«№1 жалпы білім беретін орта мектеп» кмм-нің 2019-2020 оқу жылына арналған жылдық жоспары


«Жас маманның қалыптасу мектебінің» жұмысын ұйымдастыру



бет9/96
Дата07.02.2022
өлшемі396,28 Kb.
#93633
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   96
Байланысты:
годовой план 2019-2020
Биология факульт курсы (1), A ylshyn-tili-1 n s a, A ylshyn-tili-1 n s a, Тәулсіздік жетістіктері сын сагаты 6
«Жас маманның қалыптасу мектебінің» жұмысын ұйымдастыру.
Мақсаты: ұжымға жаңа келген жас мамандардың педагогикалық қызметтегі практикалық дағдыны үйренуі, өзін-өзі дамытуы үшін жағдай жасау. Жас мамандардың мектепке үйренуі мен кәсіби тұрғыдан қалыптасуына жағдай жасау. Мектептің педагогикалық ұжымы құрамына еңбек жолын жаңадан бастаған мамандар кіреді. Олардың жұмысына тәжірибелі мұғалімдер, мектеп әкімшілігі тарапынан көп көңіл бөлінді. Жас мамандарға тәлімгерлер бекітілді. Мектептің әдістемлік жұмысы шеңберінде жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Жас маманның қалыптасу мектебінің» қызметі ұйымдастырылды.
Күнделікті сабақты жоспарлау, тәрбие жұмысы жоспарын түзу, мектеп құжаттарымен жұмыс жүргізу бойынша нақты нұсқаулар берілді; сабақ тақырыптары бойынша әдістемелік нұсқаулықтар ұсынылды. Жас мамандар жаңа бағдарлама, жаңа буын оқулықтармен танысуға үлкен қызығушылық білдіреді, тәлімгер – мұғалімдермен тығыз қарым – қатынаста жұмыс жүргізеді, педагогикалық тәжірибелерін арттыру мақсатында сабақтарға, сыныптан тыс іс- шараларға қатысты. Осылайша, жас мамандар мектебінің жұмысы олардың оқу – тәрбие барысына белсенді араласуына ықпал етеді, жаңа педагогикалық технологияны меңгеруге көмектеседі, өз білімін жетілдіруге, өзінің кәсіби қызметінің нәтижесін бағалау мен жоспарлауға үйретеді.
Жас мамандар жаңа педагогикалық әдіс – тәсілдерді үйренуге, сабаққа жеке шығармашылық тәсілдерді қолдануға жеткілікті көңіл бөлуді, озық іс-тәжірибелі мамандардың сабақтары мен сыныптан тыс шараларына жиі қатысуға және төмендегідей іс-әрекеттерді орындауға нұсқаулар берілді:
• жеке – тұлғалық технология әдістерін қолдана отырып оқушының оқу – танымдық қызметіне қолдау көрсету;
• оқу қызметін ұйымдастыруда түрлі әдіс – тәсілдерді қолдану;
• білім стандартының жаңа мазмұнын меңгеру;
• пәндердің өтілу сапасын бағалау мен бақылауды ұйымдастыру қызметін жаңашаландыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет