1 Иммунологияның зерттеу бөлімдері және оларға түсінік


) Фагоцитоз анықтамасын, қызметтерін түсіндіріңіз



бет3/38
Дата27.08.2022
өлшемі137,49 Kb.
#148276
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Байланысты:
1 Èììóíîëîãèÿíû? çåðòòåó á?ë³ìäåð³ æ?íå îëàð?à ò?ñ³í³ê

4) Фагоцитоз анықтамасын, қызметтерін түсіндіріңіз. Мононуклеарлық фагоциттер жүйесін тізбектеңіз.
Дененің келесі күшті бейспецификалық қорғаныс факторы фагоцитоз – фагоциттік жасушалардың антигенмен және өзгерген жасушалармен әсерлесуі, оның нәтижесінде олар фагоцит бетіне жабысып (адгезия – adhesio — жабысу), бөгде жасушаларды жұтып, қорытады.+ Фагоциттік жасушаларға гранулоциттер және полиморфты ядролық лейкоциттер (ПМЯЛ), қандағы моноциттер, ұлпа макрофагтары, мононуклеарлық фагоциттер жүйесі (ретикулярлық және эндотелиалдық ұлпа) жатады. Бауырда фагоциттік қызметті Купфер жасушалары, өкпеде – альвеолярлық макрофагтар, мида – микроглиялар атқарады; қан тамырларының эндотелиалды жасушалары тек қана белгілі жағдайларда фагоциттік қабілетке ие болады. ПМЯЛ (полиморфты ядролы лейкоциттер)– қандағы негізгі фагоцитоздаушы, қысқа уақыт өмір сүретін жасуша, көбінесе фагоцитоз процесінде жойылады. Моноцит – сүйек кемігінде түзіліп, ұлпаларда макрофагқа дейін жетіледі. Макрофаг — ұзақ өмір сүретін жасуша, фагоцитоз процесіне бірнеше рет қатыса алады; жасушалар ұлпаларда еркін немесе қан тамырларының қабырғасына жабысып тұрады; бөгде агенттерді және олармен байланыс-қан антиденелер немесе комплементті таниды. Макрофагтар 40-тан аса биологиялық белсенді заттар өндіреді. Макрофагтағы ферменттік элемент-тердің (жетілген макрофагта миелопероксидаза болмайды) белсенділігі (сандық және сапалық) ПМЯЛ-ға қарағанда төмен. Спецификалық имму нологиялық реакцияларды түзуге (фагоцитоз, антигендерді басқа иммундық жүйенің жасушаларына таныстыру) белсенді қатысу функционалдық қызметтерінің арқасында макрофагтар Т және В-лимфоциттеріне, иммундық ќабілетті жасушаларға да жатады.
Фагоцитоз процесі схема түрінде мына тізбекте жүреді: 1) Фагоциттік жасушаның белсенуі; 2) Хемотаксис— фагоциттердің бөгде агенттерге қарай миграциялануы; 3) Опсонизация процесі опсониндер «IgG, IgM Fc-фрагменттері, комплементтің С3б компоненті және лектин» арқылы жүзеге асады; 4) Адгезия— адгезия молекулаларының бөгде денеге жабысуы; 5) Эндоцитоз немесе пиноцитоз— фагоциттік жасушаның бөгде денені жұтуы; 6) Процессинг (жасуша ішілік ыдырату): ~оттегі тәуелді емес цитотоксикалық- катионды ақуыздар, протеиназалар, катепсин Ж (грам оң бактерияларға қарсы) ~ оттегі тәуелді цитотоксикалық- оттегі жарылуы; 7) Лизосомалық ферменттердің зақымдалған бөгде денені деструкциялауы; 8) Антигендік пептидтердің түзілуі; 9) Элиминация немесе экзоцитоз- бөгде жасуша қалдықтарының сыртқа шығарылуы. Мононуклеарлы фагоциттер жүйесіне шығу тегі, морфологиясы және қызметтері бойынша біріктірілген шеткері қан моноцитгері және әртүрлі локализициядағы макрофаттар кіреді. АТЖ қызметі Т-лимфоциттерге АТЖ бетінде орналасқан антигендерді өңдеуден және таныстырудан тұрады. Адам ағзасында осы жасушаларға, бірінші кезекте, макрофагтар, дендритті жасушалар және В-лимфоциттер, сондай-ақ Лангерганс жасушалары және терінің кератиноциттері, қан тамырларының эндотелий жасушалары жатады.Макрофагтар,дендритті жасушалар және В-лимфоциттерді сонымен қатар, мамандандырылған АТЖ деп те атайды, себебі, белсенді және антигентаныстыруында негізгі қызмет атқарады. Макрофагтар – бұл мононуклеаралық фагоциттер жүйесінің жасушалары, олар сүйек кемігінің бағаналы жасушаларынан (эмбрионның сарыуыз қапшығында және бауырды) түзіледі; сүйек кемігінде монобласттар сатысы арқылы қан моноциттеріне дифференцияланады. Қан лейкоциттерінің шамамен 5 % -ын құрайтын моноциттер, қан айналымында шамамен 1 тәуліктей болып, кейін тіндерге түсіп, мөлшері моноциттерге қарағанда, 25 есе жоғары болып келетін, тіндік макрофагтар популяциясын құрайды. Түзілетін тіндік макрофагтар АТЖ қызметін атқарады. Дендритті жасушалар – антигенді таныстырушы жасушалардың екінші тобын құрайды.Олар аралшықты мононуклеаралық жасушалар.
Эпителий тіндерінің дендриттік жасушаларын Лангерганс жасушалары деп атайды (жаңа жіктелуі бойынша – ақ аралшықты эпидермоциттер). Ағзадағы жасушалардың жалпы саны жеткілікті болғанмен, олар қанның, лимфаның және басқа да тіндердің құрамына кіреді, бірақ диффузды таралуына байланысты лимфоидтық мүшелердің өздерінде (лимфа түйіндерінде, көкбауырда, барлық жасушалардың 1%-ын құрайды)концентрациясы аз мөлшерде болады. Дендритті жасушалар сүйек кемігінде қан жасаудың миелоидты-моноцитарлық қатарынан түзіледі. Цитоплазмадағы қабатты қосындылар – Бирбек түйіршіктері жасушалардың морфологиялық маркерлері болып табылады. Дендритті жасушалар макрофагтар мен В-жасушаларға қарағанда белсенді және олар иммундық үрдістерді іске қосуда маңызды рөл атқарады. Дендритті жасушалапмен антигенді жаулап алу, көбінесе лимфоидтық мүшелерден тыс жүреді. Антигенді өңдегеннен кейін, олар шеткі лимфа түйіндердегі Т-лимфоциттерге жеткізеді. Бұл кезде дендритті жасушалардың фагоцитозды қабілеті жоқ, бірақ нәруыздар мен вирустық бөлшектерді пиноцитоз жолымен оңай сіңіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет