3.Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың нормативтік тәсілдерін жіктеңіз
Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандартының «Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау» бөлімінде оқушының оқу жетістігін бағалау жүйесіне ішкі және сыртқы бағалау енген.Сыртқы бағалау 4-сыныпты аяқтағаннан кейін (аралық мемлекеттік бағалау) өткізіледі. Ішкі бағалауға оқу нәтижесін бағалау мен бақылаудың мынадай түрі енеді:1) ағымдық бағалау; 2) аралық; 3) қорытынды. Оқушының оқу жетістігін бағалау түрі: а)келісілген балдық жүйе, б) портфолио.