1. Инклюзивті білім берудің негізгі ұғымдары мен принциптері


ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ НЕГІЗГІ



бет2/31
Дата20.09.2022
өлшемі288,88 Kb.
#150004
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
ерекше білім қажеттілігі бар тұлғаға педагогикалық қолдау көрсету. лекция
инклюзив кәсіби құзірет
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ НЕГІЗГІ


ҰҒЫМДАРЫ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ


"Инклюзивті білім беру" ұғымы білім беру адамның негізгі құқықтарының бірі болатын және де ол әділ қоғамның негізін құрайтын тұжырымнан қалыптасқан. Барлық оқушылар жеке қасиеттеріне немесе проблемаларына қарамастан білім алуға құқылы


Әлемдік қоғамдастық барлық адамдардың нәсілдік, этникалық, жыныстық, дене, психикалық және басқа да айырмашылықтарына қарамайтын құқықтары теңдігі принципін басшылыққа ала отырып, БҰҰ-ның халықаралық құқықтық актілерінде инклюзивті білім берудің негізгі ұғымдарын бекітті.


«Инклюзивті білім беру– барлық дискриминация формасына тосқауыл қоятын, оқушының білім алуындағы әртүрлі қажеттіліктері мен алуан түрлілігін есепке ала отырып, сапалы білім беруді қамтамасыз етуге бағытталған, жалпы білім беруді дамытудың үздіксіз процесі»


Әлемдік заманауи қоғамдастықта жаңа мәдени норма қалыптастыру-адам арасындағы айырмашылыққа сыйластықпен қарау және әр адамның даралану құқығын, сонымен бірге қоғам тарапынан оның қандай да бір өзгешелігін, білім алу ортасындағы ерекшеліктерін есепке алу және мойындау. Сондықтан да инклюзивті білім беру оқушының оқу процесі барысындағы әртүрлі қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін, алуан түрлі ерекшеліктерін мойындаудан басталады.


Жоғарыда талданған пікірлердің негізінде көптеген мемлекеттер-де ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалардың қажеттіліктерін бағалаудың және оқыту барысында қолдауды ұйымдастырудың әлеуметтік-педагогикалық моделі қалыптасты. Ал, ол біздің еліміздегі білім бе-ру жүйесінде осы күнге дейін сақталып келген медициналық және дефектологиялық модельден түбегейлі ерекшеленеді.


1-кесте. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға қолдау көрсету және бағалау моделі



БЕҚ бар балаларға қолдау көрсетумен

БЕҚ бар балаларға қолдау көрсетумен

бағалаудың клиникалық-дефектологиялық

бағалаудың әлеуметтік-білім беру моделі




моделі













«білім алуындағы қиындықтар мен про-

«білім алуында ерекше қажеттілікке мұқтаж

блемалар

баланың бойында

қалыптасқан

бала қиындыққа бейім сондықтан да белгілі

және ол

мына ұғымдарға

негізделген:

бір тосқауылдарға тәуелді. Бағалау- адамның

«мүгедек, қабілетсіз, ауытқушылығы бар»

қажеттілігі, ал білім беру- білім алуға

бағалау –медициналық, ал білім беру-түзету

қолдау көрсету қоршаған ортаға бейімдеуге

тұрғысына бағытталған [3].




бағытталған [3].



















7




Біздің білім беру жүйесінде білім беруді басқару органдарынан, ПМПК-дан бастап әрбір жалпы білім беру мектебіне дейін ең алдымен білім берудегі медициналық үлгіден (тәсілден) әлеуметтік үлгіге көшу қажет. Ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушылардың сапалы білім алуға құқығын қамтамасыз етуді болжайтын әлеуметтік-білім беру моделін енгізу - жалпы білім беру жүйесіндегі өзгерістерді талап етеді. Бұл барлық оқушыларды дискри-минациясыз және кемсітусіз білім алуда тең құқығы мен мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін икемді жүйе болуы керек.


Қазақстан халықаралық құқықтық актілермен қатар БҰҰ-ның "Мүгедектердің құқықтары туралы" (2016 жылы) және "Білім беру саласындағы дискриманцияға қарсы күрес туралы" (2017 жылы) кон-венцияларын ратификациялай отырып, әрбір азаматтың қандай да бір кемсітушіліксіз сапалы білім алу құқығын қамтамасыз етудің саяси еркіндігін көрсетеді.


Конвенцияның негізгі ережелеріне сәйкес Қазақстан барлық деңгейде (мектепке дейінгі, мектеп, ТжКБ ұйымдарында, жоғары оқу орындарын-да) инклюзивті білім беруді қамтамасыз етуге міндеттенеді.Бұл ретте инклюзивті білім беру жеке алынған нәрсе емес екенін түсіну маңызды, инклюзия бүкіл білім беру жүйесінің принципі болып табылады.


Мектеп оқу процесінде қандай да бір себептердің салдарынан оқу ба-рысында қиындықтарға тап болған балалар бар екендігін және олардың нәтижесі ретінде – қанағаттандырылуы қажет ерекше білім беру қажеттіліктер бар екенін қабылдауы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет