Жаңғыру, даму режимі. Бұл режимде қоғамның саяси жүйесі үздіксіз кемелденіп отырады, онда жаңғыру тенденциясы басым болады. Ол жеткілікті түрде белсенді жаңғыруларды қабылдайды, уақыттың саяси талаптарына сай жаңаруға талпынады. Саяси практиканың қызмет етуінің бұл режимі компоненттері саяси белсенділікті, саяси қатынастар субъектілерінің белсенділігін қамтамасыз ететін, сондай-ақ қоғамдық өмірдің барлық негізгі тенденцияларының жүзеге асу мүмкіндігі занды тұрғыда болатын жоғары дамыған демократиялық-саяси мәдениет жағдайында ғана мүмкін болады. Мемлекеттік билік құрушы құрылымдары қажетті әлеуметтік-саяси заңдық мүмкіндіктерге, аса жоғары заңдылыққа және саяси тұрақтылық жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған әсер ету құралдары мен әдістері арсеналына ие. Жаңғыру мен даму режимі саяси жүйенің тек жай ғана қайта құрылуын емес, оның жаңғыру мен даму элементтерін ендіре отырып қайта құрылуын білдіреді. Нәтижесінде қоғамның саяси мәдениетінің өсуі, саяси қажеттіліктерге оның бара-барлығы, әрекеттердің тиімділігі көтеріледі.
2. Қоғамдық қозғалыстардың бастаулары мен түрлері. Саяси қозғалыс деп өкімет билігі үшін күрес арқылы қазіргі жағдайды өзгертуге немесе үкіметке ықпал жасай отырып, оны нығайтуға тырысқан қоғамдық күштерді айтады. Саяси қозғалыстың ерекшелігі ол үкімет үшін немесе үкіметті жүзеге асыру тәсіліне ықпал ету үшін күреседі. Саяси қозғалыстардың пайда болуына төмендегідей саяси жағдайлар себеп болады. Жеке адам өз ойын, көзқарасын өкімет орындарына тікелей жеткізе алмайды. Сондықтан өзі сияқтылармен топтасады. Экономикалық және әлеуметтік қайшылықтар себеп болады. Мысалы: Жаңаөзендегі (1989 ж.)әлеуметтік жағдайға наразылықтан онда «Бірлік» деген ұйым құрылды.
Ұлттық мәселелердің шешілмеуі. Мысалы: «Азат», «Желтоқсан».
Саяси қозғалыстар көпшілік партияны құру жолыдағы алғашқы саты болуы мүмкін. Қозғалыстың партияға тән ұйымы,жұмысының біріңғай бағдарламасы,басқаруда айқын принциптері болмайды. Әдетте,оның әділеттілік,бостандық, қарусыздану, бейбітшілік үшін күрес, ұлттық жаңарып өркендеуі, айналадағы ортаны қорғау, т.с.с. жалпыхалықтық, азаматтық талаптарға негізделген басты мақсаты қалыптасады. Бұл ұрандар көпшіліктің көңілінен шығып, бастарын қосады, тіпті өзара айтарлықтай айырмашылықтары бар қоғамдық таптарды да біріктіруі мүмкін. Көбінесе қозғалыстар стихиялы түрде пайда болады.