Жұмысты жүргізу тәртібі.
Полимерленудің кинетикасын зерттеу және полимердің шығымын анықтаудың дилатометрлік әдісі мономер мен полимердің меншікті көлемдеріндегі айырмашылыққа байланысты полимерлеу кезінде реакциялық қоспаның көлемінің азаюына негізделген. Реакция кезінде полимерленетін жүйе көлемінің азаюын тіркей отырып, мономердің белгілі бір уақыттағы түрлену дәрежесін, сәйкесінше реакция жылдамдығын анықтайды.
Мономердің 10 мл көлемінде АҚД ерітіндісі алдын ала дайындалады. Су толтырылған термостаттың температурасы 60°С-ге келтірілген болу керек. Капиллярлы воронканың көмегімен дилатометрге ерітінді құйылады. Реакциялық қоспаның көлемі капиллярдың төменгі бөлігінен аздап қана асу керек. Дилатометрдің ішіндегі ерітіндіні ұзын шыны түтікшенің көмегімен 2-5 минут аргон газымен үрлеп, тығынмен жауып, шкаланы бекітіп, 60°С температурада термостатқа орналастырылады. Термостатқа орнатылғаннан кейін реакциялық ортаның температурасы 60°С-ге дейін тұрақтанғанша сұйықтық көлемі артады, нәтижесінде капилляр бойымен сұйықтық көтеріледі. Шамамен 5 минут өткен соң шкала бойынша дилатометрдің ішіндегі ерітіндінің деңгейі тұрақталады. Осы сәт реакцияның бастапқы уақыты деп қабылданады (τ0). Мәні тұрақты болғаннан кейін, өлшемдерді әрбір 5 минут сайын 40-60 минут бойы менискі өзгерісі 1-кестеге толтырылады. 1 сағат өткен соң, дилатометрді сындырып, ішіндегі түзілген полимерді этил спиртінде тұндыру қажет. Полимерді сүзіп алып, тұрақты массаға дейін кептіріп, молекулалық массасын тұтқырлық әдісімен анықтайды (2-жұмыс).
Зертханалық сабақ онлайн режимде өткен жағдайда жұмыс edpuzzle.com парақшасында бейнежазбаны көру және сұрақтарға жауап беру арқылы орындалады.
Алынған мәндерді өңдеу.
Жұмыс барысында алынған нәтижелер 1-кестеге толтырылады.
1-кесте
Достарыңызбен бөлісу: |