Баяндаманы құру. Жұмыс бойынша баяндама мынадан тұру керек:
1) Жұмыс мақсаты.
2) Тісқамауыштың жұмыс кестесі (4.1 - сурет).
3) Берілген параметрлердің белгілері.
4) Тісқамауыш пен ажырамайтын тісті дөңгелек параметрлерін есептеу.
5) Берілген дөңгелек пішіні сызылған қағаз делегей.
6) Жасалған жұмыс бойынша қорытынды.
Қауіпсіздік ережесі.
Берілген зертханалық жұмысты орындау барысында қауіпсіздік ережесінің ортақ шарттары орындалу керек.
Бақылау сұрақтары.
1. Тісқамауыштар қандай болады және олар қайда қолданылады?
2. Тісқамауыштың жұмыс принципі қандай?
3. Жаңа, аз, орташа және қатты тозған тісқамауыштар өзімен нені көрсетеді?
4. Тістің тіліктелуі деген не?
5. Тістің тіліктелуі мен қиылу шарты.
6. Дөңгелектің орынауыстыру коэффициенті нені көрсетеді?
7. Тістің қандай зақымданулары орынауыстыру коэффициентін таңдауға әсер етеді?
8. Төрткілдешпен және тісқамауышпен кесілген тісті дөңгелек өлшемдерінің айырмашылығы неде?
5 Роторларды динамикалық теңгеру
Жұмыс мақсаты:
Роторларды динамикалық теңгерумен және ортақ жағдайларын зерттеу.
Теориядан қысқаша мәліметтер. Ротор деп айналғанда өзінің тіректердегі тасушы беттерімен ұсталынатын денені айтады.
Айналу осіне қатысты ротор салмағынын таратылуы біркелкі болмауы инерцияның басты центрлік осінің х-х орын ауыстыруын (5.1 - сурет), оның тіректеріне динамикалық жүктемелердің пайда болуын туғызады, және түгелдей машинаның беріктігімен төзімділігін төмендетеді.
Айналу осі мен инерцияның басты центрлік осінің х-х өзара орналасуына байланысты, ГОСТ 19534-74 бойынша ротор теңгерілуінің келесі түрлері болады:
статикалық, онда осы осьтер паралель болады (5.1,a - сурет);
моменттік, егер осьтер массалар центрінде S қиылысса (5.1, б - сурет);
динамикалық, егер осьтер массалар центрінен басқа нүктеде қиылысса немесе айқасқанда болады.
Динамикалық теңестірілмегендік .
Моменттік теңестірілмегендік инерция күшінің басты моментіне пропорционал ротор теңгерілмегендігінің басты моментімен МD мінезделеді. (5.2 - cурет)
Динамикалық теңестірілмегендік мен арқылы сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: |