«№1 жалпы білім беретін орта мектеп» кмм-нің 2019-2020 оқу жылына арналған жылдық жоспары


«№1 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ-нің 2019-2020 оқу жылындағы мектеп кітапханасы жұмысының есебі



бет31/96
Дата07.02.2022
өлшемі396,28 Kb.
#93633
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   96
Байланысты:
годовой план 2019-2020

«№1 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ-нің 2019-2020 оқу жылындағы мектеп кітапханасы жұмысының есебі
Қазіргі таңда жан-жақты білім мен тәрбие берер мәдени орындардың бірі – мектеп кітапханасы. Егемен еліміздің ертеңі болар жас ұрпақтың білімін кеңейтіп, біліктілігін арттыруда мектеп кітапханасының да рухани қазына екені рас. Ол - мектептің жүрегі, ажырамас бір бөлігі іспетті. Мынау келген жаңа заман – компьютер заманы болғанымен, рухани азық іздеген, көзі ашық, көкірегі ояу әр баланың бір қасиетті қара шаңырағы - кітапхана. Кітап - біздің рухани құндылығымыз, теңдесі жоқ байлығымыз. Өткен замандардың тереңінен сыр шертетін тарихы да, әдебиеті де осы кітап арқылы жетіп отырады.
Балаларды оқуға тартуға мәселелер кітап қорының мәселелерімен үздіксіз байланысты. Соңғы 10 жылдың ішінде мектеп кітапханаларының негізгі қоры жаңартылмады деуге болады. Кітап қоры ескіргендіктен, оқушылар мен мұғалімдердің ақпараттық сұраныстарын толығымен қанағаттандыра алмайды. Соңғы 3 жылда оң өзгерістер бар. Басылымға соңғы 10 жылда 27% (норма 30-40%) келеді. Өткен жылы 15,3% болды. Қордың жаңару пайызы 2017-2020ж 4%-ды құрады.
Қазақ тіліндегі басылым – 24%. Қазақ тілінде оқитын оқушылар пайызы – 31%. Мемлекеттік тілдегі қорды қалыптастыруды жалғастыру көзделуде.
Жалпы қор: 69948 дана; Оқулықтар – 62757 дана; Көркем әдебиеттер – 5751 дана.
Қор ескірген, шығынға кеткен әдебиеттер есебінен азаюда. Жаңа түсім кеткен шығынның орнын толтыра алмайды. Кітапхана активтерімен әр тоқсан сайын сыныптарға рейд жүргізіледі. Кітаптарды тарату, қабылдау кездерінде көмектеседі, кітаптардың тазалығын тексереді. Әр тоқсан сайын оқулықтардың таза ұсталуын қадағалау үшін тексерулер болып тұрады, «Жанұямызбен кітап оқиық», «Кітапты күтіп ұстай біл » тақырыбында бастауыш сынып оқушылармен әңгіме өткізілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет