Критериалды бағалауды ұйымдастырудың психологиялық-педагогикалық негіздері бағалау мәселесі оқу қызметінің компоненті ретінде көп аспектілі Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде бағалауды оқушының жеке тұлғалық сапасының және оның оқу қызметінің нәтижелерінің көрсеткіші ретінде түсіну кеңінен көрсетілген. Оқушының оқу қызметінің табыстылығының бағасы келесі түрлерде бола алады:
- аз түрлер (қол қимылы, дауыс ырғағы, үлгерімі бойынша қысқа ескертулер);
- бағалар; - оқушының жалпы сипаттамасы;
- сөзбен бағалау (оқушымен жеке сөйлескенде, ата-аналар жиналысында); жекелей түрде алғанда мектептің ішкі тәртібімен қарастырылған басқа формаларда. Психологиялық және педагогикалық зерттеулерде бағалаудың әр түрлі жақтары мен қасиеттері көрсетілген: мазмұны, орны, қызметі, оқытушының бағалау барысындағы қызметінің құрылымы
Критериалды бағалау кезінде:
- оқушы оқытудың негізгі субъектісіне айналады;
- оқушы бойындағы үрейленуді басады;
- мұғалімді «төрешілік» қызметінен босатып, ол кеңес беруші, маман, бағыттаушыға айналады.
Осылайша, критериалды бағалау оқушылардың да, мұғалімдердің де денсаулығын сақтау артықшылығына ие.
Критериалды бағалау мұғалімдерге арналған қағидаттық ұстанымдарды тұспалдайды:
1. Баға арқылы оқушының өзі емес жасаған жұмысы ғана бағаланады;
2. Оқушының жұмысы басқа оқушылардың жұмыстарымен салыстырылады;
3. Нақты тапсырмалардың түрлілігі және жақсы орындалған тапсырманың анық және дұрыс сипаттамасының болуы;