Оқу барысын әдістемелік бағдарламалық тұрғыдан қамтамасыз ету. Жыл бойында оқу барысын әдістемелік-бағдарламалық жағынан жаңашаландыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілді. Барлық пәндерден оқу жоспарының практикалық бөлігін орындауға басты назар аударылды.
Мектептің бірыңғай ақпараттық кеңістігін қалыптастыру. Ағымдағы жылы мектептің бірыңғай ақпараттық кеңістігін қалыптастыру бойынша қашықтықтан оқыту технологиясын меңгеру, педагогтарды ақпараттық тұрғыдан қолдау және оқу-ағарту мақсатында жұмыстар жүргізілді. Педагогтер мен оқушылар компьютерді меңгеру мүмкіндігін беретін инновациялық жобаларға қатысты. Мектептің бірыңғай ақпараттық кеңістігін қалыптастыруды жалғастыру, интернет ресурстарын белсенді қолдану, білім сайттарына үнемі ену арқылы мұғалімдер кәсіби шеберлігін дамыту, білім алушылардың ғылым пәндеріне деген қызығушылығын арттыру.
Мақсаты: Әдістемелік қызмет алға қойған мақсаттарды игеру жолындағы ғылыми-әдістемелік қызметінің нәтижелігін анықтау.