1. Жалпы ережелер


Металдар мен басқа да материалдарды механикалық өңдеу



бет21/71
Дата24.04.2017
өлшемі12,36 Mb.
#14794
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   71
6. Металдар мен басқа да материалдарды механикалық өңдеу
Жетілдіруші-ысқылаушы
410. Жетілдіруші-ысқылаушы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. 11 - 13 квалитеттер бойынша плиталарда қолмен, жетекті тұғырларда және бапталған бір типтік жетілдіру станоктарында қарапайым бөлшектердің ішкі және сыртқы цилиндрлік беті мен жазықтығын жетілдіру және ысқылау

Білуге тиіс: бір типтік жетілдіру станоктарының құрылғысын және жұмыс істеу принциптерін, едәуір кең тараған әмбебап құралдар мен көшіргіштердің атауын, міндетін және қолдану шарттарын, пайдаланылатын бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылғысын, ысқылағыштарды, ысқыш пасталарды және абразивтік қайрақшаларды қолдану ережесін, өңделетін материалдардың атауын және таңбалануын, шақтамалар мен қондырмалар жүйесін, кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін.


411. Жетілдіруші-ысқылаушы 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. 8-9 квалитеттер бойынша жетілдіру станоктарында, жетекті тұғырларда және әмбебап әрі арнайы құралдарды қолдана отырып қолмен күрделілігі орташа бөлшектердің ішкі және сыртқы цилиндрлік беті мен жазықтығын жетілдіру және ысқылау, алмас құралдарының корпустарын, алмас сақиналар мен қайрақшаларды ысқылау, алмас түйіршіктерін ашу. Ысқыш материалдарды, жетілдіру қалпақшаларын іріктеу және даярлау. Арнайы станоктарда бөлшек оймакілтектерін ысқылау. Тік тісті тістегершіктерді ысқылау. Технологиялық карта бойынша өңдеу жүйелілігін және режимдерін белгілеу.

Білуге тиіс: ысқылау машиналарының, тігінен жетілдіру және жазықтығына жетілдіру қайрақ машиналарының құрылғысын және баптау ережесін, станоктарды дәлдікке тексеру ережесін, әмбебап және арнайы құралдардың құрылғысын, бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының міндетін және қолдану шарттарын, өңделетін материалдардың негізгі механикалық қасиетін, абразивтік қайрақшаларды іріктеу ережесін және қолдану шарттарын, ысқыш және ысқылау құралдары, шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін, кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін, құралда алмас түйіршіктерін ашу әдісін, алмас және абразивтік ұнтақтардың фракциясын.

Жұмыс үлгілері.


  1. Конустық тістегершіктері бар біліктер – тістерді ысқылау;

  2. Калибрлер (тығындар) тегіс- жетілдіру;

  3. Кері сорғылардың клапандары – жетілдіру тұғырында цилиндрлерді жетілдіру;

  4. Мойынтірек сақиналары-шетжақтар мен жүгірткі жолдарын жетілдіру;

  5. Отын сорғылары итергіштерінің корпустары – жетілдіру тұғыры бойынша тесіктерді саусақпен жетілдіру;

  6. Отын сорғысының корпустары-тесіктерді алдын ала ысқылау және жетілдіру;

  7. Бекіткіш арматуралардың крандары – ысқылау;

  8. Дөңгелектер – түйіршіктерді ашу және радиалды соғуды жкесу;

  9. Қатты қорытпа пластинкалары бар қалыпты кескіштер-қолмен жетілдіру;

  10. Қатты қорытпа пластинкаларымен арматураланған бұрғылар-жетілдіру;

  11. Шыны бұйымдарын жасауға арналған қалыптар – жетілдіру;

  12. Бұлғақтар – тесіктерді жетілдіру;

  13. Конустық тістегершіктер, жетекші – тістерді ысқылау.

412. Жетілдіруші-ысқылаушы 4-й разряд


Жұмыс сипаттамасы. 7-10 квалитеттер бойынша жетілдіру станоктарында және әмбебап әрі арнайы құралдарды қолдана отырып қолмен күрделі бөлшектердің ішкі және сыртқы цилиндрлік және конустық бетін жетілдіру және ысқылау. Конфигурациясы күрделі алмасты қабатты қолмен ысқылау. Алмас қайрақшаларымен жануыштау.

Білуге тиіс: суперфиништеуге арналған станоктардың, жануыштау, күрделі және ысқылау машиналарының құрылғысын және баптау ережесін, әр түрлідиаметрлі терең тесіктерді өңдеу кезінде қолданылатын әмбебап және арнайы құралдардың, барлық жүйедегі жануыштау қалпақшаларының конструкцияларын, бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылғысын, шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін, кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін, алмас ұнтақтарының қасиетін.

Жұмыс үлгілері


  1. Реттығын букстері – жетілдіру;

  2. Бүріккіш инелері – цилиндрді және жұмыс конусын толық жетілдіру;

  3. Цилиндрлік, бұрандалы және конустық калибрлер (тығындар мен сақиналар) – жетілдіру;

  4. Клапандар – цилиндр қалпақшаларының ершіктеріне ысқылау;

  5. Крейцкопфты блокты бағыттағыш компрессорлар - жетілдіру;

  6. Сорғылардың өңделген клапандарының ершіктері-тесіктерді толық жетілдіру;

  7. Бұрамдық, бұрандалы фрезалар және басқа да кесетін саптамасы бар құрал-тесікті жетілдіру;

  8. Отын сорғысы бүріккіштерінің цилиндрлері мен корпустардың жұмыс конустары – толық жетілдіру.

413. Жетілдіруші-ысқылаушы 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. 1-5 квалитеттер бойынша жетілдіру, жануыштау және басқа да станоктарда, қолмен әмбебап әрі арнайы құралдарды қолдана отырып, күрделі бөлшектер мен тораптардың ішкі және сыртқы цилиндрлік, конустық және сфералық бетін жетілдіру және ысқылау. Ұзындығы бойынша жетілдірілген бетін өлшеп, бітелген тесіктерді жетілдіру. Спиральді тістері бар тістегершіктерді ысқылау. Пневморотаметрді қолдана отырып, айналымы бойынша бірнеше жерлерде және бірнеше жазықтықта алынған нақты өлшемді өлшеу. Бірнеше бөлшекті бір уақытта өңдеген кезде жүрістерді реттеу.

Білуге тиіс: станоктардың кинематикалық тәсімін және дәлдікке тексеру тәсілдерін, суперфиништеу үшін жануыштау, тік-көлденең жетілдіру, диаметрі мен ұзындығы әр түрлі терең және бітеу тесіктерді бітеу кезінде қолданылатын әмбебап әрі арнайы құралдардың, барлық жүйедегі жануыштау қалпақшалардың конструктивтік ерекшеліктерін және қолдану тәсілдерін, күрделі бөлшектерді орнату және салыстыру тәсілдерін, шақтамалар мен қондырмалар жүйесін, кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлері.

Жұмыс үлгілері:


  1. Иінді біліктер – жетілдіру;

  2. Аммиакты және фреонды компрессорлардың гильзалары – жетілдіру;

  3. Отын сорғыларының плунжері бар гильзалар-бірлескен ысқылау (парлау);

  4. Трапецеидалды бұрандасы бар калибрлер (тығындар)-бұранданы жетілдіру;

  5. Күрделі кондукторлар, престер-қалыптар - әр түрлі бұрыштағы үш-төрт жазықтықты тесіктерді ысқылау және жетілдіру;

  6. Турбиналар мен турбосорғылардың (бұрамалы) қалақтары- берілген радиус, қиякесік пен жанасулар бойынша ішкі өткелдерді ысқылау және жетілдіру;

  7. Ішкі радиустері мен конустары және лекальды беті бар күрделі матрицалар-жетілдіру;

  8. Қысқартуға арналған қатты қорытпаланған матрицалар, шеверлер, эталонды тістегершіктер – ысқылау және жетілдіру;

  9. Плунжер булары-стендте тығыздығын тексеріп, жетілдіру тұғырында бірлескен ысқылау;

  10. Отын сорғылары бүріккіштерінің тораптары – бірлескен ысқылау (парлау);

  11. Барлық модульдегі глобоидальды бұрамдықтар – тістерді ысқылау;

  12. Шарлар және шар қосындылары – сфераны ысқылау және жетілдіру;

  13. Спиральді тістері бар тістегершіктер – тістерді ысқылау;

  14. Булау цилиндрлері, соғу және штампылау балғалары және компрессор цилиндрлері – тесіктерді жануыштау.

414. Жетілдіруші-ысқылаушы 6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. 1 - 4 квалитеттер бойынша арнайы техникалық шарттармен жетілдіру станоктарында және қолмен әмбебап әрі арнайы құралдарды қолдана отырып, аспапты шарикті мойынтіректі бөлшектердің ішкі және сыртқы цилиндрлік, конустық, сфералық әрі тороидальды бетін жетілдіру және ысқылау. Бақылау-өлшеу аспаптарын қолдана отырып, алынған нақты өлшемді және қалыптардың ауытқуын өлшеу.

Білуге тиіс: сфералық және тороидальды бетті суперфиништеуге, цилиндрлік беті мен шариктерді жетілдіруге арналған станоктарының құрылғысын және баптау тәсілдерін, дірілдің, температураның, тозаңданудың өңделетін беттің дәлдігіне әсерін, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылғысын, кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін.

Жұмыс үлгілері.

1) Мойынтірек бөлшектері – жұмыс және орнықтыру бетін жетілдіру;

2) Екінші және одан жоғары ретте қисық пайда болған бетіне арналған калибрлер (айналысы) – жетілдіру, ысқылау;

3) Шариктер – жетілдіру.


Қашаушы


415. Қашаушы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қалыпты кесетін құрал мен әмбебап құрылғыларын қолдана отырып, 12-14 квалитет бойынша қарапайым және күрделілігі орташа бөлшектерді қашау станоктарында өңдеу. Өлшеуіш құралды және арнайы құрылғыларды қолдана отырып, 11 квалитет бойынша қарапайым және күрделілігі орташа бөлшектерді өңдеу. Бекітіп тұратын үшбұрыштарды, астарларды, тақтайшалар мен болттарды қолданып, құрылғыларда, станок үстелінде бөлшектерді орнату және тексеру.

Білуге тиіс: бір типтік қашау станоктарының құрылғысын және жұмыс істеу принципін бақылау-өлшеу құралдарының атауын, міндетін, құрылғысын және қолдану шарттарын өңделетін материалдардың атауы мен таңбалануын шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін, кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін.

Жұмыс үлгілері.


  1. Ашалар, тартқыштар, ұзындығы 100 мм дейін сырғалар мен алқалар- тесіктер мен шетжақтарды жетілдіру;

  2. Биіктігі 200 дейін мойынтірек ішпектері-ойықтарды баббит құймасы бойынша қашау;

  3. Айналтұтқалар, гайка және сыртқы кілттер, жұдырықшалар- қырларды немесе ашаларды қашау;

  4. Сына ысырмалардың сынасы-шток гайкалары бойынша терезелерді қашау;

  5. Маховиктер, муфталар, күпшек биіктігі 100 мм дейін тістегершіктер- кілтек ойықтарын қашау;

  6. Бекіту механизмдерінің тақтайшалары-тура сызық бойынша жақтар мен шетжақтарды қашау;

  7. Азғана құймалар мен соғылмалардағы қосылмалар-кесу;

  8. Биіктігі 100 мм дейін иінтіректер - контурды қашау;

  9. Калибрлі қапсырмалар - контур мен ысқыштарды қашау.

416. Қашаушы 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қалыпты кесетін құрал мен әмбебап аспаптарды қолдана отырып, 11-13 квалитет бойынша күрделі бөлшектерді, сондай-ақ өлшеп кесетін құрал мен әмбебап құрылғыларды қолдана отырып, 7-10 квалитет бойынша күрделі бөлшектерді қашау станоктарында өңдеу. Бөлшектерді екі жазықтыққа айналдырып орнату.

Білуге тиіс: әр түрлі типті қашау станоктарының құрылғысын, әмбебап және арнайы аспаптардың құрылғысын, геометрия негіздерін және қалыпты әрі арнайы кесетін құралды қайрау және орнату ережесін, бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының міндетін және қолдану ережесін, өңделетін материалдардың негізгі механикалық қасиетін, шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін, кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін.

Жұмыс үлгілері.


  1. Диаметрі 100 мм дейін борштангалар – квадратты тесікті қашау;

  2. Иінді біліктер – иіндерді қашау;

  3. Ашалар, тартқыштар, ұзындығы 100 мм артық сырғалар мен алқалар – тесіктер мен шетжақтарды жетілдіру;

  4. Биіктігі 200 артық мойынтірек ішпектері – ойықтарды баббит құймасы бойынша қашау;

  5. Созғылаушы орнақтардың жұлдызшалары – тістерді пішін бойынша қашау;

  6. Кілттер – жұлдызша ашаларын қашау;

  7. Қырылдақ доңғалақтар – тістерді қашау;

  8. Биіктігі 200 мм дейін мойынтіректердің корпустары және қақпақтары-құлыптар мен контурдың қосылған жерін қашау;

  9. Созғылағыштар корпустары – ойықтардықашау;

  10. Ілмектер, маңдайшалар – қашау;

  11. Маховиктер, муфталар, күпшек биіктігі 100 мм артық тістегершіктер – кілтек ойықтарын қашау;

  12. Жұдырықша муфталар – ішкі және сыртқы контурды қашау;

  13. Біліктерге арналған қосу муфталары – белгі және калибр бойынша кілтек ойықтарын қашау;

  14. Т-тәрізді сағасы бар ішпектер – контур бойынша қашау;

  15. Пресс-қайшылар мен илем орнағына арналған пышақтар – қашау;

  16. Биіктігі 100 мм артық квадратты тесіктер (тік) және бітеу тесіктер – қашау;

  17. Сопақ фланецтер – қосылу жерін қашау;

  18. Фрезалар – ось және шаблон бойынша кілтек кетіктерін қашау;

  19. Қысатын цангалар – алтықырды қашау;

  20. Сызықты және фасонды шаблондар, ұсақ – контурды қашау.

417. Қашаушы 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Үлгі және орны бойынша толық сызбаларға сәйкес бірнеше жазықтықта құрамдалған бекіту мен айналдыруды талап ететін күрделі бөлшектерді 7-10 квалитет бойынша қашау станоктарында өңдеу.

Білуге тиіс: әр түрлі типті қашау станоктарының құрылғысын, кинематикалық тәсімін, әмбебап және арнайы құрылғылардың конструкциясын, қалыпты және арнайы кесетін құралдың геометриясын, темоөңдеу, қайрау, жетілдіру және орнату ережесін, бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылғысын, шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін, кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін.

Жұмыс үлгілері.


  1. Балға тоқпақтамалары – ойық пен ішкі алаңды қашау.

  2. Диаметрі 100 мм артық борштангалар – квадратты тесік қашау.

  3. Вагон букстары – бағыттауыштарды қашау.

  4. Ескекті бұрамалар – кілтек ойықтарын қашау.

  5. Тісті тәждер, жұлдызшалар мен тістегершіктер – тістерді шаблон бойынша қашау.

  6. Биіктігі 400 артық мойынтірек ішпектер-ойықтарды баббит құймасы бойынша қашау.

  7. Шаржир-машина қалпақшалары-ойықтарды және контур бойынша толқы өңдеу.

  8. Бірнеше кілтекті бунақтары бар дискілер – бунақтарды қашау.

  9. Ескек білектерге арналған конустық калибрлер-кілтекті бунақтарды қашау.

  10. Биіктігі 200 мм артық мойынтіректердің корпустары мен қақпақтары – қашау.

  11. Компаунд штампыларының матрицалары – оймакілтекті ойықтарды қашау.

  12. Фигуралық терезесі бар бір штампының матрицалары – терезені қашау.

  13. Паз штампылардың матрицалары – оймакілтекті ойықтарды қашау.

  14. Матрицалар, пуансондар, эксцентриктер, күрделі конфигурациялы пресс-қалыптар ендірмелері – контур бойынша қашау.

  15. Блюминг қайшыларын бекіту муфталары – ішкі конусты қашау.

  16. Иілгіш муфталардың сыртқы және ішкі жиектері – контурды қашау.

  17. Пресс-қалыптар құрсаулары – фигуралық ішкі контур бойынша қашау.

  18. Құралбіліктер – конустық тесіктерді қашау.

  19. Құралбіліктер мен жастықшалар– бұрыштап сыртқы және ішкі контур бойынша қашау.

  20. Тұғырықтар және күрделі конфигурациялы штампылардың түсіргіштері – сыртқы және ішкі контур бойынша қашау.

  21. Илем орнағының қысу механизмінің тұғырлары – қашау.

  22. Трансмиссиялы жартылай муфталар – ішкі тістің пішіні бойынша қашау.

  23. Бөлгіш құралдар – модульдік тістерді алдын ала қашау.

  24. Тісті төрткілдештер – тістерді алдық ала қашау.

  25. Конверторды көтергіш төрткілдештер – шаблон бойынша тістерді қашау.

  26. Секторлар – контур және тістер бойынша қашау.

  27. Орташа және үлкен кеме рульдерінің күпшектері- кілтек ойықтарын белгі және калибр бойынша қашау.

  28. Үшжақты және жиынтықты пышақтары бар дискілі фрезалар-қашау, калибр бойынша пышақтарға арналған ойықтарды бұдырлау.

  29. Шатундар – ішпектерге арналған көп қырлы ұяшықтарды қашау.

  30. Тістегершіктер мен муфталар – оймакілтек бунақтарын қашау.

  31. Агломерациялық машиналардың артқы бөлігінің шиналары- шетжақтар мен қиякесектерді қашау.

  32. Домна пештерінің үлкен конусының штангалары – қашау.

Қайраушы
418. Қайраушы 2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Әмбебап жабдықта 11-13 квалитет бойынша тура сызықты кескіндермен берілген бұрыш бойынша қарапайым кескіш құралды қайрау. Белгілі құралды қайрау үшін жасалған және бапталған арнайы жартылай автоматты әрі автоматты станоктарда 8-11 квалитет және Ra 2,5 0,63 параметрі бойынша кескіш құралды қайрау және жетілдіру. Құрылғылар мен көшіргіштерді қолдана отырып, станокта әр түрлі бұрыш бойынша өңделетін құралды орнату.

Білуге тиіс: бір типтік қайрау станоктарының құрылғысын және жұмыс істеу принципін, едәуір кең тараған әмбебап және арнайы құрылғылардың міндеті мен қолдану шарттарын, бақылау-өлшеу құралдарының құрылғысын, ажарлау шеңберлерінің сипаттамасы мен қолдану шарттарын, ажарлау шеңберлерін орнату және түзету ережесін, өңделетін материалдардың атауы мен таңбалануын, шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін, кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін.

Жұмыс үлгілері.


  1. Үңгуіштер – қайрау;

  2. Слесарлық және пневматикалық кескіштер – қайрау;

  3. Қарапайым конфигурациялы сымдауыштарға арналған инелер- қайрау;

  4. Жиынтық фрезаларға арналған пышақтар – қайрау;

  5. Ұзындығы 500 мм дейін престердің пышақтары – қайрау;

  6. Електердің барлық түрі – қайрау;

  7. Кескіштер – қатты қорытпамен дәнекерлегеннен кейін алдын ала қайрау;

  8. Диаметрі 2-ден 16 мм дейін спиральді бұрғылар – кесу бөлігін қайрау;

  9. Электродтар – шетжақтарды қайрау.

419. Қайраушы 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қайрау станоктарында, оларды өздігінен баптаумен 8-11 квалитет және Ra 2,5 - 0,63 параметрі бойынша әр түрлі кескінді көп кесу қырлары бар кескіш құралды қайрау және жетілдіру. Белгілі құралды қайрау үшін жасалған әрі бапталған арнайы жартылай автоматты әрі автоматты станоктарда 7-10 квалитет бойынша кескіш құралды қайрау. Азық-түлік және темекі кесуге арналған әр түрлі құралдары, сондай-ақ кесетін және сол сияқты машиналарға арналған құралдарды қайрау және түзету.

Білуге тиіс: қайрау станоктарының құрылғысын және баптау ережесін, әмбебап және арнайы құралдардың құрылғысын, ажарлау шеңберлерінің қалып, қаттылығы, түйіршіктілігі және байламдығы бойынша сипаттамасын, температураның қайралатын құралдың деформациясына әсерін, өңдеу режимі факторларының мәнін және олардың қайрау сапасына әсерін, бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының міндетін және қолдану ережесін, шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін, кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін.

Жұмыс үлгілері.


  1. Үңгуіштер – кесетін қырын қайрау;

  2. Күрделі конфигурациялы сымдауыштарға арналған инелер – қайрау;

  3. Диаметрі 2 мм артық бұрандаойғыштар – тістерді қайрау;

  4. Ұзындығы 500 мм артық престердің пышақтары – қайрау;

  5. Жылдам кескіш болаттан және қатты қорытпалардан жасалған қырнағыш пластиналар-алдыңғы және артқы қырлар, дуалдық конустар бойынша қайрау;

  6. Диаметрі 2 мм артық дөңгелек плашкалар – қайрау;

  7. Цилиндрлік үңгілер – қайрау;

  8. Спиральді тістері бар конустық үңгілер – қайрау;

  9. Аяқ киімнің үстіңгі бөлшектерін шабуға арналған кескіштер-қайрау;

  10. Токарлық кескіштер – толықтай қайрау;

  11. Қатты қорытпалар пластинкалары бар кескіштер – алдыңғы және артқы қырларды қайрау және жетілдіру;

  12. Аралар сегменттері – тістердің кесу қырларын қайрау;

  13. Баспалы және арнайы бұрғылар – кесетін қырын қайрау;

  14. Қатты қорытпалар пластинкамен жарақтандырылған бұрғылар-қайрау;

  15. Диаметрі 2-ден 16 мм артық спиральді бұрғылар – қайрау;

  16. Штабиктерге арналған ойықты, ойыңды, қыздыратын, тегіс сүргілеуге, фалецтерді іріктеуге арналған ағаш өңдейтін фрезалар – алдыңғы қыр бойынша қайрау;

  17. Алмалы-салмалы пышақтары бар дискілі фрезалар – кесетін қырын қайрау;

  18. Жарты шеңберлі пішінге арналған фрезалар, шығыңқы және батыңқы, ойықты – алдыңғы қыр бойынша қайрау;

  19. Ұсақ әрі ірі тістері бар цилиндрлік және конустық сағасы бар соңғы әрі кілтекті фрезалар, оймакілтекті, кесетін, үшжақты дискілі, цилиндрлік фрезалар, бұрышты және екі бұрышты – тісті алдыңғы және артқы қырлары бойынша қайрау.

420. Қайраушы 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Әмбебап әрі арнайы қайрау станоктарында әр түрлі құралдарды қолдана отырып және беті айнадай жылтыр болғанша қайраудың бар алаңы бойынша берілген конфигурацияны сақтай отырып, 7-8 квалитет және Ra 0,63 - 0,32 с параметр бойынша күрделі фигуралық кескінмен кескіш құралды қайрау және жетілдіру.

Білуге тиіс: әр түрлі конструкциялы қайрау станоктарының құрылғысын және кинематикалық тәсімін, конструктивті құрылғыларды және әр түрлі құралдарды қолданудың ережесін, ажарлау шеңберлерін бекіту тәсілін және теңгерімін, бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылғысын, шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін, кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін.

