«Менің жерім – менің елім» республикалық жас суретшілердің
республикалық байқауын қашықтан
өткізу ережелері
1.
Жалпы ережелер
1. Жалпы орта және қосымша білім
беру ұйымдарының білім
алушылары арасында
«Менің жерім – менің елім»
Республикалық жас
суретшілер байқауын (бұдан әрі – Байқау) қашықтан өткізу ережелері оның
мақсатын, міндеттерін және тәртібін анықтайды.
2. Байқаудың мақсаты: балалардың көркем шығармашылығын қолдау
және насихаттау.
Байқаудың міндеттері:
1) ойлау, қиял, шығармашылық белсенділікті дамытуға жәрдемдесу;
2) білім алушылар арасында Бейнелеу өнері саласындағы жас таланттарды
анықтау;
3) өскелең ұрпақтың туған өлкенің тарихи-мәдени мұрасы мен дәстүрлеріне
қызығушылығын ынталандыру;
4) балалардың көркемдік қабілеттерін өздігінен жүзеге асыру үшін жағдай
жасау.
3. Байқауды Қазақстан Республикасы Білім оқу ағарту министрлігінің
Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы өткізеді.
4. Байқауды ұйымдастырушылар қазылар
алқасы мен ұйымдастыру
комитетінің құрамын қалыптастырады.
2. Байқауды өткізу мерзімі мен тәртібі
5. Байқау жұмыстары электронды түрде
2022 жылғы 1 қарашаға
дейін
konkurs.muz@mail.ru
электронды поштасына қабылданады.
2022 жылғы 1 қарашадан
кейін түскен, сондай-ақ,
талаптарға
сәйкес келмейтін Байқау жұмыстары қарастырылмайды.
Байқаудың қорытындысы,
жеңімпаздардың дипломдары, олардың
жетекшілеріне
алғыс
хаттар,
қатысушылардың
сертификаттары
2022 жылғы 15 қараша
www.ziyatker.org
сайтында орналастырылады.
6. Ұйымдастырушылар Байқауды өткізу мерзімін ұзартуға құқылы.
Ұйымдастырушылар міндетті түрде әлеуетті
қатысушыларды Байқауды
өткізу мерзімі мен қорытындысын орналастыру мерзімі өзгергені туралы
хабардар етеді.
7. Байқауға ұсынылған жұмыстар қайтарылмайды. Байқауды
ұйымдастырушылар авторға сілтеме жасай отырып, байқау материалдарын
БАҚ құралдарына жариялауға құқылы.
8. Байқауға қатысу үшін
konkurs.muz@mail.ru
электронды поштасына
келесі құжаттарды жіберу қажет: