«№1 жалпы білім беретін орта мектеп» кмм-нің 2019-2020 оқу жылына арналған жылдық жоспары


-2020 оқу жылының жылдық қорытындысы



бет17/96
Дата07.02.2022
өлшемі396,28 Kb.
#93633
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   96
Байланысты:
годовой план 2019-2020
Биология факульт курсы (1), A ylshyn-tili-1 n s a, A ylshyn-tili-1 n s a, Тәулсіздік жетістіктері сын сагаты 6
2019-2020 оқу жылының жылдық қорытындысы

қ\с

Сынып %

Барлығы %

Үздік %

Екпінді %

Орташа %

Үлгермегені %

Бағаланбаға%

Сапасы %

Үлгерімі %

1




























2




























3




























4































Барлығы

























5




























6




























7




























8




























9































Барлығы

























10




























11































Барлығы




























Барлығы



























«№1 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ-нің 2019-2020 оқу жылындағы 11-сыныптар бойынша қорытынды аттестаттаудың білім және үлгерім сапасы



Пәннің атауы

Жалпы оқушы саны

Емтиханға қатысушылардың саны

«Өте жақсы»
бағасына тапсырғандар саны

«Жақсы»
бағасына тапсырғандар саны

Қанағаттанарлық
бағасына тапсырғандар саны

Қанағаттанарлықсыз
бағасына тапсырғандар саны

Үлгерім сапасы

Білім сапасы

1

Ана тілі (оқыту тілі) эссе

























2

Орыс тілі

























3

Физика

























4

Химия

























5

Биология

























6

География

























7

Алгебра және анализ бастамалары

























8

Қазақстан тарихы

























Президент жарлықтарын орындау үшін, мектепте жалпы орта білімді жүзеге асыру бойынша, Конституция баптарын іске асыру мақсатында оқу жылы ішінде келесі жұмыс орындалды: оқу жылының басында мектепте 3273 оқушы саналды, оның ішінде 1058 оқушы қазақ тілінде және 2215 оқушы орыс тілінде оқытылды. Екі ауысымда оқитын барлығы 93 сынып. Ұлттық құрамы бойынша мектепте 2067 қазақ, 632 орыс, 202 өзбек, 102 кәріс, 82 татар, 33 әзірбайжан, 23 түрік және 132 оқушы басқа ұлт өкілдері оқиды. Оқу жылы бойынша мектепке 94 оқушы келіп, 170 оқушы кетті, барлық келген және кеткен оқушылардың құжаттары бар: талондары, анықтамалар, кету талонынсыз құжаттарымен келген оқушыларға акт жасалады. Оқушылардың келу және кету кітабы, оқушыларды мектепке қабылдау және кету бойынша бұйрықтар кітабы мемлекеттік тілде, мектеп оқушыларының құрамы толық бейнеленген алфавиттік кітаптар жүргізіледі. Жоспар бойынша оқушылардың жеке іс- қағаздары құрамы мен алфавиттік кітаптың сәйкестігі жүргізілді. Бірінші сынып оқушыларына жаңа жеке іс-қағазы арналған, барлық оқушылардың жеке іс-қағазы бар, сынып тізімі мектеп директорының мөрімен, қолымен бекітілген, олар қабылдау туралы бұйрыққа сәйкес келеді, оларда оқушылардың жыл бойындағы қозғалысы туралы бұйрыққа сәйкес келеді, оларда оқушылардың жыл бойындағы қозғалысы бейнеленген. Оқу жылының соңында оқушылардың ҚББ өткізу үшін тізімі жасалды. Әр жартыжылдық сайын мектеп оқушыларының қозғалысы бойынша есеп жасалады.
Балаларды оқытумен қамту бойынша жеке жұмыс жүргізілді: мөлтек ауданда 2015 бала есептелген, мектеп жасындағылары – 1025. Мөлтек ауданды аралау тамызда және каңтарда айларында жүргізілді. Аралау нәтижесінде оқумен қамтылмаған бала анықталмады. Жалпы оқу бойынша тамыз және қаңтар айларында айлықтар өткізілді. Айлық іс-шаралардың жоспары жасалды. Сабаққа келмей жүрген оқушыларды анықтау бойынша мектеп мөлтек ауданында жалпы оқу бойынша комиссия және ата-аналар қоғамы рейд жүргізді.
Үйде оқытылатын 10 оқушы бар. Барлығында қалалық ПМПК жолдамасы бар, әрбір оқушыға жеке сабақ кестесі жасалып түзілген. Барлық балалар келесі сыныпқа көшірілген.
Жоғарыда көрсетілген есептер мектептің тәрбие жүйесінің ықпалына мүмкіндік туғызады. Оның негізінде үлкендер мен балалардың бірігіп жасаған шығармашылық әрекеті түрлі бағытта жасалған.

1 жалпы орта білім беретін орта мектептің 2019-2020 оқу жылының І жарты жылдығында


жүргізілген тәрбие жұмыстарының қорытынды есебі

Тәрбие жұмысының мақсаты:


1. Мектептің тәрбие жұмысының үлгісін баланың жеке бас ерекшілігіне қарай отырып, еліміздегі әлеуметтік, қоғамдық-саяси өзгерістерге бейімдеп құру;
2. Болашақ ұрпақ бойында елжандылық сезім, Отанға, еліне, ата-мекеніне деген сүйіспеншілігін арттыруда қоғамдық – мәдени дәрежедегі эстетикалық тәрбие беру, экологиялық көзқарасын дұрыс қалыптастыру.
2019-2020 оқу жылына тәрбие жұмысының перспективті жоспары жасалынып, тамыз айының соңында бекітілді.
Тәрбие жұмысының негізгі бағыттары:
1. Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие ;
2. Рухани-адамгершілік тәрбие;
3. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты;
4. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие;
5. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие;
6. Ұлттық тәрбие;
7. Отбасы тәрбиесі;
8. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі;
Мектептің тәрбие тақырыбы: «Жас жеткіншектердің бойында адамзаттық пен Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, мемлекеттік рәмізін құрметтеуге, Отанын сүюге тәрбиелеу».
Әдістемелік тәрбие тақырыбы: «Мектеп-білім тірегі, Ұстаз-оның жүрегі».
1-4, 5-7, 8-11 сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігі бойынша жұмыс істейді. 1-4 сыныптарда СЖӘБ жетекшісі- .
5-7 сыныпта СЖӘБ жетекшісі – Э. 8-11 сыныптарда СЖӘБ жетекшісі –
Әдістемелік бірлестіктердің тәрбие тақырыбы:
1-4 сынып СЖӘБ – Жас ерекшеліктеріне қарай оқушыларға экологиялық тәрбие беру.
5-7 сынып СЖӘБ – Оқушыларға әскери-патриоттық тәрбие беру; Жас ерекшеліктеріне қарай оқушыларды салауаттандыра отырып тәрбиелеу;
8-11 сынып СЖӘБ – Жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру. Оқушыларға құқықтық тәрбие беру. Әр тоқсан соңында СЖӘБ жетекшілері сынып жетекшілерінің озық тәжірибе тарату мен кездесетін қиындылықтар диагностикасын жасап, сараптама қорытындысы бойынша СЖӘБ-нің отырысында мектебіміздің сынып жетекшілерінің баяндамалары тыңдалды.
2019-2020 оқу жылында атқарылған жұмыстары жөнінде есеп беріп, тәрбие саласында еңбектерінің нәтижесін көрсете білген сынып жетекшілерді марапаттады. СЖӘБ жұмыстары қанағаттанарлық деп табылды. Қыркүйек айында мектепте 1-11 сынып оқушыларының әлеуметтік картасы жасалды, жыл бойы толықтырылып, өзгертулер еңгізіліп, зерттелу үстінде болды. Тәрбие бағыттары бойынша атқарылған жұмыстар: 1. Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие. 2019-2020 оқу жылындағы 28 тамыздағы №140 бұйрығы түзіліп, «Алғашқы қоңырау» Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік ревалюция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа жолдауы, Елбасы Н.Назарбаевтың «Президенттің 5 әлеуметтік бастамалары» тақырыбында мерекесімен басталып, салтанатты жиын өткізіліп, жиынға ҰОС ардагерлері, құрметті ұстаздар, қонақтар шақырылып, 1-11 сыныптар жаңа оқу жылының алғашқы сабағына кірді. Алғашқы тәрбие сабақтары жоспарланып, ерекше безендірілумен, концерттік бағдарламамен өткізілді. Білім күні мерекесіне орай салтанатты іс-шара 2018 жылы 1 қыркүйекте ұйымдастырылды. Мектептің Білім күніне арналған салтанатты жиыны мектеп ауласында өтті. Жас өнерпаздардың «Ұлттық би» биімен басталған жиынға дабылшылар маршымен ҚР Мемлекеттік Туы енгізіліп, ҚР Мемлекеттік Гимні орындалды. Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқарма басшысының орынбасары Тоғай Жәнібекке құттықтау сөзі берілді.
Оқушылар атынан мектеп мақтанышы, оқу озаты, 11-сынып оқушыларына құттықтау сөз берілді. Ата-аналар атынан ақ батасын ала келген мектептің қамқоршылық кеңесінің төрағасы Бекбердиев Бизақ Арыстанбайұлы алғыс білдіріп, балаларға ізгі тілегін айтты. Жас өнерпаздардың «Мектебім, ұстазым», «Менің Елбасым» әндері және мектеп оқушыларының қатысуымен «7 Континент» би ұжымының орындауында «Ұлттық би» және «Принцессы» билері тамашаланды. 11 сынып үздік оқушылары мен 1- сынып оқушылары алғашқы қоңырау соғу салтанатын өткізді. Барлық сыныптарда білім сабағы азаматтық-патриоттық тәрбие жүйесіне сәйкес еліміздегі маңызды оқиғаларға баса назар аударылды. Атап айтқанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауы, Елбасы Н.Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамалары» атты халыққа үндеуі, Астананың 20 жылдығы. Салтанатты линейкада білім маңызы кеңінен насихатталды.
Мектебімізде «Мәңгілік елдің болашағы-патриот жастардың қолында» тақырыбындағы әскери бағыттағы қалалық семинар өткізілді. Мұндағы мақсат жастарды патриоттық рухта тәрбиелейтін, ел тәуелсіздігін қамтамасыз ететін саяси шыңдалған, шыншыл әрі батыл, қайсар да қайратты және жауапкершілігі жоғары жауынгерлерді даярлау істерін жүргізетін білім беру саласында әскери жетекшілермен өзара озық тәжірибелермен алмасу ретінде қалалық семинар өткізілді.
Тақырыпқа сай мектепте сынып сағаттары өткізілді. 17-22 қыркүйек аралығында Тілдер апталығы жоспарға сай іс-шаралармен өткізілді. 1-6 10.2019ж аралығында Мұғалімдер күніне арналған іс-шаралар жоспары бекітіліп, өткізілді. Жыл бойында ҚР рәміздерін оқып үйрену жұмыс жоспары жасалынып бекітілді. Жоспар бойынша ҚР тәуелсіздігі мерекесіне орай 5-8 оқушылары сынақтан өткізілді. Тақырыптық сынып сағаттары өткізілді. 1-4 кл. оқушылар арасында «Отан болашағы – бала көзімен» атты сурет сайысы өткізілді, 5-10 сыныптарды құттықтау және газеттер шығарылды.
18.10.2019ж рухани келісім күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Діни экстремизм мен күрес жүргізу мақсатында жылдық жоспар жасалынып, бекітілді. Оқушылар арасында сауалнама жүргізіліп, оқушылардың діни бағыттарға деген көзқарасы анықталды. ҚР тәуелсіздік күніне арналған «Сабыр Рақымов» атындағы ұйымның салтанатты жиыны өткізілді. 2 сынып оқушыларын «Балдырған» қатарана, 5- сынып оқушыларын «Жас ұлан» қатарына, 7 сынып оқушыларын «Өркен» қатарына қабылдадық. Қазан айында С.Рақымов атындағы ұйымның салтанатты жиынында мектептегі үздік оқушыларды «Болашақ» балалар ұйымына қабылдау салтанаты өтті. ҚР рәміздерін оқып үйренуге байланысты тақырыптық іс-шара өткізілді.
2019 жылдың 12 қараша күні «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық науқан өткізілді. Мектептің оқушыларының үй-тұрмыс жағдайларын анықтап, әлеуметтік жағдайларын анықтап жұмыстар жүргізілді. Оқушылардың құқықтық мәдениетін, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясымен 1989 жылғы 20 қарашада қабылданған Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясының негізгі ережелері туралы білім деңгейлерін арттыру, балалардың заң талаптарын бұзбай, өзіне жүтелген міндеттерді орындай білуге үйрету мақсатында республикалық онкүндік өткізілді. Мектеп-лицей кітапханасында балаларға қатысты зорлық-зомбылық және қатыгездіктің алдын алу мәселелеріне бойынша кітапхана қызметкерлері Буралхиева Ш. О., Турлыбекова А. Т. «Сүйіспеншілік әрбір жүректе» атты кітап көрмесі ұйымдастырды. Бұл іс-шараның мақсаты оқушылардың жақсы көру, мейірімділік, жақсылық, сүйіспеншілік туралы түсініктерін кеңейту. Әлемдегі бар жақсылық сүйіспеншілік арқылы келетініне көз жеткіздіру. Баланың жан дүниесіне үңіліп, түсіне білуге, сүйіспеншілікті танып, оны құрмет тұтуға баулу. Өзіне, ата-анасына, Отанына деген сүйіспеншілікке байланысты ой-өрістерін дамыту.Балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Адамның бойындағы ұнамды-ұнамсыз қасиеттерді айта отырып, бір-бірімен қарым-қатынастарын жақсарту, оларды адамгершілікке, имандылыққа. шыншылдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу. Мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту, баланың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату, жақсы-жаманды ажырата білуге, адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету.
Қараша айының 19- күні «Бала құқығы-адам құқығы» республикалық онкүндік өткізілді.
"Бала құқығы - адам құқығы” атты онкүндік іс-шара құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ұйымдастырылды. Оған мектеп оқушылары түгел қатысты. Әрбір сыныпта “Бала құқығы – адам құқығы” атауымен тәрбие сағаттары өткізіліп, оқушыларға өздерінің құқықтары жайлы кеңінен мәлімет берілді. Онкүндік барысында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.А.Ибрагимова мен мектеп инспекторы А.Қабданов «Бала құқығы-адам құқығы» тақырыбында оқушыларға түсіндірме жұмысын жүргізді. Кездесу барысында оқушыларды толғандырған сұрақтарға толымды жауап қайтарып, өзара пікір алмасты. Жасөспірімдер инспекторы қойылған сұрақтарға өз атынан «Сенің құқығың — менің құқығым» атты парақшалар таратты.
«Құқық — өмір айнасы» тақырыбында тарих пәнінің мұғалімі Г.Медетова 10-11 сынып оқушылар арасында танымдық сағатын ұйымдастырды. Лекторийдің мақсаты -жеткіншектер мен жасөспірімдерді еліміздің заңдарына және халқына құрмет сезімін тәрбиелеу, құқықтық біліммен қаруландыру, оны насихаттап жүруге үйрету.
10 «Ә» сынып және 8 «К» -сынып оқушылары балалар үйіне барып қайырымдылық акциясын өткізді.
5-11 сынып оқушыларына «Бала. Құқықбұзушылық, «Отбасындағы зорлық-зомбылық», «Балалардың құқықтары», «Ақпараттық қауіпсіздік» атты бейнероликтерін көрсетті.
«Бала құқығы – адам құқығы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты оқушыларға балалар құқығы туралы мағлұмат бере отырып, өз құқықтарын жете білуге, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге үйрету, құқықтық білімдерін толықтыру.
Адамгершілік, адалдық, әділдік пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтық саналылығы мен таным белсенділігін арттыру. Еліміздің заңын құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие беру. Оқушылардың құқықтық білімдерін тереңдету, заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге, сауаттылыққа баулу. Оқушыларды өз құқықтарын қорғай білуге үйрету, оқушылар бойында демократиялық көзқарас қалыптастыру, құқықтық нормативтік актілерді орындай білуге, құрметтей білуге баулу Осы жылдың ағымындағы 8 –қыркүйек күні Шымкент қаласының білім басқармасы 26.09.2018 жылғы №17/7473/2 хатына сәйкес 10-11 сынып оқушыларымен «Кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы», «Кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы күш көрсету әркеттерін жасаған адамдардың картасы» және «Апаттылық картасы» жұмысы бойынша семинар өтті .Семинарда жасөспірмдер арасындағы бопсалау, әлімжеттік, күш көрсетуді, топтасып төбелесуді болдырмау шаралары бойынша аудан прокурорының оқушылармен кездесуі өтті.
Еңбекші аудандық ішкі істер бөлімімінің учаскелік инспекторы, полиция капитаны А.Омаров , мектеп инспекторы Б.Медетов, мектеп директоры М.Т.Жакыпбекова және мектеп-лицей оқытушылары, сынып жетекшілері және 10- 11 сынып оқушылары қатысты. Еңбекші ауданының прокуротурасына семинарға арнайы әңгіме жүргізуге маман жіберуге сұраныс жасағанбыз, бірақ осы сала маманы қатыса алмады. Кездесу барысында заң бұзушылықтың соңы қылмысқа апаратын жол екендігін айтқан Еңбекші аудандық ішкі істер бөлімінің учаскелік инспекторы полиция капитаны А.Омаров ешкімнің де біреудің өміріне нұқсан келтіруге құқы жоқ екендігін түсіндірді. Сол сияқты, әлімжеттік жасайтындарды жасырмау керектігін, топтасып төбелесуді, ақша жинауды, төменгі сынып оқушыларына күш көрсетуді тоқтату керектігі қатаң тапсырды.
Сөз кезегінде полиция капитаны мектеп инспекторы Б.Медетов тәртіп бұзғандармен жүйелі жұмыс жүргізілетініне, қалада қатаң тәртіп қалыптасатынына тоқталып, қылмысқа жақын жүретіндердің шоқ басып, кейін опық жеп, өкінетінін түсіндірді. Топтасып төбелесудің, бопсалаудың соңы жақсылыққа жетелемейтінін айтты.
Құқық қорғау органдарынан келген азаматтар жасөспірімдерге ақыл-кеңестерін айтып, тәртіпке, береке-бірлікте болуға шақырды. Тиянақты білім алу керектігін де ескертті.
«Қылмыссыз жарқын болашақ» тақырыбында онкүндіктің іс-шара жоспары түзіліп, бекітіліп жоспарға сай іс-шаралар өткізілді. «Сенім» күні өткізілген « Анама хат» және «Әкеме хат» тақырыбында 5-8 сыныптар аралығында хат жазылды және де сенім жәшігіне салынды. «Рухани байлық» күні өткізілген «қылмыссыз жарқын болашақ», «Рухани байлық-менің жан дүнием» атты 3 минуттық сахналық көрініс сайыстары өткізілді, 8-10 сынып аралығында оқушылар қатысты. Белсене қатысқан сыныптар аралығында I орынды 9 «А» сынып, II орынды 10 « Б», III орынды 10 «Г», III орынды 9 «Ә» сынып оқушылары иеленді.
Сондай-ақ белсене қатысқан сыныптар мараппаталды. «Өзін-өзі басқару» күні 8 сынып оқушыларымен «Адал ұрпақ» клубы мүшелерінің ұйымдастыруымен «Ата-анаға және ұстазға құрмет» тақырыбында пікір алмасу өтті. «Бос уақытты тиімді пайдалану» күні 9-10 сыныптар аралығында «Цифрлық Қазақстан» тақырыбында КВН сайыстары өткізілді.
I орынды 10 «Ә» сынып, II орынды 9 «Ә» сынып, III орынды 10 «К» сынып оқушылары иемденді.
Оқушылар өздеріне бұл КВН арқылы күшті әсер алды, Қазақстанның Цифрлы қарқынды дамып жатқанын сезінді.
«Тұнғыш Президент күні» мерекесіне байланысты 25-29 қараша күндері аралығында «Менің Тұнғыш Президентім» тақырыбында сыныптарда сынып сағаттары , суреттер байқауы, кітапханада « Ұлт көшбасшысы» атты кітап көрмесі , «Біздің Елбасымыз» тақырыбында слайд бағдарлама ұйымдастырылып өткізілді. Сонымен қатар «Жеңісімді, Президентке арнаймын» тақырыбында оқушылар арасында спорттық сайыс өткізіліп, оқушылар спортқа деген қызығушылығын көрсетті.
Байқауларға қатысқан сыныптарға ,оқушыларға мектеп-лицей әкімшілігі тарапынан орындар беріліп, алғыстар айтылды.
Суреттер байқауы бойынша: І орын – 6а, ІІ орын – 6б, ІІІ орын – 5д сынып оқушылары иеленсе, «Жеңісімді, Президентке арнаймын» тақырыбында оқушылар арасында спорттық сайыста төмендегі орындар берілді. І орын- 10г сынып, ІІ орын – 11а сынып, ІІІ орын –10в сынып оқушыларына берілді.
«Біздің Елбасымыз» мерекелік іс- шарасына қатысқан оқушылар Президентке деген жүрек жарды тілектерін білдірді. «Қазақстан – бақытты ел, Президенті танымды, халқы қарымды, досы көп ел екенін, Біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - елдің тұғыры, елдің тұтқасы, осындай тұлға- екенін мақтан тұтты. Осы тәуелсіз елімізді қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екендігіне сенетінін білдірді. Іс- шараға қатысқан оқушыларға әкімшілік тарапынан алғыстар айтылды.
ҚР Тәуелсіздік мерекесіне дайындығы барысында ҚББ №2/8001 26.11.18 ж бұйрығы, іс-шара жоспарын басшылыққа ала отырып, ҚР Тәуелсіздік күні мерекесіне байланысты 9.12.-14.12.19 ж аралығында декада өткізілді. Декада аясында тарих және география пәндері апталығы болып, Тәуелсіздігіміздің 27 жылдығына байланысты барлық сыныптарда «Менің Қазақстаным» атты сынып сағаттары, 5-6 сыныптар аралығында «Менің Отаным – Қазақстан» атты сурет көрмесі өткізілді.
10 желтоқсан күні тарих пәні мұғалімі Есполаева К.А. «Желтоқсан ызғары» бейнежазбасын көрсетіп, оқушыларға қасиетті тәуелсіздіктің оңай келмегенін, қаншама жастардың ғұмыры қиылғаны туралы мәлімет берді. 10-сыныптың оқушылары арасында «Тәуелсіздіктің тура жолы білімде» атты интелектуалды жарыс болып, логикалық тапсырмалар көп қолдалынды.
11-желтоқсан күні тарих пәні мұғалімі Медетова Г.Х. «Путешествие в историю» интеллектуалды-танымдық ойын өткізіп, оқушыларды Қазахстанның өткен тарихына, мәдениетіне, өміріне саяхат жасап өз білімдерін жетілдірді.
12-желтоқсан күні 9-10-11 сыныптар арасында «Мой Казахстан» атты интеллектуалдық тәрбие сағаты өтіліп, қазақ халқының салт-дәстүрі және ұлттық ойындарымен жақынырақ таныстырып оқушылардың салт-дәстүрге және ұлттық ойынға деген қызығушылығын арттырды.
14-желтоқсан күндері 6-сынып оқушылары арасында «Я ЛИДЕР» атты конкурс, 5-сыныпта «Менің Қазақстаным, менің Отаным, менің тағдырым» атты викторина, 7-сынып оқушыларымен «Что? Где? Когда?» сайысы болып оқушылар ҚР рәміздері, Ежелгі Қазақстан тарихына қатысты сұрақтар қойды, Тәуелсіздікке байланысты өлең-жырлар оқыды, апталыққа белсене қатысқан оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.
Сонымен қатар «Тәуелсіз Қазақстан» атты мерекелік іс-шара болып, оқушыларды еліне деген сүйіспеншілігін, табиғатқа, салт-дәстүрге, мәдениетке деген құрметін, басқа ұлт өкілдерімен достық қарым-қатынаста болуға, сыйласуға, патироттық сезім қалыптастыру, тәрбиелеу мақсатында өткізілді.
«Тәуелсіздік күні» мерекесі аясында мектепте «Жас Ұлан» және «Жас қыран» қатарына қабылдау салтанатты жиыны болып, «Жас Ұлан» қатарына 134 оқушы, «Жас қыран» қатарына 177 оқушы қабылданып, үздік оқуға, ҚР рәміздерін құрметтеуге ант берді. Салтанатты жиынның соңы шағын концертпен аяқталды.
Ұлы Отан соғысы Жеңістің 74 жылдығын мерекелеу мақсатында мамыр айында Ұлы Жеңістің 74-жылдығы мерекесіне байланысты іс- шаралар өткізілді. Барлық сыныптарда «Ерлігің – ел есінде» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. 8-10 сыныптар арасында «Менің Отаным Қазақстан» шығарма байқауында 8Б,8А,9Г,9В,9Ә,10Б оқушылары І-орын, 8Ә,9Д, 9А,10Ә оқушылары ІІ-орын, 8В, 9Б,10А сынып оқушылары ІІІ-орынға ие болды. «Ерлікке тағзым, ұрпаққа ұлағат» сурет байқауына 5-6 сынып оқушылары қатысып, І- орын 6А,6Г, 7Ә,7В, ІІ-орын 6Д,6Б, 7А,7Г. ІІ-орын 6В, 7Б,7Е оқушылары иеленді.
Сонымен қатар қалалық патриоттық «Сұңқар» саптық ән байқауына 6-7 сынып оқушылыры қатысып білім бөлімі тарапынан мадақтау қағазымен марапатталды.
1-4 сынып оқушылары арасында «Менің отаным – Қазақстан» сурет байқауы өтіліп, І-орын 3а,в,4а,б; ІІ-орын 3г,4ә,г,д; ІІІ-орын 3ә,б,г. «Теріскей» мөлтек ауданында тұратын Ұлы отан соғысы ардагерлерінің үйлеріне барып, мектеп оқушылары мерекемен құттықтады. 9- мамыр күні Абай саябағы «Даңқ мемориалында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 74 жылдығына арналған мерекелік іс-шара «Бессмертный полк» салтанатты шеруге ата-аналар суретін алып жүруге қатысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет