1. Жеке тұлғаға жүйелі білім беру туралы Л. С. Выготский және А. Н. Леонтьевтің көзқарасын тұжырымдаңыз



бет27/76
Дата13.01.2022
өлшемі164,77 Kb.
#111548
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   76
Байланысты:
1-60 БӨТ

Енді нақты әдістері:

Сұрақ қою әдісі. Қабілеттері шамалы оқушыларды «Не» сұрау есімдігін пайдаланып сұрақ қоюға, ал қабілеттері барынша дамыған оқушыларды «Егер де …, не болады?» деген үлгіде сұрақ қоюға ынталандыру.

«Басбармақ» әдісі. Оқушылардың басбармақтарын көрсету арқылы сіз түсіндіргенді олардың ұғу деңгейін тексеріңіз. Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін. Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін. Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім. «Бұны білемін, ол қолымнан келеді. Бұны аздап білемін, әлі үйренуім қажет. Бұны мүлде білмеймін, білуім керек» статегиясы. «Бағдаршам» әдісінде түсінгендікті көрсету үшін бағдаршамның түстерін көрнекі құрал ретінде пайдаланылады. Оқушыларда қызыл, жасыл және сары түсті карточкалар бар, оны олар өз парталарына қояды немесе жоғары көтереді (қызыл = түсінбеймін, жасыл = барлығы түсінікті). Оқушылар бағдаршамның түстерін пайдалана отырып, өздерін бағалайды. Мұғалімге көрсетілген бағалауды оқушылардың күнделіктеріне жазуына болады. Сыныптастары бағдаршам түстерінің көмегімен таныстырылымдарды және т.б. бағалайды. Басында балалардың барлығы жасыл түстіні көрсетуі мүмкін. Содан кейін өз қателерін тауып, дұрысын дәлелдей алмағандар сары немесе қызыл тұсті көтеріп жатады. Өзін-өзі бағалау өзін-өзі реттеуге жетелейді. Дегенмен бағалаудың өзіндік қиындықтары да бар. Басында балалар өздеріне жоғары баға береді. Ол жағдайда білім алушыларға бағаның шын болу керектігін айта отырып, яғни шын баға өзінің қаншалықты түсінгенін көрсететінін айтып өткен жөн. Өзін-өзі бағалау білім алушының танымдық әрекетінің бағыттылығына қол жеткізеді, себебі танымдық әрекет кезінде ол өзіне қоятын талаптарды да реттеп отырады, оқу әрекеті барысындағы өзін-өзі бағалаудың құрылымы өзіндік әрекеттің мақсатын айқындау, оқыту нәтижелерімен оған қол жеткізу жолдарын анықтау, өзіндік іс-әрекетті жүзеге асырудан алынған нәтижелерді оқыту нәтижелерімен салыстыру, орындалатын іс-әрекет барысын бағалау жіберілген қателерді анықтау, оның себептерін ашу өзін-өзі бағалау негізінде жұмысты түзету, әрекет жоспарын нақтылау, жетілдіру, қорытындылау деп аталатын бірнеше буыннан тұрады. Әр баланың біліміндегі кемшіліктерінен гөрі, олардың жетістіктерін атап көрсету, нұсқауды мәлімдеу арқылы балаға нені оқу керектігімен қалай оқу керектігін көрсетуі, нұсқаудың үздіксіз және жүйелі жасалуы, баланың әлеуметтік, әсершіл, танымдық даму процестеріне бағытталып, жан-жақты болып ескерілуі маңызды. Осы әрекеттер арқылы оқушылардың тиімді білім алуына және табысқа жетуіне қолайлы жағдай туғызады. Аталған әрекеттердің барлығы қалыптастырушы бағалау барысында жүзеге асады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет