1. Жеке тұлғаға жүйелі білім беру туралы Л. С. Выготский және А. Н. Леонтьевтің көзқарасын тұжырымдаңыз


Тоқсандық жиынтық бағалау өткізілетін кабинеттерді мұғалімдер алдын ала дайындайды



бет34/76
Дата13.01.2022
өлшемі164,77 Kb.
#111548
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   76
Байланысты:
1-60 БӨТ

Тоқсандық жиынтық бағалау өткізілетін кабинеттерді мұғалімдер алдын ала дайындайды. Айналасы білім алушыларға таныс болуы, күнделікті сабақ өтіп жүрген кабинеттері болуы ұсынылады. Кабинеттерді дайындау кезінде келесілерді ескеру қажет: • Көшіріп алудың алдын алу үшін білім алушылардың отыратын орнын ойластыру қажет. • Білім алушыларда сұрақ немесе мәселе туындаған жағдайда парталардың арасы мұғалім мен бақылаушының еркін жүріп тұруына мүмкіндік беретіндей орналасуы тиіс. • Негізгі нұсқаулық пен уақыт жазылып тұратын болғандықтан тақта білім алушылардың алдында болғаны дұрыс. • Тапсырманы орындау барысында білім алушыларға көмегі тиюі мүмкін деген плакаттар, ақпараттық сипаттағы қабырға материалдарының алынып тасталуы немесе беті жабылуы тиіс. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуге дейін мұғалім білім алушылардың тапсырманы орындау барысында көмегі тиюі мүмкін тыйым салынған заттарды әкелмегеніне көз жеткізуі қажет. Тыйым салынған заттардың болу жағдайы ережені бұзушылық болып саналады. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу туралы жан-жақты ақпарат тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу бойынша мұғалімдерге арналған нұсқаулықта берілген. Тоқсандық жиынтық бағалау тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясына сәйкес құрастырылады. Жиынтық жұмыс тапсырмаларына сәйкес балдар қойылатын балл қою кестесі құрастырылады. Мұғалім әр жауапқа қойылған балдардың, нәтижелердің дұрыс жазылғанына көз жеткізуі тиіс. Бағалау нәтижелерін мұғалім, білім алушы оқудағы ілгерілеуді бағамдау үшін қолдануына болады. Мұғалім тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерін білім алушылардың оқу бағдарламасы мазмұнын қаншалықты тиімді меңгергенін, қандай дағдыларды игергенін талдау үшін қолдануына болады. Сонымен бірге мұғалім үшін аталған ақпараттың келешекте қалыптастырушы бағалау кезінде оқу үдерісін жоспарлауға көмегі болуы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет