Қауіпсіздік ережесі.
1 Қондырғының қосылуын мұғалімнің рұқсатымен ғана атқару.
2 Көрімдік массаны ауыстыруды түгелдей тоқтаулы қондырғыда жасау.
3 Теңгеруші білдектің жұмысы кезінді электр қосылыстар мен айналмалы тетіктерге тиіспеу.
4 Теңгеруші білдектің жұмысы кезінде айналушы делегейлерге қарсы тұруға болмайды.
5 Айналушы тетіктерді қолмен аяқпен және осыған арналмаған басқа заттармен тоқтатуға болмайды.
6 Жұмысты кең қолғаппен, галстукпен, шарфпен, ұзын шашпен жасауға болмайды.
7 Қозғауышты шкиф пен ротор қатынасы болмаса қосып ұстауға болмайды.
Бақылау сұрақтары.
1 Ротор деген не?
2 Ротор теңгерілмегендігінің түрлері.
3 Ротордың статикалық, моменттік және динамикалық мөлшерінің теңгерілмегендігі деген не?
4 Ротор жасауға роторды теңгеруді қалай жасайды?
5 Шанақ типті делегейде роторды теңгерудің қандай тәсілін қолданылады?
6 Қос бұранданың пайдалы әсер коэффициентін анықтау
Жұмыс мақсаты:
Элементтері әртүрлі материалдардан жаслған қос бұранданың ПӘК-ін эксперименталды анықтау.
Теориядан қысқаша мәліметтер. Қос бұрандалы тетіктің ПӘК-і оның жалпылама анықтамасы болып табылады. Сонымен қатар ПӘК қос бұранданың айналмалы қозғалыс кезіндегі энергияның түрленуі мен шығындалуын анықтайды, ал тетіктегі гайка ілгерілемелі қозғалысқа қатысып, жетегтегі буын болып есептеледі.
ПӘК-ін аналитикалық тәсілмен, бұрандадағы үйкеліс кезінде шығындалатын энергияны ескере отырып анықтауға болады.
, (6.1)
мұнда бұранданың көтеріліс бұрышы;
Достарыңызбен бөлісу: |