Мақсаты: педагогикалық ұжымның кәсіби деңгейін арттыруда өткізілген іс – шаралардың рөлін анықтау.
Педагогикалық ұжымның кәсіби деңгейін арттыру. Мектептің алға қойған мақсаты мұғалімдердің кәсіби құзіреттілік деңгейін, оқыту ісін жаңашаландыру, оқушылардың тұлғалық дамуын жүзеге асырудың шарты ретінде арттыру болып табылады. Сабақтарда педагогикалық нормативті құжаттарды оқып білуге, кешкі мектептің оқу – тәрбие барысының ерекшелігі мен әдіс-тәсілдерін, мұғалімдердің өз білімін жетілдіруі, оқушылармен дифференциалды жұмысты, оқушылар құрамының ерекшелігі, педагогикалық қызметті бағалау мен өз-өзіне баға беруге көп көңіл бөлінді.
Алдағы оқу жылында озық педагогикалық іс-тәжірибенің түрлі формасын іздеу, жинақтау, ендіру бойынша жұмысты жалғастыру қажет. Мұғалімдер білімді бағалау критерийлерімен, сынып жетекшісі мен педагогтердің құжаттарды рәсімдеу талаптарымен танысты. Мектептің барлық педагогтарына жинақталған іс-тәжірибені үйрену мен танысуға жағдай жасалды.
Оқу жылында мына тақырыптарда сабақтар өтілді: «Жиынтық бағалау жүргізу, ТЖБ өткізу тәртібі», «Сын тұрғысынан ойлау – функционалдық сауаттылықты дамыту тәсілі», «Сабақта деңгейлеп оқыту технологиясын қолдану» және т.б. Ағымдағы жылы 1 педагог мектеп көлемінде (биология пәнінің мұғалімі, шебер-педагог Т.Л. Яврова) өз іс-тәжірибесін ұсынды. Мектептің жұмысындағы маңызды кезең білім берудің жаңа технологиясы мен оның элементтерін оқып-үйрену мен тәжірибеге енгізу болып табылады.