«№1 жалпы білім беретін орта мектеп» кмм-нің 2019-2020 оқу жылына арналған жылдық жоспары


Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты



бет18/96
Дата07.02.2022
өлшемі396,28 Kb.
#93633
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   96
Байланысты:
годовой план 2019-2020

2.Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты.
2019 жылғы 1-10 қыркүйек аралығында «Жол қозғалысы ережелерін білу - қауіпсіздіктің негізі» ұранымен онкүндік аясында келесі іс- шаралар атқарылды: «Жол ережесін сақтаймыз – жол көлік оқиғасын болдармаймыз» тақырыбында сынып сағаты. 1-8 сыныптар.
«Жол ережелерін білу қауіпсіздігі» тақырыбында ашық сабақ.10-сынып.
«Жол – көлік жарақаттарының алдыналу» тақырыбында тренинг өткізу. 8-11 сыныптар.
«Жол ережесі» тақырыбында викторина өткізу. 1-4 сыныптар.
«Жол – көлік жарақаттарының алдын алу» атты семинар. 5-7 сыныптар.
2019-2020 оқу жылында облыстық СПИД орталығымен, нарко орталығымен, тері-вен орталығымен жасөспірімдермен жұмыс жүргізетін ОДН мен бірлескен жоспар жасалынды. Мектеп 1-11 сыныптар арасында санитарлық бекеттер, Нарко бекеттер құрылып, жұмыс істеу жоспары жасалынып, бекітілді. Мектепте санбекеттер мен наркобекеттер штабы жұмыс істейді. Жүйелі түре жеке бас тазалығын, сынып бөлмелерінің тазалығын, мектеп ауласының тазалығын тексеру жүргізілді.
2019 жылдың 05 қараша күні №269 бұйрығы бекітіліп. «Бәрі АИТВ/ЖИТС туралы Ұлттық бағдарламасы аясында республикалық айлық жарияланып, жұмыс жоспары бекітілген. 1 желтоқсан – Дүниежүзілік СПИД – пен күрес күні атап өтілді. «ЖҚТБ-әлемдік індеті», «Нашақорлық – ғасыр дерті», «Сақ болайық,ағайын!», «Есірткіге жоқ дейміз!», «СПИД не спит» атты ашық сынып сағаттарын 9а, 9б, 10а, 10б, 6а, 6б, сыныптары өз деңгейінде өткізді. 1-11 сыныптар арасында «Есірткіге жоқ дейміз!» атты митинг ұйымдастырылды. «Салауатты өмір салты» атты дөңгелек үстел өткізілді.
«Абайлаңыз! Тұмау!», «Сары аурудың алдын алу» атты апталықтар өткізілді. Еңбекші аудандық «Біз салауатты өмір салтын таңдаймыз» атты акцияға өз үлесімізді қостық. Мектептің ата-аналар жиналысында жоғарыдағы аталған тақырыптарға рефераттар дайындалып, үгіт- насихат жұмыстары жүргізілді. Облыстық СПИД орталығынан мамандардың ұйымдастыруымен 11 сынып оқушылармен АҚТҚ-ның алдын алу тақырыбында тренингтер өткізді. «Жастар СӨС-н қолдайды» атты қалалық акцияға қатысып жүлделі ІІ- орынға ие болды. 9б сынып оқушыларымен Г.А.Ибрагимова «Нашақорлық – ғасыр дерті» атты сыныптан тыс іс – шара өткізді. Жұқпалы аурулар N1Н1 және доңыз тұмауының алдын алу мақсатында оқушылармен жазба жұмыстары жүргізіліп , ата-аналар құзырына жеткізілді . 14-20 мамыр 7-17 жастағы оқушыларға арналған «Салауатты өмір салтын ұстанамын!» атты «Денсаулық апталығы» ұлттық бағдарламасының іс-шара жоспары бекітіліп, іс-шараға сай жұмыс жүргізілді.
2019 жылы 10 – 20 желтоқсан аралығында «Абайлаңыз –балалар!» атты кең ауқымды жедел-профилактикалық іс-шара оқушылар арасында жол-көлік жарақатының алдын алу мақсатында өткізілді.Балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу мәселесі бойынша ақпараттану деңгейін көтеру мақсатында жасалған жоспарға сәйкес төмендегі іс-шаралар өткізілді.
1) 10-20 желтоқсан аралығында. «Сіздің балаңыз жаяу жүргінші» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті
2) арнайы жасалған ақпараттық- ағартушылық материалы таратылды.
3) 1-7 сынып оқушылар арасында «Жолда жүру Ережесін білетін ең үздік оқушы» дебаты өткізілді.
4) 8-сыныптар арасында «Жүргізуші! Балалардың өмірін сақта!» балалар шығармашылығы байқауы өткізілді.
5) Емхананың холында күнделікті Балалар жарақаттануының алдын алу туралы ақпараттық- ағартушылық материалдардың таратылуымен бейнероликтер көрсетіледі.
6) 1-8 сынып аралығында «Жолдан өтерде сақ бол!» тақырыбында сынып сағаттары өтікізілді.
7) Мектеп инспекторымен бірлесіп «Қымбатты жүргізуші, жолдас!» атты насихаттау акциясын өткіздік (арнайы брошюралар тарату).
Балалар мен жасөспірімдер арасында өрттің алдын-алу туралы білімдерін жетілдіру, балалар ойындары мен өрт сөндіру ойындарын өткізу, балалардың өрт қауіпсіздігі ережелерін оқыту жұмыстың тиімділігін арттыру бойынша оқу сабақтары өтті.
Бір апта ішінде мектеп өрт қауіпсіздігі бойынша алдын-алу жұмыстарының келесі бағыттарына назар аударды:
- өрт қауіпсіздігі ережелерін және балаларды өрттен және денсаулығынан қорғау, өрттен оқыту бойынша шараларды зерделеу;
- оқушылардың шығармашылық бастамаларын жандандыру және қолдау, оларды өрттен қорғау саласындағы шығармашылық қызметке тарту;
- өрттің алдын-алуды күшейту; - өрт қауіпсіздігі саласындағы кәмелетке толмаған құқық бұзушылықтардың алдын-алу;
- от пен өрттің қауіпті заттарын ұқыпты ұстау дағдыларын дамыту, өрт сөндіру құралдарын пайдалану мүмкіндігі;
Апталықтың жоспары жасалды, оған сәйкес іс-шаралар өткізілді.
1-4 сыныптарда өрт қауіпсіздігі туралы әңгіме болды. Өрт кезінде, жанғыш заттар туралы, өрттің қауіптілігі, қалай әрекет ету туралы презентацияны көрді. Сабақтың соңында оқушылар қорытынды жасады.3 сыныпта сынып сағаты өтті «Сіріңке – балаларға ойыншық емес!», балалар жұмбақтар шешті, презентация көрді. Сыныптарда қауіпсіздік бұрышы жаңартылды, онда балалар өздері үшін маңызды ақпаратты біле алады, өрт қауіпсіздігі ережелерін есте сақтайды, сондай-ақ бірыңғай қоңырау шалу нөмірін - 101 есте сақтайды!
5-9 сынып оқушылары өрт сөндіру құрылғылары туралы бейнероликті қарап, өрт сөндірушіні пайдалану ережелері бойынша тәжірибелік сабақ өткізді. Көшеде өрт болған жағдайда барлық оқушылар мен мұғалімдер мектептен тәрбиелік эвакуацияға қатысты. Бұл іс-шараның мақсаты - балаларға тез және дұрыс эвакуациялауды, роликтік қоңырауды өткізуді, әрі қарай әрекет етуге дайын болу. Өрт жағдайында өрт қауіпсіздігі ережелері мен эвакуациялау ережелері бойынша мақсатты брифингтер өткізілді. «Өрт сигнал» белгісіндегі мектеп ғимаратынан оқуды эвакуациялау. Апталықтың қорытындысы бойынша мақсатқа қол жеткізілгендігі туралы қорытынды жасалды.
Жылыту мауысымында улы газдан уланудың алдын алу мақсатында кеңінен профилактикалық және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, балалардың отпен ойнауының алдын алу мақсатында 2018 жылдың 29-қарашасында мектеп оқушыларына үгіт насихат жұмыстары мен тақырыптық бейне материалдар көрсету жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар оқушылар арасында викторина өткізіліп, жоғарыда аталған тақырыптар бойынша диктант және шығарма жазылды.
Білім басқармасының 16.05.2019 жылғы хатына сәйкес №10-12-11/4094/7 Шымкент қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының 2019 жылғы 29-сәуірдегі 06.02 №109 хатын негізге ала отырып 14-20 мамыр 7-17 жастағы оқушыларға арналған «Салауатты өмір салтын ұстанамын!» атты «Денсаулық апталығы» ұлттық бағдарламасынының іс-шара жоспары бекітіліп, іс-шараға сай жұмыс жүргізілді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет