1. Жеке тұлғаға жүйелі білім беру туралы Л. С. Выготский және А. Н. Леонтьевтің көзқарасын тұжырымдаңыз


Оқыту үдерісіндегі педагогикалық бақылаудың маңызын түсіндіріңіз



бет7/76
Дата13.01.2022
өлшемі164,77 Kb.
#111548
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   76
Байланысты:
1-60 БӨТ

6. Оқыту үдерісіндегі педагогикалық бақылаудың маңызын түсіндіріңіз

Бақылау - оқыту үрдісінің бөлінбейтін бөлігі болып табылады. Оның мәні келесідей:

оқы тудың міндетті түрдегі минимумына сәйкес келетін, оқушылардың білімді меңгеру деңгейін анықтау.

Бақылаудың функциялары:

-тәрбиелік;

-дамытушылық;

-білім берушілік;

-тексерушілік.

Бақылау түрлері:

1) Ағымдық бақылау - бұл оқушылар білімін әр сабақта жүйелі түрде тексеру, бұл сабақтың құраушы бөлігі ретінде оқытудың нақты сабақта бағалануы болып табылады.

2) Периодты түрдегі бақылау - бағдарламаның үлкен тарауларынан кейін немесе оқыту ұзақ уақыт жалғасқаннан соң іске асырылады.

3) Қорытынды бақылау немесе нәтижелік бақылау - келесі сыныпқа ауысу кезінде жүреді. Оның міндеті: ары карайғы оқуын қамтамасыз ететін, дайындықтың сол қажетті минимумын белгілеу.

Жалпы бақылау функциясының мақсаты білім алудың барлық сатысында білім меңгеру деңгейін белгілеу, оқыту үрдісі мен үлгерімнің әзірлігін тексеру.

Бақылау әдістері:

1) Ауызша бақылау - әңгімелесу, әңгіме, түсіндіру, оқу. Ауызша бақылау негізін оқушылардың монологты жауабы мен сұрақ-жауап түрдегі әңгімелесу құрайды. Әр сабақ сайын фронтальды немесе комбинирленген жекеше түрде жүріледі. Емтихан – тексерудің айтарлықтай толығырақ түрі болып табылады.

2) Жазбаша бақылау - бақылау жұмысы, реферат, өздік жұмыс. Бақылаудың бұл түрі оқушылардың терең және жан-жакты білімдерін тексеруін қамтамасыз етеді, себебі мұнда оқушыға теориялық білімі мен оны практикада қолдана алатындығын көрсетуі қажет.

3) Практикалық жұмыстар - тәжірибелік жұмыс теориялық мәліметтерді зерттеу базасындағы әдіс-тәсілдерін, білімін құрастырып жинақтау үшін қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет