1 Иммунологияның зерттеу бөлімдері және оларға түсінік


) Трансплантаттың кері тебілу механизмін түсіндіріңіз



бет37/38
Дата27.08.2022
өлшемі137,49 Kb.
#148276
түріСабақ
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
Байланысты:
1 Èììóíîëîãèÿíû? çåðòòåó á?ë³ìäåð³ æ?íå îëàð?à ò?ñ³í³ê

58) Трансплантаттың кері тебілу механизмін түсіндіріңіз.
Трансплантациялық иммунитеттің анықтамасы: қайта салу, трансплантантқа қарсы иммундык реакция-донордан рецепиентке мүшелер мен ұлпаларды қайта салганда дамиды.
Трансплантациялық иммунитеттің қызметтері
Әр түрлі бологиялық түрдің ішінде мүшелер мен ұлпаларды қандандыру.
1. Аса жедел кері тебілу механизмі (трансплантатты реципиенттің қан ағысына қосқаннан бірден дамиды):
Реципиентте алдын ала антиденелердің болуы
Антиген-антидене комплексінің түзілуі
Комплемент жүйесінің белсенуі
Транспланттаттың капилляр тамырларының жасушаларына қарсы агрессиялық әсер етуі
Иммундық қабынудың дамуы, гемокоагуляция, фибриндердің түзілуі, трансплантаттың қан тамырларында тромбтардың түзілуі
Трансплантатта қан ағысының бұзылуы, кері тебілудің дамуы
2. Жедел кері тебілу механизмі (трансплантациядан кейін алғашқы үш аптада):
«Жолаушы-лейкоциттердің» (дендриттік жасушалар) антигендік пептидтерді ұсынуы (презентация)
HLA I комплексімен ұсынылған пептидтерді реципиенттің Т-хелпер рецепторының (CD4+) тануы
HLA II комплексімен ұсынылған пептидтерді реципиенттің Т-киллер рецепторының (CD8+) тануы
Жасушалық және гуморалдық иммундық жауаптың іске қосылуы және мүше (бүйрек) ауыстырылғаннан кейін 1 апта ішінде жедел кері тебілу кризінің дамуы
3. Созылмалы кері тебілудің механизмі (бірнеше айлардан кейін):
Антиденелердің түзілуі
Интерстициалды ұлпаның фиброздалуы (қабыну салдарынан дамиды)
Қан тамыры құысының біртіндеп зақымдануы және облитерациялануы (бітуі)
«Трансплантаттың иесіне қарсы» реакциясының клиникалық көріністері:
59) Ісікке қарсы гуморальді иммунды жауаптың механизмін түсіндіріңіз.
Реакцияның иммундық жауаптағы мақсаты: Т жасушалардың айқын бөлінуін шакырады, үлкен бөлінүші жасушалар т лимфоциттерге сай болып келеді, сонымен Т хелпер популяциясының белсенділігі күшеюі, әртүрлі эффекторлы механизмдер жүруінде негізгі қызмет атқарады.
Иммунологиялық реакция механизміне қатысатын барлық факторлары: Ig M, МШК, Ig G,
Жасушалардың ісік антигендерімен зақымдануы
Қан айналымында орналасқан ісікке Ig M әсер етеді.
Ig M антигендік детерминантамен байланысып комплемент жүйесінің классикалық жолын белсендіреді.
Түзілген МШК(5b6789) ісік жасушасының мембранасын бұзады.
Қан тамырынан тыс орналасқан ісік жасушаларына Ig G әсер етеді.
Антиген детерминантымен байланысқан Ig G екі молекуласы қашықтықта орналасуынан комплемент жүйесін белсендіре алмайды.
Осы иммунологиялық реакцияның механизмінің бұзылыстарында немесе факторларының жетіспеушілігінде қалыптасатын патологиялық жағдайлар: қатерлі меланома, кеуде каарциномасы, бүйрек, ішек, асказан, аналық без, өкпе,қуық қатерлі ісіктері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет