1. Жалпы ережелер



бет30/71
Дата24.04.2017
өлшемі12,36 Mb.
#14794
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   71

9) Бір және көп кіретін турасызық пішінді бұрамдық және оймакілтекті фрезалар – ажарлау бойынша әдіппен желкелік өңдеу.

10) 1,0 мм жоғары қадамды бұрамдық фрезалар - ажарлай бойынша әдіппен желкелікөңдеу.

525. Желкелік өңдеуші токарь 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. 6-7 квалитет және Ra 0,16 - 0,04 кедір-бұдырлық параметрі бойынша күрделі кескіш құралды (көп кіретін бұрамдық және оймакілтекті ірі модульді фрезалар, радиусі мен беті күрделі қабысқан дискілі фрезалар) токарлық желкелікөңдеу станоктарында желкелік өңдеу. Бұрамаларды кесу және оларды тақатармен, кескіштермен шахмат тәртібінде желкелікөңдеу. Арнайы құрылғыларды қолдана отырып, станокты баптау және желкелікөңдеу жұмыстарымен байланысты есептеулерді орындау. Станокта, әр түрлі жазықтықта дәл салыстыра отырып, өңделетін күрделі құралды орнату.

Білуге тиіс: әмбебап әрі арнайы токарлық желкелікөңдеу станоктарының және желкелікөңдеу жұмыстарын орындауға қажетті құрылғылардың конструктивтік ерекшеліктерін және дәлдікке тексеру ережесін, құралды орнату және салыстыру тәсілдерін, кескіш құралдың конструкциясын, геометриясын, термоөңдеу, қайрау, жетілдіру, орнату ережесін, берілген кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін, бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарын теңшеу және реттеу ережесін.

Жұмыс үлгілері.

1) Токарлық автоматтар мен жартылай автоматтарға арналған кескіш қалпақшалар – бұрамаларды шыңдауға дейін желкелікөңдеу;

2) Қашағыштар – желкелікөңдеу;

3) Екі тісті спиральді үңгіштер – желкелікөңдеу;

4) Тізбекті доңғалақтар мен оймакілтекті білікшелерді жасауға арналған фрезалар – термоөңдеуге дейін және кейін желкелікөңдеу;

5) Газ турбиналардың шеткі қалақтарына арналған фрезалар –желкелік өңдеу;

6) Май-бұранда сорғыларға арналған фрезалар – желкелікөңдеу;

7) Прогрессивті ілінетін бұрамдықтар – таза кесу.


Айналдырушы токарь


526. Айналдырушы токарь 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Кескіш құрал мен әмбебап құрылғыларды қолдана отырып, токарлық айналмалы станоктарда 12-14 квалитет бойынша қарапайым бөлшектер мен бұйымдарды токарлық өңдеу. Бұрыш және рейсмус бойынша салыстыра отырып, бөлшектерді патронға немесе планшайбаға орнату. Жоғары білікті айналдырушы токарьдің басшылығымен планшайба диаметрі 4000-ден 9000 мм дейін токарлық айналмалы станоктарды басқару.

Білуге тиіс: бір типті токарлық айналмалы станоктың құрылғысын және жұмыс істеу принципін, едәуір кең тараған әмбебап құрылғылардың атауы, міндетін және қолдану ережесін, бақылау-өлшеу құралдарының құрылғысын, кескіш құралдың міндетін және қолдану ережесін, оның негізгі бұрыштарын және қайрау, орнату ережесін, шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін, кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін, салқындатқыш және майлағыш сұйықтықтардың міндеті мен қасиетін.

Жұмыс үлгілері.

1) Диаметрі 750 мм дейін жүгірткілер (домалағыштар) – алдын ала өңдеу;

2) Тісті доңғалақтардың тәждері – сыртқы диаметрді алдын ала өңдеу және тесіктерді қашап кеңіту;

3) Диаметрі 750 мм дейін цилиндрлік төлкелер, фланецтер мен сақиналар – алдын ала өңдеу;

4) Диаметрі 750 мм дейін резервуарлардың, қазандықтардың табандары мен қақпақтары – шетжақтан қысқарта кесу және фаскаларды түсіру;

5) Күпшек ұзындығы 500 мм дейін доңғалақтар - алдын ала тесу және қашап кеңіту;

6) Поршенді, сақиналар, цилиндрлік тістегершіктер, тегіс шкивтер, муфталар мен жиектер – алдын ала өңдеу;

7) Металл қалыптардың жалғамалары және тұйық металл қалыптарға арналған табандықтар – шетжақтарды қысқарта кесу;

8) Илем орнақтарына арналған жастықшалар – алдын ала өңдеу.

527. Айналдырушы токарь 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Кескіш құралдар мен әсбебап құрылғыларды қолдана отырып, токарлық айналмалы станоктарда 8-11 квалитет бойынша бөлшектерді токарлық өңдеу. Белгілі бөлшектерді өңдеуге немесе жеклеген операцияларды орындау үшін бапталған арнайыландырылған станоктарда 8-10 квалитет бойынша күрделі бөлшектерді токарлық өңдеу. Жұмыс барысында бір уақытта бірнеше суппортты пайдалана отырып, цилиндрлік, конустық және фасонды бетті қайрау, қашап кеңіту бойынша операцияларды орындау. Екі беруде конусты өңдеу. Жоғары білікті айналдырушы токарьдің басшылығымен қосарланған плазмалы-механикалық өңдеу әдісімен токарлық жұмыстарды орындау. Планшайба диаметрі 8000 мм және жоғары токарлық айналмалы станоктарды басқару. Жылжымалы құрамның тұтас домалатылған доңғалақтарының пішінін илемдеуден кейін түзету. Берілген өлшем бойынша доңғалақтарды өңдеу. Станоктарда доңғалақтарды орнату, бекіту және өңдегеннен кейін станоктан түсіру.

Білуге тиіс: әр түрлі типті токарлық айналмалы станоктардың құрылғысын, баптау және дәлдікке тексеру ережесін, плазмотронның құрылғысын және қолдану шарттарын, жоғары білікті токарьмен бірлесіп қызмет көрсететін ірі станоктарды басқару ережесін, әмбебап әрі арнайы құрылғылардың құрылғысын және қолдану ережесін, бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының міндетін және қолдану ережесін, қатты қорытпалар немесе керамикалар пластинкалары бар аспапты болаттардан жасалған кескіш құралдың геометриясын, қайрау және орнату ережесін, шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін, кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін, өңделетін материалдың негізгі қасиеттерін.

Жұмыс үлгілері.

1) Ұсақтау бандаждары – алдын ала токарлық өңдеу;

2) Диаметрі 750 мм дейін жүгірткілер (домалағыштар)- толықтай токарлық өңдеу;

3) Диаметрі 750 мм дейін канатты блоктар – толық токарлық өңдеу;

4) Диаметрі 3000 мм дейін тарақты бұрандалар – тесіктерді алдын ала қашап кеңіту;

5) Сыртқы диаметрі 500 мм дейін тісті сфералық төлкелер – толық өңдеу;

6) Диаметрі 750 мм дейін цилиндрлік төлкелер мен фланецтер – толықтай өңдеу;

7) Диаметрі 750 мм артық цилиндрлік төлкелер мен фланецтер – алдын ала өңдеу;

8) Турбина дискілері мен диафрагмалары – алдын ала өңдеу;

9) Диаметрі 750 мм дейін бу турбиналарының тісті және жұмыс доңғалақтары – толық токарлық өңдеу;

10) Диаметрі 750 мм дейін бу турбиналарының жұмыс доңғалақтары – күпшектерді қайрау және жону;

11) Тежегіш қалыптар – толық өңдеу;

12) Диаметрі 750 мм дейін поршень сақиналары, цилиндрлік тістегершіктер, тегіс шкивтер, муфталар мен жиектер – толықтай өңдеу;

13) Биіктігі 1000 мм дейін қалыпты кокильдер – толық токарлық өңдеу;

14) Кеменің тіректі, таянышты мойынтіректерінің корпустары мен қақпалары – май қуыстары мен шетжақтарды алдын ала өңдеу;

15) Диаметрі 750 мм дейін маховиктер – толық токарлық өңдеу;

16) Екі жартыдан тұратын кеме мойынтіректерінің құрсамалары – алдын ала өңдеу;

17) Екі жартыдан тұратын кеме мойынтіректерінің сырғымалы тіректері мен күпшектері – алдын ала өңдеу;

18) Домна пештерінің пресс-қалыптары мен шағын конустары – алдын ала өңдеу;

19) Сыртқы диаметрі 2000 мм дейін конустық тістегершіктер – алдын ала өңдеу;

20) Диаметрі 750-ден 2000 мм дейін цилиндрлік тістегершіктер, тегіс шкивтер, жиектер мен муфталар - алдын ала өңдеу;

21) Диаметрі 750 мм дейін сына белдікті беріліске арналған және канатты шкивтер – толық өңдеу.

528. Айналдырушы токарь 4-й разряд
Жұмыс сипаттамасы. Әр түрлі типті токарлық айналма станоктарда 7-10 квалитет бойынша көп аралықта, сондай-ақ қосарланған плазмалы-механикалық өңдеу әдісін қолдана отырып, күрделі бөлшектерді токарлық өңдеу. Плазмалы қондырғыны қосу және сөндіру. Тура және таяныш ленталы бұраманы 8-10 квалитеттер бойынша кесу. Қол жетпейтін жерлерді дәл қайрау, қысқарта кесу және жону. Плазмалы қондырғы мен плазмотронды қосарланған өңдеуге баптау. Домалату шеңбері (көшіру) бойынша жылжымалы құрамның тұтас домаланған доңғалақтарын қайрау, шетжақтарды күпшектің сыртқы жағынан қысқарта кесу, тесіктерді қашап кеңіту. Планшайба диаметрі 7000 мм жоғары токарлық айналмалы станоктарды басқару.

Білуге тиіс: әр түрлі токарлық айналмалы станоктардың құрылғысын, кинематикалық тәсімін және дәлдікке тексеру ережесін, әмбебап әрі арнайы құрылғылардың конструктивтік ерекшеліктерін және қолдану ережелерін, бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылғысын, ажарлағыш шарықтастардың маркаларын және қолдану ережелерін, кесуші құралдың геометриясын, термоөңдеу, қайнау, жетілдіру және орнату ережесін, шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін, кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін, электр техникасының негіздерін және плазмалы қондырғының, сору желдеткішінің және салқындату жүйесінің қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету ережесін, плазмалы қыздыруды орнатудың принциптік тәсімін және плазмотронды баптау тәсілдерін.

Жұмыс үлгілері.

1) Ұсақтау бандаждары – толықтай токарлық өңдеу;

2) Диаметрі 750 мм дейін жүгірткілер (домалағыштар) – толық токарлық өңдеу;

3) Диаметрі 750 мм артық канатты блоктар – толық токарлық өңдеу;

4) Диаметрі 2000 мм дейін тісті тәждер – толық токарлық өңдеу, дөңгелетіп ажарлау;

5) Диаметрі 1000 мм дейін еспе бұрандалар – калибр бойынша конустық тесіктерді таза қашап кеңіту;

6) Екі жартыдан тұратын ішпектер – толықтай токарлық өңдеу;

7) Сыртқы диаметрі 500-ден 1200 мм дейін тісті сфералық төлкелер - толық токарлық өңдеу;

8) Диаметрі 750 мм жоғары цилиндрлік төлкелер және фланецтер - толықтай токарлық өңдеу;

9) Диаметрі 2000 мм артық бу турбиналардың диафрагмалары – алдын ала өңдеу;

10) Көп тәжді бір жақты радиалды бу турбиналардың дискілерімен диафрагмалары – толықтай токарлық өңдеу;

11) Биіктігі 1000 мм жоғары қалыпты кокильдер – толық токарлық өңдеу;

12) Диаметрі 750 мм жоғары доңғалақтар – таза өңдеу және күпшектерді қашап кеңіту;

13) Турбиналардың сыртқы диаметрі 750-ден 2000 мм дейін тісті және жұмыс доңғалақтары – толық токарлық өңдеу;

14) Екі жартыдан тұратын аз түсірілетін сақиналар- толық токарлық өңдеу;

15) Қысатын (жұқа қабырғалы) сақиналар – күрделі пішінді өңдеу;

16) Шүмекті сақиналар – таза өңдеу;

17) Гидротурбиналардың жұмыс доңғалақтарының корпустары - алдын ала өңдеу;

18) Редукторлардың корпустары - жазықтықты қайрау, тесіктерді таза қашап кеңіту және соғылмаларды қашап кеңіту;

19) Диаметрі 750 мм жоғары маховиктер – толық өңдеу;

20) Диаметрі 1000 мм жоғары фильтрлердің ернеушелері - толықтай өңдеу;

21) Екі жартыдан тұратын кеме мойынтіректерінің құрсамалары - толықтай өңдеу;

22) Екі жартыдан тұратын кеме мойынтіректернің сырғымалы тіректері мен күпшектері - толықтай өңдеу;

23) Погондар - үстінен таза қайрау, диаметрі 5000 мм дейін ішкі тесікті қашап кеңіту және жүгірткі жолды қайрау;

24) Домна пештерінің пресс-қалыптары мен кіші конустары – толықтай өңдеу;

25) Тісті секаторлар – дөңгелетіп қайрау;

26) Үштен артық қондырма өлшемдері бар стакандар, төлкелер, сақиналар - толық өңдеу;

27) Станиналар – толық өңдеу;

28) Диаметрі 2000 мм дейін тостағандар - қайрау және плазмалы қыздыруды қолданып және қолданбай қысқартып кесу;

29) Сыртқы диаметрі 2000 мм дейін конустық тістегершіктер - плазмалы қыздыруды қолданып және қолданбай толықтай өңдеу;

30) Сыртқы диаметрі 2000 мм жоғары конустық тістегершіктер - алдын ала өңдеу;

31) Диаметрі 750-ден 2000 мм дейін цилиндрлік тістегершіктер, тегіс шкивтер, жиектер мен муфталар - плазмалы қыздыруды қолданып және қолданбай толықтай өңдеу;

32) Диаметрі 750-ден 2000 мм дейін сына белдікті беріліске арналған және канатты шкивтер – толық өңдеу.

529. Айналдырушы токарь 5-й разряд


Жұмыс сипаттамасы. Әр түрлі әмбебап токарлық айналмалы станоктарда 6-7 квалитет бойынша көп аралықта және оларды орнатумен күрделі бөлшектерді токарлық өңдеу. Екі берілісті қисық сызықты цилиндрлік бетімен қабысқан сыртқы және ішкі қисық сызықты бетті, сондай-ақ өңдеуге және өлшеуге қиын жерлері бар конустық бетті қайрау. Барлық пішінді бұрамаларды 6-7 квалитет бойынша кесу. Бұрыштамалардың, астарлардың, планкалардың көмегімен құрамды бекітпесі бар бөлшектерді орнату. Барлық жазықтықта индикатор бойынша бөлшектерді орнату. Сирек кездесетін токарлық айналмалы станоктарда күрделі ірі габаритті бөлшектерді токарлық өңдеу, оның ішінде қосарланған плазмалы-механикалық өңдеу әдісімен қиын өңделетін жоғары қоспалы және ыстыққа төзімді материалдардан жасалған бөлшектерді өңдеу бойынша көрсетілген жұмысты орындау.

Білуге тиіс: сирек кездесетін және басқа да күрделі айналмалы станоктардың конструктивтік ерекшеліктерін және дәлдікке тексеру ережесін, әмбебап әрі арнайы құрылғылардың конструкциясын, қолдану ережесін, плазмалы қыздыру қондырғыларының техникалық сипаттамасын және пайдалану ерекшеліктерін; орындалатын жұмыс шегінде металдарды кесудің негізгі теориясын, берілген квалитеттер мен параметрлерге жету тәсілдерін, түрлі кескіш құралдың геометриясын, конструкциясын, қайрау және жетілдіру ережесін, станоктың анықтамалығы мен паспорты бойынша кесу режимін айқындау ережесін.

Жұмыс үлгілері.

1) Тірек тәждері – толықтай өңдеу;

2) Диаметрі 2000 мм жоғары тісті тәждер - толықтай өңдеу, дөңгелетіп ажарлау;

3) Диаметрі 1000 мм жоғары тарақты бұрандалар-калибр бойынша конустық тесікті таза қашап кеңіту;

4) Екі жартыдан тұратын ішпектер – толықтай өңдеу;

5) Кеме мойынтіректерінің ішпектері, ажырамалы – толықтай өңдеу;

6) Сыртқы диаметрі 1200 мм жоғары тісті сфералық төлкелер - толық өңдеу;

7) Диаметрі 5000 мм дейін корпустық турбиналар мен сорғылардың бөлшектері – екі және одан артық қондырғыларда бірнеше өлшемді тесіктерді өңдеу;

8) Қуаттылығы 100 м/ватт жоғары бу турбиналардың диафрагмалары – толықтай өңдеу;

9) Сыртқы диаметрі 2000 мм жоғары бу турбиналардың тісті және жұмыс сақиналары – толық токарлық өңдеу;

10) Реттелетін тірек сақиналары-таяныш бұраманы кесіп және жылтырата отырып, толық өңдеу;

11) Домна пештерінің үлкен конустары – толық токарлық өңдеу;

12) Шүмекті аппараттардың корпустары мен дестелері – толықтай өңдеу;

13) Гидротурбиналардың, гидрожапқыштардың корпустық бөлшектері – толықтай өңдеу;

14) Шар, турбина және өзекше диірмендерінің шетжақты қақпалары – мойнақты жылтыра отырып, толық өңдеу;

15) Шпиндельдері бар планшайбалар, ірі айналмалы станоктардың суппорттары – толық токарлық өңдеу;

16) Погондар – үстінен таза қайрау, диаметрі 5000 мм жоғары ішкі тесікті қашап кеңіту және жүгірткі жолды қайрау;

17) Шар диірмендеріне арналған сфералық мойынтіректер – көшіргіштер бойынша сфераларды қашап кеңіту, қысқарта кесу, өңдеу;

18) Күрделі конфигурациялы пресс-қалыптар – толықтай токарлық өңдеу;

19) Центрифуга роторлары – толық өңдеу;

20) Корпусты ұсақтағыштың станиналары – толық өңдеу;

21) Руль күпшектері, румпельдер мен мортирлер - калибр бойынша конустық тесікті таза қашап кеңіту;

22) Сыртқы диаметрі 2000 мм жоғары конустық тістегершіктер – плазмалы қыздыруды қолданып және қолданбай толықтай өңдеу;

23) Диаметрі 2000 мм жоғары цилиндрлік тістегершіктер, шкивтер, жиектер, муфталар - плазмалы қыздыруды қолданып және қолданбай толықтай өңдеу;

24) Диаметрі 2000 мм жоғары сына белдікті беріліске арналған және канатты шкивтер – толық өңдеу;

25) Цилиндрлер мен престердің траверсалары – толық өңдеу;

26) Диаметрі 2000 мм жоғары тостағандар – плазмалы қыздыруды қолданып және қолданбай қайрау және қысқарта кесу.

530. Айналдырушы токарь 6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. 1-5 квалитет бойынша өңделетін көп шығыңқы, ойысты және фасонды беті бар деформацияланған күрделі жұқа қабырғалы бөлшектерді токарлық өңдеу. Арнайы құралмен және аспаппен түзетуді қажет ететін көп қайта орнатулармен құрамды бекітілетін бөлшектерді орнату. Әр түрлі пішінді және қадамды ірі, күрделі бұрамаларды кесу; бетті ажарлау және жылтырату. Күрделі, ірі габаритті бөлшектерді, бұйымдар мен тораптарды сирек кездесетін токарлық айналмалы станоктарда токарлық өңдеу, оның ішінде қосарланған плазмалы-механикалық өңдеу әдісімен қиын өңделетін, жоғары қоспаланған және ыстыққа төзімді материалдардан жасалған бөлшектерді өңдеу бойынша көрсетілген жұмыстарды орындау.

Білуге тиіс: сирек кездесетін және басқа да күрделі айналмалы станоктардың конструкциясын және дәлдікке тексеру ережесін; кескіш құралдың барлық түрінің құрылғысын, геометриясын және термоөңдеу, қайрау және жетілдіру ережесін; арнайы құралдар мен аспаптарды қолдана отырып, бірнеше жазықтықта бекіткіштерді орнату және күрделі бөлшектерді салыстыру тәсілін; кесудің және жоғары өндіруде станок пен құралды пайдаланудың тиімді режимін айқындау ережесін; күрделі жұмыстарды орындаумен байланысты есептеулердің ережесін.

Жұмыс үлгілері.

1) Шүмекті аппарат - аралығы бар жұқа қабырғалы конструкцияларды толықтай өңдеу;

2) Гидротурбиналар мен сорғылардың корпустық бөлектері - плазмалы қыздыруды қолданып және қолданбай, екі және одан артық қондырғыларда бірнеше өлшемді тесіктерді өңдеу;

3) Цилиндрлердің, газ компрессорлары мен гидравликалық пресстердің бөлшектері - плазмалы қыздыруды қолданып және қолданбай, тесіктерді қашап кеңіту, қысқарта кесу, қол жетпейтін жерлердегі бунақтарды қайрау;

4) Екі жақты көп тәжді радиалды бу турбиналардың дискілері – толықтай өңдеу;

5) Компрессорлардың корпустары – көп аралықпен (екі және одан артық қондырғылардан) толықтай өңдеу;

6) Дейдвудты сальниктердің корпустары – эскиздер бойынша толықтай өңдеу;

7) Жоғары параметрлі турбина цилиндріндегі қалақтар - әр түрлі конустық көлбеуі бар жиналған түрдегі конуста ажарлау;

8) Шүмекті аппарат дестесі - көп аралықпен екі және одан артық қондырғылардан толықтай өңдеу;

9) 16-метрлік айналмалы станоктың планшайбалары мен негіздері (планшайба төрт бөліктен және негіз жеті-сегіз сектордан) – толықтай қайрау;

10) Бу сепараторлары, реакторлардың корпустары – плазмалы қыздырумен толық токарлық өңдеу;

11) Жоғары қысымды турбиналардың цилиндрлері - қалақ бойынша пішінді бунақтарды қысқарта кесе отырып, таза өңдеу.

Жартылай автоматты токарь
531. Жартылай автоматты токарь 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Белгілі бөлшектерді өңдеу немесе кескіш құралдар мен әмбебап құрылғыларды қолдана отырып, жекелеген операцияларды орындау үшін бапталған токарлық жартылай автоматтарда 12-14 квалитет бойынша қарапайым бөлшектерді токарлық өңдеу.

Білуге тиіс: бір типті токарлық жартылай автоматтардың құрылғысын және жұмыс істеу принципін, едәуір кең таралған құрылғылардың атауын, міндетін және қолдану ережелерін, бақылау-өлшеу құралдарының құрылғысын, қалыпты және арнайы кескіш құралды; кескіш құралды қайрау және орнату ережесін, шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін, кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін, салқындатқыш және майлағыш сұйықтықтардың міндеті мен қасиетін.

Жұмыс үлгілері.

1) Диаметрі 50 мм дейін болттар, гайкалар, шпилькалар – толық токарлық өңдеу;

2) Диаметрі 100 мм дейін төлкелер, білікшелер және диаметрі 500 мм дейін бұрандалар – толық токарлық өңдеу;

3) Біріктіргіш муфталар – жасау;

4) Ірі габаритті сағаттардың жиектері - шетжақты және сыртқы бетін қайрау;

5) Диаметрі 200 мм дейін цилиндрлік тістегершіктер – толық токарлық өңдеу.

532. Жартылай автоматты токарь 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бапталған токарлық жартылай автоматтарда 8-11 квалитет бойынша күрделілігі орташа бөлшектерді токарлық өңдеу және цилиндрлік, конустық және фасонды бетті қайрау және жону бойынша операцияларды орындау. Станокты баптау, өңдеу және кесу режимдерінің технологиялық жүйелілігін белгілеу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін станоктардың құрылғысын және баптау ережесін, әмбебап әрі арнайы құрылғылардың құрылғысын және қолдану ережесін, бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының міндетін және қолдану ережелерін, металл мен кескіш құралға қарай кесу режимдерін, аспапты болаттан жасалған құралдың және қатты қорытпалардың немесе керамикалық пластинкаларымен жарақталған құралдың қайрау бұрыштарын және кесу қасиеттерін, шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін, кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін, өңделетін материалдардың негізгі қасиетін.

Жұмыс үлгілері.

1) Диаметрі 50 мм жоғары болттар, гайкалар, шпилькалар - толық токарлық өңдеу;

2) Роликті букстер – толық токарлық өңдеу;

3) Ұзындығы 3000 мм дейін көп сатылы біліктер – таза қайрау;

4) Төлкелер, білікшелер мен бұрандалар – толық токарлық өңдеу;

5) Тұйық гайкалар – бунақтарды қайрау, бұрғылау, жону, бұраманы кесу және сфераны қайрау;

6) Қалпақшалар – таза өңдеу;

7) Компрессорлы және май түсіргіш сақиналар - көшіргіш бойынша сыртқы бетін қайрау және бунақтарды жону.

8) Қол сағаттарының корпустық сақиналары – кішкене аяқтарды және цилиндрлік белдеушелерді қайрау;

9) Диаметрі 200 мм дейін мойынтірек сақиналары - пішін бойынша токарлық өңдеу;

10) Бұрғылар, плашкалар, бұрандаойғыштар, ұштама фрезалар - толық токарлық өңдеу;

11) Диаметрі 200-ден 500 мм дейін цилиндрлік және диаметрі 300 мм дейін конустық тістегершіктер – толық токарлық өңдеу;

12) Диаметрі 70 мм дейін штангалар – ұштамаларын үшкірлеу.

533. Жартылай автоматты токарь 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Кескіш құрал мен әмбебап құрылғыларды қолдана отырып, түрлі фасон жұмыстарын қоса, көп аралықпен әр түрлі конструкциялы токарлық жартылай автоматтарда 7-10 квалитет бойынша күрделі бөлшектерді токарлық өңдеу. Станоктарды баптау, құрал мен құрылғыларды орнату және реттеу. Жартылай автоматты баптау үшін тістегершіктер жиынтығын пайдалану.

Білуге тиіс: әр түрлі конструкциялы токарлық жартылай автоматтың құрылғысы мен кинематикалық тәсімін және дәлдікке тексеру ережесін, әмбебап әрі арнайы құрылғылардың конструктивтік ерекшеліктерін және қолдану ережесін, бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылғысын, кескіш құралдың геометриясын, термоөңдеу, қайрау және жетілдіру ережесін, шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін, кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін.

Жұмыс үлгілері.

1) Қозғалтқыштардың иінді біліктері – түпкі мойнақтарды қайрау;

2) Ұзындығы 3000 мм жоғары көп сатылы біліктер – таза өңдеу;

3) Цилиндр гильзалары – таза өңдеу;

4) Сағат бөлшектері – алмасты қайрау;

5) Металл өңдейтін станоктардың әмбебап патрондарына арналған дискілер – толық токарлық өңдеу;

6) Маховиктердің картерлері – маховикті бекіту жағынан картер корпусын жону және фланецті қашау;

7) Диаметрі 200 мм жоғары мойынтірек сақиналары – пішін бойынша токарлық өңдеу;

8) Отын сорғысы секцияларының корпустары – тесіктері бұрғылау, үңгілеу, бұраманы кесу және шетжақты қысқарта кесу;

9) Шарлар және шар бірікпелері – сфераны қайрау;

10) Диаметрі 500 мм жоғары цилиндрлік және диаметрі 300 мм жоғары конустық тістегершіктер – толық токарлық өңдеу;

11) Диаметрі 70 мм жоғары штангалар - ұштамаларды станоктарда үшкірлеу.

534. Жартылай автоматты токарь 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Әр түрлі конструкциялы токарлық жартылай автоматтарда 7-10 квалитет бойынша алмастан жасалған күрделі бағалы құралдарды токарлық өңдеу.

Білуге тиіс: әр түрлі конструкциялы токарлық жартылай автоматтардың құрылғысы мен кинематикалық тәсімін және дәлдікке тексеру ережесін, әмбебап әрі арнайы құрылғылардың конструктивтік ерекшеліктерін және қолдану ережесін, бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылғысын, кескіш құралдың геометриясын, термоөңдеу, қайрау және жетілдіру ережесін, алмастан жасалған күрделі, бағалы құралды жасауға қойылатын талаптарды, шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін, кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін.

Жұмыс үлгілері.

1) Шығыңқы алмастары бар алмасты қашаулар – толық токарлық өңдеу;

2) Алмастан жасалған бұрғы коронкалары – толық токарлық өңдеу.

Қырнаушы токарь


535. Қырнаушы токарь 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Әмбебап жонғыш станоктарда және кескіш құрал мен әмбебап құрылғыларды қолдана отырып, терең бұрғылау станоктарында қарапайым бөлшектері 12-14 квалитет бойынша өңдеу. Жоғары білікті жонушы токарьдің басшылығымен шпиндель диаметрі 200-ден 250 мм дейін жонғыш станоктарды басқару.

Білуге тиіс: бір типті жонғыш станоктардың құрылғысын және жұмыс істеу принципін, едәуір кең таралған әмбебап әрі арнайы құрылғылардың атауын, міндетін және қолдану шарттарын, бақылау-өлшеу құралдарының құрылғысын, кескіш құралдардың бұрыштарын және қайрау, орнату ережесін, шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін, кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін, салқындатқыш және майлағыш сұйықтықтың міндеті мен қасиетін.

Жұмыс үлгілері.

1) Балғалардың соққыштары – ойықтарды фрезерлеу;

2) Ашалар, сырғалар, тартымдар, кронштейндер – тесіктерді жону;

3) Ұзындығы 1300 мм дейін бөлшектер – тура сызықты жиектер мен фаскаларды фрезерлеу;

4) Дайындамалар – шетжақтарды қысқарта кесу және орталықтандыру;

5) Рычагтар – тесіктерді алдын ала жону;

6) Қарапайым фланецтер – шетжақтарды кесе отырып, тесіктерді алдын ала жону;

7) Арматура фланецтері – тесіктерді контур бойынша бұрғылау;

8) Қарапайым фундаменттер – жазықтықты өңдеу;

9) Тістегершіктер, доңғалақтар, жүгірткілер – тесіктерді бұрғылау және жону.

536. Қырнаушы токарь 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Кескіш құрал мен әмбебап құрылғыларды қолдана отырып, әмбебап әрі координатты-жонғыш станоктарда 8-11 квалитет бойынша және арнайыландырылған станоктарда 7-10 квалитет бойынша, сондай-ақ қарапайым бөлшектерді өңдеу үшін бапталған белгілі бір типті алмас-жонғыш станоктарда қарапайым бөлшекті өңдеу. Екі жазықтықта дәл салыстырумен станок үстелінде бөлшектер мен тораптарды орнату. Шпиндель диаметрі 250 мм және жоғары жонғыш станоктарды басқару.

Білуге тиіс: әр түрлі типті жонғыш станоктардың құрылғысын, баптау және дәлдікке тексеру ережесін, жоғары білікті жонушы токармен бірлесіп қызмет көрсетілетін ірі габаритті станоктарды басқару ережесін, әмбебап әрі арнайы құрылғылардың құрылғысын және қолдану ережесін, бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының міндеті мен қолдану ережесін, кескіш құралдың геометриясын, термоөңдеуді кескіш құралды қайрау және орнату ережесін, шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін, кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін, өңделетін материалдардың негізгі қасиетін.

Жұмыс үлгілері.

1) Металл кескіш станоктардың артқы тұғырлары – бұрғылау және алдын ала жону;

2) Штампылағыш балғалардың тұғырлары – тастарға арналған ойықтарды фрезерлеу;

3) Қозғалтқыш цилиндрлерінің блоктары – гильза және ішпектер бойынша тесіктерді алдын ала жону;

4) Экскаватор эксцентриктерінің бугельдері – жону және қысқарта кесу;

5) Біліктер – орталықтандырудан шетжақтарды фрезерлеу;

6) Илем орнағы жастықшаларының ішпектері – тоңазытқыш астындағы қуыстарды жону;

7) Кеме мойынтіректерінің ішпектері - ажырама жазықтығының бұрышына орналасқан ұяшықтар мен тесіктерді бұрғының 10 диаметріне дейін тереңдікке бұрғылау;

8) Ұзындығы 1300 мм жоғары бөлшектер – тура сызықты жиектер мен фаскаларды фрезерлеу;

9) Ұзындығы 1300 мм дейін бөлшектер мен дайындамалар - қисық сызықты жиектер мен фаскаларды өңдеу;

10) Күрделілігі орташа бөлшектер – эллипсті ойықтар мен қылталарды жону, фаскаларды өңдеу;

11) Қылталары мен тесіктері бар фигуралық бөлшектер – тесіктерді жону, контур бойынша фрезерлеу және фаскаларды өңдеу;

12) Резервуарлардың табандары – тесіктерді фаскалармен жону;

13) Созғыш орнақтардың жұлдызшалары – тесіктерді бұрғылау және жону;

14) Мойынтіректерге арналған сақиналар - тесіктерді жону және шетжақтарды қысқарта кесу;

15) Диаметрі 1000 мм дейін сақиналар мен фланецтер - тесіктерді бұрғылау, бұрғылап кеңіту;

16) Бір немесе екі жазықтықта тесіктері бар кондукторлар - тесіктерді жону;

17) Мойынтірек корпустары - алдын ала жону және шетжақтарды қысқарта кесу;

18) Редукторлардың корпустары – тесіктерді мойынтірек бойынша алдын ала жону.

19) Қақпалар, табандар, қабықшалар, секциялар – терезелерді белгі және берілген координат бойынша бұрғылау, жону, фрезерлеу;

20) Дөңгелек және тікбұрышты терезелері бар матрицалар – бұрышты бақылау тесіктерін бұрғылау және жону;

21) Мортирлер – алдын ала жону;

22) Біріктіргіш муфталар – тесіктерді алдын ала жону;

23) Илем орнағының пышақтары, рычагтар, тесік диаметрі 100 мм дейін қисық тиектері – тесіктерді бұрғылау және жону;

24) Төрт жұдырықшалы қысатын станокты патрондар – жону;

25) Бөлгіштер - терезелерді белгі және берілген координат бойынша бұрғылау, жону және фрезерлеу;

26) Анкер плиталары – фрезерлеу және бұрғылау;

27) Пресс-қалыптар, күрделі емес шаблондар және автоматтарға арналған жұдырықшалар – жону;

28) Трактордың шынжыр табан арбашықтарының рамалары – жартылай ось бойынша тесіктерді жону;

29) Ауыспалы сыртқы қимасы бар күпшектер – белгі бойынша сыртқы контурды фрезерлеу;

30) Суппорттар, үлкен емес, ірі станоктардың тіреулері, ірі станоктардың станиналары – тесіктерді жону;

31) Жапқыш тарелкалары – тесіктерді бұрғылау және жону;

32) Порталды крандардың арбашықтары - аунақ осьтеріне арналған тесіктерді жону;

33) Үштіктер, иіндер, келтеқұбырлар – қысқарта кесу және жону;

34) Күрделі бөлшектерде ауыспалы фаскалар – тура сызықты жиектерді фрезерлеу;

35) Фундаменттер – жазықтықты өңдеу;

36) Шатундар – үлкен және шағын қалпақшаны алдын ала жону.

537. Қырнаушы токарь 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Күрделі бөлшектер мен тораптарды 7-10 квалитет бойынша көп аралықпен және қондырғылармен әмбебап, координатты-жонғыш станоктарда, сондай-ақ әр түрлі типті алмас-жонғыш станоктарда өңдеу. Паралеллді орналасқан тесіктердің ортасы арасындағы қашықтықты, перпендикуляр шақтамаларын немесе осьтерді орналастырудың берілген тораптарын дәл сақтауды талап ететін бөлшектерді өңдеу. Бір уақытта бір және екі броштангты және ұшатын суппортты қолдана отырып, жонуекі жазықтықта орналасқан бірнеше тесіктерді жону кезінде координат осьтерінің орнын айқындау. Станоктарды баптау. Шпиндель диаметрі 200 мм жоғары жонғыш станоктарды басқару.

Білуге тиіс: әр түрлі типті жонғыш станоктардың құрылғысын, кинематикалық тәсімін және дәлдікке тексеру ережесін, әмбебап әрі арнайы құрылғылардың конструктивтік ерекшеліктерін және қолдану ережесін, бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылғысын, кескіш құралдың геометриясын, термоөңдеу, қайрау және жетілдіру ережесін, арнайыландырылған броштангтерді баптау тәсілдерін, шақтмалар мен қондырмалардың жүйесін, кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін.

Жұмыс үлгілері.

1) Токарлық бұранда кескіш станоктардың артқы тұғырлары – пиноль бойынша тесіктерді жону;

2) Штампылағыш балғалардың тұғырлары мен бағыттағыштары – орталық тесіктерді жону және параллелдерді фрезерлеу;

3) Консольды балкалар – есіктерді белгілеу, бұрғылау және жону;

4) Орташа және үлкен кеме рульдерінің баллерлері, аралық кеме біліктері – кілтек ойықтарды фрезерлеу;

5) Иінді біліктер - шатун мойнақтарында тесіктерді жону, фланецте тесіктерде бұрғылау және ұңғылау;

6) Кеме біліктері - фланецтерде біріктіргіш болттар үшін конустық тесіктерді бұрғылау, үңгілеу және ұңғылау;

7) Диаметрі 2000 мм дейін тарақты бұрандалар – тесіктерді бұрғылау және жону;

8) Мортир төлкелері – толықтай жону;

9) Гидротурбиналардың жұмыс доңғалақтарының төлкелері – алдын ала жону;

10) Корпустың конустық және сфералық қалпақшалары - әр түрлі жазықтықта тесіктер мен қылталарды бұрғылау, жону, берілген координат бойынша осьтерден шетжақтарды қысқарта кесу;

11) Револьверлік қалпақшалар – тесіктерді жону;

12) Ұзындығы 1300 мм жоғары қисық сызықты жиектері бар күрделі бөлшектер – жиектер мен фаскаларды фрезерлеу;

13) Табандар - әр түрлі жазықтықта берілген координат бойынша тесіктерді бұрғылау, жону, ұңғылау;

14) Жаппалар - төлкелерді престеу бойынша тесіктерді жону және престеуден кейін төлкелерді жону;

15) Гидротурбина статорларының колонналары – толықтай жону;

16) ДУИМ корпустары – алдын ала жону;

17) Жапқыштардың күрделі, пісірілген және штампыланған корпустары – шетжақтарды қысқарта отырып, тесіктер мен қалталарды жону;

18) Корпустар мен қақпалар – үстел ұзындығына броштангтерді қолдана отырып, қарама-қарсы орналасқан тесіктерді жону;

19) Диаметрі 400 мм дейін тірек мойынтіректерінің корпустары – толықтай жону;

20) Станоктардың алдыңғы тұғыр корпустары - алдын ала жону, шетжақтарды фрезерлеу.

21) Редукторлардың корпустары – жону және шетжақтарды қысқарта кесу;

22) Диаметрі 300 мм дейін бір жазықтықта орналасқан екі және одан артық осьтері бар редукторлардың корпустары – жону;

23) Отын сорғыларының корпустары, дизельдердің гильзалары – алмасты жону;

24) Диаметрі 1000 мм жоғары фильтр корпустары – толықтай жону;

25) Диаметрі 100 мм жоғары қосиіндер – тесіктерді жону;

26) Тесіктердің осьтері жанасатын кронштейндер – таза жону;

27) Көпір крандарының ілмектері – жону;

28) Матрицалар, кондукторлардың құрылғылары мен плиталары – әр түрлі жазықтықта орналасқан тесіктерді жону;

29) Домна пештеріне арналған келтеқұбырлар – сфераны жону және қысқарта кесу;

30) Бөлгіштер, кронштейндер - әр түрлі жазықтықта берілген координат бойынша тесіктердің бұрғылау, жону, ұңғылау;

31) Білік диаметрі 400 мм дейін кеме тірек мойынтіректері – толықтай жону;

32) Пресс-қалыптар, күрделі кондукторлар - әр түрлі жазықтықта орналасқан тесіктерді жону;

33) Соқпа машиналардың станиналары, жұмыс және тістегершік кілеттерінің станиналары, блюминг қайшыларының станиналары – алдын ала жону, фрезерлеу және қысқарта кесу;

34) Турбогенераторлардың статорлары – жону;

35) Фрезерлеу, бұрғылау станоктарының және қалыптаушы машиналардың үстелдері - Т-секілді ойықтарды таза жону және фрезерлеу;

36) Еспе мұзды бұрандалардың күпшектері – қалақ бойынша қырнаулар мен ұяшықтарды толықтай жону;

37) Руль күпшектері, румпельдер және басқа да бөлшектер – ішкі кілтекті ойықтарды фрезерлеу;

38) Форштевндер, ахтерштевндер – құлыптарды, ойықтарды фрезерлеу және тесіктерді бұрғылау;

39) Фундаменттер – екі немесе одан артық жазықтықта өңдеу;

40) Орталық арасындағы арақашықтық 1800 мм дейін дизель, соқпа машиналардың, бас бу машиналарының шатундары – толықтай жону;

41) Тежегіш шкивтер, муфталар – конустық тесіктерді жону;

42) Роторлы, статорлы және полюсты темірлерді шабуға арналған штампылар - матрицалар мен пуансондарды белгілеу, бұрғылау, жону, жиектерді фрезерлеу;

43) Штампылар – қисық сызықты жиектерді фрезерлеу.

538. Қырнаушы токарь 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Әмбебап жонғыш станоктарда 6-7 квалитет бойынша өлшемді сақтай отырып, өңделетін көп сыртқы және ішкі беті, өңдеуге және өлшеуге қиын жерлері бар, күрделі бөлшектер мен тораптарды өңдеу. Тіреулерді, борштангтерді, ұшатын суппорттар мен фрезерлі қалпақшаларды қолдана отырып, бірнеше жазықтықта салыстырумен бөлшектер мен тораптарды өңдеу. Әр түрлі пішінді және қадамды бұрамаларды кесу. Индикаторлар мен микрометриялық плиткалардың көмегімен координат бойынша орын ауыстырумен құрылғыларда және онсыз тесіктерді координатты жону. Күрделі бөлшектерде 6 квалитет бойынша барлық типті алмас-жонғыш станоктарда тесіктерді жону.

Білуге тиіс: әмбебап жонғыш станоктардың және әр түрлі әмбебап және арнайы құрылғылардың конструктивтік ерекшеліктерін және дәлдікке тексеру ережесін, әр түрлі кескіш құралдың геометриясын, термоөңдеу, қайрау және жетілдіру ережесін және осы факторлардың өңдеудің тазалығы мен дәлдігіне әсерін, бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарын теңшеу және реттеу ережесін, станоктың анықтамалығы мен паспорты бойынша кесу режимін айқындау ережесін.

Жұмыс үлгілер.

1) Шүмекті аппарат – тесіктерді, бунақтарды, ойықтарды, алаңшаларды, қалталарды толықтай жону және бұраманы кесу;

2) Жоғары қысымды барабандар – жону;

3) Қозғалтқыш цилиндрлерінің блоктары – толықтай жону;

4) Кеменің еспе біліктері – кілтекті ойықтарды фрезерлеу;

5) Диаметрі 2000 мм жоғары тарақты бұрандалар – қалақтарда тесіктерді бұрғылау және жону;

6) Кеменің гидрошаңғылары, тұмсық қалқандардың кронштейндері – тесіктерді жону;

7) Диаметрі 2000 мм жоғары бу турбиналарының диафрагмалары – ажырамаларды қырып фрезерлеу және толықтай жону;

8) Калибрлер және әр түрлі құрылғылар – тесіктерді белгілеу, бұрғылау және жону;

9) Илем орнақтарының тегершік кілеттері – құйғаннан кейін ішпектерді жону;

10) Мортирлердің конустық сақиналары – білік өткізгіш сымдардың монтаждау жерінен замерлер бойынша тесіктерді толықтай жону;

11) Кондукторлары - әр түрлі жазықтықта орналасқан тесіктерді жону;

12) Корпустар, қалпақшалар, конустық және сфералық тораптар - жазықтықты, құлыптарды фрезерлеу, берілген координат бойынша шетжақтарды қысқарта отырып, тесіктерді жону;

13) Компрессорлардың корпустары – бұраманы кесу тесікті толықтай жону;

14) Көп шпиндельді қалпақшалардың корпустары - тербеліс мойынтіректерінің престеу бойынша тесіктерді жону;

15) Диаметрі 400 мм жоғары тірек мойынтіректерінің корпустары – толықтай жону;

16) Металл кескіш станоктардың алдыңғы тұғырларының корпустары – тесіктерді толықтай жону;

17) Қалтқылы клапандардың корпустары – толықтай жону;

18) Тесіктердің жанасатын осьтері бар редуктор корпустары – мойынтірек бойынша тесіктерді толықтай жону;

19) Турбосорғылардың және редуктор сорғыларының корпустары – таза жону;

20) Ірі гидроцилиндрлердің қақпалары, бағыттағыш рульдердің кронштейндері – тесіктерде бұраманы жону және кесу;

21) Дизель цилиндрлерінің қақпалары – клапан ұяшықтарын жону, шетжақтарды қысқарта кесу және тесіктерді ұңғылау;

22) Штампылардың, пресс-қалыптардың, қысымда құятын қалыптардың күрделі матрицалары – жұмыс корпусын белгілеу, бұрғылау және жону;

23) Электр панельдері – тесіктерді бұрғылау, жону, ойықтарды ұңғылау;

24) Руль қырқұралы – жону;

25) Кеменің білік диаметрі 400 мм жоғары тірек мойынтіректері - толықтай жону;

26) Кеменің білік диаметрі 400 мм дейін тура мойынтіректері – толықтай жону;

27) Көп ұяшықты пресс-қалыптар - әр түрлі жазықтықта орналасқан тесіктерді жону;

28) Көп орынды құрылғылар және көп пуансонды штампылар – жону;

29) Көпір электр крандары арбашықтарының рамалары – жону;

30) Соқпа машиналардың, қайшылардың, блюмингтің жұмыс және тістегершік кілеттерінің станиналары – толық токарлық өңдеу;

31) Гидротурбиналардың статорлары – жіктерді фрезерлеу;

32) Рульдердің ұзындығы 300 мм дейін күпшектері – конустық тесіктерді жону;

33) Ірі токарлық, фрезерлік және басқа станоктардың суппорттары – жону және қысқарта кесу;

34) Гидрокөтергіштердің цилиндрлері – толық токарлық өңдеу;

35) Бу машиналарының цилиндрлері – толықтай жону;

36) Таратқыш жұдырықшалар мен көшіргіштерге арналған күрделі шаблондар мен лекалолар – белгілеу, бұрғылау және жону;

37) Штампылау балғаларының төстері – «айырқұйрық» ойықтарын жону және фрезерлеу;

38) Орталарының арасы 1800 мм жоғары арақашықтығы бар бас бу машиналарының шатундары – толықтай жону;

39) Қосиін-шатун механизімінің цапфтарына арналған қосарланған тесіктері бар порталды кран тістегершіктері – тесіктерді жону;

40) Шкалалар мен и нониустар – белгілеу және дәл ізікшелерді салу;

41) Диаметрі 1000 мм дейін шарнир блюингтерінің шпиндельдері – жону және қысқарта кесу.

539. Қырнаушы токарь 6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Әр түрлі типті және конструкциялы жонғыш станоктарда 1-5 квалитет бойынша көп аралықпен және қондырғылармен, өңдеуге және өлшеуге қиын жерлері бар, содай-ақ орнату кезінде әр түрлі жазықтықта құрамды бекітуді және дәл салыстыруды қажет ететін күрделі эксперименталды және бағалы бөлшектер мен құралды өңдеу. Индикаторлар мен микроскопты плиткалардың көмегімен координат бойынша жылжып, құрылғысыз тесіктерді координатты жону. Тіреулерді, броштангтерді, ұшатын суппорттар мен фрезерлі қалпақшаларды қолдана отырып, бөлшектер мен тораптарды өңдеу. әр түрлі конструкциялы бұрама суппорттарды қолдана отырып, күрделі бұрамаларды кесу. Күрделі ірі габаритті бөлшектер мен тораптарды, сондай-ақ деформацияланған жұқа қабырғалы бөлшектерді сирек кездесетін жонғыш станоктарда өңдеу.

Білуге тиіс: жонғыш станоктардың конструкциясын және дәлдікке тексеру ережесін, бекітуді орнату және күрделі бөлшектер мен бұған қажетті әмбебап арнайы құрылғыларды салыстыру тәсілін, ескіш құралдың барлық түрінің құрылғысын, геометриясын және термоөңдеу, қайрау және жетілдіру ережесін.

Жұмыс үлгілері.

1) Сегіз және одан артық цилиндрлік қозғалтқыштардың блоктары – гильза және иінді білік бойынша жону;

2) Біліктер бар ірі су турбиналардың доңғалақтары, жиналған түрде - біріктіргіш болттар бойынша тесіктерді жону;

3) Ірі су турбиналарының жұмыс доңғалақтары - жұмыс қалақтары бойынша жону;

4) Тез жүретін көп осьті редукторлардың корпустары – 6-7 ось бойынша жону;

5) Қуатты ауа үрлегіштердің корпустары – тесіктерді толықтай жону;

6) Ірі габаритті станоктардың алдыңғы тұғырларының корпустары - толықтай жону;

7) Кеменің диаметрі 800 мм жоғары арнайы типті таяныш мойынтіректері-толықтай жону;

8) Кеменің диаметрі 400 мм жоғары таяныш мойынтіректері – толықтай жону;

9) 0,02 мм дейін ортааралық арақашықтық сақталған гидротурбиналардың жұмыс доңғалақтарының сырғалары – толықтай жону;

10) Табақ түзеткіш машиналардың көп білікті (елу білікті) станиналары – жазықтықты фрезерлеу және тесіктерді жону;

11) Дейдвудты трубалар – жону;

12) Блюмингтердің диаметрі 1000 мм жоғары шарнирлі шпиндельдері – жону және қысқарта кесу.

Токарь-револьверші


540. Токарь-револьверші 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бөлшектерді 12-14 квалитет бойынша кескіш құрал мен әмбебап құрылғыларды қолдана отырып, токарлық-револьверлік станоктарда және 8-11 квалитет бойынша белгілі бөлшектерді өңдеу немесе жекелеген операцияларды орындау үшін бапталған станоктарда токарлық өңдеу. Сыртқы және ішкі үшбұрышты әрі тікбұрышты бұрамаларды бұрандаойғыштар мен плашкалармен кесу.

Білуге тиіс: бір типті токарлық-револьверлік станоктардың құрылғысын және жұмыс істеу принципін, едәуір кең таралған құрылғылардың атауын, міндетін және қолдану ережесін, бақылау-өлшеу құралдарының құрылғысын, кескіш құралдың негізгі бұрышын, қайрау және орнату ережесін, шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін, кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін, салқындатқыш және майлағыш сұйықтықтың міндеті мен қасиетін.

Жұмыс үлгілері

1) Болттар, бұрандалар, тығындар, шпилькалар – толық токарлық өңдеу;

2) Тегіс және сатылы білікшелер – толық токарлық өңдеу;

3) Диаметрі мен ұзындығы 100 мм дейін тегіс және кертпек төлкелер – токарлық өңдеу;

4) Бұрама диаметрі 24 мм дейін гайкалар мен бақылау гайкалар – толық токарлық өңдеу;

5) Бұрандаойғыштар (бұраманы кеспей), ұңғылар, цилиндрлік сағасы бар бұрғылар – ажарлауға арналған әдіппен токарлық өңдеу.


541. Токарь-револьверші 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бөлшектерді 8-11 квалитет бойынша кескіш құрал мен әмбебап құрылғыларды қолдана отырып, токарлық-револьверлік станоктарда және 7-8 квалитет бойынша белгілі бөлшектерді өңдеу және жекелеген операцияларды орындау үшін бапталған станоктарда токарлық өңдеу. Станокты баптау.

Білуге тиіс: токарлық-револьверлік станоктардың құрылғысын, баптау және дәлдікке тексеру ережесін, әмбебап әрі арнайы құрылғылардың құрылғысын және қолдану ережесін, аспапты болаттан немесе қатты қорытпалардың не керамиканың пластиналарынан жасалған кескіш құралдың геометриясын, қайрау және орнату ережесін, шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін, кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін, өңделетін материалдардың негізгі қасиетін.

Жұмыс үлгілері

1) Тежегіш барабандары –сыртқы қайрау, конусты жону, қайрау және шетжақты қысқарта кесу;

2) Диаметрі мен ұзындығы 100 мм бас және кертпек төлкелер – толық токарлық өңдеу;

3) Бұрама диаметрі 24 мм жоғары гайкалар мен бақылау гайкалары – толық токарлық өңдеу;

4) Кесінді ұзындығы 50 мм дейін суппортты гайкалар – бұраманы қысқарта кесу, бұрғылау, жону және кесу;

5) Фасон, арматура крандары – шетжақты қысқарта кесу, бұраманы бұрғылау және кесу;

6) Диаметрі 200 мм дейін лабиринтті бунақтары бар қақпалар, сақиналар – толық токарлық өңдеу;

7) Жонғыш бұрамалардың түзетушілері – толық токарлық өңдеу;

8) Дөңгелек плашкалар – бұраманы кесе отырып, токарлық өңдеу;

9) Фигуралық тұтқалар мен тұтқа саптар – толық токарлық өңдеу;

10) Фланецтер, маховиктер, шкивтер – толық токарлық өңдеу;

11) Барлық түрдегі фрезалар, ұңғылар, үңгілер – токарлық өңдеу;

12) Барлық өлшемдегі футоркалар, тік үштіктер, ауыспалы бұрыштықтар – толық токарлық өңдеу;

13) Қысатын және станокқа құлап тұратын цангалар – ажарлауға арналаған әдіппен токарлық өңдеу;

14) Радиусы 100 мм дейін шарлар және шар бірікпелері – шаблон бойынша қайрау және жону;

15) Цилиндрлік тістегершіктер, диаметрі 500 мм дейін тегіс және сына белдікті беріліске арналған, диаметрі 300 мм дейін конустық және бұрамдық шкивтер – толық токарлық өңдеу;

16) Конустық штифттер – толық токарлық өңдеу;

17) Құбырлдарды біріктіруге арналған штуцерлер – бұраманы қайрау, қысқарта кесу, бұрғылау, жону, кесу.


542. Токарь-револьверші 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Күрделі бөлшектерді 7-10 квалитет бойынша кескіш құрал мен әмбебап құрылғыларды қолдана отырып, әр түрлі конструкциялы токарлық-револьверлік станоктарда токарлық өңдеу. Сыртқы және ішкі екі рет кіретін үшбұрышты, тікбұрышты, жартылай дөңгелек трапецеидалды бұрамаларды кесу.

Білуге тиіс: әр түрлі типті токарлық-револьверлік станоктардың құрылғысы мен кинематикалық тәсімін және оларды дәлдікке тексеру ережесін, әмбебап әрі арнайы құрылғылардың конструктивтік ерекшеліктерін және қолдану ережесін, бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылғысын, кескіш құралды термоөңдеу, қайрау және жетілдіру ережесін, станоктың анықтамалығы мен паспорты бойынша кесу режимдерін айқындау ережесін, шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін, кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін.

Жұмыс үлгілері

1) Микрометрлердің бұрандалары – толық токарлық өңдеу;

2) Кесіндінің ұзындығы 50 мм жоғары суппортты гайкалар – бұраманы қысқарта кесу, бұрғылау, жону және кесу;

3) Металл кескіш станоктардың әмбебап патрондарына арналған дискілер – шетжақ бойынша спиральді кесе отырып, толық токарлық өңдеу;

4) Радиусі 100 мм жоғары шарлар және шар бірікпелері – шаблон бойынша жону;

5) Цилиндрлік тістегершіктер, диаметрі 500 мм жоғары тегіс және сына белдікті беріліске арналған, диаметрі 300 мм жоғары конустық және бұрамдық шкивтер – толық токарлық өңдеу;

6) Мойынтірек қалқандары – толық токарлық өңдеу.

Фрезерлеуші


543. Фрезерлеуші 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Кескіш құрал мен әмбебап құрылғыларды қолдана және технологиялық картаға немесе шебердің нұсқауына сәйкес өңдеу мен кесу режимінің жүйелілігін сақтай отырып, 12-14 квалитет бойынша қарапайым бөлшектерді көлденең, тік және көшіргіш фрезерлік станоктарда фрезерлеу. Қырларды, тіліктерді, тиектерді, радиустер мен жазықтықтарды фрезерлеу бойынша операцияларды орындау. Белгілі бөлшектерді өңдеу және операциялар үшін бапталған арнайыландырылған станоктарда немесе өлшемдік кескіш құралдар мен арнайы құрылғыларды қолдана отырып, әмбебап жабдықтарда 8-11 квалитет бойынша ине-платина бұйымдарының қарапайым бөлшектерін өңдеу. Бөлшектерді күрделі емес салыстырумен арнайы құрылғыларда және станок үстелінде орнату. Жоғары білікті фрезерлеушінің басшылығымен үстелі ұзындығы 10000 мм дейін көп шпинделі көлденең фрезерлеу станоктарын басқару.

Білуге тиіс: бір типті фрезерлі станоктардың құрылғысын және жұмыс істеу принципін, өңделетін материалдардың атауын, таңьалануын және негізгі қасиеттерін, едәуір кең таралған құрылғылардың атауын, міндетін және қолдану шарттарын, бақылау-өлшеу құралдарының құрылғысын, фрезалар түрі және олардың негізгі бұрыштарын, салқындатқыш сұйықтық пен майлардың міндеті мен қасиеттерін, шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін, кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін.

Жұмыс үлгілері

1) Симметриялық жолақбульбалы пішіннен жасалған балкалар – фрезерлеу;

2) Болттар, гайкалар, тығындар, штуцерлер, крандар – қырларды толық фрезерлеу;

3) Ұзындығы 500 мм дейін біліктер, осьтер – тура және тұйық кілтекті ойықтарды фрезерлеу;

4) Ашалар мен кронштейндер – ойықтарды фрезерлеу;

5) Диаметрі 150 мм дейін төлкелер – ойықтарды белгі бойынша фрезерлеу;

6) Төлкелер – бунақтарды фрезерлеу;

7) Тәжді гайкалар – шплинт үшін ойықтарды фрезерлеу;

8) Ұзындығы 1500 мм дейін бөлшектер – тура сызықты жиектерді, фаскалар мен плактаушы қабаттың шапқыларын фрезерлеу;

9) Металл конструкцияларының шағын габаритті бөлшектері – фрезерлеу;

10) 560 x 500 мм жоғары емес өлшемдердің бөлшектері – жазықтықты фрезерлеу;

11) Әр түрлі пішін дайындамалары – бөлшектерге кесу;

12) Гайкалы, шетжақты кілттер – квадратты немесе алты қырлы ашаны фрезерлеу;

13) Кницалар, пластмасса бракеттері – белгі бойынша фрезерлеу;

14) Иллюминаторлардың корпустары мен қақпалары – құлақша мен ойықтарды фрезерлеу;

15) Клапан корпустары – фланец контурын фрезерлеу;

16) Кронштейндер, рычагтар, тартымдар, штангалар-жазықтықты фрезерлеу;

17) Пластмасса бұрандаларының қалақтары-күпшектерді алдын ала өңдеу;

18) Қолды және машиналы бұрандаойғыштар - өзекшелі бунақтарды фрезерлеу;

19) Муфталар, стакандар, фасонды ашалар, фланецтер – контурды белгі бойынша фрезерлеу;

20) Өлшегіш тіреулердің ұштамалары – жазықтықтар мен сопақ тесіктерді фрезерлеу;

21) Жиынтықты фрезалар мен бұрандаойғыштардың пышақтары- ажарлау бойынша әдіппен контурды және жазықтықты фрезерлеу және бұдырлықты фрезерлеу;

22) Бұрауыштар – шанышқыны фрезерлеу;

23) Диаметрі 50 мм және ұзындығы 250 мм дейін саусақтар, осьтер - тіліктерді кілт және бұрауыш бойынша фрезерлеу;

24) Ілмектер –шарнирлерді фрезерлеу;

25) Сағаттардың платиналары мен көпірлері-фаскалар мен қасқалшаларды фрезерлеу;

26) Дөңгелек плашкалар, бұрамалы және тегіс ысқыштар – кесілген ойықты фрезерлеу;

27) Кеме мойынтіректерінің таяныш жастықшалары – белгі бойынша секторға кесу;

28) Кеме мойынтіректерінің таяныш жастықшалары – контур бойынша фрезерлеу;

29) Астарлар – шетжақтар мен қиықтарды фрезерлеу;

30) Диаметрі 4 мм жоғару тік тісті цилиндрлік ұңғылар-тістерді фрезерлеу;

31) Кингстон рамалары – контурды фрезерлеу;

32) Токарлық станоктардың кескіш ұстағыштары – толықтай фрезерлеу;

33) Токарлық, сүргілеуші, ұсатушы және автоматты кескіштер- пластинкалар бойынша ұяшықтарды және тірек жазықтықтарын фрезерлеу;

34) Диаметрі 1-ден 4 мм дейін спиральді бұрғылар-арнайы жабдықтарды немесе құрылғыларды қолдана отырып, спиральді бунақтарды фрезерлеу;

35) Жылжымалы құрам арбашықтарының бүйір сырғақтары- фрезерлеу;

36) Рессорлы асып қою аспаларының тіреулері – фрезерлеу;

37) Конустық ұшы бар фрезалар мен бұрғылар – қалақтарды фрезерлеу;

38) Габариті 1000 x 1000 кв. мм дейін қосалқы механизмдердің астына қойылатын шыны пластикадан жасалған фундаменттер – фрезерлеу;

39) Кілтектер, планкалар, табақтар және басқа да бөлшектер-бұрыштық бойынша ұзындығы 250 мм дейін жазықтықты фрезерлеу;

40) Кілтектер – шеттеріндегі жұмырлықты фрезерлеу;

41) Штуцерлер, тез түсірілетін шайбалар – ойықтарды фрезерлеу.


544. Фрезерлеуші 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Кескіш құрал мен әмбебап құрылғыларды қолдана отырып, бір типті көлденең және тік фрезерлік станоктарда, қарапайым бойылық-фрезерлік, көшіргіш және кілтекті станоктарда 8-11 квалитет бойынша күрделілігі орташа бөлшектер мен құралды фрезерлеу. Технологиялық карта бойынша өңдеу және кесу режимінің жүйелігін орнату. Белгілі бөлшектерді өңдеу және жекелеген операцияларды орындау үшін бапталған арнайыландырылған станоктарда немесе өлшемдік кескіш құрал мен арнайы құрылғыларды қолдана отырып, әмбебап жабдықтарда 8-10 квалитет бойынша күрделілігі орташа бөлшектерді және ине-платина бұйымдарын өңдеу. Тікбұрышты әрі радиусты сыртқы және ішкі бетті, кемерлерді, ойықтарды, бунақтарды, бір рет кіретін бұрамалар мен спиральдерді фрезерлеу. Бөлшектерді әр түрлі конструкциялы тиссаларда, бұрылатын шеңберлерінде, әмбебап бөлгіш қалпақшаларда және бұралатын бұрыштықтарда орнату. Тісті тегершіктер мен тісті төрткілдештерді 10-11 дәлдік дәрежесі бойынша фрезерлеу. Жоғары білікті фрезерлеушінің басшылығымен қосарланған плазмалы-механикалық өңдеу әдісімен фрезерлік жұмыстарды орындау. Жоғары білікті фрезерлеушінің басшылығымен үстел ұзындығы 10000 мм және жоғары көп шпиндельді бойылық-фрезерлік станоктарды басқару. Еденнен көтергіш-көлік жабдықтарын басқару. Жүктерді көтері, ауыстыру, орнату және салу үшін арқандау және байлау.

Білуге тиіс: бір типті көлденең және тік әмбебап фрезерлік станоктардың, қарапайым бойлық-фрезерлік, көшіргіш және кілтекті станоктардың құрылғысын және баптау ережесін, жоғары білікті фрезерлеушімен бірлесіп қызмет көрсетілетін көп шпиндельді бойлық-фрезерлік станоктарды басқару, кең таралған әмбебап құрылғылардың құрылғысын және қолдану ережесін, плазмотронның құрылғысын және қолдану ережесін, бақылау-өлшеу құралдарының міндеті мен қолдану ережесін, кескіш құралдың міндеті мен қолдану шарттарын, негізгі бұрыштарды, фрезаларды қайрау және орнату ережесін, шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін, кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін.

Жұмыс үлгілері

1) Тежегіш кебістер, арқалықтар, тартым электр қозғалтқыштарының аспалары, букстер – фрезерлеу;

2) Білікшелер, осьтер, штоктар - Н9 Н11 (3 - 4 класс дәлдігі) бойынша квадраттар мен қасқалшаларды фрезерлеу;

3) Ұзындығы 500 мм жоғары біліктер, осьтер – тура және тұйық кілтекті ойықтарды фрезерлеу;

4) Оймакілтекті біліктер – оймакілтектерді фрезерлеу;

5) Айналмасоққылар – терезелерді фрезерлеу;

6) Ішпектер, мойынтіректер- ажарлау бойынша құлыптарды және ажырама жазықтығын фрезерлеу;

7)Үшбұрышты ойықтар – фрезерлеу;

8) Қылталар, рамалар, платтар-ойықтарды, жазықтықтарды, тесіктерді фрезерлеу;

9) Ұзындығы 1500 мм жоғары бөлшектер – жоспарлаушы қабаттың тура сызықты жиектерді, фаскалар мен шаппаларды фрезерлеу;

10) Фигуралық бөлшектер – фрезерлеу;

11) Ұсақтағыш аппараттардың дискілері – ойықтарды фрезерлеу;

12) Теспелер – фрезерлеу;

13) Жұлдызшалар, тісті төрткілдештер – ажарлау бойынша фрезерлеу;

14) Галля тізбекті жұлдызшалар – модульдық фрезаларды кесу;

15) Жазық калибрлер - өлшегіш жұмыс бөлігін фрезерлеу;

16) Бұрама калибрлер (сақиналар, тығындар) – кіріс жіптерді фрезерлеу;

17) Редукциялы клапандардың штоктары бар клапандар-қырқұралдарды фрезерлеу;

18) Сыналы ысырмалардың сыналары – бағыттағыштарды фрезерлеу;

19) Сағаттың корпустық сақиналары – қырларды, кішкене табандарды, бұрыштарды фрезерлеу;

20) Қозғалтқыштардың поршеньді май түсіргіш сақиналары-бунақтарды фрезерлеу;

21) Поршень сақиналары – құлыптарды кесу, фрезерлеу;

22) Мойынтіректердің корпустары мен қақпалары- құлыптарды фрезерлеу;

150 мм дейін шартты өткелі бар тік өткел жаппаларының корпустары – қақпа бойынша терезе контурын және фланец жазықтығын фрезерлеу;

23) Автомобильдердің беріліс қораптарының корпустары – арнайы фрезерлік станокта жазықтықтарды фрезерлеу;

24) Мойынтірек корпустары – майлау үшін бунақтарды фрезерлеу;

25) Қосиіндер – көшіргіш бойынша сыртқы бетті фрезерлеу;

26) Кулисалар – көшіргіш бойынша тасқа арналған ойықтарды фрезерлеу;

27) Ауыспалы пішінді бу турбиналарының жұмыс қалақтары – алдын ала фрезерлеу;

28) Жетек қозғалтқыштары кабельдерінің ұштамалары, рессорлы ілу жапсырмалары- фрезерлеу;

29) Ұзындығы 1500 мм дейін қатты емес конструкциялардың бағыттағыш пісірмелері – фрезерлеу;

30) Кеме мойынтіректерінің құрсамалары (тура қапсырмалар) – жақтардың бұрыштарын, қиықтары мен перпендикулярлығын сақтай отырып, ашаны фрезерлеу;

31) Түзеткіштер, төлкелер – терезелерді фрезерлеу;

32) Т-секілді ойықтар – толықтай фрезерлеу;

33) Үш жұдырықшалы патрондар – ойықтарды фрезерлеу;

34) Модельді плиталар – фрезерлеу;

35) Ұзындығы 500 мм дейін УСП плиталары - ажарлау бойынша және 500 мм жоғары ойықтарды фрезерлеу, алдын ала фрезерлеу;

36) Рельстік төсемдер мен ішпектер – тазалағыш машинада тазалау;

37) Ажырама мойынтіректер – қиықтарды, майлағыш бунақтарды фрезерлеу;

38) Шпангоут белдіктері – фрезерлеу;

39) Астарлар – жинау орнынан өлшем бойынша жазықтықтарды сынаға фрезерлеу;

40) Тартқыштар – терезелерді фрезерлеу;

41) Бір және одан артық терезесі бар пуансон ұстағыштар – фрезерлеу;

42) Бұрандалы тісі бар конустық және сатылы ұңғылар – тістерді фрезерлеу;

43) Кескіштер – алдыңғы және артқы бұрыштарды фрезерлеу;

44) Тісті төрткілдештер – арнайы бөлгіш құрылғыларды толықтай фрезерлеу;

45) Тік тіспен домалатуға арналған роликтер – ажарлау бойынша фрезерлеу;

46) Бұрғылағыш және ажарлағыш пневматикалық машинкалардың роторлары – ойықтарды қалақтар бойынша фрезерлеу;

47) Диаметрі 1 және 4 мм жоғары спиральді бұрғылар – спиральді бунақтарды әмбебап жабдықтарда фрезерлеу;

48) Ұзындығы 1000 мм дейін станок үстелдері - Т-секілді ойықтарды фрезерлеу;

49) Струбциналар – ішкі ойықты фрезерлеу және егеу;

50) Күпшектер – жазықтықтарды, ойықтарды, радиусты бетті фрезерлеу)

51) Суппорттар, кареткалар, фартуктар – алғашқы өңдеу;

52) Кингстондар мен клапандардың тарелкалары – ойықты шток бойынша фрезерлеу;

53) Аға өңдейтін ойықты, галтельді, қыздырушы, тегіс сүргілеуге, фалецті өңдеуге арналған фрезалар – тіс арасындағы ойыстарды фрезерлеу;

54) Дискілі фрезалар – тістерді фрезерлеу;

55) Спиральді тісі бар шетті және фасонды фрезалар – тістерді фрезерлеу;

56) Габариті 1000 x 1000 мм кв. жоғары қосалқы машиналар астына арналған шыны пластикадан жасалған фундаменттер – фрезерлеу;

57) Күрделі конфигурациялы шаблондар – контурды белгі бойынша фрезерлеу;

58) Сфералық және бұрышты шаржылар – фрезерлеу;

59) 10 дейін модульді цилиндрлік және спиральді тістегершіктер – тістерді резервтеу;

60) Күрделі конфигурациялы соқпа штампылар – орындарды фрезерлеу;

61) Қадалықтар, байланыс ұяшықтары, бұқтырмалар, геометриялық ажырамалардың корпустары мен стакандары – фрезерлеу.

545. Фрезерлеуші 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Кескіш құрал мен әмбебап құрылғыларды, сондай-ақ қосарланған плазмалы-механикалық өңдеу әдісін қолдана отырып, көлденең және тік фрезерлік станоктарда 7-10 квалитет бойынша күрделі бөлшектер мен құралды фрезерлеу. Плазмалы қондырғыны қосу және сөндіру. Белгілі бөлшектерді өңдеу үшін бапталған арнайыландырылған станоктарда немесе өлшемдік кескіш құрал мен арнайы құрылғыларды қолдана отырып, әмбебап жабдықтарда 7-10 квалитет бойынша күрделі бөлшектер мен құралды фрезерлеу. Екі немесе үші бетті бір уақытта өңдей отырып, көп шпиндельді бойлық-фрезерлік станоктарда 7-10 квалитет бойынша күрделі емес ірі бөлшектерді өңдеу және едәуір күрделі бөлшектерді алдын ала өңдеу. Бірнеше бөлшектерді бір уақытта өңдеу немесе арнайы фрезаларды жинақтаумен бір бөлшекті бір уақытта көп жақты өңдеу. Бір рет кіретін бұрамалар мен спиральдердің әр түрлі конфигурациялы әрі әр түрлі қабысқан сыртқы және ішкі жазықтықтарын фрезерлеу. Тісті тегершіктерді және тісті төрткілдештерді 9 дәлдік дәрежемен фрезерлеу. Станоктарды, плазмалы қондырғыларды, плазмотронды біріккен өңдеуде баптау. Тісті тістегершіктерді фрезерлеу үшін есептеулер жүргізу. Бөлшектерді әр түрлі қондырғыларда екі жазықтықта дәл салыстырумен орнату. Үстел ұзындығы 10000 мм жоғары көп шпиндельді бойлық-фрезерлік станоктарды басқару.

Білуге тиіс: әмбебап көлденең, тік, көшіргіш және бойлық-фрезерлік станоктардың құрылғысын және кинематикалық тәсімін, оларды дәлдікке тексеру ережесін, әмбебап әрі арнайы құрылғылардың конструктивтік ерекшеліктері мен қолдану ережесін, бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылғысын, аспапты болаттан жасалған және қатты қорытпалардан жасалған пышақтары бар фрезалардың, өңдеу сипаты мен өңделетін материалдың маркаларына қарай геометриясын, қайрау және орнату ережесін, шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін, кедір-бұдырлық квалитеттер мен параметрлерін, электр техниканың негіздерін және плазмалы қондырғының, сорғыш желдеткіш пен салқындатқыш жүйенің қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету ережесін, плазмалы қыздыруды орнатудың принциптік тәсімін және плазмотронды баптау ережесін.

Жұмыс үлгілері

1) Рессорлы теңгерімдер - фрезерлеу;

2) Қуаттылығы 1472 кВт (2000 л.с.) дейін іштен жану қозғалтқыштары цилиндрлерінің блоктары – плазмалы қыздыруды қолданып және қолданбай фланецтер мен көлбеу люктер бойынша фрезерлеу;

3) Суықтай илемдеу біліктері – шаблондар бойынша конус секілді оймакілтекті фрезерлеу;

4) Ұзындығы 5000 мм дейін біліктер мен осьтер - плазмалы қыздыруды қолданып және қолданбай бұрышта орналасқан тангенциалды әрі кілтекті бунақтарды фрезерлеу;

5) Қуаттылығы 1472 кВт (2000 л.с.) дейін қозғалтқыштардың көп иінді біліктері – мойнақтар мен кілтек ойықтарды фрезерлеу;

6) Бір рет кіретін бұрамдық тәждер – фрезерлеу;

7) Еспе бұрандалар – қалақтарды фрезерлеу;

8) Көп кіретін бұрандалар – бұрамаларды фрезерлеу;

9) Ішпектер, мойынтіректер – құлыпты және ажырама жазықтығын толықтай фрезерлеу;

10) Конустық қалпақшалар мен сфералық тораптар – фасонды іліністерді, құлыптарды, ойықтарды, терезелерді фрезерлеу;

11) Паркинсон тарақтары – тістерді фрезерлеу;

12) Ұзындығы 1500 мм дейін бөлшектер – жалатылған қабаттың қисық сызықты шаппаларын фрезерлеу;

13) Станок бөлшектері – кілтекті ойықтарды фрезерлеу;

14) Бөлгіш дискілер – фрезерлеу;

15) Құбыр тақталары және диафрагмалар – құлыптар мен ойықтарды фрезерлеу;

16) Көп ойықты калибрлер – фрезерлеу;

17) Каркастар – ішкі және сыртқы бетті фрезерлеу;

18) Кассеталар, радиаторлар-белгі бойынша контурды фрезерлеу (толықтай);

19) Орнынан өлшейтін сыналар – фрезерлеу;

20) Күрделі кондукторлар – контурды фрезерлеу;

21) Көшіргіштер – көшіргіш станокта қабырға мен контурдың фасонды және тура жазықтықтарын фрезерлеу;

22) Қысымы жоғары клапанды қораптар – таза фрезерлеу;

23) Айналмасоқпалардың корпустары – ойықтарды фрезерлеу;

24) Күрделілігі орташа байланыстардың, күрделі герметикалық ажырамалардың корпустары, ажырамаларға арналған ауыспалы платтар – фрезерлеу;

25) Күрделі конфигурациялы машинкалардың, клапандардың корпустары – сыртқы және ішкі контурдың жазықтығын фрезерлеу;

26) Аспаптардың корпустары, пісірілген рамалары – жазықтықтарды, радиустерді, сфералық қоршауларды – фрезерлеу;

27) Кронштейндер – радиустерді, сфералық қоршауларды фрезерлеу;

28) Күрделі конфигурациялы жұқа қабырғалы қақпалар – жазықтықты, фасонды контурлар мен бунақтарды таза фрезерлеу;

29) Таратқыш біліктің жұдырықшалары – пішіндерді белгі және шаблон бойынша фрезерлеу;

30) Эксцентрикті және радиусты жұдырықшалар – фрезерлеу;

31) Цилиндрлік және конустық лимбалар – бөлінділерді қондыру;

32) Бу және газ турбиналардың қалақтары – саңырауқұлақ тәрізді, Т-скеілді және тісті пішіндердің сағаларын толықтай фрезерлеу;

33) Ауыспалы пішінді жұмыс бу турбиналарының қалақтары – ішкі және сыртқы пішіндерді таза фрезерлеу;

34) Матрицалар – радиус бойынша орналасқан шығыңқылар мен ойыстарды фрезерлеу;

35) Фигуралық кескіннің металды модельдері, күрделі – белгі бойынша лекалолы бетті фрезерлеу;

36) Жапсырмалар – радиустерді, көлбеу жазықтықтарды, Т-секілді ойықтарды, оймакілтекті бірікпелерді фрезерлеу;

37) Екі жартыдан тұратын мойынтіректердің құрсамалары – шаблондар бойынша ойықтарды толықтай фрезерлеу;

38) Еспе бұрамалардың айналдыра ағызушылары мен кронштейндері – пластмассалы фрезерлеу;

39) Барабандардың тіректері мен плиталары, қазандықтардың гарнитуралары, муфталар – фрезерлеу;

40) Сырғанақ тіректер – ұяшықтарды фрезерлеу;

41) Жұдырықшалы патрондар, планшайбалар- жұдырықшалар (терезелер) бойынша ойықтарды фрезерлеу;

42) Бөлгіштер, корпустық конструкцияның нервюралары, плафондар – фрезерлеу;

43) Ұзындығы 500 мм жоғары УСП плиталары – таза фрезерлеу;

44) Кеме мойынтіректерінің таяныш жастықшалары – баббит құймаларын, ұяшықтардың 0,02 мм шақтамасымен бір өлшемде таянышты шығыңқыны фрезерлеу;

45) Пресс-қалыптар – белгі және шаблон бойынша фигураларды фрезерлеу;

46) Тартқыштар – фрезерлеу;

47) Тісті төрткілдештер – тістерді толықтай фрезерлеу;

48) Тау-кен және кран жабдықтарының рычагтары – лекалолы бетті фрезерлеу;

49) Бұрғылар, үңгілер, ұңғылар, фрезалар – спираль бойынша фрезерлеу;

50) Күрделі станоктардың станиналары – ұзындығы 3000 мм дейін бағыттағыштарды фрезерлеу;

51) Станок суппорттары – «айырқұйрық» бағыттағыштарын фрезерлеу;

52) Күрделі бөлшектердегі ауыспалы фаскалар – тура сызықты және қисық сызықты жиектерді фрезерлеу;

53) 10 дейінгі модулі бар конустық және бұрамдық бұрамалардың фрезалары – фрезерлеу;

54) Бас және қосалқы механизмдердің астына қойылатын фундаменттер – пластиктерді фрезерлеу;

55) Ұзындығы 1000 мм жоғары үлкен өлшемді шатундар мен тартымдар – радиустерді фрезерлеу;

56) Күрделі конфигурациялы соқпа штампылар – фрезерлеу;

57) Манипуляторлардың штангалар – фрезерлеу;

58) 10 дейін модульді шевронды және конустық тістегершіктері – фрезерлеу.

546. Фрезерлеуші 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Әр түрлі типті әрі конструкциялы әмбебап, көшіргіш және бойлық-фрезерлік станоктарда 6-7 квалитет бойынша құрамды бекітуді және бірнеше жазықтықта дәл салыстыруды қажет ететін күрделі бөлшектер мен құралды фрезерлеу. Өңдеуге және өлшеуге қиын жерлері бар күрделі конфигурациялы штампылардың, пресс-қалыптар мен матрицалардың сыртқы және ішкі бетін фрезерлеу. Барлық қажетті есептеулерді орындай отырып, әмбебап және оптикалық бөлгіш қалпақшаларда түрлі бұрамалар мен спиральдерді кесу. Сирек кездесетін жабдықтарда күрделі ірі габаритті бөлшектер мен тораптарды фрезерлеу. Тісті тістегершіктер мен тісті төрткілдештерді 8 дәлдік дәреже бойынша фрезерлеу, оның ішінде қиын өңделетін жоғары қоспаланған және ыстыққа төзімді металдардан жасалған бөлшектерді қосарланған плазмалы-механикалық өңдеу әдісімен өңдеу бойынша көрсетілген жұмыстарды орындау.

Білуге тиіс: әр түрлі типті әрі конструкциялы фрезерлік станоктдардың және сирек кездесетін әрі арнайы құрылғылардың конструктивтік ерекшеліктерін және дәлдікке тексеру ережесін, плазмалы қыздыру қондырғысының техникалық сипаттамасын және пайдалану ерекшеліктерін, бөлшектерді орнату және салыстыру ережесін, доңғалақ тістерін, түрлі пішіндердің тістегершіктерін, көп кіретін фрезаларды, бұрандалар мен спиральдерді фрезерлеу кезінде ауысымды тістегершіктерді іріктеу үшін есептеулерді, Фрезалардың геометриясын, термоөңдеу, қайрау және жетілдіру ережесін, металды кесу теориясының негіздерін, бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарын теңшеу және реттеу әдісін, тәсілін, станоктың анықтамалығы мен паспорты бойынша кесу режимін айқындау ережесін.

Жұмыс үлгілері

1) Қуаттылығы 1472 кВт (2000 л.с.) жоғары дизельдің цилиндр блоктары – плазмалы қыздыруды қолданып және қолданбай кронштейндер бойынша көлбеу люктерді, фланецке арналған орындарды, бетті фрезерлеу;

2) Ұзындығы 5000 мм жоғары біліктер мен осьтер – плазмалы қыздыруды қолдана отырып, бұрышта орналасқан тангенциялды және кілтекті бунақты фрезерлеу;

3) Қуаттылығы 1472 кВт (2000 л.с.) жоғары қозғалтқыштардың көп иінді біліктері – мойнақтар мен кілтекті ойықтарды фрезерлеу;

4) Қалпақасты құрылғылардың, вакуумды және химиялық сорғылардың, тоған судың фильтрлерінің, арнайы металдан және металды емес материалдардан жасалған клинкерлердің бөлшектері – толықтай фрезерлеу;

5) Уақыт аспаптарының кодты дискілері – бөлгіш қалпақшаларды қолдана отырып, тістерді фрезерлеу;

6) Токарлық станоктардың кареткалары – пішінді толықтай фрезерлеу;

7) Ондық клапандардың бағаналары – таза фрезерлеу;

8) Күрделі конфигурациялы көшіргіштер, көшіргіш барабандар – контурды белгі бойынша фрезерлеу;

9) Байланыс корпустары, күрделі – фрезерлеу;

10) Қатты емес конструкциялы корпустар, табандар-құлып жазықтығында контур мен радиустерді фрезерлеу;

11) Күрделі, жұқа қабырғалы кронштейндер - әр түрлі бұрышта бірнеше жазықтықта орналасқан беті;

12) Эксцентрикті және цилиндрлік жұдырықшалар – фрезерлеу;

13) Цилиндрлік және конустық лимбалар – фрезерлеу;

14) Бу турбиналарының қалақтары – сыртқы және ішкі радиалды конустарды фрезерлеу;

15) Мальтийский крест, барлық түрі – фрезерлеу және жону;

16) Радиус бойынша орналасқан ойыстары бар күрделі конфигурациялы және көп ұяшықты матрицалар, ендірмелер мен пуансондар – фрезерлеу және жону;

17) Спиральді жұдырықшалары бар көп жұдырықшалы муфталар- ойыстар мен қиықтарды фрезерлеу;

18) Бұранда кескіш қалпақшаларға арналған тангенциялды плашкалар – бұраманы фрезерлеу;

19) Палуба асты және арқандалған рамалар – фрезерлеу;

20) Сырғақтар – жазықтықты және «айырқұйрықты» фрезерлеу;

21) Тісті төрткілдештер – тістерді фрезерлеу;

22) Компаундты штампылардың секторлары – контурды фрезерлеу;

23) Үлкен ірі станоктардың станиналары – ұзындығы 3000 мм жоғары бағыттағыштарды фрезерлеу;

24) Модульді, саусақты фрезалар – тістер мен ойықтарды фрезерлеу;

25) 10-нан жоғары модульді бұрамалы конустық және бұрамдық фрезалар – тістерді фрезерлеу;

26) Тоқыма станоктарын арналған қайықтары – фрезерлеу;

27) Көп кіретін бұрамдықтар – бұраманы фрезерлеу;

28) 10-нан жоғары модульді шевронды, спиральді, цилиндрлік жәен конустық тістегершіктер – тістерді фрезерлеу;

29) Щетка ұстағыштар – тезерелерді, паздар мен еспелерді фрезерлеу;

30) Күрделі лекалолы қисық беті бар эксцентриктер – белгі бойынша сыртқы фрезерлеу.

547. Фрезерлеуші 6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Әмбебап әрі арнайы кескіш құралды және оптикалық құрылғыны қолдана отырып, қисық сызықты цилиндрлік бетпен қабысқан, өңдеуге және өлшеуге қиын жерлері бар күрделі эксперименталды және бағалы бөлшектер мен құралды 1-5 квалитет бойынша фрезерлеу. Әр түрлі конструкциялы сирек кездесетін фрезерлік станоктарда күрделі ірі габаритті бөлшектерді, тораптарды, шалыстыққа және деформацияға ұшыраған жұқа қабырғалы ұзын бөлшектерді фрезерлеу. Әр түрлі жазықтықта құрамды бекітуді және дәл салыстыруды қажет ететін ірі бөлшектерді орнату, оның ішінде қиын өңделетін жоғары қоспаланған және ыстыққа төзімді материалдардан жасалған бөлшектерді қосарланған плазмалы-механикалық өңдеу әдісімен өңдеу бойынша көрсетілген жұмыстарды орындау.

Білуге тиіс: әр түрлі типті және конструкциялы күрделі әмбебап фрезерлік-көшіргіш, координатты-жонғыш, көлденең, тік және арнайы фрезерлік станоктардың конструкциясын және дәлдікке тексеру ережесін, күрделі бөлшектерді орнату, бекіту әрі салыстыру тәсілдерін және өңдеудің технологиялық жүйелілігін айқындау әдісін, кескіш құралдың барлық түрінің құрылғысын, геометриясын және теромөңдеу, қайрау және жетілдіру ережесін, станокты баптаумен байланысты есептеулерді, станоктың анықтамалығы мен паспорты бойынша кесудің тиімді режимін айқындау ережесін, белгіленген квалитеттер мен параметрлерге жету тәсілін.

Жұмыс үлгілері

1) Автомобиль ілінісінің дискілері – ойықтарды фрезерлеу;

2) Күрделі конфигурациялы көшіргіштер, көшіргіш барабандар- плазмалы қыздыруды қолдана отырып және қолданбай контурды фрезерлеу;

3) Корпустар, рамкалар, жоғары сезімтал навигациялы аспаптардың негіздері – фрезерлеу;

4) Батыңқы радиусты күрделі конфигурациялы және көп ұяшықты матрицалар, ендірмелер және пуансондар – фрезерлеу;

5) Штампылардың матрицалары, жоғары дәлдікті статорлар мен роторларға арналған темірлер – есептеу, станоктарда оптикалық құрылғыларды орнату және плазмалы қыздыруды қолдана отырып және қолданбай ойықтарды толықтай фрезерлеу;

6) Турбогенераторлардың роторлары – роторлық-фрезерлік станоктарда орам бойынша ойықтарды фрезерлеу;

7) Сутекті және жылдам салқындатқыш турбогенераторлардың статорлары – ойықтарды фрезерлеу, тесіктерді жону және мойнақтарды ажарлау.

Шевинголаушы
548. Шевинголаушы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Белгілі тістегершіктерді өңдеу үшін бапталған тісқыру станоктарда 8-9 дәлдік дәреже бойынша тістегершіктердің тік тістерін тісқыру. Станокта өңделетін тістегершіктерді орнату, бекіту және салыстыру.

Білуге тиіс: бір типті тісқыру станоктарының құрылғысын және жұмыс істеу принципін, едәуір кең таралған құрылғылардың атауын, міндетін және қолдану ережесін, бақылау-өлшеу құралдарының құрылғысын, қолданылатын кескіш құралды, шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін, кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін, салқындатқыш және майлағыш сұйықтықтардың міндеті мен қасиетін.

549. Шевинголаушы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бір типті тісқыру станоктарда 5-7 дәлдік дәреже бойынша және 5-тен жоғары модульмен 8 дәлдік дәрежесі бойынша әртүрлі диаметрлі тісстегершіктердің тік тістерін тісқыру. Жоғары білікті тісқырушының басшылығымен өңдеу режимдерін белгілеу. Әмбебап құрылғыларда өңделетін тістегершіктерді орнату және салыстыру. Белгілі тістегершіктерді өңдеу үшін бапталған тісқырғыш станоктарда 7 дәлдік дәреже бойынша тік және бұранда тістері бар күрделі тісті доңғалақтарды тісқыру.

Білуге тиіс: бір типті тісқыру станоктардың құрылғысын және баптау ережесін, тісқырғыштардың түрлерін, олардың міндетін және орнату ережесін, едәуір кең таралған құрылғылардың құрылғысын және қолдану ережесін, бақылау-өлшеу құралдарының міндетін және қолдану ережесін, өңдеу сапасын және өңделген тістегершіктердің даярлығын айқындау тәсілін, тісқырумен өңдеуге арналған әдіптер, тістегершіктердің қадамы мен модулі туралы түсінік, шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін, кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін, өңделетін материалдардың негізгі қасиетін.


550. Шевинголаушы 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Тісқыру станоктарында 5-7 дәлдік дәрежесі бойынша тістегершік тістері мен тісті доңғалақтарды тісқыру. Станокты баптау және өңдеу режимдерін белгілеу. Белгілі тістегершіктерді өңдеу үшін бапталған тісқыру станоктарында 6 дәлдік дәреже бойынша тік және бұранда тістері бар аса күрделі тісті доңғалақтарды тісқыру.

Білуге тиіс: әр түрлі типті тісқыру станоктарының құрылғысын, кинематикалық тәсімін және дәлдікке тексеру дәрежесін, әмбебап әрі арнайы құрылғылардың конструктивтік ерекшеліктерін және қолдану ережесін, бақылау-өлшеу құралдарының және аспаптарының құрылғысын, өңдеудің тиімді режимдерін айқындау ережесін, тісқырғыштардың қайрау бұрыштарын және қайраудың өңдеу сапасына әсерін, шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін, кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін.

551. Шевинголаушы 5- разряд
Жұмыс сипаттамасы. Диаметрі әр түрлі және әр түрлі модульді тістегершік тістері мен тісті доңғалақтарды 6 дәлдік дәреже бойынша тісқыру. Құрылғылар мен жұмыс құралын өлшегіш аспаптар бойынша дәл салыстырумен орнату. Станокты баптау, тістердің модуліне, санына және ілініс бұрышына қарай станоктың анықтамалығы мен паспорты бойынша өңдеудің жүйелілігі мен тиімді режимін айқындау.

Білуге тиіс: әр түрлі типті тісқыру станоктары мен әмбебап әрі арнайы құрылғыладың конструктивтік ерекшеліктерін және дәлдікке тексеру ережесін, станок анықтамалығы мен паспорты бойынша өңдеу режимін айқындау ережесін, тісқырғыштардың геометриясын, қайрау ережесін және қайраудың өңдеу сапасына әсерін, бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарын теңшеу және реттеу ережесін, тісті іліністердің түрлерін.


Ажарлаушы


552. Ажарлаушы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ажарлағыш шарықтастарды түзете отырып, технологиялық карта бойынша өңдеу және кесу режимінің жүйелілігін сақтай отырып, жазық ажарлағыш, дөңгелеп ажарлағыш және центрсіз ажарлағыш станоктарда 11 квалитет және Ra 5 - 1,25 кедір-бұдырлық параметрлері бойынша дөңгелек пішінді жоғары сапалы маркалы болаттан жасалған қарапайым берік бөлшектердің сыртқы бетін ажарлау. Белгілі бөлшектерді өңдеу үшін бапталған арнайыландырылған жартылай автоматты және автоматты станоктарда 8-10 квалитет және Ra 1,25 - 0,63 кедір-бұдырлық параметрлері бойынша бөлшектер мен дөңгелек пішінді жоғары сапалы болатты және жазықтықты ажарлау және жетілдіру. Станокта және құрылғыларда бөлшектерді орнату және салыстыру.

Білуге тиіс: бір типті ажарлағыш станоктардың құрылғысын және жұмыс істеу принципін, едәуір кең таралған құрылғылардың атауын, міндетін және қолдану шарттарын, бақылау-өлшеу құралдарының құрылғысын, ажарлағыш шарықтастардың түрлерін, ажарлағыш шарықтастарды түзеу тәсілдерін және өңделетін материалдар мен өңдеу тазалығына қарай оларды қолдану шарттарын, шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін, кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін, салқындатқыш және майлағыш сұйықтықтың міндеті мен қасиетін.

Жұмыс үлгілері

1) Бекіткіш автонормалдары – центрсіз ажарлау;

2) Диаметрі 40 мм дейін болттар – ажарлау;

3) Білікшелер, төлкелер – центрсіз ажарлау;

4) Ашалар – жұмыс бөлігін ажарлау;

5) Инелер – ажарлау;

6) Мойынтіректердің барлық түрінің сыртқы және ішкі сақиналары – шетжақтарды алдын ала ажарлау;

7) Барлық өлшемді поршенді сақиналар – алдын ала ажарлау;

8) Фрезерлі түзеткіштерге арналған бағыттаушы сақиналар – жазы ажарлау;

9) Патефон ленталары – жиектерді ажарлау;

10) Үстелде тұратын сағаттардың ангренажды, барабанды көпірлері – ажарлау;

11) Осьтер, түзеткіштер – центрсіз ажарлау;

12) Барлық түрлі және өлшемді мойынтіректердің роликтері – шетжақтарды алдын ала ажарлау;

13) Бағыттаушы бұрыштықтар – ажарлау;

14) Цилиндрлік штифттер – центрсіз ажарлау.

553. Ажарлаушы 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Әр түрлі типті ажарлағыш станоктарда 8-10 квалитет және Ra 1,25 0,63 кедір-бұдырлық параметрі бойынша дөңгелек пішінді жоғары сапалы болаттардан жасалған күрделілігі орташа бөлшектерді ажарлау және жетілдіру. Станокты баптау. Қажетті жағдайда күрделі емес шаблондарды қолдана отырып, ажарлағыш шарықтастарды орнату және түзету. Белгілі бөлшектерді өңдеу үшін бапталған арнайыландырылған жартылай автоматты әрі автоматты станоктарда 7-8 квалитет және Ra 0,63 - 0,32 кедір-бұдырлық параметрлері бойынша дөңгелек әрі жазық пішінді жоғары сапалы болаттан жасалған бөлшектерді ажарлау және жетілдіру. Екі жазықтықта индикатор бойынша салыстыра отырып, станоктарда бөлшектерді орнату.

Білуге тиіс: әр түрлі типті ажарлағыш станоктардың құрылғысын, баптау және дәлдікке тексеру ережесін, әмбебап әрі арнайы құрылғылардың құрылғысын және қолдану ережесін, бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының міндетін және қолдану ережесін, формасы мен қаттылығына қарай ажарлағыш шарықтастардың сипаттамасын, ажарлағыш шарықтастардың байламдығы мен түйіршіктілігін және оларды өңделетін материалдарға, өңдеу тәсіліне және талап ететін өңдеу тазалығына қарай қолдану шарттарын, ажарлағыш шарықтастардың қолданылатын айналу жылдамдығын, температураның бөлшек өлшеміне әсерін, шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін, кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін, өңделетін материалдардың негізгі қасиетін.

Жұмыс үлгілері

1) Диаметрі 40 мм жоғары болттар – ажарлау;

2) Тістегершік білікшелері – центрсіз сыртқы ажарлау;

3) Автомобиль жетектері сорғыларының біліктері – ажарлау;

4) Ұзындығы 1500 мм дейін сатылы біліктер – мойнақтарды ажарлау;

5) Ашалар – толықтай ажарлау;

6) Ішпектер – түзеткіште сыртқы ажарлау;

7) Конустық төлкелер – конусты сыртқы ажарлау;

8) Автосамосвал гидромеханизмдерінің гильзалары – центрсіз ажарлау;

9) Асбест бөлшектері мен бұйымдары, техникалық – ажарлау;

10) Конустық үңгілеу – конус пен кесетін бөлікті ажарлау;

11) Жазық калибрлер – жетілдіру бойынша әдіппен ажарлау;

12) Мойынтіректердің ішкі роликті сақиналары – ролик жолын алдын ала ажарлау;

13) Мойынтіректердің барлық түрінің сыртқы және ішкі сақиналары – шетжақтарды толықтай ажарлау;

14) Сыртқы және ішкі сақиналардың барлық типі – сыртқы центрсіз ажарлау;

15) Радиальды және таяныш мойынтіректерінің сақиналары - Н и П дәлдік класы бойынша тесіктердің шетжақтарын, науалар мен сфераларды ажарлау;

16) Автомобиль сорғыларының корпустары – жазық ажарлау;

17) Құрылғылардың корпустары – кілтек бунақтарын ажарлау;

18) Айналмасоқпалардың корпустары, роликтері, конустары – ажарлау;

19) Сағатты және серіппелі ленталар – жиектерді ажарлау;

20) Бағыттағыш сызғыштар, сағалар, құбырпішінді престердің инелері, илем жабдықтарының түзеткіштері – ажарлау;

21) Табақтар (3-5 табақ бойынша дестелер) – жиектерді ажарлау;

22) Үлкен емес өлшемді матрицалар мен пуансондар – жазық және пішінді ажарлау;

23) Машиналы және қолды бұрандаойғыштар – мойнақтар мен жұмыс бөлігін ажарлау;

24) Ниппельдер, шинкалар – жазықтықты ажарлау, шинкаларды түзету;

25) Гильотинді қайшылардың пышақтары – жазық ажарлау;

26) Жинақталған кескіш құралдардың пышақтары (фрезалар, үңгілер, ұңғылар) – жазық қарама-қарсы кескіш жазықтықты ажарлау;

27) Жолақбульбалы және таврлы пішіннен жасалған шыңдау үлгілері – ажарлау;

28) Теңгеру аспаларының осьтері – ажарлау;

29) Ұзындығы 1500 мм дейін осьтер, түзеткіштер – сыртқы ажарлау;

30) Шатун саусақтары, роликтер – центрсіз ажарлау;

31) Қол және қалта сағаттардың платиналар мен көпірлері – жазық ажарлау;

32) Дөңгелек плашкалар – сыртқы және жазық ажарлау;

33) Бұрама домалату плашкалары - кескіш бетті ажарлау;

34) Қозғалтқыштың диаметрі 250 мм дейін поршеньдері – сыртқы ажарлау;

35) Барлық өлшемді цилиндрлік және конустық серіппелер - өздігінен баптай отырып, магнит плитасында кассеталарда екі шпиндельді және дөңгелек ажарлағыш станоктарда шетшақтарды ажарлау;

36) Цилиндрлік және конустық ұңғылар – соңғы бөлігін ажарлау;

37) Барлық типтегі және өлшемді мойынтіректердің роликтері – шетжақтарды толықтай ажарлау;

38) Жасанды былғарының орамалары – абразивтік (пемзамен) өңдеу және тазалау;

39) Диаметрі 3 мм жоғары бұрғылар – соңғы және жұмыс бөлігін ажарлау;

40) Жетекті конустық тістегершіктердің фланецтері – ажарлау;

41) Сүңгілер – ажарлау.


554. Ажарлаушы 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Әр түрлі үлкен әрі күрделі ажарлау станоктарында 7-8 квалитет бойынша күрделі бөлшектер мен құралдың, 7 дәлдік дәреже және Ra 0,63 - 0,16 кедір-бұдырлық параметрлері бойынша тісті кескіш құралдың жазықтығын, цилиндрлік және конустық сыртқы әрі ішкі бетін ажарлау және жетілдіру. Ажарлағыш-бұдырлағыш станоктарда пішімбілік бөшкелерінің бетіндегі бұдырларды ажарлау және кесу.

Білуге тиіс: әр түрлі ажарлағыш станоктардың құрылғысын, кинематикалық тәсімін және дәлдікке тексеру ережесін, әмбебап әрі арнайы құрылғылардың конструктивтік ерекшеліктерін және қолдану ережесін, бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылғысын, бөлшектерді өңдеу кезіндегі болуы мүмкін деформациялар, өңделетін бөлшекті өңдеу тазалығына қойылатын талаптар, шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін, кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін, теңгеру ажарлағыш шарықтастардың беріктігін тексеру тәсілдерін.

Жұмыс үлгілері

1) Құбыр илемдеу станоктарының біліктері – аспалы қайрақтардың көмегімен және станокта шаблон бойынша ажарлау;

2) Таратқыш біліктер – жұдырықшаларды пішінді ажарлау;

3) Ұзындығы 1500 мм жоғары сатылы біліктер – мойнақтарды ажарлау;

4) Таяныш біліктері – мойнақтар мен таяныш тарақтарын ажарлау;

5) Айналмасоқпалар – конус пен мойнақты ажарлау;

6) Бұрандалар – ажарлау;

7) Ауыспалы төлкелер – конусты ішкі ажарлау;

8) Төлкелер – ажарлау;

9) Тіс сүргілеу тарақтары – пішінді ажарлау;

10) Ыстықтай және суықтай қалыптасқан асбесті техникалық бөлшектер мен бұйымдар – тоғын тізбектері мен агрегат станоктарында ажарлау;

11) Оптикалық шыны талшықтан жасалған бұйымдар – ажарлау;

12) Қатты қорытпамен жарақталған құралдар – жетілдіру;

13) Тегіс калибрлер – жетілдіруге арналған әдіппен ажарлау;

14) Суықтай илемделген орнақтардың, құбырлардың калибрлері, түзеткіштері – ажарлау;

15) Конустық тістегершіктерге арналған калибрлер-эталондар-жетілдіруге арналған әдіппен жұмсақ ысқыштарды ажарлау;

16) Станоктардың кареткалары, станиналары, кіші көпірлері, суппорттары- алдын ала ажарлау;

17) Роликті мойынтіректердің ішкі сақиналары – роликті жолды толықтай ажарлау;

18) Радиалды және таяныш мойынтіректердің сақиналары - В және А дәлдік класы бойынша тесіктердің шетжақтарын, науалар мен сфералардыажарлау және Н, А, П и В дәлдік класы бойынша сыртқы ажарлау;

19) Күрделі көп орынды құрылғылардың корпустары – толықтай ажарлау;

20) Арнайы жұдырықшалар мен тістегершіктер – жұқа қабырғалы шетжақтарды ажарлау;

21) Токарлық патрондардың жұдырықшалары – толық ажарлау;

22) Пресс-қалыптарға арналған матрицалар (бірнеше жұмыс тесіктері бар) – ажарлау;

23) Қысатын түзеткіштер – кесетін цангалардың конусын сыртқы ажарлау;

24) Құбыр илемдеу орнақтарының түзеткіштері – ажарлау;

25) Ұзындығы 1500 мм дейін осьтер, түзеткіштер – сыртқы ажарлау;

26) Жетектегі муфталардың саусақтары – ажарлау және жетілдіру;

27) «Лендис» плашкалары – жазықтықты, «айырқұйрықты» және тоған бөлігін ажарлау;

28) Бұрама домалатқыш плашкалар – құрылғыдағы бүйір жазықтықты ажарлау;

29) Акустикалық плиталар – ажарлау;

30) Іштен жану қозғалтқыштарының поршеньдері – сыртқы ажарлау;

31) Қозғалтқыштың диаметрі 250-ден 500 мм поршеньдері – сыртқы ажарлау;

32) Тексеру призмалары – ажарлау;

33) Тістегершіктерді теңгеруге арналған құрылғылар – ажарлау;

34) Цилиндрлік және конустық ұңғылар – жұмыс бөлігін ажарлау;

35) Тіс сүргілеу кескіштері – толық ажарлау;

36) Призматикалық фасонды кескіштер – шаблон бойынша кескіш бөлігін және "айырқұйрықты" ажарлау;

37) Күрделі пішінді тангенциалды кескіштер – ажарлау;

38) Диаметрі 3 мм дейін бұрғылар – жұмыс бөлігін ажарлау;

39) Вариатордың орташа дискісінің күпшектері – бетін ішкі ажарлау;

40) Қуыс фрезалар – тесікті ажарлау, желкелікөңдеу және дөңгелек ажарлау;

41) Бұрамалы, үшжақты жиналмалы бұрамдықтардың фрезалары және шетжақты үңгілер – ажарлау;

42) Шетжақты фрезалар, қатты қорытпа пластинкалары бар бұрғылар мен үңгілер – ажарлау;

43) Цилиндрлер, штоктар, пуансондардың күрделі беті – ажарлау;

44) Моторлардың шатундары – үлкен қалпақшадағы тесіктерді ажарлау;

45) Тістегершіктер – тіс пен шетжақ бойынша салыстыра отырып, тесікті ажарлау;

46) Кескіштерді орнатуға арналған эталондар - өлшем бойынша сыртқы және шетжақты ажарлау.

555. Ажарлаушы 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Әр түрлі типті және конструкциялы ажарлағыш станоктарда бірнеше жазықтықта құрамды бекітуді және дәл салыстыруды қажет ететін 6 дәлдік дәреже бойынша көп аралық пен қондырмалары бар күрделі бөлшектер мен бұйымдарды және 6 дәлдік дәреже бойынша тіс кескіш құралды ажарлау және жетілдіру. Сыртқы әрі ішкі фасонды бетті және өңдеуге әрі өлшеуге қиын жерлері бар қисық сызықпен қабысқан цилиндрлік бетті ажарлау және жетілдіру. Бірнеше люнеттерді қолдана отырып, ұзын біліктер мен бұрандаларды ажарлау. Сирек кездесетін жабдықтарда күрделі ірі габаритті бөлшектер мен тораптарды ажарлау. Электр корундты ажарлау.

Білуге тиіс: әр түрлі типті ажарлағыш станоктар мен әмбебап әрі арнайы құрылғылардың конструктивтік ерекшеліктерін және дәлдікке тексеру ережесін, станоктарды баптаумен байланысты есептеулер, материалға,бұйым қалпына және ажарлағыш станоктардың маркасына қарай ажарлаудың тиімді режимін айқындау ережесін, бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарын теңшеу және реттеу ережесін, станоктың анықтамалығы мен паспорты бойынша кесу режимін айқындау ережесін.

Жұмыс үлгілері

1) Барабандар – бұраманы ажарлау және жетілдіру;

2) Кілет біліктері – ажарлау және жетілдіру;

3) Илем орнақтарының біліктері – сирек кездесетін жаншып ажарлағыш станоктарда жылтырату, ажарлау және жетілдіру;

4) Көп конусты біліктер мен тесіктер – ажарлау және жетілдіру;

5) Қуатты дизельдердің көп иінді біліктері – түпкі және шатун мойнақтарын, жанасқан бурттар, галтельдер, фланецтер;

6) Қуаттылығы күшті бу және су турбиналардың біліктері – жетілдіре отырып, ажарлау;

7) Тірек тәждер – тірек тәждерінің торабына кіретін барлық бөлшектерді, тіректерді, бұрылатын бөлшектерді, тіреулер мен фиксатор цапфтарын толықтай ажарлау;

8) Нақты аспаптарға арналған микрометриялық бұрандалар – бұрама ажарлаудан кейін жетілдіру;

9) Гидро бұйымдардың реттығындары – корпустар мен гильзаларды ажарлау мен жетілдіру;

10) Көп кіретін трапецеидалды бұрамасы бар калибрлер мен тығындар – жетілдіре отырып ажарлау;

11) Станоктардың кареткалары, станиналары, кіші көпірлері, суппорттары – пішінді ажарлау;

12) Машиналардың крейцкопфтары – ажарлау;

13) Бу турбиналардың қалақтары – шаблондары бар қалыптар бойынша пішінді ажарлау және сыртқы әрі ішкі жылтырату;

14) Радиус бойынша орналасқан ойыстары, конустары мен лекалолары бар күрделі матрицалар – ажарлау;

15) Сырғақтар – ажарлау;

16) Айналмалы ірі габаритты станоктың көлденеңдіктері – планкалар бойынша алдыңғы бағыттағыштардың жазықтығын ажарлау;

17) Қозғалтқыштың диаметрі 500 мм жоғары поршеньдері – жетілдіре отырып ажарлау;

18) Көп орынды пресс-қалыптар – ажарлау;

19) Диаметрі 125 мм дейін, ұзындығы 1200 мм дейін тартқыштар – толықтай ажарлау;

20) Металл өңдейтін станоктардың 3000 мм дейін станиналары – бағыттағыш жазықтықты ажарлау;

21) Айналмалы ірі габаритті станоктың стопкалары – бағыттағыш жазықтықты ажарлау;

22) Қисық сызықты пішінді оймакілтекті бұрамдық фрезалар – тістерді пішінді ажарлау;

23) Соғушы және штампылаушы бу балғаларының цилиндрлері мен компрессорлардың цилиндрі – жетілдіре отырып ажарлау;

24) Бу турбиналары қалақтары шетінің эталоны – соңғы бөлігін және көлбеулерді ажарлау.

556. Ажарлаушы 6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Күрделі конфигурациялы көп ажарлайтын сыртқы және ішкі қабысқан беті, өңдеуге және өлшеуге қиын жерлері бар, оптикалық аспаптарды қолдана отырып, бірнеше ауыстыруды және дәл салыстыруды қажет ететін күрделі эксперименталды және бағалы бөлшектер мен құралдарды 1 - 5 квалитет бойынша және тіс кескіш құралды 4-5 дәлдік дәреже бойынша көшіргішсіз және көшіргіш бойынша ажарлау және жетілдіру. Қажетті есептеулерді орындай отырып, станоктарды баптау.

Білуге тиіс: әр түрлі типті және конструкциялы ажарлағыш станоктардың конструкциясын және дәлдікке тексеру ережесін, бекіткіштерді орнату және күрделі бөлшектер мен құралдарды салыстыру тәсілдерін және өңдеудің жүйелілігін айқындау тәсілін, күрделі пішіндерді өңдеу үшін ажарлағыш шарықтастарды түзету ережесін және тәсілдерін, өңделетін материалдардың физикалық-химиялық қасиетін, бөлшектерді орнату және өңдеу кезінде деформациялану себептерін, кедір-бұдырлықтың қажетті квалитеттері мен параметрлеріне жету тәсілдерін.

Жұмыс үлгілері

1) Ф класты тіс кескіш қашағыштар, А және Б класты тісқырғыштар – тісті пішінді ажарлау;

2) Тістегершіктерге арналған өлшегіш тісті доңғалақтар – тісті пішінді ажарлау;

3) Пішінді ажарлауға арналған домалатқыштар – пішінді ажарлау;

4) Диаметрі 125 мм жоғары, ұзындығы 1200 мм жоғары тартқыштар – конустың сыртқы алдыңғы бетін және калибрлеуші тістерді толықтай ажарлау;

5) Бұрандалы тісі бар фасонды, қисық сызықты, көп қырлы, радиусты тартқыштар – пішінді ажарлау;

6) Эвольвентті, өткір оймакілтекті және тура оймакілтекті тартқыштар – пішінді ажарлау;

7) Күрделі көп ауыспалы пішінді және күрделі қабысқан қатты қорытпалардан жасалған пластиналары бар жазық немесе дөңгелек кескіш – алмас шайбасымен ажарлау;

8) Пішінді, күрделі қиықпен сызылған фасонды кескіштер – дайындау;

9) Күрделі қисық лекалолы матрицалардың, пуансондардың, эксцентриктердің сегменттері – оптикалы-ажарлағыш станоктарда ажарлау;

10) Метал өңдейтін станоктардың ұзындығы 3000 мм жоғары станиналары - бағыттағыштарды жазық ажарлау;

11) Қисық сызықты пішінді прецизиялы және оймакілтекті бұрамдық фрезалар – пішінді ажарлау;

12) Көп кіретін бұрамдықтар – ажарлау;

13) Ірі және күрделі станоктардың шпиндельдері – мойнақтар мен тесіктерді сыртқы ажарлау.

Электрмен қайраушы
557. Электрмен қайраушы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Кескіш құралды электрмен қайраушы станокта қайрау және жетілдіру. Жұмыс режимін таңдай және ұстану ережесі. Технологиялық жағдайларға сәйкес жұмыс сұйықтығын құрастыру. Бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарын пайдалану. Станокты баптау.

Білуге тиіс: бір типті электрмен қайрау станоктарының құрылғысын және баптау ережесін, электрмен қайраудың берілген режимін ұстау және кескіш құралды жетілдіру тәсілдерін, қайралатын құралды орнату және салыстыру тәсілдерін, жұмыс сұйықтығының құрамын және міндетін, едәуір кең таралған құрылғылардың атауын, міндетін және қолдану шарттарын, бақылау-өлшеу құралдарының құрылғысын, орындалатын жұмыс көлемінде электр техника мен электр химия негіздерін, шақтамалар мен қондырмалар жүйесін, кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін.

Жұмыс үлгілері

Қайрау және жетілдіру:

1) Қатты қорытпалардан жасалған пластинкалары бар сүргілеу кескіштері;

2) Қатты қорытпалардан жасалған пластикалары бар токарлық кескіштер.


558. Электрмен қайраушы 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Арнайы кескіш құралды электрмен қайрау станоктарында қайрау және жетілдіру. Станокты берілген электр режимге теңшеу. Пайдалану процесінде жұмыс сұйықтығының жарамдығын (жұмыс істеген) дәрежесін айқындау. Күрделі құралды орнату және салыстыру.бақылау-өлшеу құралдарын, аспаптар мен құрылғыларды пайдалану. Ақаулықтардың сипаты мен туындау себептерін айқындау. Станоктарды баптау.

Білуге тиіс: әр түрлі типті электрмен қайрау станоктарының құрылғысын және баптау ережесін, жұмыстардың қажетті режимін таңдау принциптерін және ұстау тәсілдерін, жұмыс режимінің және әр түрлі материалдарды өңдеу дәрежесінің қайралатын құралдардың сапасына әсерін, орындалатын жұмыс көлемінде электр техника мен электр химия негіздерін, қайралатын құралды орнату және салыстыру тәсілдерін, электрмен қайраудың дәлдігі мен тазалығына қойылатын техникалық талаптарды, бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының міндетін және қолдану ережесін, қайралатын құралды орнату және салыстыру үшін қажетті аспаптардың құрылғысын, шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін, кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет