2-жазба Мұғалімнің таныстырылымы бойынша қабылданған суммативті шешім және оны негіздеуші қысқаша пікір туралы бір жазба;
Тәуелсіз тренер ретінде басқа топтардың презентацияларына суммативті бағалау жүргізу барысында: №3 топтағыбір мұғалімнің өзгеріс бойынша таныстырылымын үш деген бағамен бағаладым өйткені Қуантаева Жанаргүл деген мұғалімінің таныстырылымы толық ашылды.
Мұғалімдердің оқуы және тәжірибесін суммативті бағалауда қолданылған тәсілдерді негіздейтін қысқаша түсіндірме
Әр бір мұғалімнің өз ерекшелігі бар екенін ұмытпауымыз қажет. Мұғалімдердің барлық есептері мен таныстырылымдарын суммативті бағалау кезінде ең бірінші негізгі үш критерии бойынша бағалауға сол білгенін қалай жеткізіп көрсете алуынна назар аудардым. Ең басты ол міндетті түрде бағдарлама идеясын жақсы білеме? Оны қалай немен дәлелдеп тұрғанын, екіншіде осы білген теориясын қалай практикада қолданып, қолданғанын дәлелдемелер негізінде көрсете алуы, сонымен қатар осы біліп қолданғаны бойынша қалай рефлексия жасап тұрғаны мен алға қойған қадамдары бар ма? Деген сұрақтарды негізге ала отырып суммативті бағалау жүргіздім.Суммативті бағалауды жүргізе келе мұғалімдердің есептерін оқи отырып таныстырылымдарын тыңдай отырып олардың теорияны меңгергендерін, практикада сол теорияны қолдана алғандығын және рефлексия жасай алатындықтарын байқадым. Әрине барлығы бірдей емес кейбірінің рефлексия жасау тұсын жетілдіру керек болып жатса енді біреулері алға қойған қадамдарына нақты тоқталмаған. Әрине бұның барлығы үлкен еңбек сол еңбектерін орындап шықты деп айта аламын. Алдағы уақытта мұғалімдерге сынақтан 100 пайыз өтіп тек қана биік шыңдардан көріне берсін деген тілек білдіремін.