73. Босанудан кейінгі нешінші күнге келесі клиникалық көрініс сәйкес: жатыр түбі биіктігі шаптан 10-9 см жоғары , жыныс жолдарынан бөлінділер қанды – сарысулы сипатты:
A) бірден босанудан кейінгі жағдайға
B) босанудан кейінгі 4 күнге+
C) босанудан кейінгі 2 күнге
D) босанудан кейінгі 14 күнге
E) босанудан кейінгі 40 күнге
74. Босанудан кейінгі кезеңнің патологиясын келесі көрініске қарап анықтаңыз: жағдайы салыстырмалы қанағаттанарлық, АҚҚ 100/70, PS=98 рет. мин, тері жабындылары қалыпты түсте, жыныс жолдарынан орташа қанды бөліністер, 300 мл. дейін жеткен және жалғасып жатыр. Босану жолдарын қарағанда: жыртыластар жоқ, бала жолдасы бүтін, қабықшалары толық. Жатырдың сыртқы массажында жатыры тонусқа келіп, кейіннен қайта босаңсиды. Ең ықтимал диагноз?
A) әйелдің қан ұю жүйесінің бұзылуы
B) жатыр қуысындағы плацентарлы тіннің қалып қоюы
C) қан кету физиологиялық және патологиялық клиникалық жағдай жоқ
D) жатыр гипотониясы, қан кету+
E) жатыр атониясы, қан кету
75. Босанудан кейінгі 4 тәулік, босануы жыныс ерінінің жыртылуымен асқынған. Аралық пен сыртқы еріндерінің аймағында ауру және күйдіру сезімі пайда болды. Қарап тексергенде: гиперемия, тіндердің ісінуі, жара бетінен іріңді бөліністер көрінеді. Жара оңай қанайды. Ең ықтимал диагноз?
A) босанудан кейінгі метроэндометрит
B) жыртылуды тігуден кейінгі тігістің іріңдеуі
C) +босанудан кейінгі жара
D) іріңді кольпит
E) бартолин безінің абсцессі
76.Босанған әйел жедел кесір тілігі операциясынан кейін 4 тәулікте алдымен ішінің төменгі бөлігінің ауру сезіміне, кейін, бүкіл ішінің ауруына, құсу, лоқсу, газ бен үлкен дәретінің кідіруіне шағымданады. Терісі бозарған, сұр түсті, беті сүйірленген, бел келбеті қайғылы, еріні және тілі құрғақ. Дене қызуы 38,5 °С, пульсі 120 рет 1 мин. Іші пальпацияда ауру сезімді, алдыңғы құрсақ қабырғасы қатайған, Щеткин-Блюмберг симптомы оң . Ішек перистальтикасы қатты әлсіреген. Лейкоциттер деңгейі- 17,5*10 , СОЭ - 39 мм/сағ. Ең ықтимал диагноз?
A) босанудан кейінгі метроэндометрит
B) +босанудан кейінгі перитонит
C) операциядан кейінгі жараның инфицирленуі
D) ДВС синдром
E) Септикалық шок
77. Босанған әйел 24 жаста, босанудан кейінгі 4 күн. 3 тәуліктің соңында дене қызуы 37,3 °С дейін көтерілді, жалпы әлсіздену, бас ауру, аралық пен қынап аймағында күйдіру сезімі пайда болды. Жатыр түбі кіндіктен 3 к/с төмен, жатыры тығыз, ауру сезімсіз. Жара бетіндегі тігістер іріңмен жабылған, маңындағы тіндер гиперемияланған, ісінген, пальпацияда ауру сезімді. Ең ықтимал диагноз және тактика?
A) босанудан кейінгі метроэндометрит, антибактериалды терапия
B) +аралық тігістерінің іріңдеуі, тігісті шешіп, жараны кесу, антибактериалды терапия
C) аралық тігістерінің іріңдеуі, антибактериалды терапия
D) босанудан кейінгі жара, жараны тазалау, антибактериалды терапия
E) бартолин безінің абсцессі, абсцессті ашу, дренаждау
78. 30 жастағы босанушы әйелде ұрық жолдасыны туылғаннан кейін 20 минуттан соң юосану жолдарынан қан кете бастады. Ұрық жолдасы бүтін. Жатыр тығыз. Жалпы қан кету көлемі 200,0 мл. Дәрігердің іс-әрекеті:
А) +Босану жолдарын айнамен қарау
В) Жатыр қуысын қолмен тексеру
С) Бимануальды компрессия
D) Қынапүстілік жатыр ампутациясы
Е) Жатыр экстирпациясы
Достарыңызбен бөлісу: |