1. Инклюзивті білім берудің негізгі ұғымдары мен принциптері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ НОРМАТИВТІ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАМТАМАСЫ



бет4/31
Дата20.09.2022
өлшемі288,88 Kb.
#150004
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
ерекше білім қажеттілігі бар тұлғаға педагогикалық қолдау көрсету. лекция

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ НОРМАТИВТІ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАМТАМАСЫ


Қазақстан Республикасы Білім беру саласындағы мемлекеттік саясатының қағидалары ретінде басқалармен бірге мыналар белгіленеді:



  • барлығының сапалы білім алуындағы құқықтарының теңдігі;




  • әр адамның интеллектуалдық дамуын, психофизиологиялық және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, тұрғындар үшін барлық деңгейдегі білімнің қолжетімділігі [5, 1-тарау, 3-бап].



ҚР білім беру аясындағы Заңнамасында бекітілген:



  • баланың ерекшеліктері мен жеке мүмкіндіктерін есепке ала отырып ата-аналардың білім беру ұйымдарын таңдау және өз балаларын оқыту



мен тәрбиелеу мәселелері бойынша психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесінің көмегін алу құқығы; [5, 6-т, 49-б];



  • баланың, оның ішінде ерекше білім беруге қажеттілігі бар баланың өз тұрғылықты жеріндегі мектепте білім алу құқығы [5, 5-т, 26-б, 2-б]. Қызмет көрсететін ауданда тұратын балаға тиісті білім беру ұйымына қабылдануына тыйым салынбауы қажет [6];




  • білім алудың жалпыға бірдей білім алу стандартының аясында білім беру ұйымының шешімі бойынша баланың жеке оқу жоспары немесе қысқартылған оқу бағдарламасы бойынша білім алу құқығы [5-т. 6-б. 47; 4];




  • білім беру ұйымдарында ерекше білім алу қажеттілігі бар тұлғалардың (балалардың) білім алуы үшін арнайы жағдайлар жасау бойынша жергілікті атқарушы билік органдарының жауапкершілігі [5, 2 тарау, 6 бап. п 21-5)].



Осы жауапкершілік шеңберінде елдің барлық аймақтарындағы жалпы білім беру мектептерінде психологиялық-педагогикалық (арнайы педагог, логопед, психолог, тәрбиеші) қолдау көрсететін мамандарға штаттық бірлік енгізіліп жатыр. Білім беру процесінде оқушыларға қолдау көрсету үшін қоғамдық қауымдастық пен жеке меншік қорлар көмегімен материалдық-техникалық жағдайлар құрылып жатыр.


Орта білім беру ұйымдар қызметінің типтік ережесі білім алуында ерек-ше қажеттілігі бар балаларды білім беру процесіне қосудың нұсқаларын қарастырады: жалпы немесе арнайы сынып (ауытқушылық түріне қарай). Оқушылардың жалпы сыныпта оқуы жалпы білім беру немесе жекелік оқу бағдарламасы бойынша ұйымдастырылады. Жалпы немесе арнайы сынып-та оқитын ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін арнайы педагог-тармен (олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог, логопед) жекелік немесе топтық сабақтар өткізу қарастырылады [7, Қосымша. 2, п. 25].



Арнайы сыныпта оқыту (психофизикалық дамуында ауытқушылығы бар балалар үшін) ҚР білім және ғылым министрлігі бекіткен тиісті типтегі ар-найы оқу жоспары мен бағдарламалар негізінде жүргізіледі [8; 9 -12].


Оқытудың нәтижесін бағалау критериалды бағалау негізінде жүзеге асырылады. Қысқартылған немесе жекеленген бағдарламаның мазмұнына бағдарлай отырып, яғни оқушының мүмкіндіктері ескеріле отырып, бағалау критерийлері өзгеруі мүмкін. Ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларды бағалау кезінде мұғалім сараланған немесе жекеленген тап-сырмаларды қолдануға міндетті. Ерекше білім беру қажеттілігі бар бала-ларды және жеке оқу бағдарламасымен оқитын балаларды аттестациялау мәселесі оқушының жеке ерекшеліктеріне сәйкес педагогикалық кеңес арқылы шешіледі


Формативті бағалау кері байланысты және оқу материалдарын меңгерудегі жеке қиындықтарына жылдам әрекет етуді қамтамасыз етеді


Ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім алушылар мектепті тәмамдаған кезде мемлекеттік үлгідегі Аттестатқа ие болады

ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІГІН АНЫҚТАУ. ЕРЕКШЕ БІЛІМ АЛУДЫ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН БАЛАЛАР ТОБЫ


Ерекше білім беру қажеттілігі (ЕБҚ) – бұл көптеген дамыған елдер-де кеңінен таралған түсінік, өйткені инклюзивті білім берудің принципіне сәйкес әр оқушының жемісті білім алуы үшін барлық жағдайларды жасауға мектептің назарын аударады.


Қазақстанда ЕБҚ бар балаларға "денсаулықтарына байланысты ар-найы жалпы білім берудің оқу бағдарламалары мен қосымша білім беру бағдарламаларын қажет ететін білім алуда тұрақты немесе уақытша қиындықтарды бар тұлғалар" жатады [5].


ЭЫҰД елдерінде «ерекше білімді қажет ету » термині психикалық және дене дамуындағы ерекшелік, мінез-құлық пен қабылдауындағы ауытқушылық, үйде және емханада ұзақ мерзімде ем алатын, эмоционалдық проблемалары бар, толық отбасы емес, жетім, зорлық-зомбылық көрген, әскери конфликт аумағында болған балаларға қолданылады. Бұл тер-мин сонымен қатар дарынды балаларға қарасты, яғни бала бойындағы дарындылығын дамыту мен жеке қасиеттерін ашу үшін де кеңінен қолданылады. [17].


Инклюзивное образование ді дамытудың қазіргі кезеңінде ерекше білім беру қажеттілігінің келесі анықтамасы қолданылады - бұл оқушылардың сапалы білім алуы барысындағы психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік және басқа да көмекке мұқтаждығы. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың төмендегідей топтары көрсетіледі:


1-топ. Психикалық және дене дамуында түрлі бұзылымдары бар ба-лалар: көру, есту, сөйлеу бұзылымдары, зияты, тірек-қозғалыс аппа-раты, психикалық дамуы тежелген және эмоционалды-ерік-жігер аясы зақымдалған балалар.


2-топ. Оқытудағы ерекше қиындықтары,мінез-құлық және эмоциялықпроблемалары бар балалар.


Зияты қалыпты балалардың ерекше қиындықтары жеке оқу дағдыларын меңгеруде байқалады: оқу, жазу және санау (дисграфия, дислексия, дис-калькулия және т.б.). Бұл қиындықтар уақытша сипатқа ие және оны балаларға мамандардың тиісті көмегімен жоюға болады. Мінез-құлық және эмоционалдық проблемалар ерекше психологиялық факторлар-дан (отбасында тәрбиенің бұзылуы, ата-ана мен баланың және отба-сы ішілік қатынастың бұзылуы), сонымен қатар дамуындағы ерекше проблемалардың болуынан (гипербелсенділік және толыққанды көңіл бөлмеуден, аутистикалық бұзылыстар спекторы және т.б.) құрдастарымен және мұғалімдерімен қарым-қатынас жасаудағы әртүрлі қиындықтардан (енжарлық, тұйықтық немесе жанжалдық, тіл алмаушылық, агрессивтілік) пайда болуы мүмкін.


3-топ. Әлеуметтік-психологиялық,экономикалық,тілдік,мәдениерекшеліктерінен туындайтын ерекше білім беруге қажеттілігі туындай-тын балалар. Бұл топқа микроәлеуметтік және педагогикалық қараусыз қалған нашар отбасынан шыққан немесе бала тәрибесіне көңіл аудармай-тын отбасылардан, әлеуметтік қатерлі топтағы отбасы балалары (ішімдікке, нашақорлыққа жақын ата-аналар), сонымен бірге жергілікті әлеуметке бейімделуде қиындықтары бар (босқындар, мигранттар, оралмандар) не-месе оқу тілін түсінбейтін және бұл тілде сөйлемейтін балалар кіргізіледі.


ЕБҚ бар балаларды мұндай топтарға бөлу мектепте білім алуында қиындығы бар бірде-бір оқушының назардан тыс қалуына жол бермейді.


ҚР инклюзивті білім беру принциптерін енгізіп отырған жалпы білім беру педагогтары үшін ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушы



  • психикалық және дене дамуы бұзылған (мүмкіндігі шектеулі) бала ғана емес, сонымен қатар оқытуда қиындықтарға тап болған кез келген бала екенін түсінулері маңызды.



Психикалық және дене даму бұзылыстары жоқ екінші және үшінші топтағы балалар көбінесе психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңеске жүгінбейді және ол арқылы анықталмайды. Сәйкесінше, жалпы білім беретін мектеп балалардың бұл топтарын да өз назарынан қалдырмай және оны уақытында анықтап, оларға көмек көрсетуі тиіс.

Қазақстанда, бүкіл әлемдегідей, психикалық және дене дамуы бұзылған балалардың саны аз. ПМПК мәліметтері бойынша 2018 жылы олардың саны барлық балалар популяциясының 2,7% ғана құрайды.



Оқыту қиындықтары бар балалардың көпшілігі-психикалық және дене даму бұзылыстары жоқ.
ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІГІНІҢ




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет