Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған «Мен – репортермін» республикалық байқауын өткізу ережелері
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған «Мен – репортермін» республикалық байқауын (бұдан әрі – Байқау) жалпы орта, қосымша, кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында өткізу ережелері Байқауды өткізудің мақсатын, міндеттерін, тәртібін айқындайды.
2. Байқаудың мақсаты мен міндеттері:
- білім алушылардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, шығармашылықпен айналысатын, журналистиканы ұнататын және бағалайтын өзін-өзі басқарудың ізденімпаз мүшелерін анықтау;
- БАҚ-та, ғаламтор желісінде шығармашылық қызметке бейім жас таланттарды ашу;
- білім алушыларды көшбасшылық тәжірибе алуға, әлеуметтік өзара іс-қимыл дағдыларын дамытуға бағытталған арнайы ұйымдастырылған қызметке тарту;
- білім алушылардың журналист мамандығына және публицистикаға деген қызығушылығын дамытуға ықпал ету.
4. Байқауды ұйымдастырушылар қазылар алқасы мен ұйымдастыру комитетінің құрамын қалыптастырады.
2. Байқауды өткізу мерзімі мен тәртібі
5. Байқау жұмыстары электрондық нысанда 2022 жылғы 5 желтоқсанға дейін concursnto@mail.ru электрондық поштасына қабылданады.
Ұйымдастыру комитетіне талаптарға сәйкес келмейтін және 2022 жылғы 5 желтоқсаннан кейін келіп түскен байқау жұмыстары қаралмайды.
Байқау қорытындысы, жеңімпаздардың дипломдары, олардың жетекшілеріне алғыс хаттар, қатысушылардың сертификаттары 2022 жылғы 15 желтоқсан www.ziyatker.org сайтында орналастырылады.
6. Ұйымдастырушы Байқауды өткізу мерзімін ұзартуға құқылы. Ұйымдастырушы Байқаудың әлеуетті қатысушыларын Байқауды өткізу және қорытындыларды орналастыру мерзімдерінің өзгеруі туралы www.ziyatker.org сайтында хабардар етеді.
7. Байқауға ұсынылған жұмыстар қайтарылмайды. Байқауды ұйымдастырушылар байқау материалдарын авторды көрсете отырып, әлеуметтік желілерде жариялауға құқылы.
8. Байқауға қатысу үшін concursnto@mail.ru электрондық поштасына келесі құжаттарды жіберу қажет:
1) қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;
2) байқау жұмысын электрондық түрде;
3) байқау жұмысын немесе https://www.youtube.com арнасында орналастырылған бейнематериалға сілтеме.
3. Байқау талаптары
9. Байқауға жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 11-18 жас аралығындағы білім алушылары мына жас санаттары бойынша қатысады:
орта жас санаты: 11-14 жас;
ересек жас санаты: 15-17 жас;
колледж студенттері: 18 жасқа дейін.
10. Байқауға репортаж жанрында орындалған жұмыстар қабылданады: «Менің елім» тақырыбына газет, теле, радио, фоторепортаждар, танымдық-тақырыптық, портреттік очерктер, сұхбаттар және т.б.
Байқауға қатысушы YouTube-та бейне презентация орналастырады және ұйымдастырушының электрондық поштасына сілтеме жібереді.
Байқау жұмыстарына қойылатын талаптар:
репортажда логикалық байланыс болуы керек, бейне және аудио материалдардың сапасы анық болуы керек, қатысушылар саны шектелмейді.
Байқау жұмыстарын бағалау критерийлері:
байқау тақырыбына сәйкестік, ақпаратты берудегі сенімділік, дәлдік; логикалық реттілік; репортердің сөйлеу мәдениеті; тақырыпты ашудың толықтығы; шығармашылықпен ойлау қабілеті; айқындық, тартымдылық, қызықты сюжет және материалдың түпнұсқада берілуі; бейнені цифрлық өңдеудің сапасы (бар болса).
Материалдар қазақ немесе орыс тілдерінде қабылданады. Байқауға тек жеке жұмыстар қабылданады.
11. Байқау жұмысының титул бетінде:
облыс, аудан (қала), ауыл;
білім беру ұйымының аталуы;
байқаудың аталуы;
автордың тегі мен аты;
қатысушының жасы;
e-mail, байланыс деректері;
жетекшінің тегі, аты, әкесінің аты;
жетекшінің лауазымы және жұмыс орны.
12. Ғаламтор желісінен алынған материал мен басқа біреудің материалдарын пайдалануға қатаң тыйым салынады. Байқау жұмыстары осыған дейін ешбір сайтта жарияланбаған болуы тиіс.
Байқауға басқа байқауларға қатыспаған жұмыстар қабылданады.
4. Байқау қорытындысын шығару
13. Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтайды.
14. Байқау жеңімпаздары I, II, III дәрежелі дипломдармен, жеңімпаздардың жетекшілері – алғыс хаттармен марапатталады, қатысушылар сертификаттар алады. Байқау жұмыстары білім алушылардың жас санаттары бойынша бағаланады.
15. Дипломдардың, сертификаттардың, алғыс хаттардың электрондық нұсқалары www.ziyatker.org сайтында орналастырылады.
Анықтама телефоны: +7 (7172) 64-27-22.
Ережеге қосымша
Қатысушының өтінімі
Қатысушының тегі, аты, жасы
|
Облыс, аудан, қала (село),
үй. мекен-жайы, ұялы телефоны, эл. пошта
|
Білім беру ұйымы (аталуы)
|
Байқаудың, жұмыстың аталуы
|
Педагогтің Т. А. Ж. (толық), лауазымы және жұмыс орны
|
Оқытушының байланыс деректері (ұялы телефон, эл. пошта)
|
Достарыңызбен бөлісу: |