Жұмыс үлгілері.

1) Тіскескіш қашағыштар – алдыңғы қыры бойынша қайрау;

2) Диаметрі 2 мм дейін бұрандаойғыштар – қайрау;

3) Фасонды қырнағыш пластиналар- алдыңғы және артқы қырлар бойынша қайрау және жетілдіру;

4) Диаметрі 2 мм дейін плашкалар, дөңгелек – қайрау;

5) Үңгілер мен үңгіштер, сатылы-шаблон бойынша қайрау және жетілдіру;

6) Бұрандаларды кесуге арналған кескіштер – қайрау;

7) Бұрандалы, бұрамдық, модулдық фрезалар – қайрау;

8) Диаметрі 250 мм дейін қатты қорытпалардың пластинкаларымен жарақталған құрама фрезалар.

421. Қайраушы 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қайрау станоктарында 1-8 квалитет бойынша, қайралатын беті көп, күрделі конфигурациялы, бірнеше орын ауыстыруды және дәл салыстыруды қажет ететін әр түрлі типті күрделі және эксперименталды кескіш құралдарды қайрау және жетілдіру. Алмас құралдарын және бағалы қаттылығы жоғары қорытпалардан жасалған құралды қайрау және жетілдіру. Қажетті есептеулерді орындап, қайрау станоктарын баптау.

Білуге тиіс: конструктивтік ерекшеліктерін және әр түрлі типті қайрау станоктарын дәлдікке тексеру тәсілдерін, күрделі құралды қайрау және айналдыру ережесін, қаттылығы жоғары қорытпалардың физикалық-механикалық қасиетін, бақылау-өлшеу құралдарын баптау және реттеу ережесін.

Жұмыс үлгілері.

1) Жылдам фрезерлеу үшін қатты қорытпалар пластинкалары бар кескіш қалпақшалар – қайрау;

2) Алмасты құрал – қайрау және жетілдіру;

3) Құрамды тіскескіш қалпақшаларының оймакілтекті, модульдық, пішінді тартқыштары – қайрау және жетілдіру;

4) Қатты қорытпа пластинкалары бар диаметрі 250 мм артық құрамды фрезерлер – қайрау;

5) Спиральді тісі бар саусақты фасонды фрезерлер – тісті қолмен қайрау.


Тіс кесуші


422. Тіс кесуші 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бапталған бір типтік тіс кескіш станоктарда цилиндрлік тістегершіктердің сыртқы тік тістерін, тісті доңғалақтарды алдын ала кесу.

Білуге тиіс: бір типтік тіс кескіш станоктардың құрылғысын және жұмыс істеу принципін, оның маңызды бөліктерінің атауы мен міндетін, едәуір кең таралған құрылғылардың атауын, міндетін және қолдану шарттарын, бақылау-өлшеу құралдарының құрылғысын, қалыпты кесетін құралды орнату ережесін, өңделетін материалдардың атауын және таңбалануын, шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін, дәлдік дәрежесін, кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін, салқындатқыш және майлағыш сұйықтықтың міндеті мен қасиетін.

Жұмыс үлгілері.

1) Тісті муфталар – тістерді фрезерлеу;

2) Қарапайым пішінді тісті секторлар – тістерді фрезерлеу;

3) Барлық модульді тістегершіктер – арнайы бір-екі шпиндельді тісті жұмырлағыш станоктарында тістерді жұмырлау.

423. Тіс кесуші 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бір типтік тіс кескіш станоктарында, оларды өздігінен баптап, 8-9 дәлдік дәрежесі бойынша фрезерлеу, қайрау, көшіру және домалату әдісімен цилиндрлік және конустың тістегершіктердің сыртқы әрі ішкі тік тістерін кесу. Белгі бөлшектерді өңдеу үшін жасалған және бапталған арнайыландырылған жартылай автоматты немесе автоматты станоктарда тіс тістегершіктерін кесу. Көтергіш-көлік жабдықтарын басқару. Жүкті көтеру, ауыстыру, салу үшін ілмектеу және байланыстыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет