1. Жалпы ережелер



бет23/71
Дата24.04.2017
өлшемі12,36 Mb.
#14794
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   71

Жұмыс сипаттамасы. Техникалық шарттармен көзделген барлық сынақтарды орындап, кеме дизельдері мен күрделі машиналардың күрделі блоктарын, агрегаттары мен бұйымдарын, жинақтаушы бұйымдар мен конструкцияларды толықтай құрастырғаннан кейін бақылау және қабылдау. Өте сирек кездесетін металл кесетін жабдықтардың технологиялық және геометриялық дәлдігін тексеру. Арнайы құралдарды, гидростатикалық және оптикалық деңгейдегі теодолитті қолдана отырып, бірнеше рет түйісетін жазықтықтары мен осьтері бар бөлшектер мен тораптарды бақылау. Оптикалық-механикалық және гидравликалық жүйелерді қолданумен жұмыс істейтін күрделі бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматтарын тексеру және баптау. Бақылау және сынау кезінде туындаған ақауларды зерттеуге, оларды жою бойынша іс-шаралар әзірлеуге қатысу. Қабылданған өнімге паспорттар немесе формулярлар жасау, қабылдау актілерін және сынау хаттамаларын рәсімдеу.

Білуге тиіс: қолданылатын аспаптарға, агрегаттарға, аппаратураға, қозғалтқыштарға, группаларға және ұшақтардың, тікұшақтардың, ракеталардың жүйелеріне, өте сирек кездесетін металл кесетін жабдықта, тораптарға қойылатын техникалық талаптарды, оларды бақылау және сынау әдістерін, құрастыру және сынау кезінде анықталатын қаулардың негізгі түрлерін және оларды анықтау әрі жою тәсілдерін, қолданылатын арнайы аспаптардың конструкциясын және оларды баптау, реттеу және тексеру ережесін.

Орта кәсіптік білімді талап етеді.

Жұмыс үлгілері.

1) Автоматтар және токарлық-револьверлік, көп шпиндельді, көшіргіш, қырнағыш және тіссүргілегіш станоктар-бақылау, сынау, қабылдау;

2) Командалы-отынды агрегаттар- құрастыруды бақылау және сынау;

3) Амортизаторлар және шасси аспалары-құрастыруды бақылау және сынау;

4) Арнайы жабдықтың есептегіш блоктары - құрастыруды бақылау және сынау;

5) Ұшақтардың, тікұшақтардың, ракеталардың топтары, жүйелері-құрастыруды бақылау ж»не стендтік сынау;

6) Барлық жүйедегі авиациялық қозғалтқыштар-құрастыруды бақылау және сынауға қатысу;

7) Редуктор корпусы – қырнаудан кейін бақылау;

8) Көлбеу соғатын машиналар – құрастыруды бақылау, сынау;

9) Ұшақтық арнайы жабдықтары – құрастыруды бақылау және сынау;

10) Авиациялық аспаптар (автопилоттар және күрделі навигациялы аспаптар) – құрастыруды бақылау және сынау;

11) Гельмпортты құбыр – қырнаудан кейін бақылау;

12) Дейдвуд құбырлары – қырнаудан кейін бақылау;

13) Турбиналар – құрастыруды, орталықтауды және стендтегі (бос жерде және жүктемеде) кешенді сынақтарды бақылау.

14) Шапқыш штампылар - бақылау, тапсыру.

15) Әр түрлі жазықтықта бірнеше күрделі қисық лекалолы эксцентриктер, көшіргіштер – қабылдау, геометриялық дәлдікке тексеру.

437. Станок және слесарлық жұмыстарды бақылаушы 7-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Икемді өндірістік жүйелерде өте сирек кездесетін және эксперименталды жабдықтардың диагностикасын, профилактикасын және жөнделуін бақылау. Дәл және күрделі сирек кездесетін пресс-қалыптарды, штампыларды, құрылғыларды, аспаптарды құрастыруды, жетілдіруді және өңдеуді бақылау. Сирек кездесетін эксперименталды және көпмақсатты металл кесетін станоктарда әр түрлі күрделі жоғары дәлдікті және бағалы технологиялық жабдықтарды өңдеуді бақылау.

Білуге тиіс: жөнделетін күрделі өте сирек кездесетін және эксперименталды жабдықтардың конструкциясын, кинематикалық және гидравликалық тәсімін, диагностикалау, жөндеу және қызмет көрсетуге арналған бақылау-өлшеу аспаптары мен стендтер, күрделі, сирек кездесетін және эксперименталды жабдықтарды жөндеудің, сынаудың және тапсырудың технологиялық процестерін, күрделі станоктардың конструкциясын, міндетін және баптау және дәлдікке тексеру тәсілдерін, өте сирек кездесетін бақылау-өлшеу аспаптарының, құралдар мен құрылғылардың міндетін және қолдану ережесін.

Орта кәсіптік білімді талап етеді.

Ысқылау дөңгелектерін айналдырушы


438. Ысқылау дөңгелектерін айналдырушы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Абразивтік материалдарды цилиндрлік қалыпты ажарлау дөңгелектеріне, белдіктерге, дискілерге және барабандарға айналдыру және жапсыру. Ажарлау дөңгелектерінен, дискілерден, барабандардан жарамсыз қабаттарды түсіру. Абразивтік материалдарды елеу. Формалин, желім, пасталар ерітінділерін дайындау. Ажарлау дөңгелектері мен белдіктерді сіңдіру, кептіру, тазалау және кесу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылғысын, оның маңызды бөліктерінің атауы мен міндетін, едәуір кең таралған құрылғылар мен бақылау-өлшеу құралдарының міндетін және қолдану шарттарын, абразивтік материалдардың, пасталардың, желімдердің міндетін және іріктеу ережесін, желім ерітінділерінің, формалиндер мен пасталардың атауын, кептіру режимін.

439. Ысқылау дөңгелектерін айналдырушы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Абразивтік материалдарды цилиндрлік емес басқа қалыпты ажарлау дөңгелектеріне, белдіктерге, дискілерге және барабандарға айналдыру және жапсыру. Шаблондарды қолданумен ажарлау дөңгелектерін, дискілерді және барабандарды берілген пішін бойынша өңдеу. Абразивтік материалдарды іріктеу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың, құрылғылар мен бақылау-өлшеу құралдарының құрылғысын, түрлі байламды әр түрлі түйіршікті абразивтік материалдардың қасиетін, абразивтік материалдарды, желім ерітінділері мен пасталарды іріктеу ережесін, абразивтерді бекітудің тәсілдерін, желімдерді, пасталарды, ерітінділерді дайындайтын рецепті.

Автоматтық желілер мен агрегаттық станоктарды баптаушы
440. Автоматтық желілер мен агрегаттық станоктарды баптаушы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Күрделі бөлшектерді өңдеу үшін қозғалмайтын әрі айналмалы көлденең және тік үстелдері бар біржақты, екіжақты, бір позициялы, көп позициялы, бір немесе екі суппортты агрегаттық станоктарды, бір суппортты көп шпиндельді агрегаттық станоктарды және екі-төртжақты станоктарды (күрделілігі орташа бөлшектерді өңдеу үшін бұрғылау, бұранда кескіш, фрезерлі), фрезерлі-қырнағыш, бұрғылау-қырнағыш және басқа да ұқсас станоктарды баптау. Бұрғылардың жырашықтарын фрезерлеуге арналған арнайы станок-автоматтарды, бұрғылар мен үңгіштерді қайрауға арналған автоматтарды, ішкі және сыртқы керу үшін ұзын көлденең, тік және басқа да ұқсас станоктарды баптау. Бір типтік электр импульстік, электр ұшқынды және ультрадыбысты станоктарды және қондырғыларды, генераторларды, электр химиялық станоктарды станоктың технологиялық немесе конструкциялық картасы және паспорты бойынша баптау. Қызмет көрсетілетін станоктарды баптаумен байланысты есептеулерді орындау. Станоктарды жөндеуге қатысу. Технологиялық жүйелілікті және өңдеу режимін белгілеу. Арнайы құрылғыларды бірнеше жазықтықта айналдырып орнату. Станоктарды, бақылау автоматтарын және көлік құрылғыларын өңдеудің бір түрімен қарапайым бөлшектерді толық өңдеу цикліне баптау. Сыналатын бөлшектерді өңдеу және оларды ТББ тапсыру. Жұмыс процесінде автоматтық желілердің негізгі механизмдерін баптау; автоматтық желілердің жабдықтары мен механизмдерін ағымдағы жөндеуге қатысу; бағдарламалық басқарылатын өнеркәсіптік манипуляторларының (роботтарының) қарпығыштарына баптау.

Білуге тиіс: агрегаттық және арнайы станоктардың құрылғысын, дәлдікке тексеру ережесін, автоматтық желілер механизмдерінің өзара әрекетін, автоматтық желілер станоктарында бөлшектерді бір түрімен өңдеудің технологиялық процессін, бір типтік өнеркәсіптік манипуляторлардың құрылғысын, манипуляторларды жұмыс істеу қабілеттілігіне және позициялау дәлдігіне тексеру ережесін, күрделі бөлшектерді орнату, бекіту және салыстыру тәсілдерін, әмбебап және арнайы құрылғыладың, бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптардың құрылғысын және қолдану ережесін, орындалатын жұмыс шегінде металдар технологиясының негіздерін, металдың механикалық қасиетін, аспапты болаттан жасалған қалыпты кесетін құралдың және қатты қорытпалардан немесе керамикадан жасалған пластиналары бар құралдың геометриясын, термоөңдеу, қайрау, жетілдіру және орнату ережесін, кесу режимдерін іріктеу ережесін, қолданылатын металдар мен жартылай дайын өнімнің түржиындарын, шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін, дәрдік дәрежесін, кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін.

441. Автоматтық желілер мен агрегаттық станоктарды баптаушы 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ірі күрделі бөлшектерді өңдеу үшін дөңгелек айналдыратын үстелі немесе үлкен емес күрделі бөлшектерді өңдеу үшін сақиналы үстелі бар, әрбір суппорт үшін еркінше немесе байланыстылық тапсыру циклі бар екіжақты, көп суппортты, көп шпиндельді агрегаттық станоктарды баптау. Механикалық, электрлік бөлігінде ақауларды жоя отырып, электр импульсті, электр ұшқынды және ультрадыбысты станоктарды, әр түрлі типті және қуатты қондырғыларды, әр түрлі типті және қуатты электр химиялық станоктарды баптау. Станоктарды, бақылау автоматтарын және көлік құралдарын өңдеудің әр түрлі сипатымен (бұрғылау, фрезерлеу, қайрау және тағы басқа) қарапайым бөлшектерді (төлкелер, поршеньдер, роликтер, гильзалар) толық өңдеу цикліне баптау. Бағдарламалық басқарылатын өнеркәсіптік манипуляторлардың (роботтардың) жекелеген тораптарын баптау. Сыналатын бөлшектерді өңдеу және оларды техникалық бақылау бөліміне (бұдан әрі -ТББ) тапсыру. Автоматтық желілердің жұмысын бақылау.жұмыс процесінде автоматтық желілердің негізгі механизмдерін баптау.

Білуге тиіс: біржақты және екіжақты, көп суппортты, көп шпиндельді және басқа күрделі агрегаттық әрі арнайы станоктардың кинематикалық тәсімін және өңдеу дәлдігіне тексеру ережесін, автоматтық желілер механизмдерінің өзара әрекетін, әмбебап және арнайы құрылғылардың, жабдықтардың конструктивтік ерекшеліктерін, бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарын теңшеу және реттеу ережесін, тістегершіктерді, эксцентриктерді, көшіргіштер мен жұдырықшаларды есептеу ережесін, қалыпты және арнайы кескіш құралдың геометриясын, термоөңдеу, қайрау және жетілдіру ережесін, әр түрлі өнеркәсіптік манипуляторлардың құрылғысын.

Орта кәсіптік білімді талап етеді.

442. Автоматтық желілер мен агрегаттық станоктарды баптаушы 6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Күрделі және ірі бөлшектерді өңдеу үшін әрбір суппорт үшін еркінше немесе байланыстылық тапсыру циклі бар көпжақты, көп позициялы, көп суппортты, көп шпиндельді агрегаттық станоктарды баптау. Вакуумды сорғылар мен сорып шығару сорғыларын баптау. Қызмет көрсетілетін станоктарды баптаумен байланысты күрделі есептеулерді орындау. Станоктарды, бақылау автоматтары мен көлік құрылғыларын көп өткелдермен және операциялармен күрделі және ірі габаритті бөлшектерді (қозғалтқыш цилиндрлерінің блоктары, корпустары, картерлер, берілсітер қораптары) толық өңдеу (бұрғылау, фрезерлеу, қайрау және тағы басқа) цикліне баптау. Автоматтық желінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету. Жұмыс процесінде автоматтық желілер жабдықтары мен механизмдерін баптау және реттеу. Бағдарламалық басқарылатын өнеркәсіптік манипуляторды баптау және реттеу.

Білуге тиіс: көпжақты, көп позициялы, көп суппортты, көп шпиндельді агрегаттық станоктардың және автоматтық желілер механизмдерінің конструкциясын, агрегаттық станоктарды өңдеу дәлдігіне тексеру ережесін, станоктардың жұмысында ақаулықты анықтау және жою тәсілдерін, күрделі бөлшектерді және соған қажетті әмбебап әрі арнайы құрылғыларды орнату, бекіту және бұрып шығару тәсілдерін, кесу режимін анықтамалық және паспорт бойынша айқындау ережесін, орындалатын жұмыс шегінде металдарды кесудің негізгі теориясын.

Орта кәсіптік білімді талап етеді.

443. Автоматтық желілер мен агрегаттық станоктарды баптаушы 7-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Электр механикалық, гидравликалық және басқа да жетектерді, басқаратын және өлшейтін жүйелерді реттеумен күрделі және ірі бөлшектерді өңдеу үшін көпжақты, көп позициялы, көп суппортты, көп шпиндельді агрегаттық станоктардан тұратын автоматтық желілерді бос әрі жұмыс режимінде және дымқыл әрі құрғақ қалыптау әдісімен құймаларды алу үшін автоматтық желілерді баптау және реттеу. Барлық жүйелердің және тораптардың ақаулығына диагностика және профилактика жүргізу және оларды жөндеу бойынша жұмыстарды орындау.

Білуге тиіс: бөлшектер мен құрастыру бірліктерін өңдеуге арналған әр түрлі автоматтық желілердің құрылғысын, бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылғысын, жабдықтардың барлық жүйелерінің диагностикасы және жөндеу бойынша жұмыстарды орындау тәсілдерін.

Орта кәсіптік білімді талап етеді.

444. Автоматтық желілер мен агрегаттық станоктарды баптаушы 8-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бөлшектер мен құрама бірліктерді өңдеуге арналған көпжақты, көп позициялы, көп суппортты, көп шпиндельді агрегаттық станоктардан тұратын икемді өндірістік байламдары бар автоматты желілерді және күрделі тораптарды, агрегаттарды және жүйелерді жөндей отырып, олардың жартылай автоматты және автоматты құйма машиналары мен агрегаттарын бос тұрғанда және жұмыс режимінде кешенді баптау және реттеу.

Білуге тиіс: жоғары дәлдікті, өте сирек кездесетін бөлшектерді және құймаларды өңдеу үшін әр түрлі автоматтық желілердің, арнайы құрылғылардың және басқа да жабдықтардың конструкциясын, тораптарды, механизмдерді жөндеу және құрастыру, барлық жүйедегі жабдықтардың құрылғысын.

Орта кәсіптік білімді талап етеді.

Автоматтар мен жартылай автоматтарды баптаушы


445. Автоматтар мен жартылай автоматтарды баптаушы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. 8-10 квалитет бойынша аралықпен күрделілігі әр түрлі кезеңмен қайталанатын бөлшектерді өңдеу үшін кесетін, гайка кескіш, болт кескіш станоктарды, автоматтарды немесе жартылай автоматтарды, токарлық бір шпиндельді және көп шпиндельді автоматтарды әрі көлбеу көп кескіш жартылай автоматтарды, токарлық-револьверлік станоктарды баптау. Өңдеу және кесу режимінің технологиялық жүйелілігін белгілеу, кесетін және өлшейтін құралдар мен құрылғыларды технологиялық және нұсқалық карта бойынша іріктеу. Станоктарды баптаумен байланысты қажетті есептеулерді орындау. Аспаптар мен құралдарды орнату. Жұмыс процесінде қызмет көрсетілетін станоктарды баптау және реттеу. Сыналатын бөлшектерді баптаудан кейін өңдеу және оларды техникалық бақылау бөліміне тапсыру. Қызмет көрсетілетін жабдықта жұмыс істейтін жұмысшыларға нұсқама жүргізу. Станоктарды жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін бір типтік станоктардың құрылғысын және оларды дәлдікке тексеру ережесін, әмбебап әрі арнайы құрылғылардың, бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылғысын және қолдану ережесін, тістегершіктерді іріктеудің қарапайым ережесін және эксцентриктерді, көшіргіштер мен жұдырықшаларды іріктеу ережесін, қалыпты және арнайы кескіш құралдың геометриясын, термоөңдеу, қайрау, жетілдіру және орнату ережесін, шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін, дәлдік дәрежесін, кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін.


446. Автоматтар мен жартылай автоматтарды баптаушы 5- разряд


Жұмыс сипаттамасы. Әр түрліқұрамдалған кесетін және өлшейтін құралды қолдана отырып, 6-7 квалитет бойынша аралықпен күрделі бөлшектерді өңдеу үшін токарлық-револьверлік станоктарды, токарлық көп шпиндельді автоматтар мен жартылай автоматтарды, тік көп кескіш және көп шпиндельді жартылай автоматтарды баптау. Станоктарды баптау кезінде қажетті техникалық есептеулерді орындау. Бірнеше жазықтықта салыстыра отырып, арнайы құрылғыларды орнату.

Білуге тиіс: әр түрлі типті токарлық автоматтар мен жартылай автоматтардың кинематикалық тәсімін және оларды дәлдікке тексеру ережесін; әмбебап және арнайы құрылғылардың, жарақтардың конструктивтік ерекшеліктерін; бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарын теңшеу және реттеу ережесін; тістегершіктерді, көшіргіштер мен жұдырықшаларды есептеу ережесін.

Орта кәсіптік білімді талап етеді.

447. Автоматтар мен жартылай автоматтарды баптаушы 6- разряд


Жұмыс сипаттамасы. Арнайы кесетін және өлшейтін құралды, көшіргіш құрылғылар мен аспаптарды қолдана отырып, 5-6 квалитет бойынша аралықпен күрделі конфигурация бөлшектерді өңдеу үшін токарлық көп шпиндельді автоматтар мен тік көп кескіш көп шпиндельді жартылай автоматтарды баптау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін күрделі токарлық автоматтар мен жартылай автоматтардың конструкциясын және оларды дәлдікке тексеру ережесін, автоматтар мен жартылай автоматтардың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жкесу тәсілдерін, қалыпты және арнайы кескіш құрал мен аспаптардың конструкциясын, кесу режимдерін станоктың анықтамалығы мен паспорты бойынша айқындау ережесін, орындалатын жұмыс шегінде металдарды кесу теориясының негіздерін.

Орта кәсіптік білімді талап етеді.

Тіскескіш және бұранда жоңғылағыш станоктарды баптаушы


448. Тіскескіш және бұранда жоңғылағыш станоктарды баптаушы

4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. 8-9 дәлдік дәрежесі бойынша жұлдызшаларды, тісті төрткілдештерді, оймакілтектерді, бұрамдықтарды, орташа өлшемді цилиндрлік және конустық тістегершіктерді, тістегершік біліктері мен бұрамдық доңғалақтарын өңдеу үшін қажетті есептеулерді орындап, ауыспалы тістегершіктерді іріктеп әрі орнатып, бұранда жонғылағыш, оймакілтек жонғылағыш, тіс жонғылағыш, тіс сүргілегіш және тіс қашағыш станоктарды баптау. Өңдеу және кесу режимінің жүйелілігін белгілеу; технологиялық және нұсқаулық карта бойынша кесетін және өлшейтін құрал мен аспаптарды іріктеу. Индикатор бойынша салыстыра отырып, құрылғыларды, кескіш құралды және өңделетін бөлшекті орнату. Сыналатын бөлшектерді баптаудан кейін өңдеу және оларды техникалық бақылау бөліміне тапсыру. Қызмет көрсетілетін жабдықта жұмыс істейтін жұмысшыларға нұсқама жүргізу. Станокты жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін тіс кескіш және бұранда жонғылағыш станоктардың құрылғысын және оларды дәлдікке тексеру ережесін, кескіш құралдың геометриясын, әмбебап әрі арнайы құрылғылардың, бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылғысын және қолдану ережесін, орындалатын жұмыс көлемінде металдар технологиясының негіздерін, тістегершіктерді іріктеудің қарапайым ережесін, шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін, дәлдік дәрежесін, кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін.

449. Тіскескіш және бұранда жоңғылағыш станоктарды баптаушы

5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. 7 дәлдік дәрежесі бойынша өлшемді сақтай отырып, бөлшектерді әр түрлі модульді және пішінді тістерді кесу бойынша күрделі жұмыстарды орындау үшін қажетті есептеулерді орындап, ауыспалы тістегершіктерді іріктеп әрі орнатып, бұранда жонғылағыш, оймакілтек жонғылағыш, тіс жонғылағыш, тіс сүргілегіш және тіс қашағыш станоктарды баптау. Бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарының көмегімен әр түрліжазықтықтағы станокта құрылғыларды, кескіш құралдарды орнату.

Білуге тиіс: әр түрлі типтік тіс кескіш станоктардың кинематикалық тәсімін және оларды дәлдікке тексеру ережесін, әмбебап және арнайы құрылғылардың, жабдықтардың конструктивтік ерекшеліктерін, бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарын теңшеу және реттеу ережесін, тістегершіктерді есептеу ережесін, кескіш құралдың құрылғысын және оны қайрау әрі орнату ережесін; тригонометриялық функциялар, тістік іліністердің түрлері.

Орта кәсіптік білімді талап етеді.

450. Тіскескіш және бұранда жоңғылағыш станоктарды баптаушы

6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. 4-6 дәлдік дәрежесі шамасындағы өлшемді сақтау отырып, күрделі, эксперименталды бөлшектерде әр түрлі модульді және күрделі пішінді тістерді кесу жөнінде жұмыстарды орындау үшін есептеулерді орындап, ауыспалы тістегершіктерді іріктеп әрі орнатып, күрделі, өте сирек кездесетін тіс жонғылағыш, тіс сүргілегіш және тіс қашағыш станоктарды баптау. Бөлшектерді өңдеу және жабдықтар жұмысы режимінің технологиялық жүйелілігін айқындау. Бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарының көмегімен әр түрлі жазықтықтағы станокта құрамдалған бекітуді талап ететін бөлшектерді және арнайы құрылғыларды орнату.

Білуге тиіс: тіс кескіш станоктардың конструкциясын және дәлдікке тексеру ережесін, әмбебап және арнайы құрылғылардың конструкциясын, станоктардың анықтамалығы мен паспорты бойынша кесу режимін айқындау ережесін, металды кесудің негізгі теориясын.

Орта кәсіптік білімді талап етеді.

Сұрыптау автоматтарын баптаушы


451. Сұрыптау автоматтарын баптаушы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бір элемент бойынша бақыланатын бөлшектерді топқа сұрыптау үшін механикалық және электрлік сұрыптау автоматтарын баптау. Сына тәрізді үңгілері бар қатты және жылжымалы калибрлерді реттеу және теңшеу. Станоктарды жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін сұрыптау автоматтарының құрылғысын және олардың өңдеу дәлдігіне тексеру ережесін, әмбебап әрі арнайы құрылғылардың, бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылғысын және қолдану ережесін, орындалатын жұмыс шегінде механика мен электр техниканың негіздерін, шақтамалар мен қондырмалардың жүйесі, дәлдік дәрежесін, кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін.


452. Сұрыптау автоматтарын баптаушы 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бөлшектердің барлық элементтерін кешенді тексеру үшін электрлік сұрыптау автоматтарын баптау. Бақылау-өлшеу құралдарын өлшемдерді, геометриялық формалардың дұрыстығын, беттің қаттылығын, сапасын және кедір-бұдырлық параметрлерін, жарықшалардың болуын және тағы басқа бақылау үшін реттеу және теңеу. Бөлшектерді контактсыз бақылау және сұрыптау кезінде пневматикалық автоматтарды баптау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін автоматтардың кинематикалық тәсімін және оларды дәлдікке тексеру ережесін, бөлшектерді сұрыптауға арналған құрылғыларды іске қосатын электрлендірілген өлшеу аспаптары мен орындаушылық механизмдердің құрылымдық ерекшеліктерін, сұрыпталатын бөлшектерді дайындау процесін.


Бағдарламалық басқарылатын станоктар мен манипуляторларды баптаушы


453. Бағдарламалық басқарылатын станоктар мен манипуляторларды баптаушы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым және күрделілігі орташа бөлшектерді өңдеу үшін бағдарламалық басқарылатын станоктардың механикалық және электрлік құрылғысын бас жүрісте және жұмыс режимінде баптау. Нөлдік жағдайды және қысатын құрылғыларды баптау. Өңдеудің технологиялық жүйелілігін белгілеу. Технологиялық карта бойынша кесетін, бақылап-өлшейтін құрал мен құрылғыларды іріктеу. Құрылғылар мен құралдарды орнату және ауыстыру. Координат жүйесінде құрылғылар мен құралдардың дұрыстығын индикаторлармен тексеру және бақылау. Сыналатын бөлшектерді баптау, дайындау және оларды ТББ тапсыру. Станок жұмысының нәтижелері бойынша кесу режимдерін түзеу. Электр механикалық құрылғылардың жұмысындағы бұзушылықты анықтау. Жоғары білікті баптаушының басшылығымен бағдарламалық басқарылатын өнеркәсіптік манипуляторлардың (роботтардың), реттеп салғыштардың қарпығыштарын, сондай-ақ технологиялық, электр техникалық, көтергіш-көлік және жылу шығару өндірістерінде қолданылатын «Станок (машина) – робот» типтегі блокты-модульді жүйелердің жабдықтарын баптау. Станоктарды дәлдікке, манипуляторлар мен реттеп салғыштарды жұмыс істеу қабілетіне және позициялау қабілетіне тексеру. Станоктардың тұрып қалуды есепке алу журналын жүргізу. Бапталған станокты операторға тапсыру бағдарламалық басқарылатын станоктардың операторларына нұсқама жүргізу.

Білуге тиіс: механикалық және электрлік баптаудың тәсілдері мен ережелерін, қызмет көрсетілетін бір типтік станоктардың, өнеркәсіптік манипуляторлар мен реттеп салғыштардың құрылғысын, станоктарды дәлдікке, манипуляторлар мен реттеп салғыштарды жұмыс істеу қабілетіне және позициялау дәлдігіне тексеру ережесін, әмбебап әрі арнайы құрылғылардың, бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылғысын және қолдану ережесін, әмбебап әрі арнайы кескіш құралды қайрау, жетілдіру және орнату ережесін, станоктың жұмыс нәтижелері бойынша кесу режимдерін түзеу тәсілдерін, шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін, кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін, орындалатын жұмыс шегінде электр техниканың, электрониканың, гидравлика мен бағдарламалаудың негіздерін, бөлшектерді өңдеудің режимдік-технологиялық картасын оқу ережесін.

Жұмыс үлгілері.

Төмендегі бөлшектерді өңдеу үшін әр түрлі типтік токарлық станоктардың механикалық және электр механикалық құрылғыларын баптау:

1) Біліктер, рессорлар, поршеньдер, арнайы бекіткіш бөлшектер, оймакілтекті болттар және қосиінді конустық және цилиндрлік беті бар басқа да орталықтандыру бөлшектері, электронды есептеуіш машиналардың бөлшектері;

2) Бұрамалар, төлкелер, гайкалар, тіректер, фланецтер, сақиналар, тұтқалар;

3) Цилиндрлік, конустық және сфералық беті бар, бунақты және жонылған сатылы төлкелер, штоктар, күпшектер, тарақты бұрамалар, бұлғақтар, лабиринттер, тістегершіктер, мойынтіректер және басқа да ұқсас орталықтандыру бөлшектері;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет