2. В. Л. Беспалько, И. Л. Лернер, В. М. Полонский, Н. М. Скаткиннің ғылыми жұмыстарында бағалау процесінің әдіснамалық негіздемесін түсіндіріңіз.
Әдіснама ғылыми-танымдық іс-әрекеттің формасы мен әдістері, әдістемелер бірлігі мен байланысының теориялық негіздеулері туралы ілім. Ғылым әдіснамасы зерттеу компоненттеріне (объектігі, затқа, мақсатқа және зерттеу мәселелеріне) сипаттама береді.
Ғылыми таным әдіснамасының мәні – ол ғылыми білімнің барлық көлемін жүйелеуге мүмкіндік береді және зерттеудің келесі тиімді бағыттарын әзірлеуге мүмкіндік береді. Ғылыми таным әдіснамасының негізгі міндеті – ғылымның дамуы жетістіктерін тәжірибелік мақсатта пайдалануға мүмкіндік беретін жинақталған ғылыми білімнің синтезі. Әдіснама әдістерді, құралдарды және тәсілдерді зерттейді, оның көмегі арқылы білімнің әртүрлі жүйесі жинақталып, құрылады. Әдіснамалық аппарат: - ғылыми зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу принциптері; - ғылыми зерттеу әдістері мен оның стратегиясынанықтау әдістері; - ғылыми аппарат: ғылыми зерттеудің ұғымдық- категориялық негізі (өзектілігі, ғылыми жаңалығы, эвристикалық құндылығы, практикалық мәні, проблемтикасы, объект, зат, гипотеза, мақсат және міндет).
Таным әдіснамасының негізгі принциптері:
- өзара келісілген болып табылатын теориялар мен тәжірибелер бірлігінің принципі;
- осы және басқа құбылыстардың барлық факторларының есебін қажет ететін объективтілік принципі;
- қатынастар мен олардың арасындағы байланыс есебінен құбылыстың шарттылығын қажет ететін заңдылықтар принципі. категориялық негізі (өзектілігі, ғылыми жаңалығы, эвристикалық құндылығы, практикалық мәні, проблемтикасы, объект, зат, гипотеза, мақсат және міндет).