1. Жалпы ережелер



бет20/71
Дата24.04.2017
өлшемі12,36 Mb.
#14794
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   71

Білуге тиіс: қызмет көрсететін қыздыру пештерінің құрылғысын, көміртекті және шағын қоспалы болаттан жасалған дайындамалар мен бөлшектерді қыздыру ережесін, едәуір кең таралған қарапайым құрылғылар мен бақылау-өлшеу аспаптарының міндетін және қолдану шартын.

353. Металды қыздырушы (дәнекерлеуші) 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Камералық, әдістемелік және жартылай әдістемелік пештерде әртүрлі маркалы болаттан, түсті металдардан жасалған салмағы 150 кг дейін және олардың қорытпалары мен құймаларынан жасалған салмағы 5 т дейін дайындамалар мен бөлшектерді қыздыру. Пештерді жағу және тиеу. Аспаптардың көмегімен қыздыру температурасын айқындау. Пештердің жұмысын реттеу. Құймаларды жиектеу. Жалпы өндірістегі ұста-пресс цехтарында болаттың барлық маркасынан жасалған дайындамаларды еден алаңы 0,5 шаршы метрге дейінгі барлық жүйедегі қыздыру пештерінде қыздыру. Ашаларды шлицтеу үшін қыздыру.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін бір типтік қыздыру пештерінің жұмысы қағидатын, түсті металдан және олардың қорытпаларынан жасалған дайындамаларды қыздыру ережесін, едәуір кең таралған арнаулы құрылғылардың және бақылау-өлшеу аспаптарының міндетін және қолдану шартын, қолданылатын отынның түрлерін, қасиетін және калориялығын.

354. Металды қыздырушы (дәнекерлеуші) 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Камералық, әдістемелік және жартылай әдістемелік пештерде әртүрлі маркалы болаттан, түсті металдардан және олардың қорытпаларынан жасалған 150-ден 1500 кг дейін, белгілі сортты жоғары қоспалы болат пен құймалардан жасалған салмағы 5-ден 50 т дейін бөлшектер мен дайындамаларды қыздыру. Әртүрлі маркалы қара, түсті металдан және олардың қорытпаларынан жасалған дайындаманың, бөлшектің әрбір түрі үшін белгіленген технологиялық процестерге сәйкес дайындамалардың, бөлшектер мен құймалардың қыздыру температурасын ұстау. Қызмет көрсететін учаскенің жұмыс кестесін сақтау. Күрделі жөндеуден кейін пештерді кептіру. Жалпы өндірістегі ұста-пресс цехтарында оттық алаңы 0,5-тен 4 шаршы метрге дейінгі барлық жүйедегі қыздыру пештерінде болаттың барлық маркасынан жасалған дайындамаларды қыздыру.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін типтік қыздыру пештерінің құрылғысын, дайындамалардың қимасы мен салмағына қарай әртүрлі маркалы болаттың, түсті металдар мен олардың қорытпаларының, көміртекті және қоспалы болаттың қызу режимін, әртүрлі бөлшектерді пешке орналастыру тәсімін, құбылма түсін және оған қатысты қыздыру температурасын, жылу режимін және жөндеуден кейін пештерді кептіру ережесін, арнайы қондырғылардың және бақылау-өлшеу аспаптарының құрылғысын.


355. Металды қыздырушы (дәнекерлеуші) 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Әртүрлі маркалы болаттан, түсті металдар мен оның қорытпаларынан, түрлі сортты жоғары қоспалы болаттан жасалған салмағы 1500 кг артық және құймалардан жасалған салмағы 50-ден 100 т дейін бөлшектер мен дайындамаларды камералық, әдістемелік, жартылай әдістемелік пештерде, сондай-ақ айналмалы және қозғалмалы табандығы бар кезеңді істейтін пештерде қыздыру. Жоғары қоспалы болаттың, түсті металдар мен оның қорытпаларының белгіленген температуралық режиміне сәйкес қыздыру процесін жүргізу. Жалпы өндірістегі ұста-пресс цехтарында оттық алаңы 4-тен 8 шаршы метрге дейінгі барлық жүйедегі қыздыру пештерінде болаттың барлық маркасынан жасалған дайындамаларды қыздыру. Металл жолағын қыздыру процесін жүргізу.

Білуге тиіс: кезеңді және үздіксіз істейтін әртүрлі қыздыру пештерінің құрылғысын, жоғары қоспалы, қыздыруға берік болатты, түсті металдар мен олардың қорытпаларын қыздыру ерекшеліктерін, белгіленген қыздыру режимдерін сақтамау әсерінен туындаған металл ақауларын, оларды алдын алу және жою әдістерін, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылғысын, міндетін және қолдану шартын.


356. Металды қыздырушы (дәнекерлеуші) 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Салмағы 100 т артық құймаларды камералық, әдістемелік, жартылай әдістемелік пештерде, сондай-ақ айналмалы және қозғалмалы табандығы бар пештерде қыздыру. Бағалы бөлшектерді жасау үшін жоғары қоспалы қыздыруға берік болаттан жасалған дайындамалар мен құймаларды қыздыру. Әртүрлі маркалы болатты, түсті металдар мен оның қорытпаларын қыздырудың белгіленген температуралық режиміне сәйкес қыздыру процесін жүргізу. Жалпы өндірістегі ұста-пресс цехтарында оттық алаңы 8 шаршы метрден артық барлық жүйедегі қыздыру пештерінде болаттың барлық маркасынан жасалған дайындамаларды қыздыру.

Білуге тиіс: кезеңді және үздіксіз істейтін әртүрлі қыздыру пештерінің кинематикалық тәсімін және конструкциясын, әртүрлі маркалы болатты, түсті металдар мен олардың қорытпаларын қыздыру ерекшелігін, бақылау-өлшеу аспаптарын баптау және реттеу ережесін.

Ұсталық-пресс жабдығын баптаушы
357. Ұсталық-пресс жабдығын баптаушы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Құламалы бөліктер салмағы 1,5 т дейін ұста және штампылау балғаларын, күші 8 МН (800 тс) дейін механикалық және гидравликалық шыңдау престерін, күші 3 МН (300 тс) дейін фрикциялық және қисық тікенді престерді баптау және жұмысын реттеу. Күші 2 МН (200 тс) дейін көлденең соғатын машиналарда штампыларды баптау, орнату және реттеу. Күрделілігі әртүрлі бөлшектер мен бұйымдарды ыстықтай штампылау үшін автоматты және жартылай автоматты желілерді баптау. Бағдарламалық басқарылатын өнеркәсіптік манипуляторлардың (роботтардың) қармауыштарын баптау. Ұста-штампылау автоматтарды баптау. Штампыларды, соққыштарды, матрицаларды қажетті температураға дейін қыздыру. Штампыларды баптау және қайта баптау бойынша даярлау ауысымы жұмыстарына, сондай-ақ балғаларды, престер мен штампыларды ағымдағы жөндеуге қатысу. Баптау жұмыстары кезінде ілмектеу операцияларды орындау.

Білуге тиіс: балғалардың, престердің, штампылардың, көлденең соғатын машиналардың және бір типті өнеркәсіптік манипуляторлардың құрылғысын, манипуляторлардың жұмысқа қабілеттілігін және бағыттау дәлдігін тексеру ережесін, өңделетін металдың негізгі қасиеттерін және оларды қыздырудың қажетті температурасын, қолданылатын штамптардың конструкциясын, оларды орнатудың тәсілдерін, әзірленетін бөлшектерді соғуға және штампылауға қойылатын шақтамалар мен қондырмаларды, бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылғысын, міндетін және қолдану шартын, автоматты және жартылай автоматты желілер механизмдерінің өзара әрекеттесуін, жүктерді ілмекке арқандау ережесін және тәсілдерін.


358. Ұсталық-пресс жабдығын баптаушы 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Орташа күрделі шыңдау үшін соғатын көп тұтқалы штампыларды баптау, орнату және реттеу. Құламалы бөліктер салмағы 1,5-тен 8 т дейін ұста және штампылау балғаларын, күші 8-ден 500 МН дейін (800-ден 5000 тс дейін) механикалық және гидравликалық соғу престерін, күші 3 МН (300 тс) көлденең-иілгіш престерді баптау және жұмысын реттеу. Күші 2-ден 12 МН дейін (200-ден 1200 тс дейін) көлденең соғатын машиналарда штампыларды баптау, орнату және жұмысын реттеу. Бұрғыларды көлденең илектеу орнақтарын баптау. Ыстықтай және суықтай штампылаудың күрделі штампыларын құрастыру, бөлшектеу және баптау әрі қалыптарды престеу. Қыздырылған дайындамаларға тістерді ыстықтай бүрлеу үшін типтік тістерді бүрлеу орнақтарын баптау. Баллондарды домалату жөніндегі тегістеу машиналарын баптау. Қарапайым, орташа күрделі және күрделі бөлшектер мен бұйымдарды ыстықтай штампылау үшін автоматты және жартылай автоматты желілерді баптау. Ыстықтай бүрлеу машиналарында құралдарды баптау және орнату. Бағдарламалық басқарылатын өнеркәсіптік манипуляторлардың (роботтардың) жекелеген тораптарын баптау. Өндірістік баптауларды сынау. Штампылардың жарамдылығын және жұмыс сапасын айқындау. Ұсталар мен штампылаушыларға нұсқама жүргізу. Балғаларды, престерді, штампыларды, көлденең соғатын машиналарға ағымдағы жөндеу жүргізуге қатысу.

Білуге тиіс: балғалардың, престердің, көлденең соғатын және тегістейтін машиналардың кинематикалық тәсімін, әртүрлі өнеркәсіптік манипуляторлардың құрылғысын, соғу және штампылау операцияларын орындау ережесін және негізгі шарттарын, металдардың қасиетін, күрделі штампылардың конструкциясын, оларды орнату және баптау тәсілдерін, қызмет көрсететін жабдықтың принциптік электр тәсімдерін, автоматты бақылау құралдары жұмысы қағидатын және желіге қосу тәсімін.

Орта кәсіптік білімді талап етеді.

359. Ұсталық-пресс жабдығын баптаушы 6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Күрделі шыңдау үшін соғатын көп тұтқалы штампыларды баптау, орнату және жұмысын реттеу. Құламалы бөліктер салмағы 8 т артық ұста және штампы балғаларын, күші 50 МН (5000 тс) артық механикалық және гидравликалық соғатын престерді, күші 3 МН (300 тс) артық көлденең-иілгіш престерді баптау және жұмысын реттеу. Күші 12 МН (1200 тс) артық штампылар мен көлденең соғатын машиналарды баптау, орнату және реттеу. Электрмен қыздыратын көлденең илектеу шарлары орнақтарын, шарикті мойынтіректер үшін шығыршықтарды жаю үшін жаю машиналарын баптау Қыздырылған дайындамаларға тістерді ыстықтай бүрлеу үшін әртүрлі типті тістерді бүрлеу орнақтарын баптау. Күрделі бөлшектер мен бұйымдарды ыстықтай штампылау үшін автоматты және жартылай автоматты желілерді баптау. Бағдарламалық басқарылатын манипуляторларды (роботтарды) баптау және реттеу. Болт соғатын және гайка тесетін престерде құралды баптау және орнату. Күрделі штампыларды жинақтау, бөлшектеу, орнату және баптау. Жүргізілген баптаулардың дұрыстығын тексеру.

Білуге тиіс: күрделі балғалардың, престердің, құрылғылардың құрылғысы мен кинематикалық тәсімін, күрделі шыңдауларды соғу, күрделі бөлшектерді штампылау бойынша операцияларды орындау ережесін және негізгі шарттарын, автоматты және жартылай автоматты желілердің конструкциясын, кинематикалық тәсімін, жабдықтарды баптау, жөндеу және монтаждау тәсілдерін.

Орта кәсіптік білімді талап етеді.

