1. Жаңғыру және урбанизация


Тұлға: оның әлеуметтік рөлі және әлеуметтік мінез-құлқы



бет15/20
Дата16.09.2023
өлшемі94,15 Kb.
#181222
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
әлеуметтану 2 саб

17. Тұлға: оның әлеуметтік рөлі және әлеуметтік мінез-құлқы
Тұлға – белсенді өмірлік ұстаным танытатын, өз таңдауы мен қызметі үшін жауапты адам және әлеуметтік қалыптасуының нәтижесі, қиындықтарды жеңу және өмірлік тәжірибені жинақтау. Бұл – қоғамның әлеуметтік-мәдени өмірі мен қызметіне қатысатын, басқа адамдармен өзара іс-қимыл жасау процесінде өзінің жеке сипаттамаларын ашатын адам. Адам әлеуметтену объектісі болып қана қоймай, субъектісі болған кезде де қоғамның толыққанды мүшесі бола алады. Субъект ретінде адам әлеуметтену процесінде өз белсенділігін жүзеге асырумен, өзін-өзі дамытумен және қоғамда өзін-өзі көрсетуімен етене бірлікте әлеуметтік нормалар мен мәдени құндылықтарды меңгереді. Егер де әлеуметтену процесінде адамның тұлғасы дамитын болса, онда ол адам үшін сәтті әлеуметтену болады. Әлеуметтік мінез-құлықтың типтік үлгісі – бұл ортада қабылданған әдет-ғұрыптарды, ережелер мен нормаларды сақтау арқылы қоршаған әлеуметтік ортаға бейімделу.
Әлеуметтік психология – біздің өмірімізге қатысты жағдаяттардың әсерін зерттеп, бір-бірімізге қалай қарап, ықпал ететінімізге ерекше назар аударатын ғылым. Нақтырақ айтсақ, бұл адамның бірін-бірі туралы не ойлайтындығы, қалай әсер ететіні және қарым-қатынасқа қалай түсетіні жөніндегі ғылым. Сонымен қатар, адамның ойлауын, өзара ықпалын, қарым-қатынастарын бәрімізді қызықтыратын сауалдар қоя отырып зерттейді. Мысалы: Адамның әлеуметтік мінез-құлқы ол басынан кешіретін обьективті жағдаяттарға және оны қалай түсінетініне байланысты ма? Қалай түсінетінімізге көп нәрсе байланысты. Әлеуметтік ұстанымымыз жүзеге асатындай болуы тиіс. Адамдар кез келген мінезді түсіндіруге, оның себебін анықтауға бейім, өйткені сонда ғана ол мінез ретке келгендей, болжауға болатындай және бақылауға алынатындай болып көрінеді. Сіз бен біз бірдей жағдаяттарға әртүрлі тұрғыдан қараймыз, себебі біз әрқилы ойлаймыз. Біз досымыздың тарапынан болған дөрекілікке – сол күнгі көңіл-күйімізге немесе сол кісіге деген ықылас-ниетімізге орай жауап береміз. Біздің барлығымыздың да интуициямыз бар. Біз адамдардың мінез-құлқын әдетте күнделікті қажеттіліктерімізге сәйкес түсіндіреміз. Белгілі бір адам тұрақты да ерекше қылық көрсетсе, біз сол қылықты соған басыбайлы теліп қоямыз. Мысалы, егер біреу жиі мысқылдайтын болса, онда сүйкімсіз адам екен деген қорытынды жасап, одан аулық болуға тырысамыз. Сіздің өзіңіз туралы пікіріңіз де маңызды. Сіз оптимистік көзқарастасыз ба? Сіз қандай жағдайда да өз іс-әрекетіме бақылау жасай аламын деп ойлайсызба? Сіз өзіңізді салыстырмалы түрде қалай бағалайсыз? Сіздің жауаптарыңыз сезімдеріңіз бен іс-әрекеттеріңізге әсер етеді. Біздің әлемді және өзімізді қалай түсінетініміздің маңызы зор. Біздің бір сәттік интуицияларымыз – ішкі үрейімізді, сенімімізді және қарым-қатынасымызды қалыптастырады. Интуициямыз өзімізге қатысты жайларда да жиі қателеседі. Біз интуициялық деңгейде жадымызға шамадан тыс көп сенеміз. Санаға салмақ салмаймыз; эксперименттерде бір нәрселердің ықпалына түсіп жатқанымызды мойындамаймыз. Кейде біз өз болашағымызды дұрыс болжай алмай жатамыз. Сондықтан біздің әлеуметтік интуицияларымыз жіті назар аударуды қажет етеді. Алайда біздің интуицияларымыз бен бейсаналы ақпаратты өңдеу дағдымыз әдетте күшті, ал кейде қауіпті. Қорыта айтқанда, біз – Аристотель айтқандай, әлеуметтік мақұлықтармыз. Біз басқа адамдардан үйренген сөздерді пайдаланып, соларша ойлап, сөйлейміз. Біз басқалармен қарым-қатынас жасауға, олардың жақыны болуға және құрметті болуға талпынамыз. Әлеуметтік тіршілік иесі ретінде біз қоршаған ортамызға сай әрекет етеміз. Кейде әлеуметтік жағдаяттың қуаты біздерді ұстанымымызға қарсы әрекет етуге мәжбүрлейді. Шын мәнінде, ерекше негативті жағдаяттар адамдардың ізгілігінен басым түсіп, қатігездікпен келісу немесе өтірікті қабылдау сезімдерін оятады. Біздің ұстанымымыз бен мінез-құлқымыз сыртқы әлеуметтік ықпалдардың әсерімен қалыптасады. Ішкі күштерге де көп нәрсе байланысты. Біз селқос, замана желі қалай соқса, солай дөңгелей беретін қаңбақ емеспіз. Біздің ішкі көзқарасымыз мінез-құлқымыздың сыртқы көрінісіне әсер етеді.Тұлғаның әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерінің қалыптасуына әлеуметтенудің ықпалы зор, тұлға болып дамыған тіршілік иесін әлеуметтенусіз елестету мүмкін емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет