1. Жаңғыру және урбанизация


Қазақстан жаһандық әлеуметтік-экономикалық жүйеде



бет18/20
Дата16.09.2023
өлшемі94,15 Kb.
#181222
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
әлеуметтану 2 саб

20. Қазақстан жаһандық әлеуметтік-экономикалық жүйеде.
Қазақстан жаһандық әлемде: ұлттық бәсекеге қабілеттілікті арттыру жолдары
2011 жылғы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауында республикамыздың бәсекеге қабілетті әлемнің 50 елі қатарына қосылу міндеті қойылды. Бұл міндетті қысқаша анықтап шығу үшін бәсекеге қабілеттілік рейтингіндегі Қазақстанның тұғырын, берілген рейтингін есептеу әдіснамасын және бірқатар басқа да мәселелерді қарастыру керек.
«Бәсекеге қабілеттілікті арттыру ең алдымен бәсекеге қабілеттілік дегеннің мәнісін түсініп алу арқылы анықталады. Қазірдің өзінде Президенттің аталған Жолдауын талқылау барысында алға тартылған міндеттің әр түрлі түсінілгенін байқау қиын емес: көбіне әңгіме «ең дамыған», «ең табысты», «ең бәсекеге қабілетті» елдер туралы болып жатады. Біздің ойымызша, Қазақстанды бәсекеге қабілетті елдің бірі ету мақсаты қойылғанын анық түсіну керек. Және де жалпылама емес, белгілі бір әдіснама, дәлірек айтқанда, жыл сайын есептеліп отыратын Бүкіләлемдік экономикалық форум (БЭФ) белгілеген бәсекеге қабілеттіліктің өсу индексі (БҚӨИ) (Growth Competitiveness Index) бойынша бәсекеге қабілетті ету мақсаты көзделіп отыр. Қазіргі кезде 2013 жылдың қорытындысы бойынша БҚӨИ бағалаудың басқа үлгісі жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексімен (ЖБҚИ) алмасты. Бірақ Президент Жолдауы БЭФ елдердің бәсекеге қабілеттілігін БҚӨИ бойынша бағалап отырған 2010 жылдың наурызында жасалған болатын, сондықтан да бұрынғы нұсқада қабылданған бағалау критерийінің индексін де қарастырған жөн».
Сонымен, Қазақстанның Бүкіләлемдік экономикалық форум (БЭФ) анықтаған әлемнің 50 дамыған елінің қатарына қосылу міндетін орындау үшін ең алдымен технологиялық даму және қоғамдық институттар дамуы сияқты мәселелерге ерекше назар аудару керек, өйткені макроэкономикалық ортадағы жағдаят біршама жағымды қалыптасып отыр. Қоғамдық институттар индексі келісімшарттар мен заңнамалық және жемқорлықтың өзара бірдей деңгейдегі индексішілік индексінен құралады. Бұл екі индексішілік индекс те тексеру жүргізу және сауалнамалар арқылы есептеледі.
Келісімшарттар мен заңнамалық индексішілік индекс үшін мынадай сұрақтар енгізеді: елдің сот төрелігі саясаткерлерден, азаматтармен фирмалардан қаншалықты тәуелсіз; қаржылық активтер заңмен қаншалықты қорғалған; мемлекеттік тапсырыстарды реттеуде үкімет объективті ме; ұйымдасқан қылмыстың бизнеске әсері қаншалықты.
«Технологиялар индексі көбіне статистикалық мәліметтерден тұрады, алайда оған ішінара тексеру материалдары да енуі мүмкін. Мәселен, статистикалық мәліметтер мынадай сандық-көрсеткіштерден тұрады:

  • 1 млн. халыққа шаққандағы патенттер (инновациялар индексін есептегенде қолданылады);

  • елдің 1000 тұрғынына шаққандағы ұялы телефондар, елдің 10000 тұрғынына шаққандағы Интернет пен Интернет-хосттардың тұтынушылары, елдің 100 тұрғынына шаққандағы негізгі телефон және компьютер желілері (ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың индексішілік индексін есептегенде қолданылады).

2013 жылы бұрын есептеулер жүргізілген бәсекеге қабілеттіліктің өсу индексінің орнына қазіргі кезде қолданылып отырған жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі (The Global Competitiveness Index) келді (Growth Competitiveness Index).
«Тиімділікті арттырушы» топ жоғары білім беру және оқыту, нарықтық тиімділік және технологиялық дайындық – үш шамадан тұрады. «Инновациялық түрткіжайттар» тобы бизнестің жетілгендігі және инновациялар екі шамасынан құралады. Тоғыз шаманың әрқайсысы бойынша есептеулер жүргізу үшін статистикалық мәліметтер мен сауалнама жауаптарының нәтижелері пайдаланылып, жалпы алғанда 89 көрсеткіш есептеледі».
Бәсекеге қабілеттіліктің өсу индексімен салыстырғанда, Жаһандық бәсеке индексінде (ЖБИ) қолданылатын критерийлер жүйесінің айрықша елеулі жетістіктеріне кешенділік және бәсекеге қабілеттіліктің түрлі жақтарын қамту әрекетін жатқызуға болады.
Ендігі кезекте бұрын қамтылмаған денсаулық сақтау, білім, өндіріс және нарық инфрақұрылымдарының даму деңгейі, кейбір еңбек нарығының мәселелері, менеджмент, бизнес пен технологиялылықтың дамуы сияқты параметрлер бағалануда. Сонымен қатар жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің бірқатар кемшіліктері бар, ол бағалау критерийлері бөлігінде де кездеседі. Біздің пікірімізше, бұл кемшіліктерді төмендегідей топтарға жіктеуге болады:

  • Көрсеткіштер тұжырымдалуымен байланысты жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексіне кіретін кемшіліктер.

  • Бәсекеге қабілеттіліктің кейбір параметрлерін анықтаудағы жеткіліксіз әділдік.

  • Индекстегі бәсекеге қабілеттіліктің түрлі қырларының толық күйде көрінбеуі.

Бәсекеге қабілеттілік – күрделі экономикалық категория, ол төмендегідей бірнеше деңгейлерде қарастырылуы мүмкін:

  • тауардың бәсекеге қабілеттілігі;

  • тауар өндірушінің (немесе фирманың) бәсекеге қабілеттілігі;

  • саланың бәсекеге қабілеттілігі;

  • елдердің бәсекеге қабілеттілігі.

Экономикалық, оның ішінде шетелдік те әдебиетте бәсекеге қабілеттілік осы ұғым жататын объектінің сипатына байланысты әр түрлі мағынада талдап түсіндірілетіндігін атап өткен жөн. Басқару иерархиясының деңгейлері бойынша бәсекеге қабілеттілік серпінінің белгілері мен факторларына өзіндік ерекшеліктер тән: кәсіпорын – сала – аймақ – ұлттық экономика.
Бәсекеге қабілеттіліктің неғұрлым толық ұғымы ашық нарық жағдайында қызметі іске асырылатын кәсіпорын деңгейінде зерттелген және құрылымданған. Бәсекеге қабілеттілік ұғымын макродеңгейде қабылдау қиындық тудырады, себебі ол ұлттық экономика позицияларын және оларды ұлттық экономиканың нығайта білу, яғни экономикалық өсім қарқынын үдету, халықты жұмыспен қамту деңгейін арттыру және азаматтардың нақты табыстарын көбейту қабілетін бейнелейді.
«Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі» ұғымы туралы пікір-таластың көптен бері жүріп жатқандығына қарамастан, оның біртұтас анықтамасы әлі табылған жоқ. Бұны макроэкономикалық бәсекеге қабілеттілік мәселесінің айрықша күрделі, ал оны зерттеу үдерісінің аса көлемді және жан-жақты екендігімен түсіндіруге болады. Біздің елімізде реформаға дейінгі жағдайда негізінен өнімнің сапасы және оны өндірудің тиімділігінің ғана зерттелуі айтарлықтай маңызды фактор болып есептеледі. Шын мәнінде, бәсекелік ортаның әр түрлілігі бәсекеге қабілеттілікті ол көрініс табатын барлық салаларда, әрқандай шаруашылық және салықтық режимдерде зерттеу әдіснамасын (методологиясын) қалыптастыруды талап етеді.
Микроэкономика деңгейінде өнімнің (қызметтің) бәсекеге қабілеттілігі оның сапасы және бағасының ара қатысымен, жеткізу шарттарымен, төлем формаларымен, транспорттау түрлерімен және басқа да факторлармен анықталады. Өндіріс шығындары мен өнім сапасы арасындағы өзара тұрақты байланыстарды, сонымен қатар салыстырылып отырған объектілер қызметінің басқа да параметрлері арасындағы ара қатынасты анықтау олардың бәсекеге қабілеттілігін талдаудың күрделі міндеті болып табылады. Мұндайда зерттеудің параметрлік әдістерін қолдану бәсекеге қабілеттілікті мезодеңгейде (сала деңгейінде) бағалауға жақындата түседі, бұнда еңбек өнімділігі, өндірістің ғылыми және капиталдық сыйымдылығы, өнімнің техникалық деңгейі, импорт алмастыру деңгейі, халықаралық кооперациялық байланыстар және т.б. сияқты көрсеткіштер пайдаланылады.
Халықаралық еңбек бөлінісінің дамуы әлемдік аренада елдердің қандай да бір саланың бәсекеге қабілеттілік дәрежесімен байланысты белгілі бір мамандандырылуына алып келеді. Айталық, «АҚШ-та неғұрлым бәсекеге қабілетті салалар авиация және аэрокосмос, бірегей машина жасау, автомобиль құрастыру және жасау, суперкомпьютерлер өндірісі және программалық қамтамасыз етуді әзірлеу болып саналады.
Жапония өнеркәсібінің негізгі салалары ішінде әлемдік нарықта анағұрлым бәсекеге қабілеттілері – электрондық және электротехникалық, автомобиль өнеркәсіптері, кеме жасау, станок жасау (оның ішінде робот жасау) және т.б.
Азияның жаңа индустриалды елдері (Корей Республикасы, Тайвань, Гонконг, Сингапур, Малайзия, Тайланд) көпшілік тұтынатын тауарларды (киім, аяқ киім, тұрмыстық электроника және т.б.), сол сияқты ғылыми сыйымды бұйымдарды (электрондық компоненттер, дербес компьютерлер, микроЭВМ, перифериялық жабдықтар және т.б.) өндіру бойынша бәсекеге қабілетті салалар құра білді және күн өткен сайын Жапония мен Батыс Еуропа елдерінің сәйкес өнімдерімен сәтті бәсекелесіп жүр.
Өз кезегінде Азияның жаңа индустриалды елдеріне әлемдік нарықта Қытайдың сәйкес, яғни аналогиялық салаларының өнімдері үлкен бәсеке танытуда, Қытай бұл тұрғыда өте күшті бағалық бәсекелік артықшылыққа ие. Елдің халықаралық нарықтағы бәсекелік артықшылығын детерминанттардың әлдебір жиынтығы, яғни автор атап көрсеткендей «ұлттық ромб» анықтайды. Оған келесідей төрт компонент енеді:

  • факторлық шарттар, яғни осы салада жемісті бәсекелесу үшін қажетті нақты факторлар (мысалы, білікті жұмыс күші немесе инфрақұрылым);

  • сұраныс шарттары, яғни осы сала ұсынатын өнімдер немесе қызметтерге ішкі нарықта сұраныс қандай?

  • туыстас және бірін-бірі қолдайтын салалар, яғни халықаралық нарықта бәсекеге қабілетті туыстас немесе қолдаушы салалардың елде барлығы немесе жоқтығы;

  • фирманың стратегиясы, оның құрылымы және бәсекелестері, яғни елде фирмаларды басқаруды құру үдерісін анықтайтын жағдайлар қандай және ішкі нарықтағы бәсекенің сипаты қай түрде?

Ұлттық бәсекеге қабілеттіліктің заманауи анықтамалары негізінен экономикалық және әлеуметтік даму ұйымы қабылдаған оның жалпы анықтамасына сәйкес келеді. Бұл бойынша қабілеттілік халықаралық бәсеке үшін ашық компаниялар, өнеркәсіп салалары мен ел аймақтарының табыс пен жалақының салыстырмалы түрдегі жоғары деңгейін қамтамасыз етуі деп анықталады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет