1. Жеке тұлғаға жүйелі білім беру туралы Л. С. Выготский және А. Н. Леонтьевтің көзқарасын тұжырымдаңыз


Білімді тексеруге қойылатын талаптар



бет4/76
Дата13.01.2022
өлшемі164,77 Kb.
#111548
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76
Байланысты:
1-60 БӨТ

Білімді тексеруге қойылатын талаптар:

•    тексерудің және бақылаудың жүйелілігі, тұрақтылығы, міндеттілігі. Бұл талапты орындамау оқушылардың оқуға деген қатынасын нашарлатып, білімнің сапасына кері әсер етеді.

•    әрбір оқушы өзінің білімінің, іскерлік дағдысының бағаланатынын түсіну керек. Егер білімді тексеру және бағалау оқыту процесінің құрылымына тұрақты түрде енсе, онда оқушы мұғалімнің сұрақтары мен тапсырмаларына жауап беруге дайын болады.

•    оқушылардың білім, іскерлік және дағдылары мемлекеттік .оқу бағдарламаларына сәйкес тексеріледі. Бағдарламаны меңгеру – білімді бағалаудың негізгі өлшемі. Мұғалім оқушының қосымша біліміне, оқыған қосымша әдебиеттеріне кеңес, нұсқау, беріп, баға қоймайды.

•    оқушылардың теорияны және фактілерді білуін тексеру және бағалау арқылы, білімдерінің жалпы және ақыл-ой дамуына, жеке тұлғалық сапаларын қалыптастыруға ықпалын, оқуға әсерін білу;

•    білім, іскерлік, дағдыларды түрлі тәсілдер арқылы тексеру;

•    байқалған кемшіліктерді оқушының өзі түзетуі;

•    мұғалімнің оқушыларды білімдерін бақылап, бағалауға, кемшіліктерді жоюдың әдістемесі мен тәсілдерін білуге үйретуі;

•    бағаны әділ қойылуы;

•    оқушының өзін-өзі және басқаны бақылауы және бағалауы;

•    әр тақырыпты оқудың нәтижесіне мұғалімнің және оқушылардың баға беруі;

•    бақылау-бағалау процесінің әрбір баланың оқу үлгерімінің төмендемеуіне, көңіл-күйінің жақсы болуына көмектесуі. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет