Қорытынды: Әдістемелік жұмыстағы ең бастысы – мұғалімдерге нақты ғылыми - әдістемелік көмек көрсету. Біздің білім мекемесінде осы оқу жылында алға қойылған міндеттер негізінен сәтті жүзеге асты.
1. Әдістемелік жұмыс үздіксіз жүргізілді, бұл күнделікті жүргізіліп, қалалық пед.оқулар, семинарлар мен курстық дайындықпен байланысты болды.
2. Мұғалімдердің шеберлігі мен біліктілігін арттыру әдістемелік жұмыстың мазмұны мен ерекшелігін оқу –тәрбие барысының нақты нәтижесі мен жүргізілуі, оқушылардың білім сапасындағы өзгерістер дамуы мен тәрбиесін байланыстыруға мүмкіндік берді.
3. Жүргізілген жұмыс сынып жетекшісінің, мұғалімнің жеке қасиеттерін терең танып білуге мүмкіндік берді, олардың қызметіндегі кемшіліктер мен қиыншылықтарды, озық іс –тәжірибе элементтерін анықтады.
4. ӘБ отырысының, әдістемелік кеңес, педагогикалық кеңес тақырыптарындағы негізгі күрделі сұрақтарды педагогикалық ұжым бірлесіп шешуге атсалысты.
5. Оқу жылына мектептің педагогикалық ұжымы қойған міндеттерге орындалған ғылыми – әдістемелік жұмыстар сай келді.
Ұстаздарымыз оқу мен тәрбиенің инновациялық ағымынан тыс қалмайды, олар «Мектепті дамыту бағдарламасымен» тығыз байланысты, әр баланың жеке – тұлғалық дамуына бағытталған оқытудың жаңа технологиялары элементтерін тиімді қолданды.
Ұсыныс: • Оқу – тәрбие барысында оқытудың жеке тұлғаға бағытталған оқыту әдістерін оқыту тәрбиелеу жұмыстарына тікелей ендіру арқылы оқушының жеке қабілетін дамыту жұмысын жалғастыру.
• Ақпараттық – коммуникативті технология, инновациялық оқыту әдістері, жаңа педагогикалық технологияларды педагогтердің күнделікті қызметіне ендіру бойынша жұмысты жандандыру арқылы оқу сапасын арттыруға ықпал ету;
• пәндерге қызығушылығы басым, дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмысты түрлендіру;
• пән мұғалімдерінің оқыту тәрбиелеу үдерісін оқушының бастауыштан орта буынға, орта буыннан жоғары сатыға, сабақтастыра дамытуын қамтамасыз ету;
• жұмыстағы кемшіліктерді жоюдың жаңа тәсілдерін қолдану, білім сапасының өрістеуіне кері әсерін тигізетін жайттарды анықтау мақсатында оқушыларды табысты оқыту мониторингі жүйесін жаңашаландыру;
• педагогтердің теориялық , әдістемелік білім деңгейін ( психологиялық, педагогикалық, әдістемелік кеңес қызметін ) арттыру;
• мұғалімнің кәсіби тұрғыдан, өз білімін жетілдіруі тұрғысынан өсуі үшін қолайлы орта қалыптастыру;
• жас мамандармен жұмыс жүргізетін тәлімгерлер бекіту, жеке ақыл – кеңестер беру, үлгі ашық сабақтар беру арқылы өзара көмек ұйымдастыру;
• мұғалімнің озық педагогикалық тәжірибесін жинақтау, оқып – үйрену жұмысын жандандыру.
2019 жылы қыркүйекте аттестатталанатын мұғалімдерге қажет барлық керекті ақпарат, сонымен қатар «Аттестатталушыларға көмек» жинақтамасының материалдары орналастырылған «Аттестаттау бұрышы» жаңартылды, аттестаттаудың болашақ жоспары және мектептің педагог қызметкерлерінің біліктілігін көтеру жоспары жасалды.
Мектепте біліктілігі аттестаталатын педагогтар және оларға теңестірілген тұлғаларға нұсқау-кеңестер өткізілді және педагогтердің кәсіби және біліктілік деңгейіне қойылатын талаптармен таныстырылды. Білім мекемесінің педагог қызметкерлердің біліктілігін аттестаттау комиссиясының жоспары бекітілді.
Аттестаттау комиссиясы жұмысының негізгі ұстанымдары:
- еріктілік;
- аттестатталушыларға турашылдықты қамтамасыз ететін шыншылдық пен алқалылық.
Аттестаттау комиссиясы 6 отырыс өткізді: ұйымдастырушылық: аттестаттауды ұйымдастыру мен өткізу туралы нормативтік-құқықтық актілермен танысу, аттестаттау комиссиясымен сараптамалық топ мүшелерінің міндеттерін бөлу, сараптамалық топ қорытындысымен таныстыру.
Әдістемелік бірлестіктердің жұмысын талдай келе, мектептің әдістемелік тақырыбы және соның негізіндегі ӘБ-нің тақырыптары мектептің алға қойған негізгі міндеттеріне сәйкес келетінін атап өту керек; мәжілістердің тақырыбы мектеп педагогтерінің алдында тұрған негізгі мәселелерді қарастыра мұқият дайындалды, мұғалімдерге оқытудың жаңа әдістері мен технологияларын меңгерту жұмыстары жүргізілді. Оқушылардың бойында шығармашылық зерттеу қызметі дағдыларын қалыптастыруға, денсаулық сақтаушы білім ортасын сақтауды қолдауға көңіл бөлінді.
Әдістемелік бірлестіктердің жұмысында мұғалімнің кәсіптік қызметіне өзіндік талдау жасауы мен жетілдіруі және оқушылардың өзін-өзі бақылау дағдыларына жеткілікті дәрежеде көңіл бөлу мен өзара сабаққа ену ісінің сапасы жақсартылуы қажет.