Термоөңдеудегі жабдықтар мен агрегаттарды баптаушы


360. Термоөңдеудегі жабдықтар мен агрегаттарды баптаушы 4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Технологиялық процеспен белгіленген режимге сәйкес қыздыру пештерін, екі блоктан артқы емес термиялық пештердің агрегаттарын, әртүрлі типті және жүйелі ТВЧ қондырғыларын баптау және реттеу. Циклдық және үздіксіз жұмыс істейтін электрмен құятын қондырғыларды, цианидті және тұзды ванналар мен термо өңдеу кезінде қолданылатын басқа да жабдықтарды баптау, түзету және технологиялық процеске сәйкес ванналарды химикаттармен (ерітінділермен) толтыру. Бағдарламалық басқарылатын өнеркәсіптік манипуляторлардың (роботтардың) қармауыштарын баптау. Бақылау-өлшеу аспаптардың дұрыстығын тексеру. Құрылғыларды орнату және ауыстыру.

Білуге тиіс: қыздыру пештерінің, ТВЧ қондырғыларының, электрмен құятын қондырғылардың, цианидты және тұзды ванналардың, бір типті өнеркәсіптік манипуляторлардың құрылғысын және жұмыс режимін, манипуляторлардың жұмыс қабілеттілігін және бағыттау дәлдігін тексеру ережесін, химикаттарды сақтау және пайдалану ережесін, бөлшектер мен бұйымдарды термиялық өңдеудің режимдерін, шыңдау сұйықтықтарының (ерітінділерінің) қасиеттерін.

361. Термоөңдеудегі жабдықтар мен агрегаттарды баптаушы 5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қыздыру пештерінің желілері топтарын, әртүрлі конструкциялы екі блоктан артық термиялық пештердің агрегаттарын, әртүрлі типті және қуатты, автоматты және жартылай автоматты құрылғылармен жарақтандырылған ТВЧ қондырғыларын баптау және реттеу. Бөлшектер мен бұйымдарды әртүрлі термиялық өңдеу үшін көп орынды, механикаландырылған және электрлендірілген электрмен құятын қондырғыларды реттеу және жұмысқа дайындау. Термиялық өңдеудің бір қатарлы автоматтық желілерін баптау және реттеу. Бағдарламалық басқарылатын өнеркәсіптік манипуляторлардың (роботтардың) жекелеген тораптарын баптау. Ірі және күрделі бөлшектерді шыңдау бойынша шыңдау престерін, құралдарды және салқындатын қондырғыларды баптау, реттеу және жұмысқа дайындау. Технологиялық процеспен көзделген режимдерді алу үшін қондырғыларды реттеу.

Білуге тиіс: бөлшектер мен бұйымдарды термиялық өңдеуге арналған күрделі қондырғылардың, бір қатарлы автоматты желілердің құрылғыларын, олардың кинематикалық және электрлік жүйесін, ТВЧ қондырғылары түрлендіргіштерінің құрылғысын, әртүрлі өнеркәсіптік манипуляторлардың (роботтардың) құрылғысын, ТВЧ қондырғылары мен басқа да қондырғыларды жұмысқа дайындау ережесін, болаттың әртүрлі маркасынан жасалған бөлшектер мен бұйымдарды термоөңдеу режимдерін, бақылау аппараттары мен аспаптарды, өзі жазатын аппараттарды, термобуларды, оптикалық пирометрлерді және т.б., бөлшектер мен бұйымдарды термиялық өңдеудің сапасын айқындау тәсілдерін.

Орта кәсіптік білімді талап етеді.

362. Термоөңдеудегі жабдықтар мен агрегаттарды баптаушы 6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Термиялық өңдеудің көп қатарлы автоматты желілерін баптау және реттеу. Термиялық агрегаттардың қыздыру элементтерін тиімді режимге баптау. Автоматты және жартылай автоматты шыңдайтын әрі түзету престерді баптау, реттеу және жұмысқа дайындау. Бағдарламалық басқарылатын манипуляторларды (роботтарды) баптау және реттеу.

Білуге тиіс: термиялық өңдеудің көп қатарлы автоматты желілерінің, автоматты және жартылай автоматты шыңдау әрі түзету престердің кинематикалық және электрлік тәсімін, термиялық агрегаттардың қыздыру элементтерінің құрылғысын.

Орта кәсіптік білімді талап етеді.

Дәнекерлеуші


363. Дәнекерлеуші 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жылдам кесілетін болаттан және қатты қорытпалардан жасалған пластиналарды арнайы пештерде, ұста көріктері мен аппараттарында 20 х 30 шаршы метрге дейін кескіш ұстағыштарының қимасымен қалыпты, арнайы және қалақша кескіштерге, әртүрлі типті қыздыру пештерінде және ТВЧ бапталған қондырғыларында фрезаға, бұрғыларға, үңгуіштерге дәнекерлеу. Барлық түрдегі кескіш ұстағыштарынан пластиналарды дәнекерлеу. Жоғары білікті дәнекерлеушімен бірге үлкен пластиналарды дәнекерлеу жұмыстарына қатысу.

Білуге тиіс: қыздыру пештері, көріктер мен аппараттар жұмысының қағидатын, пісіру ұнтақтарын балқыту температурасын және пластиналар мен ұстағыштарды қыздыру температурасын, жылдам кесілетін болаттың және оның маркаларының негізгі қасиеттерін, бақылау-өлшеу аспаптарының міндетін және қолдану шарттарын.


364. Дәнекерлеуші 3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жылдам кесілетін болаттан және қатты қорытпалардан жасалған пластиналарды арнайы пештерде, ұста көріктері мен аппараттарында 20 х 30 шаршы метрден артық кескіш ұстағыштарының қимасымен қалыпты, арнайы және қалақша кескіштерге, фрезаға, бұрғыларға, үңгуіштерге дәнекерлеу. Әртүрлі типті қыздыру пештерінде және бапталған ТВЧ қондырғыларда процесті жүргізу. Дәнекерлеу процесінде қыздыру режимін реттеу.

Білуге тиіс: қыздыру пештерінің, көріктер мен аппараттардың құрылғысын, қатты қорытпалардың, жылдам кесілетін болаттың және олардың маркаларының қасиеттерін, дәнекерлеу үшін қажетті материалдардың міндетін және қасиетін, жылдам кесілетін болаттан және қатты қорытпалардан жасалған пластиналарды дәнекерлеу ережесі мен тәсілдерін, термиялық өңдеу ережесін және дәнекерленген құралды сынауды, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылғысын.


365. Дәнекерлеуші 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. әртүрлі пештерде және ТВЧ қондырғыларында қыздырып, кесетін құралдарды, пуансондарды, матрицаларды қатты және жылдам кескіш болат түріндегі арнайы қорытпалармен дәнекерлеу. Сызбалар мен эскиздер бойынша шақтау және шаблон бойынша тексеріп керамикалық пластиналарды фасонды және кесетін құралдармен бекіту. Күрделі бейінді фасонды кескіштерге қатты қорытпалар пластиналарын дәнекерлеу. Қыздыру, баптау режимін таңдау және қыздыру пештерін және ТВЧ қондырғыларының жұмысын реттеу.

Білуге тиіс: қыздыру пештерінің конструкциясын ТВЧ қондырғыларының құрылғысын, жоғары жиілікті генераторлардың негізгі типтерін және оның жұмысы қағидатын, жоғары жиілікті токтардың ерекшеліктерін, қатты қорытпалардың жылдам кескіш болат маркаларын, кесетін бетін балқыту үшін қолданылатын пластиналарды, дәнекерлеу үшін қажетті материалдардың қасиетін және қолдану шартын.

366. Дәнекерлеуші 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қыздыратын пештер мен вакуумдық қондырғыларда қатты қорытпалар пластиналарын күрделі бейінді фасонды кескіштерге және жылдам кескіш болатты спираль бойынша кескіштерге дәнекерлеу. Вакуумдық қондырғыны баптау. Вакуумдық сорғыларға, салқындату жүйелерге, бақылау-өлшеу аппаратураларына қызмет көрсету.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықтар мен аспаптардың кинематикалық тәсімін, металл тану негіздерін және материалдардың пісіруге икемділігін, ерітіп дәнекерленген жіктердің сапасын тексеру тәсілдерін, вакуумдық техниканың негіздерін, орындалатын жұмыс шегінде электротехника негіздерін, жабдыққа қызмет көрсету және баптау ережесін.


Автоматты және жартылай автоматты желілердегі

ұста-оператор
367. Автоматты және жартылай автоматты желілердегі

ұста-оператор 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бақылау пультінен бөлігін шөгетін, кесетін престерде, бұранда бүрлеу, табақ штампылау, сым-шеге істейтін, серіппе орамдау, тізбек тоқитын және басқа да ұсталы-штампылау автоматтарында металдар мен қорытпалардан жасалған әртүрлі бөлшектерді, бұйымдар мен дайындамаларды штампылау, бөлігін шөгу, соғу. Үлгі, қалып және өлшеу құралдары бойынша бөлшектер мен бұйымдар жасауды тексеру. Ұста-штампылау автоматтарын баптау. Бөлшектерді, бұйымдар мен дайындамаларды қыздыруды реттеу. Қызмет көрсететін жабдықтарды ағымдағы жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін автоматтардың құрылғысын, штампыларды орнату және түсіру тәсілдерін, металды қыздыру температурасын, шектеулер мен орнықтыруларды, кедір-бұдырлық квалитетін және параметрлерін, майлайтын және салқындататын сұйықтықтардың міндеті мен қасиетін.


368. Автоматты және жартылай автоматты желілердегі

ұста-оператор 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бақылау пультінен жартылай автоматты желілерде металдар мен қорытпалардан жасалған әртүрлі бөлшектерді, бұйымдарды және дайындамаларды ыстықтай штампылау, бөлігін шөгу, соғу процестерін жүргізу. Жартылай автоматтарды, престерді, жартылай автоматты желілердің соғатын көп позициялы штампыларын баптау, орнату және жұмысын реттеу. Бақылау-өлшеу және реттеу аспаптарының көмегімен металды тиеу және қыздыру алдында дайындамаларды бақылау. Жабдықтар мен жартылай автоматты желілерді жұмысқа дайындау. Майлау жүйесін реттеу.

Білуге тиіс: жабдықтардың құрылғысын, принципті тәсімдерін және автоматты желілер механизмдерінің өзара әрекеттесуін, металдар мен қорытпаларды қыздыру, салқындату және штампылау режимдерін, шектеу және орнықтыру жүйесін.


369. Автоматты және жартылай автоматты желілердегі

ұста-оператор 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Басқару пультінен автоматтық желілерде металдар мен қорытпалардан жасалған әртүрлі бөлшектерді, бұйымдар мен дайындамаларды ыстықтай штампылау, бөлігін шөгу, соғу процесін жүргізу. Автоматтарды, автоматты ауыстырғыштарды және автоматты желілердің агрегаттарды баптау. Автоматтық желілердің жабдықтары мен агрегаттарды жұмысқа дайындау. Желілер жұмысындағы ақаулықтарды жою. Шыңдау жұмысын бақылау.

Білуге тиіс: автоматтық желілер құрылғысын, кинематикалық тәсімін және механизмдерінің өзара әрекеттесуін, штампылайтын материалдардың механикалық қасиетін, дайындалатын бөлшектерге, бұйымдарға қойылатын техникалық талаптарды.


Автоматты желілердегі термист-операторы


370. Автоматты желілердегі термист-операторы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Басқару пультінен жартылай автоматты және бір қатарлы автоматты желілерде бұйымдарды, бөлшектер мен құралдарды шыңдау, жұмсарту, күйдіру, нормалау және басқа да термиялық өңдеу процесін жүргізу. Бұйымдарды, бөлшектер мен құралдарды термиялық өңдеудің берілген технологиялық процесіне термиялық пештердің технологиялық белгілері, міндеті, қыздыру тәсілдері, конструкциясы, жұмыс режимі және механикаландыру бойынша жұмыстарды реттеу. Жұмыс процесінде жабдықтарды және механизм желілерін баптау. Желінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету. Бақылау өлшеу аспаптар жұмысының диаграммаларын ресімдеу. Термиялық өңдеу журналын жүргізу. Жартылай автоматты немесе автоматты желілерге кіретін термиялық пештерді ағымдағы жөндеу.

Білуге тиіс: термиялық өңдейтін жартылай автоматты және бір қатарлы автоматты желілердің құрылғысын, қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдардың міндетін және құрылғысын, әртүрлі термиялық өңдеудің режимдерін, қызмет көрсететін желілердің тәсілдерін және баптау ережесін, орындалатын жұмыс шегінде электротехника негіздерін.

371. Автоматты желілердегі термист-операторы 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Басқару пультінен көп қатарлы автоматты желілерде бұйымдарды, бөлшектер мен құралды шыңдау, жұмсарту, күйдіру, нормалау және басқа да термиялық өңдеу процесін жүргізу. Жұмыс барысында жабдықтарды және желілер механизмдерін баптау. Жабдықтау жұмысында ақауларды анықтау және жою.

Білуге тиіс: көп қатарлы автоматты желілердің кинематикалық және электрлік тәсімдерін, қоректену көздерінің және басқару пульттерінің құрылғысы мен электрлік тәсімдерін, өңделетін бөлшектердің, бұйымдардың, құралдың химиялық құрамын, механикалық және физикалық қасиетін, бақылау-өлшеу аспаптарын және құралды баптау, реттеу ережесі мен тәсілдерін, өңделетін бұйымдар мен бөлшектерге қойылатын техникалық талаптар.

Машиналарды түзетуші
372. Машиналарды түзетуші 1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жоғары білікті түзетушімен бірлесіп түзетілетін дайындамаларды, бөлшектер мен бұйымдарды аударуға және ауыстыруға, күші 75 кН (75 тс) дейін престерде түзету операцияларын орындау кезінде бірінші көмекші ретінде және күші 750-ден 2500 кН дейін (75-ден 250 тс дейін) престерде ірі дайындамалар мен бөлшектерді түзету кезінде екінші көмекші ретінде қатысу.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін престерді, жанышпабіліктерді және басқа да тұзеткіш машиналардың құрылғысын, едәуір кең таралған қарапайым аспаптардың міндеті мен шарттарын, дайындамаларды, бөлшектер мен бұйымдарды престеуге немесе жаныштауға беру ережесін, оларды түсіру және орналастыру ережесін, жұмыс орнында қолданылатын шартты белгі беруді.


373. Машиналарды түзетуші 2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жанышпабілектерде, шығыршық түзеткіш және басқа машиналар мен күші 750 кН (75 тс) дейінгі престерде табақты, шыбықты және сортты металдан жасалған қарапайым және орташа күрделі бөлшектерді сызғышпен және үшбұрышты сызғышпен суықтай және ыстықтай түзету. Калибрлік металды түзету-кесу автоматында және құбырларды құбыр түзейтін станокта түзету. Әртүрлі түзету жабдықтарында түсті металдар мен қорытпалардан жасалған табақ пішіндерін, жолақтарды, құбырларды, шыбықтарды түзетуге қатысу. Жоғары білікті түзетушінің басшылығымен престерді баптау және аспаптарды орнату. Күші 750 до 2500 кН престерде ірі дайындамалар мен бөлшектерді түзетуге қатысу. Түзеткіш машиналарды басқару.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін престердің, жанышпабілектер мен түзеткіш машиналардың жұмыс қағидатын, арнайы құрылғыларды, көтергіш механизмдер мен бақылау-өлшеу құралдарының міндетін және қолдану шарттарын, түзету кезінде табақты және сортты металдың қасиетін, өзгеруін және құрылымының өзгеруін, болатты таңбалау, бөлшектерді түзетудің техникалық шарттарын.

Жұмыс үлгілері

1) Барлық ұзындықтағы қимасы 75 x 75 кв.мм дейінгі бұрышты болаттан жасалған бөлшектер мен дайындамалар – түзету;

2) Қимасы 75 x 75 кв. мм артық және ұзындығы 6 м дейін бұрышты болаттан жасалған бөлшектер мен дайындамалар – түзету;

3) Швеллерлі және қоставрлы илектелген № 20 дейінгі және ұзындығы 6 м дейінгі пішіннен жасалған бөлшектер мен дайындамалар – түзету;

4) Дискілер, фланцтер мен штампыланған бөлшектер – түзету;

5) Автомобильдерге арналған шарикті мойынтіректі қақпақтар – түзету;

6) Барлық пішіндегі және өлшемдегі егеулер – түзету;

7) Диаметрі 1000 мм дейінгі, қалыңдығы 12 мм дейінгі цилиндрлік конструкцияларға арналған ернеушелер – түзету;

8) Музыкалық аспаптарға арналған сым – түзету;

9) Серіппелі, сатылы сым – түзету және бүрмелеу;

10) Шыбықтар – түзету;

11) Бұрғылар, бұрандаойғыштар, қашаулар – түзету;

12) Диаметрі немесе квадрат жағынан 60 мм дейін және ұзындығы 2 м дейін квадратты және дөңгелек болат – түзету;

13) Көлемі 5 кв м дейін және қалыңдығы 18 мм дейінгі табақты болат – түзету;

374. Машиналарды түзетуші 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жанышпабілектерде, түзеткіш станоктарда және күші 750-ден 2500 кН дейінгі (75-тен 250 тс дейін) престерде табақты, термиялық өңделгенге дейінгі және кейінгі табақты әрі пішінді престерден жасалған күрделі бөлшектерді сызғышпен және үшбұрышты сызғышпен суықтай және ыстықтай түзету. Күші 750 кН (75 тс) дейінгі престерде термоөңделгеннен кейін созылымды шойыннан жасалған құймалардың қылауларын кесу және түзету. 1 мм ұзындықта 0,2-ден 2 мм дейін қисықтығы бойынша дәлдікті қамтамасыз ете отырып, түзеткіш-кескіш машиналарда бунттан жасалған бөлшектердің дайындамаларын шабу және түзету. Әртүрлі түзеткіш жабдықтарда түсті металдар мен қорытпалардан жасалған пішіндерді, табақтарды, жолақтарды, құбырларды, шыбықтарды және басқа да бұйымдарды түзету. Күші 250 тс артық престерде ірі дайындамалар мен бөлшектерді түзетуге көмекші ретінде қатысу. Бөлшектерді түзету үшін жабдықтарды баптау және құрылғыларды орнату. Бөлшектерді түзетудің оңтайлы тәсілдерін белгілеу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін престердің, жанышпабіліктердің және басқа да түзеткіш машиналардың құрылғысын және баптау ережесін, арнайы құрылғылардың, көтергіш механизмдердің және бақылау-өлшеу құралдарының құрылғысын.

Жұмыс үлгілері

1) Ұзындығы 4 м дейін қабырғалы арқалық – түзету;

2) Диаметрі 300 мм дейін, ұзындығы 7 м дейінгі біліктер – түзету;

3) Карданды біліктер – индикатор бойынша 0,1 мм дәлдікпен түзету;

4) Іштен жану қозғалтқыштардың иінді біліктері – 0,08 мм дейінгі дәлдікпен түзету;

5) Қимасы 75 x 75 кв. мм артық және ұзындығы 6 м артық бұрышты болаттан жасалған бөлшектер мен дайындамалар – түзету;

6) Швеллерлі және қоставрлы илектелген № 20 артық және ұзындығы 6 м артық пішіннен жасалған бөлшектер мен дайындамалар – дәл түзету ;

7) Бағыттамалы бұрмаға арналған рельстік бөлшектер – бір қалыпты иілу;

8) Диаметрі 1000 мм артық, қалыңдығы 12 мм артық цилиндрлік конструкцияларға арналған ернеушелер - жаншу, түзету;

9) Бағыттамалы бұрмалардың үшкірлері мен рельстері – түзету;

10) Ауыл шаруашылығы машиналарының кесетін аппараттарының саусақтары – түзету және қылауларын кесу;

11) Кесекшелерді жентектеуге арналған табандықтар – түзету;

12) Рельстер – түзету;

13) Диаметрі 50 мм дейінші калибрленген болат – түзету;

14) Диаметрі немесе квадрат жағынан 60 мм артық және ұзындығы 2 м квадратты және дөңгелек болат – түзету;

15) Көлемі 5 кв м дейін және қалыңдығы 18-ден 30 мм артық, көлемі 8 кв м артық және қалыңдығы 10-нан 18 мм дейін табақты болат – түзету;

16) Ұзындығы 12 м дейінгі швеллерлі және зето тәрізді болат - сызғышпен және үшбұрышты сызғышпен тексеріп, түзеткіш престе түзету.

375. Машиналарды түзетуші 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Термоөңдеуге дейін және кейін жанышпабіліктерде, түзету станоктарында және күші 2,5 МН (250 тс) артық престерде күрделі өлшемде дайындалған бұйымдарды индикаторы мен құрылғылары бойынша суықтай және ыстықтай дәл түзету. Термоөңдеуге дейін және кейін күші 750 кН (75 тс) артық престерде созылымды шойыннан жасалған құймалардың қылауларын түзету және кесу. Жабдықтар мен құрылғыларды баптау. 1 мм ұзындықта 0,2 мм дейін қисықтығы бойынша дәлдікті қамтамасыз ете отырып, түзеткіш-кескіш машиналарда бунттан жасалған бөлшектердің дайындамаларын шабу және түзету.

Білуге тиіс: түзеткіш станоктардың, машиналар мен әртүрлі типті механизмдердің құрылғысын, арнайы құрылғылардың конструкциясын, түзету кезінде металл құрылымының өзгеруін, металдардың механикалық қасиетін.

Жұмыс үлгілері.

1) Ұзындығы 4 м артық қабырғалы арқалық – түзету;

2) Диаметрі 300 мм артық және ұзындығы 7 мм артық біліктер – индикатор бойынша түзету;

3) ЗИЛ-130 автомобильдерінің тістегершік біліктері, жартылай осьтері, айқастырмалары – индикатор бойынша түзету;

4) Іштен жану қозғалтқыштардың иінді біліктері – индикатор бойынша түзету;

5) ЗИЛ-1-130 автомобилінің берілістер қорабы біліктері – индикатор бойынша түзету;

6) Сфералық түптер – түзету;

7) Диаметрі 1000 мм артық арнайы шығыршықтар, тәждері, тістегершіктері – индикатор бойынша түзету;

8) Лонжерондар – түзету;

9) Диаметрі 50 мм артық калибрленген болат – түзету;

10) Табақ қалыңдығы 300 мм артық көлемі 5 кв м дейін және табақ қалыңдығы 18 мм артық көлемі 5 кв м табақты болат – түзету;

11) Ұзындығы 12 м артық швеллерлі және зето тәрізді болат - сызғышпен және үшбұрышты сызғышпен тексеріп, түзеткіш престе түзету.

376. Машиналарды түзетуші 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жанышпабіліктерде, түзеткіш станоктар мен престерде қыздыруға берік болаттан, титан және магний қорытпаларынан жасалған ірі габаритті әрі эксперименталды бөлшектерді индикатор және құрылғылар бойынша суықтай және ыстықтай түзету. Ірі габаритті тұтас панельдерді шаблондар және шаблон себеттер бойынша иілту.

Білуге тиіс: түзеткіш жабдықтарда ірі габаритті бөлшектерді түзету технологиясының ерекшеліктерін, металл технологиясының негіздерін, шақтамалар мен қондырмаларды, дайындалатын бұйымдардың міндетін және жұмысының шартын, арнайы жарақтандыру, құрылғылар мен жабдықтардың конструкциясының ерекшеліктерін.

Жұмыс үлгілері

1) Ірі габаритті және тұтас панельдердің қанаты – теоретикалы контурға сәйкес түзету;

2) Титан қорытпаларынан жасалған фюзеляж шпангоуттары – термоөңдеуден кейін түзету.

377. Шпальт електеріне арналған дайындамаларды престеуші 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Пресс-автоматтарды сымды оттықтарды дайындау. Орау станогында сымдарды кассеталарға орау. Пресс-автоматтың ілмек жасағышына сым оралған кассетаны орнату. Қадам және саңылау өлшемі бойынша пресс-автоматты баптау. Оттық қимасының қажетті өлшемін алу үшін таза өлшемде пуансон мен матрица қырларын және бүйір қырларын ажарлау. Оттықтарды кесу. Қызмет көрсететін жабдықтарды баптау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылғысын, кинематикалық тәсімін, дәлдікке тексеру ережесін және баптау тәсілін, шпальт електерін дайындаудың техникалық шарттарын, дайындалатын електердің сорттарын, ілмек жасаушылардың, оттықтарды штампылаудың және кесудің ақауларын.


Ыстықтай штампылаудағы престеуші

378. Ыстықтай штампылаудағы престеуші 3-й разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ыстықтай түсіру пресс-автоматтарында және ыстықтай және жартылай ыстықтай түсіру престерде диаметрі 16 мм дейін болаттарды, гайкаларды, сондай-ақ тойтарма шегелерді және басқа да қарапайым қалыпты бекіту бұйымдарын, автомобиль қозғалтқыштарына итеретін штанга бастарын ыстықтай штампылау. Қызмет көрсетілетін жабдықтарды ағымдағы жөндеуге қатысу. Ыстықтай бүрлеу машиналарында барлық өлшемдегі болттардың бұрандаларын бүрлеу. Жұмыс процесінде бұрандаларды техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарттарға сәйкестігін тексеру. Берілген режимге сәйкес пуансондарды, матрицаларды, қарапайым штампыларды баптау және дайындамаларды қыздыруды реттеу. Болат оправаларға талшықтарды ыстықтай престеу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін персс-автоматтар, пресс-жартылай автоматтары мен бүрмелеу машиналары механизмдерінің құрылғысын және міндетін, штампылау қасиетіне қарай дайындамаларды қыздыру режимін, қолданылатын технологиялық отынның түрлерін, қарапайым штампылардың конструкциясы мен оларды орнату тәсілдерін, салқындату және штампыларды жұмысқа дайындау ережесін, бұрандаға арналған стандарттарды.


379. Ыстықтай штампылаудағы престеуші 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қыздыру құрылғылары мен термиялық агрегаттары бар ыстықтай түсіретін болтты, гайкалы, балдақты және айдауға қарсы арнайы престерде, әртүрлі конструкциялы пресс-автоматтарда және жартылай пресс-автоматтарды диаметрі 16 мм артық болттарды, гайкаларды, сондай-ақ теміржол балдақтарын, қарсы айдауларды және күрделі пішінді басқа да бекіту бұйымдарын ыстықтай штампылау. Автоматтандырылған тоғын тізбектерде диаметрі 16 мм дейін гайкалар мен болттарды дайындау. Перстерте, жартылай престерде және автоматтарда сағаттарға арналған корпустардың дайындамаларын ыстықтай штампылау. Дайындалатын бөлшектерді үлгі, шаблондар немесе өлшеу құралдары бойынша тексеру. Металды газбен және басқа да отын түрімен қыздыруда бақылау-өлшеу және реттеу аспаптарының көрсеткішін бақылау. Жартылай автоматтарды, престерді, штампыларды және автоматтандырылған тоғын тізбекті агрегаттарды баптау және қайта баптау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың, штампылардың, автоматтандырылған тоғын тізбектері агрегаттарының және бақылау-өлшеу аспаптарының құрылғысын, дайындалатын бөлшектер мен бұйымдардың барлық түріне дайындамалардың өлшемін есептеу ережесін, дайындалатын бөлшектерге қойылатын техникалық талаптарды, металды қыздырудың және термоөңдеудің температуралық режимін.


380. Ыстықтай штампылаудағы престеуші 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Автоматтандырылған тоғын тізбектерде диаметрі 16 мм артық гайкалар мен болттарды, сондай-ақ пішіндердің теміржол балдақтарын, қарсы айдау және басқа да бекіткіш бұйымдарын дайындау. Автоматтандырылған тоғын тізбектерінің агрегаттары мен автоматтарын баптай және қайта баптау.

Білуге тиіс: автоматтандырылған тоғын тізбектерінің агрегаттары мен автоматтарының және бақылау-өлшеу аспаптарының конструкциясын, дайындалатын бөлшектерге қойылатын техникалық талаптар.

Шарларды прокаттаушы
381. Шарларды прокаттаушы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Белгіленген техникалық процесс бойынша арнайы илектеу станоктары мен машиналарында шыбықты металдан жасалған тескіштер, кескіштер және бұрғылар үшін дайындамаларды ыстықтай ұзыннан илектеу. Орнақтарды реттеу және баптау.

Білуге тиіс: ұзыннан илектейтін орнақтардың құрылғысын, бақылау-өлшеу құралдарының міндеті мен қолдану шарттарын.


382. Шарларды прокаттаушы 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Белгіленген технологиялық процесс бойынша арнайы илектеу орнақтарында әртүрлі маркалы болаттан жасалған шарлар мен тескіштерді ыстықтай көлденең илектеу. Қызмет көрсететін жабдықтар мен механизмдерді басқару. Берілген өлшемде орнақтарды баптау және теңшеу.

Білуге тиіс: көлденең илектеу орнақтарының құрылғысын, илектелетін болаттың илемділік қасиетін, бақылау-өлшеу құралдардың құрылғысын.


Серіппеші


383. Серіппеші 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Техникалық шарттарға сәйкес алдын ала кассета ұяларына керумен тарту серіппелерін қолмен теру. Жинақталған кассеталарды қолмен немесе көтергіш-көлік құрылғыларын пайдалана отырып келесі операцияға көшіру. Серіппе орайтын басшаларда әртүрлі маркалы болаттан жасалған серіппелерді суық күйінде орамалау. Серіппелерді қадам бойынша ажырату және құлақшаларды иілту.

Білуге тиіс: серіппелерді кассеталарға теру ережесі мен тәсілдерін, пружинаның әр түріне арналған кассеталардың конструкциясын, орамдау басшалардың құрылғысын және жұмыс қағидатын, серіппелерді дайындауға қолданылатын әртүрлі маркалы болаттың қасиетін, құрылғылар мен бақылау-өлшеу құралдарының міндеті мен шарттарын.


384. Серіппеші 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Шыбық диаметрі 15 мм дейін болған кезде әртүрлі конструкциялы станоктарда әртүрлі маркалы болаттан жасалған серіппелерді ыстық және суық күйінде орамалау. Шыбық диаметрі 10 мм дейін болған кезде серіппелерді орамалау. Қызмет көрсетілетін станоктарды баптау. Серіппелерді қадам бойынша ажырату және құлақшаларды иілту. Серіппелерді бұрыштап және жазып түзету және қиыстырып келтіру. Техникалық шарттарға сәйкес барлық өлшемдегі күрделі серіппелерді сынау. Тескіштерге арналған дайындамаларды ыстық күйінде бұрмалау. Серіппелерді калибрлеу, тіктеу.

Білуге тиіс: серіппелерді дайындау және термоөңдеу бойынша әртүрлі типті серіппе орайтын станоктардың және басқа жабдықтардың құрылғысын, әртүрлі бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарының міндетін және қолдану шарттарын, әртүрлі қалыпты серіппелерді орамалау үшін әмбебап және арнайы құрылғылардың құрылғысын, міндетін және қолдану шарттарын, серіппелерді термоөңдеу режимін.


385. Серіппеші 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Шыбық диаметрі 15мм артық болған кезде әртүрлі конструкциялы станоктарда әртүрлі маркалы болаттан жасалған серіппелерді ыстық күйінде орамалау және шыбық диаметрі 10 мм болған кезде серіппелерді орамалау. Тәжірибелі өндірісте ыстық күйінде асрнайы серіппелерді дайындау. Қызмет көрсетілетін станоктарды баптау. Азоттандырғаннан кейін серіппелерді калибрлеу. Жолақтардан жасалған ұлу тәрізді спиральді серіппелерді дайындау. Серіппелерді орамалауға арналған оправалардың өлшемін айқындау.

Білуге тиіс: әртүрлі типті серіппе орамалаудың кинематикалық тәсімін, күрделі серіппелерді дайындау тәсілдерін, серіппелерді термоөңдеу ережесін, әртүрлі қалыпты серіппелерді орамалауға арналған әмбебап және арнайы құрылғылардың конструкциясын, қыздыру және термиялық өңдеу кезінде қолданылатын әртүрлі ванналар мен пештердің құрылғысын.


Жаюшы
386. Жаюшы 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Белгіленген мөлшерді сақтай отырып, жаю машиналарында диаметрі 250 мм мойынтіректер үшін сақиналардың дайындамаларын ыстықтай жаю. Өлшемдерін өлшеу құралдарымен тексеру. Машиналарды баптау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жаю машиналардың және электрмен қыздыру құрылғыларының құрылғысын және баптау тәсілдерін, шарикті мойынтіректердің сақиналары үшін қолданылатын болаттың маркаларын, бақылау-өлшеу құралдарының міндеті мен қолдану шарттарын.

387. Жаюшы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жаю машиналарында диаметрі 250-ден 350 мм дейін мойынтіректер үшін сақиналар дайындамаларын және дискі жаятын орнақтарда автомобиль дөңгелектері үшін конустық дискіге арналған дайындамаларды ыстықтай жаю. Орнақты баптау. Жоғары білікті жаюшымен бірлесіп жаю машиналарында диаметрі 350 мм артық подшипниктер үшін сақиналардың дайындамаларын ыстықтай жаю.

Білуге тиіс: дискі жаятын орнақтардың құрылғысын және қызмет көрсетілетін жаю машиналарының кинематикалық тәсімін, машиналар дөңгелегі дискілерінің дайындамаларын жаю үшін қолданылатын болаттың маркаларын, дайындамалардың температурасын және қыздыру режимін, бақылау-өлшеу құралдарының құрылғысын.

388. Жаюшы 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жаю машиналарында диаметрі 350 мм артық мойынтірек сақиналарының дайындамаларын, пішінді сақиналарды және диаметрі 1500 мм дейін авиациялық қозғалтқыштардың қыздыруға берік және титан қорытпаларынан жасалған сфералық қабықшаларын ыстықтай жаю. Жаю машиналарын сақиналарға саптау.

Білуге тиіс: сақиналар мен сфералық қабықшалары үшін қолданылатын әртүрлі жаю машиналарының, дискі жаю орнақтарын және қыздыру құрылғыларының кинематикалық тәсімдерін, дайындамаларды қыздырудың оңтайлы режимдерін, тарамдалған қаусырудың дәрежесін әртүрлі нүктелердегі дайындамалардың қалыңдығына тәуелсіздігін, жаю машиналарын баптау тәсілдерін.


389. Жаюшы 6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жаю машиналарында диаметрі 1500 мм артық авиациялық қозғалтқыштардың қыздыруға берік және титан қорытпаларынан жасалған пішінді сақиналар мен сфералық қабықшаларды ыстықтай жаю, түзету, калибрлеу. Коррозиялық болаттан және молибденді қорытпалардан жасалған жұқа қабырғалы бөлшектерді жаю.

Білуге тиіс: ірі габаритті және жұқа қабырғалы бөлшектерді жоюдың технологиялық процесін, кинематикалық, гидравликалық және қыздыру құрылғыларының конструкциясын және оларды баптау тәсілдерін, өңдеудің белгіленген дәлдігіне жету тәсілдерін, әртүрлі жұмыстарды орындауға байланысты параболалық қабықшаларды есептеу ережесін.

Ыстық металды өңдеудегі рессоршы
390. Ыстық металды өңдеудегі рессоршы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қалыңдығы 6 мм дейін рессорлы табақтарды қыздыру пештеріне тиеу. Қыздырудың белгіленген режиміне сәйкес қыздыру пештерін қыздыру, отын беруді реттеу және температураны ұстау. Қыздыру пештеріне рессорлы табақтарды тиеу, қыздыру, пештен түсіру және дайындамаларды иілту немесе соғу машиналарына беру. Табақ кешендерін стеллаждарға салу және майлау. Рессорлы табақтарды шыңдау және жұмсарту. Жоғары білікті рессоршымен көмекші ретінде жұмыс істеу.

Білуге тиіс: қыздыру пештері мен қызмет көрсетілетін машиналардың құрылғысын, рессорлы табақтардың санын және оларды пешке тиеу жүйелілігін, дайындамаларды қыздыру режимін, табақтарды пешке тиеу және пештен түсіру тәсілдерін, рессорды құрастыру процесін, рессорлы табақтарға арналған майлайтын майлардың түрлерін, дайындауды және міндетін, бақылау-өлшеу құралмады мен аспаптарының міндетін және қолдану шарттарын.

391. Ыстық металды өңдеудегі рессоршы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қыздыру пештеріне қалыңдығы 6 мм артық рессорлы табақтарды тиеу. Әртүрлі конструкциялы престерде берілген пішін бойынша рессорлы табақтарды ыстықтай штампылау. Рессорлық табақтардың ұштарын 8-9 квалитеті бойынша түзету, жаншылау, әртүрлі конструкциялы соғу машиналарында ыстық күйінде рессор құлақшаларын, бортты ілмектерді орамалау. Рессорлы табақтарды термиялық өңдеу. Рессорларға қамытты қыздыру және айдау. Престерді, соғу машиналар мен штампыларды баптау. Жүк вагондары мен тендерлердің табақты рессорларының қамыттарын ауыстыру. Жөндеу, бөлшектеу, бұрамасұқпаларға құрастыру, 13 дейінгі рессордағы табақтар санымен вагондар мен тендерлердің табақты рессорларды қалыптастыру, баптау және оларға қамтытарды айдау. Өлшеу құралдарының көмегімен саңылауларды тексеру. Рессорлы табақтарды тарқату. Қамыттарды центрлеу және оларды қыздыру температурасын реттеу.

Білуге тиіс: престердің, соғу және иілту машиналарының, штампылардың құрылғысын, өңделетін металдың соғу қасиетін, өңдеуге арналған шақтамалар мен қондырмалар, рессорлы табақтарды штампылаудың, иілтудің және термиялық өңдеудің техникалық шарттарын, бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылғысын..


392. Ыстық металды өңдеудегі рессоршы 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Иілту-шыңдау машиналары мен престерде рессорлы табақтарды ыстықтай иілту. Рессорлы табақтарды шаблон бойынша қолмен иілту. Рессорлар үшін әртүрлі өлшемдегі және пішіндегі рессорлы табақтарды шыңдау және жұмсарту. Рессорлы табақтардың ұштарын 6-7 квалитет бойынша түзету және жаншылау. Әртүрлі машиналарда немесе қолмен түпкі табақтарда және сырға аспасының кронштейндерінде құлақшаларды ормалау. Қажетті штампыларды іріктеу және жұмыс процесінде оларды баптау. Престе ыстық күйінде рессорлы қамыттарды қысу. Престе табақты рессорларды сынау. Табақтар мен қамыттар арасындағы табақтар мен саңылаулардың симметриялық орналасуын тексеру. Рессорларда 13-тен артық табақтар санымен табақты рессорларды жөндеу, бөлшектеу, құрастыру, қалыптастыру және баптау әрі оларға қамыт айдау. Табақты рессорлардың қамыттарын ауыстыру.

Білуге тиіс: құлақшаларды орамалау және кронштейндерді штампылау бойынша иілту-шыңдау машиналары мен престердің құрылғысын және кинематикалық тәсімін, рессорлы табақтарды шыңдау және жұмсарту үшін қыздыру режимін, металдың шөгуіне арналған шақтамалар мен қондырмаларды, қамыттарды қысу және рессорлы табақтарды қиыстырып келтіру процесін, термоөңдеуден кейін рессорлы табақтардың ақауларын анықтау тәсілдерін, металдың кеңею және шөгу шамасын, рессорлы табақтарды шаблондар бойынша қолмен иілту тәсілдерін.

393. Ыстық металды өңдеудегі рессоршы 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жолаушы вагондарының эллиптикалық рессорларын бөлшектеу. Табақтарды камераларда қыздыру, шыңдау ванналарында шыңдау және оларды қаттылығына тексеру. Табақтарды секцияларға құрастыру және оларды түзету. Қамыттарды рессорлы пеште қыздыру және оларды түзету. Рессорлы қамыттарды ыстық күйінде престерде қысу. Табақтар мен қамыттар арасындағы табақтар мен саңылаулардың симметриялық орналасуын тексеру. Эллиптикалық рессорларды құрастыру және сынау. Рессорлы табақтардың ұшын 5 квалитет бойынша түзету және жаншылау.

Білуге тиіс: жолаушы вагондарының эллиптикалық рессорларын жөндеудің технологиясын, өлшемдерді тексеру тәсілдерін, рессорларды құрастыру сапасын, эллиптикалық рессорларды сынау ережесін.


394. Көгертуші 2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Әртүрлі кескінді және өлшемді бөлшектер мен бұйымдарды көгерту. Жұмыс процесінде пеш температурасын реттеу. Механизмдер мен аспаптардың көмегімен муфель пештеріне бөлшектер мен бұйымдарды тиеу және түсіру. Бөлшектер мен бұйымдарды майда салқындату.

Білуге тиіс: муфель пештерінің құрылғысын, пештерге тиеу және түсіру ережесін, бөлшектер мен бұйымдарды пеште ұстау уақыты, бөлшектер мен бұйымдарды майда салқындату ережесін.

Термист
395. Термист 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жалынды және электр пештерінде әрі әртүрлі салқындату ортасындағы термоқұдақтарда көміртекті және қоспаланған болаттан, түсті металдар мен оның қорытпаларынан жасалған әртүрлі дайындамаларды, қарапайым бөлшектерді, серіппелер мен құралдарды технологиялық процесс бойынша белгіленген режимде термиялық өңдеу (шыңдау, жұмсарту, күйдіру, нормалау). Автоматты қондырғыларды көміртекті, аз қоспаланған және арнайы қоспаланған болаттан жасалған қарапайым және орташа күрделі бөлшектерді термиялық өңдеу. Жәшіктер мен ыдыстарды айналдыра қалау және пештегі саңылауларды сылау. Пештерді, термоқұдықтарды дайындау және тиеу әрі термиялық өңдеуден кейін олардан пакеттерді, контейнерлерді, бөлшектерді түсіру. Отын беруді реттеу, пеш жұмысындағы ақауларды жою. Сутегі ортасында түсті металдар мен олардың қорытпаларын күйдіру. Жоғары білікті термистің басшылығымен күрделі бөлшектер мен құралдарды термиялық өңдеу. Әртүрлі конструкциялы қорғасын, цианид, селитрлы және тұзды ванналарда қарапайым кескінді бөлшектерді термиялық өңдеу. Ванналарға бөлшектерді тиеу және олардан түсіру. Еденнен көтергіш-көліктік жабдықтарды басқару. Оларды көтеру және ауыстыру үшін ілмектеу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жалынды және электрлік пештердің (камералық, шахталық) және бір типтік ванналардың қосалқы механизмдерінің құрылғысын, термоөңдеу кезінде металлдық құрылымында болатын өзгерістерді, шыңдау, жұмсарту, нормалау және күйдіру тәсілдерінің жүйелілігін, өңделетін металдардың маркаларын және оның физикалық қасиетін, металдың температурасы мен қалыңдығын өлшеуге арналған аспаптарды қолдану ережесін, қызмет көрсетілетін пештердің сыйымдылығын, салқындататын сұйықтықтың құрамын және оны қолдану ережесін,пештерге бөлшектерді тиеу және оны түсіру ережесін, сутекті және сұйық және газ тәрізді азатты пайдалану және оларды сақтау ережесін, құмаларды күйдіруге арналған ыдысты айналдыра қалау үшін сылақтарды дайындау рецептурасы мен тәсілдерін, өзгеру түсін және оларға тиісті температураны, әртүрлі маркалы болатты салқындату тәсілдерін, шыңдаудан кейін металды жұмсарту тәсілін, көтергіш-көлік жабдықтарын басқару және ілмектеу жұмыстарының ережесін.

Жұмыс үлгілері.

1) Болттар, гайкалар, штифтер, шайбалар – шыңдау, жұмсарту, күйдіру;

2) Сағаттарға арналған қыл серіппелер және патефонды серіппелер – термиялық өңдеу;

3) Кондукторларға арналған төлкелер, шағын габаритті білікшелер, тегістеушілер, гайкалы кілттер, балғалар, шапқылар, ойғыштар, сызғыштар – шыңдау, жұмсарту;

4) Кескіштердің ұстағыштары, кескіштер, қашаулар, бұрауыштар – шыңдау және жұмсарту;

5) Қарапайым иілгіш штампылардың бөлшектері – шыңдау;

6) Салмағы 2 т дейін көміртекті және аз қоспаланған боолаттан жасалған қарапайым бөлшектер – шыңдау, жұмсарту;

7) Көміртекті және аз қоспаланған болаттан жасалған салмағы 5 т дейін дайындамалар – күйдіру, нормалау;

8) Айқастырмалар және бағыттамалы бұрмалардың өзектері, тұтас құйылған – термиялық өңдеу;

9) Станоктар патрондарының жұдырықшалары – шыңдау;

10) Жабын болат табақтары – күйдіру;

11) Ұзындығы 200 мм дейін бұрандаойығыштар, ұңғылағыштар, бұрғылар-шыңдау, жұмсарту, түзету;

12) Жұдырықша муфталар – нормалау;

13) Егеулер және түрпілер – сағаны жұмсарту;

14) Құрамдалған қысқаштар, үшкір тістеуіштер, тістеуіктер – шыңдау және жұмсарту;

15) Паровоздар қос доңғалақтарының тіркейтін саусақтарының соғылмалары, тепловоздар тарту моторларының моторлы-осьтік мойынтіректерінің тығыздағыш жартылай сақиналары, тепловоз рамасы табандарының және арбаша табан тіреулерінің сақиналары – нормалау;

16) Рельстер – шыңдау аппаратында ұштарды шыңдау;

17) Роликтер, трактор сақиналары – шыңдау;

18) Иінтіректер, ашалар – шыңдау және жұмсарту;

19) Жонғыш орталықтар – шыңдау;

20) Ұзындығы 100 мм дейін шаблондар – шыңдау;

21) Шарлар, мойынтірек роликтері – шыңдау, жұмсарту;

22) Шағын габаритті тістегершіктер – шыңдау, нормалау;

23) Әртүрлі бұрмасұқпалар – шыңдау, жұмсарту.


396. Термист 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Әртүрлі салқындату ортасында жалынды, электрлі пештерде және термоөңдеуқұдықтарында көміртекті және қоспалы болаттан, түсті металдар мен ацетиленді-оттекті жалынмен түсті қорытпалардың құймаларынан жасалған әртүрлі дайындамаларды, орташа күрделі бөлшектерді, серіппелер мен құралдарды технологиялық процес бойынша белгіленген режимде термиялық өңдеу (шыңдау, жұмсарту, күйдіру, нормалау). Автоматты қондырғыларда көміртекті, арнайы аз қоспаланған болаттан жасалған күрделі бөлшектерді термиялық өңдеу. Қарапайым және орташа күрделі бұйымдарды көміртектендіру, жоспарлау, жоспарлау және азоттау. Өздігінен жоғары вакуумға жеткізіп, вакуумды қондырғыда қарапайым және орташа күрделі бөлшектерді термиялық өңдеу. Күрделігі орташа бөлшектерді цианидты, қорғасынды, селитрлі, тұзды, хлорлы-барий және сілтілі әртүрлі конструкциядағы ванналарда термиялық өңдеу. Созылымды шойынды күйдіру бойынша термиялық пештерге қызмет көрсету. Қолмен және машиналарды қолдануымен әртүрлі карбюризаторларды дайындау. Термоөңдеуден кейін бөлшектерді түзету. Балғаларда оймалаудан бос жерлерді қажауқағазбен тазалау. Рецепт бойынша калийленген ерітіндіні жасау. Металдың қаттылығын және оны қыздыру температурасын айқындау.

Білуге тиіс: жалынды, газды, индукциялы, электрлі, вакуумды (камералық, шахталық, конвейерлік, агрегаттық және басқа да) пештерің, әртүрлі жүйелі ванналардың құрылғысын, вакуумды сору жүйесінің, сутек қондырғысының міндеті мен құрылғысын, салқындатын сұйықтықтарды және қызу температурасы мен болат маркасына қарай оларды қолдану ережесін, орындалатын жұмыс шегінде металды химиялық-термиялық өңдеу негіздерін, көміртекті және қоспаланған болаттан жасалған күрделілігі орташа бөлшектер мен құралдарды термиялық өңдеу режимін таңдау ережесін, әртүрлі маркалы болаттың, түсті металдар мен олардың қорытпаларының негізгі қасиеттерін, сутек ортада күйдіру процесінің технологиялық тәсімін және реттеудің тәсілдерін, хромды-никельді катализатордың физикалық-химиялық қасиетін және оларды қолдану тәсілдерін, бір типті шыңдау пештерінде, шыңдау машиналарында бөлшектерді шыңдау тәсілдерін, молеттерді шыңдау және салқындату тәсілдерін, қажетті қаттылықты алу үшін молеттерді шыңдау және салқындату кезіндегі температуралық режимді, молеттерді электр пештерінде шыңдау кезінде электр аспаптарын қолдану ережесін, термоөңдеу кезінде әртүрлі аспаптардың (механикалық, электрлік, оптикалық) міндетін, жұмыс қағидатын, бөлшектерді көміртектендіру, ережесін, көміртектендіруші заттарды және көмірткетендіру қабатының тереңдігін айқындау ережесін, шыңдаудан кейін бөлшектерді түзету әдісін.

Жұмыс үлгілері.

1) Баллондар - нормалау, жұмсарту;

2) Ұзындығы 1000 мм дейін борштангілер – шыңдау, жұмсарту, түзету;

3) Илек орнақтарының түзеткіш және жұмыс біліктері – шыңдау;

4) Диаметрі мен ұзындық сомасы 300 мм артық болған кездегі төлкелер – шыңдау, жұмсарту;

5) Салмағы 10 т дейін жоғары қоспаланған болаттан жасалған бөлшектер – күйдіру;

6) Салмағы 2-ден 5 т артық көміртекті және аз қоспаланған болаттан жасалған ұсақ және орташа штампылардың бөлшектері мен басқа да бөлшектер – шыңдау, жұмсарту;

7) Әртүрлі кескінді жартылай периметрі 0,5 м дейінгі бөлшектер – термоөңдеу;

8) Алюминий қорытпадан жасалған поршень бұқтырмалары – термоөңдеу;

9) Көміртекті және аз қоспаланған болаттан жасалған салмағы 5 т артық дайындамалар – күйдіру, нормалау;

10) Барлық типтегі шарикті мойынтіректі сақиналар – күйдіру;

11) Клапандар мен төлкелер – азоттау;

12) Кронштейндер, рессор сырғалары, клапанды итергіштер – шыңдау, циандау;

13) Күрделілігі орташа матрицалар, пуансондары - шыңдау, жұмсарту;

14) Ұзындығы 200-ден 400 мм дейін бұрандаойғыштар, ұңғылағышта, бұрғылар, ұңғуыштар – шыңдау, жұмсарту, түзету;

15) Молеттар болатты матрицалар – шыңдау;

16) Ұзындығы 250 мм дейін үшқырлы, квадратты, дөңгелек егеулер – шыңдау;

17) Вагон осьтері – нормалау;

18) Ротор осьтері – шыңдау;

19) Доңғалақ тоғыны – термоөңдеу;

20) Жұқа қабырғалы құймалар – шыңдау;

21) Диаметрі 150 мм мойынтіректер – термоөңдеу;

22) Болатты фасонды соғылмалар, салмағы 10 т дейін көміртекті және аз қоспаланған конструкциялы болаттан жасалған құймалар – күйдіру, нормалау;

23) Коррозиялық төзімді болаттан жасалған асхана құралдары - шыңдау, жұмсарту;

24) Орташа өлшемді бұранда калибрлі тығындар мен сақиналар – шыңдау, жұмсарту, тоздыру;

25) Ұзындығы 500 мм дейін дөңгелек шлицтік тартажонғыштар – шыңдау, жұмсарту, түзету;

26) Диаметрі 15 мм дейін шыбықтан жасалған спиральді серіппелер, диаметрі 10 мм дейін шыбықтан жасалған жоғары қоспаланған болаттан күрделі серіппелер – шыңдау және жұмсарту;

27) Фасонды кескіштер – шыңдау, жұмсарту;

28) Рельстер – пісіруден кейін нормалау;

29) Рессорлар – ұзындығы 1500 мм түпкі табақпен табақтарды шыңдау және жұмсарту;

30) Қапсырмалар – көміртектендіру;

31) Құбырлар – полимерлер)

32) Барлық өлшемдегі фитингтер – күйдіру;

33) Барлық өлшемдегі цилиндрлік және дискілі фрездер-шыңдау, жұмсарту;

34) Шағын габаритті тістегершіктер – толықтай термоөңдеу.

397. Термист 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Әртүрлі салқындайтын ортада газбен жанатын, электрлік, камералық, муфельді айналамалы және басқа пештерде көміртекті, қоспалы болаттан және түсті қорытпалардан жасалған күрделі дайындамаларды, бөлшектер мен құралдарды химикалық-термиялық және термиялық өңдеу (шыңдау, жұмсарту, күйдіру, нормалау). Жоғары қоспаланған және термоөңдеудің арнайы режимін талап ететін басқа да болаттан жасалған күрделі бөлшектер мен құралдарды термиялық өңдеу. Вакуумды қондырғыда күрделі бөлшектер мен құралдарды термиялық өңдеу. Қатты карбюризатормен күрделі бөлшектерді циандау, көміртектендіру, борлау және азоттау. Термоөңдеудің үздіксіз процесі агрегатында конвейердің режимін және қозғалысы жылдамдығын баптау. Технологиялық процестің берілген режиміне жабдықтарды реттеу. Пирометриялық аспаптарды пайдалану және қажетті арнайы құрылғыларды қолдану. Нұсқаулық және технологиялық карта бойынша бөлшектер мен құралдарды термиялық өңдеу, әртүрлі жүйедегі цианидті, қорғасынды, селитрлі, тұзды, хлорлы-барийлі және сілтілі ванналарда күрделі бөлшектерді термиялық өңдеу. Қажетті шоғырланған ванналар ерітінділерінің жағдайын бақылау. Сынық бойынша шыңдау қабатының тереңдігін бақылау. Термиялық өңдеуден кейін күрделі бөлшектерді түзету. Иілту барабандарында рессор табақтарын иілту және шыңдау.

Білуге тиіс: әртүрлі типті газбен жанатын, жалынды, индукциялы және электрлі (камералық, шахталық, конвейерлік, агрегаттық және басқа да) пештердің құрылғысын, аспаптық және қоспаланған болаттан жасалған күрделі бөлшектер мен құралдарды термиялық өңдеу режимін таңдау ережесін, ауаның кемуін айқындау тәсілдерін және оларды бөлшектерді вакуумды өңдеу кезінде жою, ағынды іздеу типтерін, термоөңдеу және вакуумды айқындау кезінде әртүрлі механикалық, электрлік, оптикалық аспаптардың құрылғысын, бөлшектердің табиғи және жасанды тозу тәсілдерін, компоненттердің мөлшері бойынша ванналардың құрамын, әртүрлі салқындатқыш құралдарды қолдану қасиеті мен тәсілін.

Жұмыс үлгілері.

1) Диаметрі 1700 мм дейін бандаждар, диаметрі 3000 мм дейін сақиналар және диаметрі 1100 мм дейін доңғалақтар – күйдіру, шыңдау және жұмсарту;

2) Ұзындығы 1000-ден 1500 мм дейін борштангтар – шыңдау, жұмсарту және түзету;

3) Үрмелі музыкалық аспаптардың бөлшектері – термоөңдеу;

4) Ірі штампылардың бөлшектері және салмағы 5 т артық көміртекті және аз қоспаланған болаттан жасалған бөлшектерді – шыңдау, жұмсарту;

5) Люктер мен айналмалардың бөлшектері – термоөңдеу;

6) Әртүрлі кескінді жартылай периметрі 0,5 м артық бөлшектер – термоөңдеу;

7) Тік және майысқан бөлшектер (пішіннен) – термоөңдеу;

8) Тісқашау жұмыстарына арналған қашағыштар – шыңдау және жұмсарту;

9) Тіс дәрігерінің құралдары, қысқаштар, хирургиялық қашаулар және пинцеттер – толықтай термиялық өңдеу;

10) Ірі габаритті шарикті мойынтіректі сақиналар – шыңдау, нормалау, жұмсарту;

11) Күрделі кескінді матрицалар – толықтай термоөңдеу;

12) Салмағы 50 т дейін пісірілетін металл конструкциясы – жұмсарту;

13) Ұзындығы 400 мм артық бұрандаойығыштар, ұңғуыштар, бұрғылар – шыңдау, жұмсарту, түзету;

14) Мақта тазалайтын машиналардың пышақтарын қайрауға арналған дискілі егеулер – шыңдау;

15) Ұзындығы 250 мм артық үшқырлы, квадратты, дөңгелекті егеулер – шыңдау;

16) Металл кесуге арналған пышақтар – шыңдау, жұмсарту, түзету;

17) Диаметрі 150 мм артық мойынтіректер – термоөңдеу;

18) Салмағы 10-нан 20 т дейін күрделі кескінді соғылмалар мен болатты құймалар – күйдіру және нормалау;

19) Ұзындығы 500-ден 1000 мм дейін дөңгелек шлицтердің тартажонғыштар – шыңдау, жұмсарту, түзету;

20) Диаметрі 15-тен 40 мм шыбықтардан жасалған спиральді серіппелер, диаметрі 10-нан 30 мм дейін шыбықтардан жоғары қоспаланған болаттан жасалған күрделі серіппелер – шыңдау және жұмсарту;

21) Рессорлар-түпкі табақтың ұзындығы 1500 мм артық табақтарды шыңдау және жұмсарту;

22) Иінтіректер, тежегіштер, ауыстырып-қосқыштар – шыңдау және жұмсарту;

23) Диаметрі 200 мм артық пішінді фрезалар – шыңдау, жұмсарту;

24) Бұрамдық шлицті фрезалар және лекалолар – шыңдау, жұмсарту;

25) Ұзындығы 400 мм артық шаблондар – толықтай термоөңдеу;

26) Ірі габаритті тістегершіктер – шыңдау, нормалау;

27) Ұзындығы 500 мм артық соташықтар – азоттау.


398. Термист 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Технологиялық процесте белгіленген режимде әртүрлі салқындататын ортада түрлі пештерде, агрегаттар мен муфельсіз қондырғыларда қоспаланған, жоғары қоспаланған және ерекше болаттан әрі түсті қорытпалардан жасалған күрделі бұйымдарды, кескіш және өлшеу құралдарын, сондай-ақ күрделі штампыларды, тартажонғыштар мен құрылғыларды химиялық-термиялық және термиялық өңдеу. Эксперименталды болат пен қорытпаларды арнайы термиялық өңдеу. Шыңдау процесінде арнайы штампыларда күрделі бөлшектерді термиялық өңдеу. Күрделі бөлшектерді вакуумды-термиялық өңдеу. Әртүрлі конструкциялы цианидті, қорғасынды, селитрлі, тұзды, хлорлы-барийлі және сілтілі ванналарда күрделі бөлшектер мен құралдарды термиялық өңдеу.

Білуге тиіс: бөлшектер мен тораптарды, домалату агрегаттары және металды термиялық өңдеуге қолданылатын басқа да жабдықтарды вакуумды термиялық өңдеуге арналған әртүрлі пештердің, машиналардың, арнайы стенділердің конструктивтік ерекшеліктері мен электрлік тәсімдерін, бақылау-өлшеу аспаптары мен құрылғыларының құрылғысын, көміртектендіру және нитрокөміртектендіру процесінің маңыздылығын, көміртектендіру және нитрокөміртектендіру кезінде қолданылатын газдардың химиялық құрамын, металдың құрылдық өзгеруін, әртүрлі химиялық элементтердің термоөңдеу режиміне әсерін, күрделі бөлшектер мен құралдарды термоөңдеу режимін таңдау ережесін, барлық типтегі электрлік пештерінің тәсімі мен басқару пульттерін.

Жұмыс үлгілері

1) Ұзындығы 1500 мм артық бортштангалар – толықтай термиялық өңдеу;

2) Жетек біліктері – шыңдау және жұмсарту;

3) Салмағы 10 т артық жоғары қоспаланған болаттан жасалған бөлшектер-шыңдау, жұмсарту;

4) Машиналардың бөлшектері – одан әрі шыңдау және жұмсартумен диффузиялық хромдау;

5) Коррозиялық төзімді болаттан жасалған перфорирленген табақтар;

6) Қоспаланған болаттан жасалған көп пуансонды матрицалар-деформациясыз шыңдау;

7) Салмағы 50 т артық пісірген металл конструкциялары – жұмсарту;

8) Зертханалық жағдайда термоөңдеуге тартылатын ірі соғылмалардың түрлері – термоөңдеу режимін моделдеу;

9) Салмағы 20 т артық жоғары қоспаланған болаттан жасалған ірі габаритті соғылмалар – күйдіру, нормалау;

10) Ұзындығы 100 мм артық ірі шлицті соғылмалар – шыңдау, жұмсарту, түзету;

11) Диаметрі 40 мм артық шыбықтан жасалған және диаметрі 30 мм артық шыбықтан жоғары қоспаланған болаттан жасалған аса күрделі спиральді серіппелер – шыңдау, жұмсарту;

12) Бұрамдық фрезалар және дискілі әрі арнайы кесетін құралдар-шыңдау, жұмсарту, түзету;

13) Ірі габаритті тістегершіктер – толықтай термиялық өңдеу.


399. Термист 6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қоспаланған, жоғары қоспаланған, коррозиялық төзімді және ерекше болаттан жасалған күрделі ірі габаритті теңдессіз бағалы бөлшектер мен тораптарды химиялық-термиялық және термиялық өңдеу. Берілген механикалық қасиеттерімен қоспаланған болаттан жасалған күрделі бөлшектерді Термиялық өңдеу.

Білуге тиіс: бөлшектер мен тораптарды, домалату агрегаттары және металды термиялық өңдеуге қолданылатын басқа да жабдықтарды вакуумды термиялық өңдеуге арналған әртүрлі пештердің, машиналардың, арнайы стенділердің конструкцияларын, қоспаланған, жоғары қоспаланған, коррозиялық төзімді және ерекше болаттан жасалған күрделі ірі габаритті теңдессіз бағалы бөлшектер мен тораптарды термиялық өңдеудің ережесін.

Жұмыс үлгілері

1) Ірі габаритті автоклавтар – шыңдау, жұмсарту, түзету;

2) Ротор біліктері ірі габаритті - шыңдау, жұмсарту, түзету;

3) Химиялық өңдеуге арналған колонна корпустары ірі габаритті-жұмсарта отырып, нормалау.


ТВЧ қондырғыларындағы термист


400. ТВЧ қондырғыларындағы термист 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Шыңдау қабатының бір қалыпты тереңдігін қамтамасыз ете отырып, белгіленген технологиялық процесс бойынша режимде ТВЧ қондырғыларында әртүрлі маркалы болаттан жасалған қарапайым бөлшектер мен құралдарды жоғары және өндірістік жиілікті токтармен беттік шынықтыру және жұмсарту. Шор және Роквелл аспаптары бойынша қаттылығын айқындау. Технологиялық карта бойынша термоөңдеу режимдерін белгілеу. Қарапайым бөлшектер мен бұйымдарды түзету. Шыңдау қондырғыларының жұмыс режимін реттеу және бақылау аспаптары мен сигналдық лампалар бойынша қызу температурасын айқындау.

Білуге тиіс: беттік шыңдау (электрмен шыңдау) үшін қолданылатын бір типтік аппараттар мен станоктардың, басқару пульттары мен реттеу аспаптары жабдықтарының құрылғысын, жоғары және өндірістік жиіліктегі токтармен шыңдау кезінде индукторлар мен құрылғылардың міндетін және қолдану шартын, металдың термоөңдеу кезінде қасиеті мен құрылымның өзгеруін, жоғары және өндірістік жиіліктегі токтар туралы негізгі түсініктерді, металл температурасы мен қаттылығының өлшеу үшін аспаптарды пайдалану ережесін, салқындатқыш сұйықтықтардың құрамын және оларды қолдану ережесін.

Жұмыс үлгілері.

1) Ұзындығы 250 мм дейін біліктер, шапқылар – шыңдау және түзету;

2) Токарлық станоктардың патрондарына арналған жұдырықшалы бұрамалар – шыңдау;

3) Ұзындығы 150 мм дейін шлицті төлкелер – шыңдау;

4) Слесарлық, ұсталық, пневматикалық кескіштер – шыңдау;

5) Клеймо – шыңдау;

6) Тік қойылған кілттер және арнайы гайкалар – шыңдау және жұмсарту;

7) Токарлық станоктар патрондарының жұдырықшалы – шыңдау;

8) Блемехтер және соқа үйіндісі – күйдіру;

9) Балқыту кішкене көпірлері – белгілі күште электрлік тогын жіберу жолымен;

10) Ұзындығы 500 дейін осьтер – шыңдау;

11) Жұдырықшалы және тісті жартылай муфталар – шыңдау;

12) Цилиндрлік пуансондар – шыңдау;

13) Иінтірек роликтері таратқыш – шыңдау және жұмсарту.


401. ТВЧ қондырғыларындағы термист 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. ТВЧ қондырғыларында әртүрлі маркалы болаттан жасалған орташа күрделі бөлшектер мен құралдарды жоғары және өндірістік жиіліктегі токтармен беттік шыңдау және жұмсарту. Шыңдау қондырғыларын баптау. Жоғары білікті термистің басшылығымен индукторларды жөндеуге қатысу. Термоөңдеуден кейін әртүрлі бөлшектер мен құралдарды түзету. Бөлшектерді арнайы шыңдау құрылғыларына көлденең және тік орнату.

Білуге тиіс: жоғары жиілікті генераторлардың құрылғысын және қызмет принциптерін, индукторлардың құрылғысын және типтерін, қыздыруға арналған аспаптардың құрылғысын және қолдану шарттарын, бөлшектер мен құралдарды жоғары және өндірістік жиіліктегі токтармен беттік шыңдау ережесін, деформациялану және шыңдау кезінде жарықтардың пайда болу себептерін, бақылау-өлшеу аспаптарының міндеті мен қолдану шарттарын.

Жұмыс үлгілері.


  1. Ұзындығы 250 мм дейін бугельдер фигуралық- шыңдау және жұмсарту;

  2. Ұзындығы 250 мм артық біліктер, шапқылар – шыңдау;

  3. Білікті-бұрамалы механизм бұрамдықтарының біліктері – шыңдау.

  4. Ұзындығы 150 мм артық шлицті төлкелер – шыңдау.

  5. Автомобиль біліктері, күрделі: маховик жиегі, шар саусақтары, тарату жетегінің тістегершігі және клапандар – беттік шыңдау және жоғары жұмсарту.

  6. Бағыттамалы электр жетектерінің, штампылардың, тірек муфталарының, шиберлер мен олардың тістегершіктерінің бөлшектері- шыңдау және жұмсарту.

  7. Жұлдызшалар, қырылдақтар – шыңдау.

  8. Бұрандалы калибрлер – шыңдау.

  9. Тірек каткалары – шыңдау және жұмсарту.

  10. Орталықтан тебетін сорғылардың жұмыс доңғалақтары – шыңдау.

  11. Поршень сақиналары – шыңдау.

  12. Форсунка корпустары, қисық тікендер, серіппе жетектемелері-шыңдау және жұмсарту.

  13. Дөңгелекті тістеуіктер, тістеуіктер, цементке арналған штапельдер-термиялық өңдеу.

  14. Ұзындығы 500 мм артық осьтер - шыңдау.

  15. Поршень саусақтары – шыңдау және жұмсарту.

  16. Ұзындығы 350 мм дейін сатылы жетектемелер – шыңдау.

  17. Сатылы табандар – шыңдау.

  18. Ұзындығы 250 мм дейін қашаулар, бұрандаойығыштар-шыңдау және жұмсарту.

  19. Рельстер – шыңдау.

  20. Ұзындығы 250 мм дейін иінтіректер, фигуралық-шыңдау және жұмсарту.

  21. Ауа үрлегіш жетектемелердің күпшектері-шыңдау және жұмсарту.

  22. Барлық өлшемдегі фиксаторлар, фигуралық-шыңдау және жұмсарту.

  23. Ұзындығы 150 мм дейін модульдық және бұрамдық фрезалар-шыңдау және жұмсарту.

  24. Тарату біліктер жетектемелерінң цапфалары-шыңдау және жұмсарту.

  25. Ұзындығы 300 мм дейін тістегершіктер- шыңдау және жұмсарту

  26. Ұзындығы 300 мм дейін штоктар, жұдырықшалы муфталар-шыңдау.

402. ТВЧ қондырғыларындағы термист 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Әртүрлі ТВЧ қондырғыларында күрделі бөлшектер мен құралдарды жоғары және өндірістік жиіліктегі токтармен беттік шыңдау. Әртүрлі типті шыңдау қондырғылары мен аппараттарын дайындау және баптау. Қондырғы жұмысындағы ақауларды жою және агрегаттардың жұмысқа даярлығын айқындау.

Білуге тиіс: жабық тарату құрылғылары мен цехті қосалқы станциялар аппаратураларының құрылғысын, жоғары жиілікті генераторлардың тәсімін, конструкциясын және басқару тәсілдерін, жоғары және өндірістік жиіліктегі токтарды тарату тәсімін, белгіленген трансформаторлар мен генераторлардың қуаттылығын, генераторлардың жұмысына жіберілетін режимдерді, қыздыру мен салқындатудың тиімді режимін таңдау ережесін, болаттағы құрылымдық өзгеріс туралы, қызу жылдамдығы мен температураға байланысты болат құрылымының өзгеруі туралы негізгі түсініктерді, термоөңдеу процесінде бөлшектердің деформациялану және жарылу себептерін және оларды болдырмау шараларын, Металдың қызу және салқындату ортасының температурасын айқындауға арналған аспаптардың құрылғысын, жоғары жиілікті ток қондырғыларында және термиялық пештерде болатты шыңдау, нормалау және жұмсарту температурасын, термиялық өңдеудің түрлері мен тәсілдерін.

Жұмыс үлгілері.


  1. Ұзындығы 250 мм артық бугельдер фигуралық - шыңдау және жұмсарту;

  2. Қуаты 60 кВт (80 л.с.) дейін қозғалтқыштардың иінді біліктері, тарату біліктері және олардың тістегершіктері, дизельдерге арналған маховик тәждері – шыңдау және жұмсарту;

  3. Жетек – шыңдау және жұмсарту;

  4. Трактор блоктарының гильзалары – шыңдау және жұмсарту;

  5. Фигуралық корпустар – шыңдау және жұмсарту;

  6. Паровоздардың доңғалақтары және оталғыш, рет тығынды төлкелері, теңгерімдер, тепловоз бөлшектері, жылжымалы құрам сорғылары жетектерінің тістегершіктері мен біліктері – шыңдау;

  7. Күрделі матрицалар, пуансондар – шыңдау;

  8. Ұзындығы 600 мм дейін көлбеқайшы пышақтары – шыңдау;

  9. Ұзындығы 500 мм артық осьтер – шыңдау;

  10. Ұзындығы 350 мм артық сатылы жетектемелер-шыңдау және жұмсарту;

  11. Ұзындығы 600 мм дейін қырнауышты транспортерлердің сырғанау жолақтары – шыңдау;

  12. Ұзындығы 250 мм артық қашаулар, бұрандаойғыштар-шыңдау және жұмсарту;

  13. Ұзындығы 250 мм артық иінтіректер фигуралық-шыңдау және жұмсарту;

  14. Ұзындығы 2500 мм дейін станоктардың станиналары-шыңдау;

  15. Диаметрі 150 мм артық модульдық және бұрамдық фрезалар-шыңдау және жұмсарту;

  16. Диаметрі 300-ден 500 мм дейін тістегершіктер-шыңдау және жұмсарту;

  17. Ұзындығы 300 мм артық штоктар-шыңдау және жұмсарту.

403. ТВЧ қондырғыларындағы термист 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Одан әрі шыңдау және өздігінен жұмсарта отырып, күрделі конфигурациялы бөлшектердің бірнеше учаскесін бір уақытта қыздыру. Конструкциясы әртүрлі ТВЧ қондырғыларында жоғары және өндірістік жиіліктегі токпен әртүрлі маркалы болаттан жасалған бағалы және күрделі бөлшектерді, бұйымдар мен құралдарды термиялық өңдеу. Түйістіру әдісімен әртүрлі бөлшектерді шыңдау. Станоктар мен жоғары жиілікті агрегаттарды дайындау және баптау. Күрделі қондырғылар мен олардың құрылғыларындағы жұмыста кездесетін ақауларды жою. Генераторды жұмыстың оңтайлы режиміне баптау.

Білуге тиіс: лампалы генераторлардың, шыңдау күш беретін әртүрлі конструкциялы трансформаторлар мен конденсаторлардың құрылғысын, әмбебап және арнайы құрылғылардың конструкциясын, орнатылған трансформаторлар мен конденсаторлардың қуатын, темір көміртекті қорытпалар жағдайының диаграммасын, металдардың химиялық құрамы және қасиеті, арнайы құрамдардың қорыту кезінде термоөңдеу режиміне әсерін.

Жұмыс үлгілері.


  1. Қуаты 60 кВт (80 л.с.) артық қозғалтқыштардың иінді біліктері, тарату біліктері, отын сорғысының білікшелері – шыңдау және жұмсарту;

  2. Гайкаларды түсіретін автоматтардың итергіш жұдырықшалары-шыңдау;

  3. Диаметром 320 мм және ұзындығы 700 мм пинольдер – шыңдау;

  4. Ұзындығы 600 мм артық сатылы жетектемелер-шыңдау және жұмсарту;

  5. Автомобильдердің, тракторлардың, комбайндардың жартылай осьтері -шыңдау және жұмсарту;

  6. Гайкаларды түсіретін автоматтардың пуансондар – шыңдау;

  7. Ұзындығы 600 мм артық көлбеқайшы пышақтары – шыңдау;

  8. Ұзындығы 2500 мм артық станоктардың станиналары – шыңдау;

  9. Дискілі фрезалар-шыңдау;

  10. Диаметрі 500 мм артық тістегершіктер – шыңдау және жұмсарту.

404. Суықта жұмыс істейтін термист 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Белгіленген технологиялық процесс бойынша режимде бөлшектер мен құралды суықтай термиялық өңдеу. Жұмыс процесінде камерадағы температураны реттеу және аспаптар бойынша бұйымдардың салқындау дәрежесін айқындау. Берілген режим бойынша мұздатқыш камераны термоөңдеуге дайындау.

Білуге тиіс: мұздатқыш камераның құрылғысын және жұмыс қағидатын; бөлшектер мен бұйымдарды суықтай өңдеу процессін, салқындататын сұйық газдың қасиетін, оны тасымалдау шартын, сақтау және оны қолдану ережесін, суықтай өңделетін бөлшектер мен бұйымдардың номенклатурасын және техникалық шарттар бойынша оларға қойылатын талаптарды, төмен температураның бұйымға әсерін және ұзақтығын, суықтай өңделетін бөлшектердің негізі қасиетін.


405. Ораушы-көміртектендіруші 2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бөлшектер мен бұйымдарды жәшіктерге, қораптарға, қыш құмыралар мен құбырларға, олардың арасындағы бекітілген кеңістікті сақтай отырып, салу. Көміртектендіруге жатпайтын бөлшектердің орнын оқшаулау. Жәшіктерге көміртектендіру массасын төгу, жабу және сылау.

Білуге тиіс: бөлшектер мен бұйымдарды салу және көміртектендіру массасын төгу ережесі мен тәсілдерін, көміртектендіру массасының құрамын, оқшаулау материалдарының қасиетін, өңделетін бөлшектер мен бұйымдарға қойылатын техникалық талаптарды.

Сұйық металды штампылаушы
406. Сұйық металды штампылаушы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жоғары білікті штампылаушының басшылығымен гидравликалық және фрикциялық престерде сұйық түсті металдардан және қорытпалардан жасалған беті жазық қарапайым және күрделілігі орташа конфигурациялы бөлшектерді штампылау, түзету пештерін балқытуға даярлау, металдарды балқыту процессін жүргізу. Материалдарды өлшеу, қолмен немесе кранның көмегімен пештерді шихтамен бітеу. Сұйық металдар мен қорытпаларды штампыларға апару және құю. Штампыларды қыздыру және салқындату, престер мен штампылардың механизмдерін тазалау және майлау. Пештерді, престер мен штампыларды жөндеуге қатысу. Кесу престерінде құймаларды кесу. Дайын штампыларды ыдыстарға салу және буып-түю.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылғысын және жұмыс қағидатын, көтергіш-көлік механизмдерімен жұмыс істеу ережесін, материалдарды бөліп өлшеу ережесін, пресс және штампы механизмдерін тазалау және майлау ережесін, бақылау-өлшеу құралдарының міндеті мен шарттарын, дайын өнімді буып-түюге қойылатын талаптарды.

407. Сұйық металды штампылаушы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Гидравликалық және фрикциялық престерде сұйық түсті металдардан және қорытпалардан жасалған беті жазық қарапайым және күрделілігі орташа конфигурациялы бөлшектерді штампылау. Пресстер мен штампыларды баптау. Штампылау режимдерін реттеу. Берілген химиялық құрамды сақтай отырып, әртүрлі конструкциялы пештерде түсті металдар мен қорытпаларды балқыту процессін жүргізу. Балқыту пештерін балқытуға даярлау. Берілген рецептура бойынша шихталар құрастыру. Тұнатын материалдар мен флюстерді тиеу. Сұйық металл сынамаларын іріктеу және экспресс талдау деректері бойынша оны шығаруға дайындығын айқындау. Салу және қожды түсіру. Жоғары білікті штампылаушының басшылығымен сұйық металды тазалау. Қызмет көрсетілетін жабдықты жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: бір типті қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылғысын және жұмыс принципін, электр энергиясын, отын, ауа жүргізу және вакуумдау тәсімін, шихталар құрамы, түсті металдар мен қорытпалардың құю және штампылау қасиеттерін, түсті металдар мен қорытпаларды балқыту температурасы мен режимдерін, қолданылатын қышқылдансыздырғыштар мен флюстердің қасиеті мен міндетін, сұйықтай штампылау режимдерін, сұйық металды штампыда қысым қосылмағанда және қысым астында ұстау уақыты, бақылау-өлшеу құралдарының құрылғысын, штампыларды салқындату, қыздыру және майлау ережесін, штампыларды, бекіту және арнайы құрылғылардың орнату құрылғысын.

Жұмыс үлгілері.

Штампылау:



  1. Қарапайым төлкелер және тығындар;

  2. Грундбукстер;

  3. Жазық бетті қорап тәрізді бөлшектер;

  4. Шұғыл өтпелер мен қабырғаларсыз қарапайым призматикалық бөлшектер;

  5. Бұқтырмалар, ниппельдер;

  6. Реттығындар, шлицті шайбалар, гайкалар;

  7. Сақиналар, стакандар, сальниктер, жазық фланецтер;

  8. Сервомотор корпустарының қақпалары;

  9. Пісірімдер, табақшалар.

408. Сұйық металды штампылаушы 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Гидравликалық және фрикциялық престерде дөңес, қабырғалы, бір екі қисық сызық беті бар сұйық түсті металдардан және қорытпалардан жасалған күрделі конфигурациялы бөлшектерді штампылау. Штампылау режимдерін айқындау. Әртүрлі металдарға шихталар жасау және оның дұрыстығын қамтамасыз ету. Конструкциясы әртүрлі пештерде химиялық құрамға қатаң талап қоя отырып, түсті металдар мен қорытпаларды балқыту процесін жүргізу. Балқытылатын металдың сапасын бақылау. Металды тазалау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылғысын, престер мен шатмпыларды баптау тәсілдерін, жабдықтарға электр энергиясын, отынды, ауаны жүргізу және вакуумдау құрылғысын, балқытылатын қорытпалардың құю қасиетін және химиялық құрамын, балқытуда қолданылатын қышқылдансыздырғыштар мен флюстердің түрлерін, олардың қасиетін және метал сапасына әсерін, штампылардың, орнату және бекіту құрылғыларының конструктивтік ерекшеліктерін, түсті металдардың маркасына қарай сұйықтай штампылау режимдерін, дайын өнімге қойылатын техникалық шарттарды.

Жұмыс үлгілері.

Штампылау:



  1. Фасонды төлкелер мен тығындар;

  2. Фасонды қылталар, фланецтер;

  3. Дөңес және қабырғалы айналмалы бөлшектер;

  4. Қисық сызық бетті бөлшектер, фасонды;

  5. Клапан корпустары;

  6. Тесіктері бар корпус қақпақтары;

  7. Фланецті үштіктер.

409. Сұйық металды штампылаушы 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Гидравликалық және фрикциялық престерде қисық сызықты сыртқы және ішкі беті бар күрделі конфигурациялы бөлшектерді штампылау. Конструкциясы әртүрлі пештерде химиялық құрамға қатаң талап қоя отырып, арнайы қорытпалар мен түсті металдарды балқыту, сондай-ақ зертханалық жағдайда тәжірибелі және эксперименталды қорыту процесін жүргізу. Экспресс зертхананың талдаулары нәтижесінің негізінде қорытпаларды қажетті химиялық құрамға жеткізу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың конструктивтік негіздерін және кинематикалық тәсімін, түсті қорытпаларды балқыту процесін, шихтаға кіретін компоненттердің химиялық құрамын, олардың қорытпалардың қасиетіне әсерін, балқыту және құю кезінде сұйық қорытпаның ауаға және пеш газдарына жанасуынан сақтау тәсілдерін, әртүрлі типті престерді баптау және штампылауға даярлау ережесін, жабдықтарға, бақылау-өлшеу аспаптарына қызмет көрсету ережесін, технологиялық процестің әртүрлі параметрлерінің штампылау сапасына әсерін.

Жұмыс үлгілері.

Штампылау:



  1. Қисық сызықты сыртқы және ішкі беті бар бөлшектер;

  2. Көп клапанды қораптар;

  3. Арматуралардың корпустары мен бөлшектері;

  4. Фигуралық шеңберлер.

«Ұсталық-нығыздау және термиялық жұмыстар» бөлімінде қарастырылған жұмысшы кәсіптері атауларының, олардың қолданыстағы БТБА 2002 жылғы шығарылымының атаулары көрсетілген тізбесі БТБА-ның (2-шығарылым), 5-бөлімінің 5-қосымшасында келтірілген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет