7) Антигендердің бөгделік, иммуногендік және спецификалық қасиеттеріне түсінік беріңіз және антигендердің жіктемесін жазыңыз.
Заттарды антигендер ретінде сипаттайтын негізгі қасиеттерге жатады: бөгделік, антигендік, иммуногендік және арнайылық.
Бөгделік- ағзаның әр түріне немесе жеке индивидумдарга арналған антигеннің өзгешелігін көрсететін генетикалық тағайындалған жеке қасиеті. Антигеннің берілген ағзаға бөгделігі, иммундық жүйенің ағзаны биологиялық агрессиядан қорғау сияқты негізгі қызметімен байланысты. Агрессия жиі микроағзалар, вирустар, паразиттер және олар бөлетін токсиндер түрінде байқалады; берілген микроағзалар және оның өнімдері жоғарғы тірі жандарға бөгделік болып табылады. Эндогендік агрессия (ісіктердің өсуі) жасушалардың белгілі бір бөгделік қасиетке (мысалы, ісік жасушаларының бетінде ісік ерекшелік антигендердің экспрессиясы) ие болуымен де байланысты. Барлық жағдайларда антиген ағзаға «өзіндік емес» ретінде танылуы қажет. Нәтижесінде антиген бөтен субстанция сияқты, ағзаға өте қауіпті молекула түрінде көрінеді. Р.В. Петровтың анықтауы бойынша, «антигендер бұл бөтен генетикалық бағдарлама алып жүруші биологиялық заттар мен молекулалар».
Иммуногендік- антигеннің иммунитет тудыру қабілеті. Бұл ұғым негізінен, жұқпаларға иммунитет жағдайын қамтамасыз ететін микроб және вирус антигендеріне қатысты айтылады. Мысалы, дизентерия қоздырғышының антигендігі өте жоғары, сондықтан өзіне қарсы күшті иммундық жауап туғызады, бірақ оған қарсы айқын иммунитет өндірілмейді, себебі ұзак өмір сүретін зерде жасушалары түзілмейді. Сүзек вакцинасының антигендігі мен иммуногендігі өте жоғары, оны енгізген кезде көп мөлшерде антиденелер түзіліп, қуатты иммунитет пайда болады.Антигеннің иммуногендігін көрсететін маңызды қасиеті молекула мөлшері. Полимерлік молекуланың салмағы жоғарлаған сайын, иммуногендігі артады. Антигендердің иммуногендігі олардың құрылысына (зарядына, қош иісті сақинаның болуына, қаттылығына) және мөлшері мен олардың ағзаға енгізу жолына байланысты.
Спецификалық- бұл антигендердің бір-бірінен айырмашылығын көрсететін антигендік ерекшелік. Антигендердің иммундық ерекшеліктері макромолекуланың барлық денесімен емес, антигеннің бетінде болатын детерминанттардың қасиетімен, олардың саны және молекулаларда табиғи антигендердің орналасуымен анықталады. Ағзадағы әрбір жасуша өзінің антигендік ерекшелігімен анықтайтын жеке химиялық құрылыммен сипатталады. Антигендік арнайлықтың келесі түрлері ажыратылады: түр-аралық (типтік арнайылық), топтық, тіндік, сатылық, органоидттық.
Антигендердің жіктелуі:
1) табиғи антигендер - белоктар, көмірсу, нуклеин қышқылы, бактериялар, эндо- және экзотоксиндер, тін, қан клеткаларының антигендері. Табиғи антигендер гетерологиялық ерекшелігімен сипатталады.
2) жасанды антигендер - төменгі молекулалар қосындыларынан синтезделген.
3) гаптендер - жартылай антигендер, өз алдына иммундық қасиеті жоқ, бірақ үлкен молекулалы белоктармен қосылса антигендік қасиетке ие болады.
4) химиялық құрамына қарай белокты, көмірсулы, полипептидтер, т.б. болып бөлінеді.
5) ертінді антигендерге токсиндер, ферменттер жатады.
6) генетикалық жағдайына байланысты антигендер; - аутоантигендер, организмнің өзгерген өз клеткаларынан шыққан антигендер; өзгерген өз клеткалары антиген болып, аутоиммундық патологиялық процесс дамытып, аутоантиденелер туғызады; - изоантигендер - АВО қан топтарын құрады; - аллоантигендер - бір түрдегі жануарлардағы генетикалық аллельді түрлерінің айырмашылығы; - ксеноантигендер (гетероантиген) — антиген басқа түрге жататын жануарлардан алынған