1. Жеке тұлғаға жүйелі білім беру туралы Л. С. Выготский және А. Н. Леонтьевтің көзқарасын тұжырымдаңыз


Оқушылардың практикалық әрекетін бағалау үшін пайдаланылатын портфолио маңызын түсіндіріңіз



бет43/76
Дата13.01.2022
өлшемі164,77 Kb.
#111548
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   76
Байланысты:
1-60 БӨТ
сөж, сөж, сөж, сөж
37. Оқушылардың практикалық әрекетін бағалау үшін пайдаланылатын портфолио маңызын түсіндіріңіз.

Қазіргі заманғы бақылауда дайындықтың өзгеруінің оң динамикасын, жаңа білімді меңгерудегі оқушылардың белсенділігін, олардың білгірлігінің жетілуін сондай-ақ байланыстық (коммуникативтік) және интеллектуалдық ептіліктерді меңгеру дәрежесін анықтайтын, өлшемдердің жаңа түрлері пайда болды. Өлшемдердің мұндай түріне алдымен мұғалімнің оқушымен әріптесе отырып, оқушының бір немесе бірнеше оқу пәндері бойынша жасаған жұмыстарының іріктелген портфолионы (жұмыс папкасы) жатқызуға болады. Оқушының жұмыстарды іріктеуге қатысуы өзінің жетістіктерін өзі бағалауға ұмтылдыратын, оқу әрекетіне ынталандыратын маңызды фактор болып табылады. Сондықтан, көптеген оқытушылар портфолионы оқушылардың сыншылдық ойлауын қамтамасыз ететін және өзін-өзі шынайы бағалауына қол жеткізетін тиімді құрал деп есептейді. Тапсырмаларды орындауға нәтижелері негізінен арнайы сараптамалық тексеруді қажет ететін дербес қатынас жасалғандығына қарамастан, портфолио оқу жетістіктері туралы негізінен объективті ақпаратты қамтамасыз етеді. Бұл оларды тексеру үрдісінің стандартталуы, оқушылармен бірлесе отырып жетістіктердің критерийлері нақты анықталуымен, оқушылардың жеке жұмыстарының куәліктері мұқият әзірленуімен байланысты болады.

Өлшемдердің жаңа формасына оқушылардың практикалық әрекетін бағалау үшін жасалатын тестілер де кіреді. Мұндай тестілер нәтижесінде материалдық өнім пайда болып 2 сарапшылардың стандартталған балл шкаласы бойынша бағаланатын әрекеттік сипаттағы сараптық тапсырмалардың көмегімен практиалық дағдылардың дәрежесін меңгеруге мүмкіндік береді. Көптеген тестілер педагогикалық өлшемдер теориясы бойынша қойылатын талаптардағы сипаттамасына сәйкес келмейді. Соған қарамастан олар оқушылардың үлкен қызығушылығын туындатып, жоғары икемділікке ие болады. Сараптық тапсырмалар едетте ағымдық бақылау кезінде пайдаланылады, білім беру саласындағы әкімшілік шешімдерге ықпал етпейді, сондықтан бағалардың дәлдігінің төмендігі онша күрделі мәселе болып табылмайды. Сәтсіздікке ұшыраған оқушы тестіні қайта тапсырып жетістікке жетуіне болады.

Портфолио - оқушылардың жыл бойы жасаған жұмыстары және жетістіктерінің айғағы мен дәлелі. Портфолио оқушылардың даму прогресі мен жетістіктерін көрсетіп, бұл процесті жанжақты талдау мүмкіншілігін береді: оқушылар өз оқуын бұрынғыдан да сәтті түрде ұйымдастырып, мақсаттарын тереңірек түсініп, жұмыстарына өзгерістер енгізіп, оқудағы өз жетістіктерін көреді. Портфолиода оқушы өзінің жыл бойы атқарған жазба жұмыс үлгілерін сақтап, оқудың аяғында үйренгені туралы есеп берген кезде портфолио дәлел ретінде қолдана алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет