Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандартының «Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау» бөлімінде оқушының оқу жетістігін бағалау жүйесіне ішкі және сыртқы бағалау енген.Сыртқы бағалау 4-сыныпты аяқтағаннан кейін (аралық мемлекеттік бағалау) өткізіледі. Ішкі бағалауға оқу нәтижесін бағалау мен бақылаудың мынадай түрі енеді:1) ағымдық бағалау; 2) аралық; 3) қорытынды. Оқушының оқу жетістігін бағалау түрі: а)келісілген балдық жүйе, б) портфолио.