Жаңа 2020-2021 оқу жылының міндеттері: ҚР жалпыға міндетті білім стандартына сай білім алушыларға сапалы білім беру
Жаңа оқыту технологияларын меңгеру бойынша мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру;
Оқу-тәрбие үдерісіне инновациялық технологияларды енгізу арқылы көптілді білім беруді жүзеге асыру.
Шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдердің тәжірибесін анықтау, жинақтау және кеңейту.
Жас педагогтарды «Жаңашыл жас ұстаз» байқауына қатыстыру.
«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес білім алушылардың ақпараттық-технологиялық дағдыларын дамытуға қолдау көрсету, «ІТ әлемінде» ғылыми жобаларына білім алушыларды тарту.
«ХХІ ғасыр талабы – заманауи ұстаз» республикалық және қалалық кәсіби біліктілік сайыстарына мұғалімдерді қатыстыру.
Мұғалімдер мен оқушыларға арналған «Жас дарын» республикалық және қалалық ең үздік ғылыми жоба байқауларына білім алушылар мен педагогтерді қатыстыру.
Өзін-өзі тану пәнін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздерін меңгеру.
Мемлекеттік тілді креативті оқыту тәсілдерін меңгеру
ӘБ отырыстарын өткізу формаларын түрлендіру (дөңгелек үстел, шығармашылық есеп, іскерлік ойындар, семинар-пратикумдар);
ӘБ жетекшілеріне мұғалімдердің өзара сабаққа енуін қадағалауды күшейту.
Жаңартылған білім мазмұны бағдарламасын меңгерудің тиімді жолдарын игеру, мектеп тренерлерімен өзара әдіс алмасу, озық іс- тәжірбиелерін тарату, тақырыптық әдістемелік семинарлар өткізу.
Білім алушылардың дамуына, оқуға деген қызығушылығы мен ынтасын жоғарылатуға бағытталған критериалды бағалау жүйесін тиімді қолдану.
Қалыптастырушы бағалауды қолдану, тоқсандық және жылдық жиынтық бағалау тәсілдері бойынша пән мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін арттыру
Ата-аналардың мұғалімнің кері байланысына назар аударып, оқуда нәтижелерге қол жеткізу үшін балаларына қолдау көрсетуінің маңызды екенін ұғындыру, ынтымақтастықты дамыту.
Ата-аналармен сенімді қарым-қатынас орнату, бағалау бойынша кеңес беру, оқыту семинарлары мен тренингтерге қатыстыру.
Интерактивті әдістерді қолданып, сабақты жоспарлау және басқару ісін жетілдіру.