1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні «МӘҢгілік. Бекемдік. Ерендік.»



бет2/3
Дата10.11.2016
өлшемі0,78 Mb.
#1445
1   2   3

Әлемдік көшбасшылар


Қазақстан – жаһандық саяси және экономикалық үдерістерге толық қатысушы. Тәуелсіздік алған сәттен Мемлекет басшысы көпвекторлылықты Қазақстанның сыртқы саясатының негізі ретінде айқындап берді. Республика бүкіл әлемге бірқатар интеграциялық бастамаларды көтеруші, 130-дан астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатқан ел ретінде белгілі. Бүгінде Қазақстанды сыртқы қауіп-қатерлерге қарамай экономиканың орнықты дамуы мен саяси тұрақтылықты сақтап отырған мемлекет ретінде барлық жұрт біледі.

Еліміздің абырой-беделінің артуына көбіне Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдік көшбасшылармен арада қалыптасқан жеке достық қарым-қатынастары оң ықпал етеді. Мемлекет басшылары Қазақстан Президентінің ядролық қарусыздандыру, бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту, дінаралық диалогты жолға қою салаларындағы ғаламат еңбегін мойындайды.

Осы бөлімде әйгілі саясаткерлермен, Қазақстанмен әріптес мемлекеттер көшбасшыларымен түскен фотосуреттер орналастырылған.

Антиядролық қозғалыс

Тәуелсіздік алумен бірге Қазақстанға аса ірі ядролық арсенал КСРО-дан «мұраға» қалды. Оған қоса, республика аумағында әлемдегі ең ірі полигондардың бірі – Семей ядролық сынақ полигоны орналасқан еді. Егемен Қазақстанның Президенті ретіндегі Нұрсұлтан Назарбаевтың ең алғашқы шешімдерінің бірі полигонды жабу болды.

Мемлекет басшысы 1992 жылы еліміздің ядролық қарудан бас тартуына жауап ретінде Қазақстанға әлемдік ядролық державалар тарапынан қауіпсіздік кепілдігін берген Лиссабон хаттамасына қол қойды. Қазақстан Ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісімшартқа батыл, шешімді түрде қосылды. Осылайша, тәуелсіздіктің бастапқы жылдарынан республикамыз өзін өзге елдермен кең ауқымдағы ынтымақтастық үшін ашық, бейбітсүйгіш мемлекет ретінде көрсетті. Көбіне осы шешімдердің арқасында еліміз ауқымды шетелдік инвестициялар тартуға қол жеткізіп, әлемдік державалардың кең қолдауына ие болды.

Бүгінде Қазақстан жаһандық антиядролық қозғалыстың көшбасшысы болып саналады. Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша, 2009 жылғы 2 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясының 64-ші сессиясы 29 тамызды Ядролық сынақтарға қарсы күрестің халықаралық күні деп жариялау туралы Қазақстан ұсынған қарарды қабылдады. Нұрсұлтан Назарбаев ядролық қауіпсіздік жөніндегі екі саммитке қатысып, бірқатар жаңа бастамалар көтерді. Қазақстан Президенті Жалпыға ортақ ядролық қарусыз әлем декларациясын қабылдау қажет деп санайды.

Өз кезегінде әлемдік көшбасшылар да Қазақстанның ядролық қаруды таратпау ісіне қосқан айрықша үлесін атап айтып келеді. АҚШ Президенті Барак Обама Қазақстанды бүкіл әлем үшін ядролық қарусызданудың өнегелі үлгісі ретінде атады.

Ешенова Шынар:

ЕҚЫҰ, ШЫҰ және ИЫҰ төрағалығы



Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы табыстарының нақты да шынайы дәлелі – еліміздің бірқатар беделді халықаралық ұйымдарға төрағалық етуі. Қазақстан 2010 жылы бұрынғы КСРО елдері ішінен бірінші болып Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етті. Бұл Қазақстанның халықаралық сахнадағы рөлі барған сайын күшейіп келе жатқанын білдіреді. Өз өкілеттігі кезеңінде республикамыз Ұйымның қызметінің барлық үш бағыты бойынша да үлкен бағдарламаны жүзеге асырды. Сол арқылы еліміз Орталық Азия өңірінде көшбасшы және еуропалық елдердің сенімді серіктесі екенін тағы да дәлелдеп берді. Төрағалықтың түйінді қорытындысы 11 жылдық үзілістен соң өткен ЕҚЫҰ-ның тарихи Астана Саммиті болды. Сонымен қатар, Қазақстан 2011 жылғы маусымнан 2011 жылғы маусымға дейінгі кезеңде Шанхай ынтымақтастық ұйымының да төрағасы болды. Еліміз үшін бұл мәртебелі орындағы маңызды басымдық өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті нығайту болды. Астанада өткен ШЫҰ-ның мерейтойлық саммиті ұйымның дамуына тың серпін беріп, оның тарихындағы маңызды белеске айналды.

Қазақстанның сыртқы саясаттағы қызметіндегі тағы бір маңызды оқиға бұрын Ислам конференциясы ұйымы ретінде белгілі болған Ислам ынтымақтастығы ұйымындағы төрағалық болып табылады. Астанада 2011 жылғы маусымда ИЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің 38-ші сессиясы өтіп, онда Ислам конференциясы ұйымы атауын (ИКҰ) Ислам ынтымақтастығы ұйымы (ИЫҰ) деп өзгерту туралы шешім қабылданды. Оған қоса, ИЫҰ-ның Орталық Азиямен ынтымақтастық жөніндегі іс-әрекет жоспары қабылданды.

Қазақстан әлемдік қоғамдастық артқан сенімнің үдесінен шыға білді. Халықаралық сарапшылар, әлемнің жетекші мемлекеттерінің көшбасшылары Қазақстанның үш ұйымның бәріндегі төрағалығы да табысты болғанын атап айтуда. Өткізілген саммиттердің арқасында жаңа ұғым – жаңғыру мен тұрақтылыққа ұмтылыс, толеранттылық пен бейбітшілік нышанына меңзейтін «Астана рухы» деген ұғым пайда болды.

Жаңа тәуелсіз мемлекет – Қазақстан Республикасының – дамуы, барлық атрибуттары – ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік басқару және биліктің бүкіл тармақтарының өзара әрекет ету жүйесі – бар ұлттық мемлекеттіліктің қалыптасуы Назарбаев есімімен тығыз байланысты. Назарбаев басшылығымен конституциялық құрылыс процесі жүзеге асты, ол 1995 жылдың тамызында еліміздің Негізгі Заңын қабылдаған бүкілхалықтық референдуммен аяқталды. Қазақстанда демократиялық институттарды құру Назарбаевтың аса зор еңбегі болып табылады. Сөз бен баспасөз бостандығы, сайлау және сайлану құқығы, партиялар мен қоғамдық бірлестіктер құру құқығы, дін бостандығы сияқты азаматтық қоғамның мызғымас құндылықтары нақ соның тұсында ғана конституциялық нормаларға айналды. Назарбаев басшылығымен кеңестік өкімшіл-жоспарлы әкімшілік жүйе бұзылғаннан және бірегей халық шаруашылық кешені күйрегеннен кейін алапат дағдарысқа тап болған қазақстандық экономиканы өзгертуге бағытталған аса ауқымды шаралар әзірленіп, іске асырылды. Экономикалық саясатты және демократиялық өзгерістерді ойдағыдай жүзеге асыруға мемлекеттік құрылымның президенттік республика ретіндегі халық таңдаған үлгісі көп септігін тигізді. Түбегейлі экономикалық ырықтандыру мен саяси реформалар белгіленген өзгертулерді пәрменді жүргізуге асыруға көмектесті.



  • 1992 жылдың басында Назарбаев «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен даму стратегиясын» әзірлеп, елдің ішкі және сыртқы саясатының бағыт-бағдарын айқындады.

  • Соның нәтижесінде 1997 жылдың басына қарай елде макроэкономикалық тұрақтылық орын алды, инфляция тоқтатылды, өнеркәсіп жанданып, қаржы-бюджет, салық жүйесі құрылды, жекешелендіру жүргізілді, зейнетақы жинақтау жүйесі дүниеге келді, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын реформалау жүзеге асты.

  • Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиясы мемлекет дамуының басым бағыттарын айқындады. 2006 жылғы халыққа Жолдауында Қазақстанның бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы белгіленген.

  • Назарбаевтың экономист және саясаткер ретіндегі жеке беделі елде қолайлы инвестициялық ахуалдың қалыптасуына, көптеген мемлекеттермен және халықаралық қаржы институттарымен қарқынды экономикалық ынтымақтасуға игі ықпал етті. Республикада ауылды дамытуға, кедейлікпен күресуге, тұрғын үй құрылысын дамытуға және т.с.с. бағытталған ірі-ірі әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру басталды. Назарбаев индустриалды-инновациялық даму стратегиясын әзірледі, инвестициялық және инновациялық қорлар құрылды. Дүниежүзілік сарапшыларарасында «қазақстандық үлгі» термині пайда болды. Қысқа мерзім ішінде халықаралық ынтымақтастық тұжырымдамасын қалыптастырды. Оның көптеген бастамалары кең халықаралық жаңғырық тапты әрі мойындалды. Мәселен, Семей ядролық полигонын жабу, ядролық держава мәртебесінен бас тарту, жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі дәйекті қызмет, т.б. Назарбаев ТМД, ОАО, Кеден одағы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ), Еуразия одағы сияқты халықаралық құрылымдарды дүниеге әкелудің бастамашысы. Ол БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында құруды ұсынған Азиядағы өзара ықпалдастық пен сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) іс жүзінде жұмыс істей бастады. Назарбаев мәдениеттердің, діндердің, өркениеттердің жүйелі сұхбаттасуын жолға қоюға көп көңіл бөледі. 2003, 2006 жылдары Астанада әлемдік діндер көшбасшыларының съездері табысты өтті.

Президентке айтар тілегімен Шынар Ешенова:

5-7 сынып аралығында өткен «Менің Президентке айтар тілегім» атты акция қортындысы бойынша, Тұрсынбаев Айдана ( 6 ә) мен Габдуллина Айнараның (7а) тілектері оқылды:



  • Қазақ елін төрге оздырған өз ұлы, Елбасы, Президенті, ұлт көшбасшысы.

1991 жылы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Президент сайланғаннан бастап елімізде бейбітшілік пен тыныштық орнады. Елдің мерейін өсіріп, өрісін кеңейткен елбасы. Қазақ елінің, өз елінің тәуелсіздігі үшін тер төккен, жас ұрпақ сау өсу үшін семей ядролық полигонын жауып, қазақ елінің болашақта жас ұрпағының көбеюіне үлес қосты. Елбасымыздың ерліктерінің бірі – Астана қаласын салуы. Кішкене ғана Ақмола қаласынан дүниежүзіндегі мәні бар, маңызы бар Астана қаласы бой көтерді. Астана – дүниежүзілік зор маңызы бар жиындар өтетін орталыққа айналды. Қазақ астанасында өзге елдер келелі мәселелерді қазақпен келісіп шешетін жағдай туды. Нұрсұлтан Әбішұлы басқару ісіндегі мол тәжірибесі мен әлемдік тәжірибены тоғыстыра алған басшы. Ал енді тілекке келер болсам, ол кісіге елін мақтаныш етіп, әр күні қуанышқа толы болсын дегім келеді. Өз елінің мақтанышы болып, алға қойған мақсатына жете берсін. Қазақ еліне қиындық туғанда мойымай, өз халқымен бірлесе отырып, еңсесін түсірмей, қазақ елінің туын биік ұстасын. Елімізді дүниежүзілік дәрежеге жеткізіп, белестерден көріне берейік. Елбасы қазақ елінің тарихында естен кетпейтін таңбаларын қалдырды. 1991 жылдың 1 желтоқсаны – тарихи күн. Осы тарихи кезеңнен бастап қазақ елінің дәуірлеу шағы басталды. Әлем мемлекеттерінен озып, белестерге жету үшін біз және Елбасы көп еңбек етуіміз керек..


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет