Педагогтің акт-қҰзіреттілігін арттыру сараева Гульмира Ганмирхановна



бет1/3
Дата07.04.2022
өлшемі365,01 Kb.
#138339
  1   2   3
Байланысты:
Баяндама Сараева ГГ (2)


ПЕДАГОГТІҢ АКТ-ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ

Сараева Гульмира Ганмирхановна
Жоғары санатты информатика пәнінің мұғалімі
«Сәулет» мектеп-лицейі
БҚО, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы

«ХХІ ғасыр ақпараттандыру ғасыры» деп атаған болатын. Себебі, ХХІ ғасыр – сандық ақпараттық техникалардың шарықтау шегіне жеткен дәуір.


1997 жылы қабылданған орта оқу жүйесін ақпараттандыру бағдаламасының мақсаты – мектептерді мультимедиялық-компьютерлік сыныптармен қамтамасыз ету, компьютерлік оқу бағдарламаларын жасау, электронды оқулықтар дайындау, білім беруді ақпараттандыру, жүйесі арқылы басқару.
Білім беру ұйымдарында электрондық оқыту жүйесін енгізудің тұжырымдамалық негіздері – педагогтардың ақпараттық-коммуникативтік және технологиялық құзырлылығын қалыптастыру болып табылады.
Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі оның білімінің жан-жақтылығы, ұстаздық шеберлігі, оқытудың жаңа әдістерін, сандық ақпараттық- коммуникативтік технологияларды меңгеруімен өлшенеді. 
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – мұғалімнің технологоялық білім саласында шығармашылық әлеуетін дамытатын құрал деп те атауға болады. Білімді ақпараттандыруға көзқарас бойынша барлық педагогтарды негізгі екі категогрияға бөліп қарастырады: дайын АКТ құралдарын қолданушы - оқытушылар және компьютерлік құралдарды педагогикада қолдануға өңдеуші-оқытушылар. 
Жалпы пән мұғалімінің АКТ кұзыреттілігінің үлгілік базасында төмендегі құзіреттіліктер кіреді:

  • АКТ саласында жалпы түсініктің болуы;

  • Электронды білім беру ресурстары туралы түсінігінің болуы;

  • Операциялық жүйенің интерфейсін меңгеру;

  • Мультимедия саласында жалпы түсініктің болуы;

  • Мультимедия аумағы туралы жалпы хабардар болу;

  • Мультимедия аумағының технологиясы;

  • Мультимедиялық құрал-жабдықтарды қолдану технологиясы;

  • Пән бойынша дидактикалық құралдар мен жұмыс құжаттарын даярлау контекстісінде кеңселік технологияны тұтынушының дағдыларын меңгеру;

  • Растрлық кескін негізінде кескіндік иллюстрациялар дайындау технологиясын меңгеру;

  • Базалық Интернет-сервис және технологияны меңгеру;

  • Web-сайт құру технологиясы негіздерін меңгеру құзіреттілігі.

Педагогтердің АКТ құзіретін арттыру үшін төмендегі жолдарды ұсынамын:

  • электронды оқулықтар оқытудың негізгі қайнар көзіне айналып отыр, егер Сіз жаңа тақырыпты меңгертуде 17-20 минутты пайдалансаңыз, электронды оқулық арқылы 10-15 мин жұмсайсыз.

  • Электронды оқулықтар мен оқу құралдарын дайын күйінде ғана қолданып шектелмей, қажетті электрондық ақпараттық ресурстарды өздігінен өңдеумен жұмыстана алатын педагогтерге түрлі бағдарламалар технологиясын біліктілік арттыру курстарында оқытып, тәжірибеде үйретсе;

  • әрбір мұғалім АКТ құзіреттілігін арттыру үшін күніне 30-50 минут дербес компьютерде өзі технологиялық білімін тәжірибеде қолдану (слайд жасау, мультимедиялық бағдарламаларда жұмыс жасау т.б.);

  • «Оқытуда АКТ кіріктірудің озат тәжірибесі» немесе т.б. тақырыптарда семинарлар, бейне-сабақ (видео-урок) үлгілерінің байқауларын ұйымдастыру педагогтердің АКТ құзіреттілігін арттыруда оң нәтиже көрсетеді деген болжамды ұсынамын. АКТ құзіреттілікті арттыру мақсатындағы байқаулар педагогтердің АКТ қолданудағы бәсекелестігін арттырады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет