1 Иммунологияның зерттеу бөлімдері және оларға түсінік


) Комплемент жүйесінің классикалық және альтернативті жолдармен белсенуінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын атаңыз



бет8/38
Дата27.08.2022
өлшемі137,49 Kb.
#148276
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   38
Байланысты:
1 Èììóíîëîãèÿíû? çåðòòåó á?ë³ìäåð³ æ?íå îëàð?à ò?ñ³í³ê

11) Комплемент жүйесінің классикалық және альтернативті жолдармен белсенуінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын атаңыз. Комплемент жүйесінің классикалық жолмен активтенуі арнайы болып келеді, себебі оның басталуы үшін антиденелер қатысуы керек. Комплементтің классикалық жолмен активтенуі иммундық кешендердің түзілуінен басталады. Бірақ, мұндағы маңызды жағдайдың бірі – иммундық кешендердің құрамында иммуноглобулиндердің белгілі бір кластары мен подкластарына кіретін антиденелер болуы тиіс. Адамда оларға IgM, IgG1 және IgG3 жатады. Біріншіден, комплемент жүйесі классикалық жолмен активтену механизмі басталу үшін антиген антиденемен байланысып иммундық кешен түзілу керек. Екіншіден, С1q эффективті байланысу үшін СН2 доменде бір орталықтың болуы жеткіліксіз. Кем дегенде осындай екі орталық және олар бір-бірінен белгілі бір ара қашықтықты болуы тиіс. Бұл ара қашықтық 1000А (10А=10-8см) артық болмауы керек және ол қашықтықты «критикалық» деп атайды. Комплементтің альтернативті жолмен активтенуі антиденелердің қатысуынсыз жүреді, яғни арнайы емес жол. Ол ағзаның арнайы емес иммунитетінің ең маңызды компонентінің бірі. Альтернативті жолмен активтену міндетті түрде пропердин жүйесінің нәруыздарының қатысуымен жүреді. С3 компоненті активтену үшін құрылысы бойынша Т-тәуелсіз антигендерге жақын антигендер қатысуы керек. Көбіне альтернативті жолмен активтенуді табиғаты бойынша бактериалды заттар, ең біріншіден, бактериалды полисахаридтер мен липополисахаридтер, сондай-ақ бактериалды эндотоксиндер мен құрылымы бойынша полианионды басқа да жоғары молекулалы заттар шақырады. Өте аз жағдайда альтернативті жолмен активтену иммуноглобулиндердің полимерлі агрегаттарының (IgА и IgG) және агрегацияланған иммундық кешендердің қатысуымен жүруі мүмкін. Сонымен қатар, альтернативті жолмен активтену кейбір патологиялық үрдістер кезінде, әртүрлі ферменттердің әсерінен С3 компонентінің активтенуі және ыдырауы мүмкін. Әсіресе, зақымдалған тіндердің протеазалары мен бактериалды протеазалар С3 компонентінің активтенуін шақыруы ықтимал. Сонымен, альтернативті жолмен активтену кезінде С3 компонентінің антигенмен тікелей байланысуы басты орын алады. Комплемент жүйесінің альтернативті жолмен активтеуінің классикалық жолдан айырмашылығы-активтену С3 компонентінен басталады, осыған байланысты С1, С4 және С2 компонентері үрдіске қатыспайды. Бірақ альтернативті жолмен активтену міндетті түрде пропердин жүйесінің нәруыздарының қатысуымен жүреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет