңғы нәтижелерін термопринтерде басып шығару
Қанның клиникалық зерттеулерінің кейбір көрсеткіштері
WBC(white blood cells) - лейкоциттердің мөлшерлері.
Қалыпты жағдайдағы лейкоциттер - 4,0-8,0·109/ л.
Лейкоциттерге гранулоцитарлы, моноцитарлы және лимфоидты қатардағы жасушаларды жатқызады.
Қандағы лейкоциттердің кейбір түрлерінің мөлшері абсолютті немесе салыстырмалы болуы - ол жалпы лейкоциттердің қалыпты, жоғары немесе төмен болуына байланысты. Қазіргі уақыттағы гематологиялық анализаторлар: WBC - лейкоциттердің жалпы санын; MXD – орташа жасушалық құрамын (моноциттер, базофильдер, эозинофильдер); NEUT - нейтрофильдер мөлшерін; LYM –лимфоциттер мөлшерін анықтайды және гистограмманы тіркейді.
MCV (mean corpuscular volume) – орташа корпускулярлы көлемі – эритроциттердің орташа көлемі, фемтолитрмен (fl)немесе кубтық микрометр (мкм3) арқылы өлшенеді.
MCV-тің клиникалық маңызы түстік көрсеткішке және эритроциттегі гемоглобин мөлшері бір бағыттағы өзгерістеріне ұқсас, өйткені әдетте, макроцитарлы қан аздығында бір уақытта гиперхромды (немесе нормохромды), ал микроцитарлы – гипохромды болып келеді. MCV –ні, негізгі анемияның түрін сипаттау үшін қолданады.
MCV өзгерістері су-электролитті тепе-теңдігінің бұзылуы жайында жақсы мәлімет беруі мүмкін. MCV жоғары болуы, су–электролиттік тепе-теңдік гипотоникалық бұзылуын, ал төмен болуы - гипертоникалық бұзылуын көрсетеді.
MCV 80-110 fl шамада болуының маңызы: эритроцит, нормоцит; 80 fl –ден төмен болуы - микроцит; 110 fl жоғары болуы - макроцит екендігін көрсетеді.
MCH (mean corpuscular hemoglobin) - эритроциттердегі гемоглобиннің орташа мөлшері. MCH өзіндік маңызы жоқ. MCV, түсті көрсеткішке және MCHC сәйкес қаралады. Осы көрсеткіштердің негізінде қалыпты, гипо-және гиперхромды анемияларды ажыратады.
MCH төмендеуі (яғни, гипохромия) гипохромды және микроцитарлы, темір тапшылығы анемияларда және созылмалы ауруларда, талассемияда кездесетін анемияда, кейбір гемоглобинопатияларда, қорғасынмен уланғанда, порфирин жинағының бұзылуында байқалады.
MCH жоғарылауы (яғни гиперхромия) - мегалобластты, көптеген созылмалы гемолитикалық анемияларда, гипопластикалық анемияда, жедел қан жоғалтудан кейін, гипотиреоз, бауыр ауруларында, қатерлі ісіктердің метастаздарында, цитостатиктер, контрацептивті, тырыспаға қарсы дәрі-дәрмектерді қабылдаған кезде байқалады.
RDW (red cell distribution width) – эритроциттердің аумақ бойынша таралу көрсеткіші, эритроциттердің көлемінің өзгергіштігін сипаттайды.
Қалыпты жағдайдағы RDW көлемі - 11,5 - 14,5%, гематологиялық анализаторлар көмегімен алынған гистограммада эритроциттердің көлемін көрсетеді.
RDW мөлшерінің жоғары болуы, эритроциттер популяциясының гетерогендігін немесе қанда бірнеше эритроциттер популяциясының болуын көрсетеді. Сондықтан RDW-ні эритроциттердің гистограммасымен бірге талдау қажет.
MCHC (mean corpuscular hemoglobin concentration ) – эритроциттердегі гемоглобиннің орташа концентрациясы, эритроциттердің гемоглобинмен қанығу көрсеткіші.
MPV (mean platelet volume) – тромбоциттердің орташа көлемі
Қалыпты жағдайда MPV - 3,6 - 9,4 мкм3 немесе fl. Қазіргі кездегі гематологиялық жіктегіштер тромбоциттердің көлемі бойынша таралу гистограммасын сызады (тромбоцитометрлік қисық).
Тромбоциттердің өлшемі және олардың функционалды белсенділігіне өзара байланысты. Тромбоциттердің ескіруі бойынша көлемі төмендейді, сондықтан тромбоциттердің функционалды белсенділігі де төмендейді.
Гистограммаларда ескі жасушалар сол жақта, ал жас жасушалар оң жаққа орналасады. Керісінше, қанда тромбоциттердің жас жасушалары көп болуы, гистограмманы оңға, ескі жасушаның көп болуы тромбоциттердің солға ығысуын көрсетеді.
ИС= М + ММ + П/С, мұндағы М - миелоциттер, ММ – метамиелоциттер, П- таяқша тәрізді-ядролы нейтрофильдер, С – сегмент тәрізді ядролы нейтрофильдер.
Қалыпты ЫИ (ығысу индексі) 0,06 тең – нейтрофильдер ядросының ығысуы (нейтрофильдердің жетілген және жетілмеген жасұнақтық ығысуарақатынасының) айқындылығымен сипатталады.
Эндогенді улану айқындылығын бағалау үшін уланудың лейкоцитарлы индексін (УЛИ) есептейді:
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Ермахан Әмірбек «Жануарлар ауруының клиникалық диагностикасы» Алматы 2006 ж. (33-40 б). 7. Б.К. Ілиясов «Алғашқы ветеринарлық жәрдем» Алматы -2001( 45- 50б) 8. Жаңабай Төлеуіш «Малың аман болса, май ішесің» Шымкент-2007 ж.(15-17 б).
2. Қасымов Е. «Бірнеше түлікке ортақ жұқпалы ауруларды балау және күресу шаралары ». Алматы 1992 (67 б).
3. Қасымов Е. И., Лесова Қ.А., т.б. «Ағылшынша-қазақша- орысша ветеринария сөздігі». - Алматы, 2005, (235 б).
4. Ветеринариялық заңдылықтар. 1,2,3- том. Астана, 2004.(125 б)
5. А.Д.Третьякова, М. Колос «Ветеринарное законодательство». 1988г.(44б)
6 .Жамансарин Т.М. «Кеміргіштерге қарсы малдәрігерлік- санитариялық шаралар». Алматы, 2005 (249 б).
7.Эпизоотология и инфекционные болезни. Учебник под ред. А.А.Конопаткина- М. Колос, 1993ж. ( 215 б)
8. Урбан В.П. Практикум по эпизоотологии. Учебное пособие. Л. Колос, 1981г.(225 б)2>
Достарыңызбен бөлісу: |